Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







ХАБАРЛАМА





 

20___ жылғы 13 қаңтар Астана қ.

 

20__ жылғы 13 қаңтарда Астана қаласы САІІБ ТБ бастығының 20__ жылғы 12 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Ж. Бескемпірованың 20__ жылғы 12 қаңтарда САІІБ ТБ түскен арызы бойынша №707 алдын ала тергеу (анықтау) нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен, 20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында болған белгісіз біреу ашық түрде тез қимылмен азаматша Ж. Бескемпірованың қолынан құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен.

ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді Астана қаласы САІІБ тергеушісі Н. Ақжігітов 20__ жылғы 13 қаңтарда Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне №808 нөмірмен енгізген.

ҚР ҚПК 179-бабының 1-бөлігі тәртібінде хабарланады.

Астана қ. Сарыарқа ауданы

САІІБ тергеушісі

аға лейтенант(қолы)Т.Қоңтарбаев


Қылмыстық істің өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы

ҚАУЛЫ

 

20___жылғы 13қаңтар Астана қ.

 

Астана қаласы САІІБ тергеушісі (анықтаушысы) полиция лейтенантыТ. Қоңтарбаев, №13231003101991 қылмыстық істі қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында болған белгісіз біреу ашық түрде тез қимылмен азаматша Ж. Бескемпірованың қолынан құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен.



Осы сотқа дейінгі тергеп-тексеру маған тапсырылғаның ескере отырып және ҚР ҚПК 60,189-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.№13231003101991 қылмыстық ісі өзімнің іс жүргізуіме қабылдансын және алдын ала тергеу (анықтау) нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілсін.

2.Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

 

Астана қ. Сарыарқа ауданы

САІІБ ауданының тергеушісі

аға лейтенант(қолы) Т.Қоңтарбаев

 

 


Тергеу (тергеу-жедел) топ құру туралы

ҚАУЛЫ

20___ жылғы 28 маусым Алматы қ.

 

 

Алматы қаласы ІІБ жанындағы ПБ тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Д.П. Разыев Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құрам белгілері бойынша қозғалған №14752003102195 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫМ:

20__ жылғы 26 маусым сағат 20:00 - 20__ жылғы 27 маусым сағат 08:00 уақыты кезеңінде Д.З. Батаев Алматы қаласы Дүйсенов көшесінде орналасқан №100 үй ауласында болып, 1974 ж.т. азаматша Н.В. Гузееваға тиесілі, мемлекеттік нөмірі А 060 FDN«Митсубиси Паджеро» маркалы автомашинасын жасырын ұрлап кеткен, осы арқылы соңғы аталған адамға елеулі материалдық залал келтірген.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейі жоғары екенін назарға алып, сондай-ақ тергеп-тексерудің қиындығы мен тергеу әрекеттерінің ауқымды көлемін орындау қажеттігін ескере отырып, ҚР ҚПК 194-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ

1. Бұл іс бойынша тергеу (жедел-тергеу) тобы мына құрамда құрылсын:

- Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі аға лейтенант Р.Р.Нұрдинов

- Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі аға лейтенант Н. Тұрынтаев

-Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі лейтенант А. Хашимов.

2. Топ басшысы болып - Алматы қ., Алмалы ауданы ІІБ жанындағы ПБ ТБ тергеушісі лейтенант А. Хашимов тағайындалсын, оған жоғарыда көрсетілген тергеушілердің әрекетіне басшылық жасау тапсырылсын.

3. Мүдделі адамдар тергеу тобының құрамымен таныстырылсын, оларға бұл топ басшысынан не кез келген оның мүшесінен бас тарту құқығы түсіндірілсін.



 

 

Алмалы ауданы ІІБ жанындағы

ПБ тергеу бөлімінің бастығы(қолы)Д.Разыев

Осы қаулымен таныстырылды, тергеу тобы басшысынан не кез келген оның мүшесінен бас тарту құқығы түсіндірілді:

 

 

Күні 28.06.20__ ж. Күдікті: (қолы) Д. Батаев.

Күні 28.06.20__ ж. Жәбірленуші: (қолы) Н.Гузеева

 

 

«Б Е К І Т Е М І Н»

Түрксіб ауданы

ІІБ АБ бастығы








Date: 2015-12-13; view: 1502; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.042 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию