Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хаттамасы





АРЫЗ

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша, оған сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде ең жоғары жаза көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

 

Ж. Бескемпірова (қолы)

 

Азамат(ша) /лауазымды немесе өзге адам/ Ж. Бескемпірова, арызданды, ол бойынша 2013 жылғы 12 қаңтарда шамамен сағат 03.00-де Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде тез қимылмен азаматша Ж. Бескемпірованың қолынан құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен белгісіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрайды, белгісіз адамды сипаттап бере алмаймын, себебі оның бетінде қара түсті тұмылдырық болды. Ол қара түсті күрте, қара түсті трико және ақ түсті кроссовка киген. Бойы 170 – 175 см, жас шамасы 20 – 25-те.

Осы арқылы азаматша Ж. Бескемпіроваға 150 000 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Арыз менің айтқан сөздеріммен дұрыс жазылған (басылған) және оны оқып шықтым (арызды өз қолыммен жаздым (бастым) (қажеттісінің астын сызу керек).

________________ Ж.Бескемпірова

(қолы)

Жоғарыда жазылған мәліметтерден бөлек осы қылмыстық құқық бұзушылық бойынша маңызы бар басқа мәліметтер маған белгісіз.

________________ Ж.Бескемпірова

(қолы)

 

«__»_________20__ ж.

«___» сағ. «___» мин.

 

Қосымша: ___________________________________________________

(құқық бұзушылық туралы арыз (жасалған хабарлама) расталатын құжаттардың және өзге материалдардың тізімдемесі).

 

Арызды қабылдаған:__________________________________ Т. Қозыбақов

(қылмыстар туралы арыздарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті лауазымды адам, лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні)

 

№ 55654568442 талон-хабарлама берілді «__»_________20__ ж.

«___» сағ. «___» мин.


Қарауды тапсырамын ________________ (қызметкердің аты-жөні, лауазымы) қолы, күні


Астана қ., Сарыарқа ауданы ІІБ бастығы

полиция полковнигі

Т.А. Сейілхановқа

 

 

БАЯНАТ

Баянат бойынша Сізге 20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де белгісіз біреу Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде тез қимылмен азаматша Ж. Бескемпірованың қолынан құны 150 000 теңге тұратын Самсунг Галакси маркалы ұялы телефонын тартып әкеткенін хабарлаймын.

ҚР ҚК 191-бабы «1» бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісін меңзейтін жеткілікті деректер бар екенін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 179,184-баптарына сәйкес бұл баянат БСТТ тіркелуге жатады.

Баянатқа қылмыстық құқық бұзушылық туралы алынған мәліметтерді растайтын материалдарды қоса беріп отырмын:

1) ___________________________________ ___ парақ.

(барлық заттар мен құжаттардың толық тізбесі көрсетіледі)

________________________________ _______________

(лауазымы, сыныптық шені, арнайы атағы) (қолы) (аты-жөні, тегі)

 

Баянатқа қоса беріледі: материалдар ___ парақ.

 

Астана қ. Сарыарқа ауданы

САІІБ ауданының тергеушісі

аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев

 

 

Астана қ., Сарыарқа ауданы ІІД бастығы

полиция полковнигі

Т.А. Сейілхановқа

 

Самат Абайұлы Абайдан

туған кезі 07.07.1991ж.

туған жері Астана қ.

ҚР азаматы

білімі орташа

жұмыс орны жұмыссыз

жеке куәлігі№12345678

тұратын жері Астана қ.,

Сатпаев көш. 21/1, 33 үй, 5 пәтер

тел. 8-701-123-45-67

КІНӘСІН МОЙЫНДАП КЕЛУ

Мен, Самат Абайұлы Абай, 20__жылы 12 қаңтарда шамамен сағат 03.00-де Сатпаев көшесі 30 үйдің жанында ашық түрде белгісіз бір әйелдің қолынан «Самсунг Галакси» маркалы ұялы телефонын тартып әкетіп, қылмыс жасалған жерден қашып кеткенім туралы айыбымды мойындап келдім.

________________

(қолы)

«__»_________20__ ж.

«___» сағ. «___» мин.

Қосымша: ___________________________________________________

(құқық бұзушылық туралы арыз (жасалған хабарлама) расталатын құжаттардың және өзге материалдардың тізімдемесі)

 

Маған қылмыстық қудалау органында тілді таңдау құқығым түсіндірілді.

________________

(қолы)

Өз қолыммен жазылды.

Күні, қолы

Кінәсін мойындап келуді қабылдадым

Астана қ. Сарыарқа ауданы

САІІБ ауданының тергеушісі

аға лейтенант (қолы) Т.Қоңтарбаев

Ауызша түрде кінәсін мойындап келуді қабылдау

ХАТТАМАСЫ

20___ жылғы 15 қаңтар Тараз қ.

Жамбыл облысы Тараз қаласының ҚІІБ тергеу қызметінің тергеушісі полиция капитаны С.С.Самашев ҚР ҚПК 181-бабы 2-бөлігіне сәйкес Тараз қаласы ҚІІБ үй-жайында 22 сағ. 30 минутте азамат Самат Құрманұлы Мұратовтан ауызша түрдегі кінәсін мойындап келуді қабылдадым, ол 1984 жылы 20 мамырда туған, Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының тумасы, қазақ, үйленбеген, білімі орташа, мынадай:Тараз қ., Алматы көш., 8 мекенжайда тұрады.

С.Қ. Мұратовтың жеке басы № 000557788 ҚР Әділетмині 2010 жылғы 20 наурызда берген жеке куәлігімен анықталды.

Көрінеу жалға сөз жеткізгенім үшін ҚР ҚК 419-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Арыз иесінің қолы ___________.

Орыс тілін жетік білемін, аудармашы қажет емес.

Арыз иесінің қолы ___________.

Бұл ретте С.Қ. Мұратов мынадай мәлімдеме жасады: «10.01.20___ж. Жұмыстан қайтып келе жатқанымда, шамамен 20 сағатта Тараз қаласы Абай мен Жеңіс көшелерінің қиылысында орналасқан «Армат» дүкенінің жанында азиат ұлты мен танымайтын ер адам пышақпен қорқытып менің күзен бас киімімді беруді талап етті.

Мен беруден бас тартым, ол бас киімді жұлып алуға ұмтылды. Екеуміз күресу кезінде мен оның пышағын жұлып алдым, маған тағы да тап берген кезінде оны осы пышақпен ұрдым. Ол алған жарақатына байланысты құлап қалды, мен қорқып кетіп, оқиға орнынан қашып кеттім.

Болған оқиға туралы мен ешкімге айтқан жоқпын, ал жарақаттан құлаған адам туралы осы уақытқа дейін хабарым жоқ. Мен жасаған әрекетімді мойындағым келді, себебі сол уақыттан бері тыныш тіршілік етуден қалдым.

Хаттаманы оқып шықтым, менің сөзім дұрыс жазылған, өзгерістер мен қосымшалар жоқ.

Арыз иесінің қолы ___________.

 

Ауызша арыз хаттамасын жасаған:

 

Жамбыл облысы Тараз қ., ҚІІБ

Тергеу қызметінің тергеушісі

полиция капитаны (қолы) С.С. Самашев

 

№ _______________________ талон-хабарлама берілді.

«__»_________20__ ж.

«___» сағ. «___» мин.

Оқиға орнын қарап-тексеру

Date: 2015-12-13; view: 2635; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию