Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тестер және есептер 3 page





 

7. Сепсистің емінде ең негізгісі:

1) төсектік жағдай;

2) анамнезді толық жинау;

3) қосалқы ауруларды емдеу;

4) біріншілік іріңді ошақты жою;

5) тұқым қуалайтын факторларды анықтау.

 

8. Сепсиске аса тән емес белгі:

1) тахикардия;

2) лейкоцитоз;

3) анурия;

4) дене қызуының көтерілуі;

 

9. Сепсистің асқынуына жатпайды:

1) пневмония;

2) ойылу;

3) тромбоэмболия;

4) кахексия;

5) геморрагия.

 

10. Сепсис емінің негізгі компоненті:

1) массаж;

2) антибиотикотерапия;

3) емдік дене шынықтыру;

4) физиотерпия;

5) витаминотерапия.

 

11. Сепсистегі жараның сипаттамасы:

1) жарадан іріңнің көп бөлінуі;

2) жарадан іріңнің аз бөлінуі;

3) жара айналасындағы тіндердің айқын қызаруы;

4) жара тіндерінің кір-сұрғылт түсті болуы;

5) тіндердің ісінуі.

 

Анаэробты инфекция

 

1. Клостридиалды емес анаэробтарға жатады:

1) сіреспе таяқшасы;

2) батероидтар;

3) фузобактериялар;

4) спорогенус;

5) вульгарлы протей.

 

2. Клостридиалды емес анаэробтар- бұл микрофлора:

1) патогенді;

2) шартты түрде-патогенді.

 

3. Клостридиалды емес анаэробтар қалыптыты жағдайда мекендейді:

1) ауыз қуысында;

2) тыныс жолдарында;

3) асқорыту жүйелерінің қуысында;

4) тері жабындысында;

5) сыртқы жыныс мүшелерінде.

 

4. Клостридиалды емес анаэробтардан дамыған целлюлиттің клиникалық көріністері:

1) шірікті иісті экссудат;

2) сұр түсті экссудат;

3) теріасты майының сұрғылт-кір түсті болуы;

4) терінің ашық қызыл гиперемиясы.

 

5. Клостридиалды емес анаэробтардан қабынған бұлшықеттердегі өзгерістер:

1) піскен ет тәріздес;

2) бұлшықеттерде серозды - геморрагиялық экссудаттың түзілуі;

3) бұлшықеттер қызғылт түсті;

4) жиырылу қабілеті жақсы сақталған.

 

6. Клостридиалды емес анаэробтарға тікелей әсер ететін химиопрепараттар:

1) метронидазол (метрагил);

2) клиндамицин;

3) хлорамфеникол;

4) гентамицин.

 

7. Тіндерді ісіндіретін газды гангренаның қоздырғыштары:

1) cl. Perfringens;

2) cl. Oedematens;

3) cl. Histoliticum;

4) cl. Septicum.

 

8. Көбінесе бұлшықеттерді ыдыратады:

1) cl. Perfringens;

2) cl. Septicum;

3) cl. Histoliticum;

4) cl. Oedematiens;

 

9. Қан капилярларын істен шығарады:

1) cl. Perfringens;

2) cl. Septicum;

3) cl. Histoliticum;

4) cl. Oedematens;

 

10. Газды гангренада инкубациялық кезеңнің мерзімі:

1) 1-2 сағат;

2) 6 сағат;

3) 12 сағат;

4) 1-2 тәулік;

5) 3-6 тәулік.

 

11. Газды гангренаның қоздырғыштары жойылады:

1) қайнатқанда;

2) автоклавтағанда;

3) құрғақ ауа шкафында;

4) заттарды 80% спиртпен сүрткенде;

5) заттарды 3% хлорлы әк ертіндісімен сүрткенде.

 

12. Газды гангрена жиі дамиды:

1) оқдәрілік жараларда;

2) тесілген;

3) кесілген;

4) шабылған;

5) операциялық жараларда.

 

13. Газды гангрена жиі дамитын дене мүшесі:

1) санда;

2) иықта;

3) балтырда;

4) арқада;

5) кеудеде.

 

14. Газды гангренаның алғашқы белгілері:

1) жараның қатты керіп ауруы;

2) жара шетінің қызаруы;

3) регионарлы лима бездерінің үлкеюі;

4) жара тіндерінің ісінуі;

5) бұлшықеттердің жара ішіне ығысуы;

 

15. Газды гангрена дамыған жарадан бөлінетін сұйықтықтың белгілері:

1) қоңыр (шоколад) түсті;

2) ашық-геморрагиялық;

3) тәтті-шірікті иісті;

4) газ аралас

5) иіссіз.

 

16. Газды гангренада инфекция көбінесе таралады:

1) лимфогенді;

2) гематогенді;

3) бұлшықетаралық, тамырлар бойындағы клетчаткалар арқылы;

4) эпиневралды.

 

17. Газды гангренада инфекция көбінесе таралады:


1) ісінген тінаралығындағы сұйықтықпен;

2) ісінген тінаралығындағы газбен;

3) қан ағымымен;

4) лимфа ағымымен.

 

18. Газды гангренада тінаралығындағы газды анықтау:

1) пальпациямен;

2) рентгендік зерттеумен;

3) ұстара симптомымен (симптом бритвы);

4) лигатура симптомымен;

5) ультрадыбыстық зерттеумен.

 

19. Газды гангренада ісінудің үдей түсіуін анықтау:

1) рентгендік зерттеумен;

2) ультрадыбыстық зерттеумен;

3) «лигатура симптомымен»;

4) «ұстара (бритва) симптомымен»;

5) қол-аяқтың көлемін өлшеумен.

 

20. Газды гангренаның бейспецификалық алдын алу тәсілдері:

1) жараға ерте жүргізілген хирургиялық өңдеу;

2) кең спектрлі антибиотиктерді қолдану;

3) шокқа қарсы шаралар жүргізу;

4) жараны хирургиялық жолмен жартылай тазарту;

5) анемиямен күресу.

 

21. Гангренаға қарсы сарысудың профилактикалық дозасы:

1) 10000 АБ(антитоксикалық бірлік);

2) 20000 АБ;

3) 30000 АБ;

4) 50000 АБ;

5) 100000 АБ.

 

22. Газды гангренада жасалатын операция көлемі:

1) өліеттерден толық тазарту;

2) фасциялық қалталарды тіліп ашу;

3) ісінген жерлерді кеңінен, терең тіліп ашу;

4) жараны тотықтырғыштармен тампондау;

5) некрэктомияны экономдап жасау.

 

23. Жараны хиругиялық тазартудан кейін:

1) тігу;

2) тігіс салмау;

3) тотықтырғыштармен тампондау;

4) дренаждау;

5) таңғышты жиі ауыстыру.

 

24.. Гангренаға қарсы сарысудың көктамырішілік емдік дозасы:

1) 30000 АБ(антитоксикалық бірлік);

2) 50000 АБ;

3) 100000 АБ;

4) 150000 АБ;

5) 300000АБ.

 

25. Гангренаға қарсы сарысудың бұлшықетішілік емдік дозасы:

1) 1 профилактикалық доза;

2) 3 профилактикалық доза;

3) 5 профилактикалық доза;

4) 10 профилактикалық доза.

 

26. Гангренаға қарсы сарысудың емдік дозасын енгізу ережесі:

1) тек көктамырға;

2) көктамырға + бұлшықетке;

3) тек бұлшықетке;

 

27. Газды гангренаның бейспецификалық емі:

1) антибиоткотерапия;

2) дезинтоксикациялық терапия;

3) БКО (барокамералық оксигенотерапия);

4) Жараны ультракүлгін сәулесімен қыздыру;

5) анемияға корекция жасау.

 

28. Газды гангренада бактериологиялық зерттеуге жіберіледі:

1) жарадан алған жағындыны;

2) өліеттенген бұлшықетті;

3) қанды;

4) зәрді.

 

29. Ағзада сіреспе токсинінің таралуы:

1) лимфогенді;

2) гематогенді;

3) периневралды саңлаулармен;

4) епиневралды саңлаулармен;

 

30. Сіреспе токсины пери- және епиневралды саңлаулармен жеткізіледі:

1) орталық жүйке жүйесіне;

2) жұлынмен сопақша мидың қозғалтқыш орталықтарына


 

31. Сіреспенің даму себептері:

1) тері бетінің сырылуы;

2) жұмсақ тіндердің аса терең емес тесілген жаралары;

3) күйіктер мен үсіктер;

4) криминалды аборттар;

5) асқазан-ішек қуыстарын ашып жасалатын операциялар.

 

32. Сіреспенің қоздырғыштары:

1) cl. Perfringens;

2) cl. Septicum;

3) cl. Tetani;

4) cl. Histoliticum;

5) cl. Oedematiens

 

33. Сіреспенің жеңіл түрінің клиникалық көріністері:

1) жақ бұлшықеттерінің спазмдары (тризм);

2) сардоникалық күлкі;

3) опистотонус;

4) жұтынудың қиындауы;

5) тыныс алу бұзылыстары.

 

34. Сардоникалық күлкі тән:

1) сіреспенің жеңіл дәрежесіне;

2) орташа дәрежесіне;

3) ауыр дәрежесіне.

 

35. Опистотонус (дене бұлшықеттерінің тұтас сіресуі) тән:

1) сірепенің жеңіл дәрежесіне;

2) орташа дәрежесіне;

3) ауыр дәрежесіне.

 

36. Ауыр дәрежелі сіреспеге тән:

1) жұтынудың бұзылыстары;

2) опистотонус;

3) тыныс алу бұзылыстары.

 

37. Сіреспенің продромалды кезеңінің клиникалық белгілері:

1) әлсіздік;

2) жұтынудың қиындауы;

3) жара бұлшықеттерінің тырысуы;

4) жақ бұлшықеттерінің спазмдары (тризм);

5) опитотонус (дене бұлшықеттерінің тұтас сіресуі).

 

38. Сіреспемен ауырған адамдарда иммунитет:

1) сақталмайды;

2) сақталады.

 

39. Опистотонус кезіндегі асқынулар:

1) тыныс алудың тоқтауы;

2) омыртқалардың сынуы;

3) пневмония, трахеобронхит;

4) жараның іріңдеуі;

5) жүректің тоқтауы.

 

40. Сіреспеде тырысуды тоқтататын медикаменттер:

1) транквлизаторлар;

2) барбитураттар;

3) бұлшықет релаксанттары және жасанды тыныс алдыру;

4) ұйықтататын дәрілер;

5) наркотикалық аналгетиктер.

 

41. Сіреспе токсинінің айналымдағы қаннан шығып, сіреспе анатоксині әсер ете алмайтын мерзімді көрсетіңіз:

1) 6 сағаттан кейін;

2) 12 сағаттан кейін;

3) 24 сағаттан кейін;

4) 2-3 тәуліктен кейін;

5) 7 тәуліктен кейін.

 

42. Бұрын екпе алмаған, жараланған науқастарға сіреспенің жедел профилактикасы:

1) анатоксин енгізу;

2) тек сіреспеге қарсы сарысуды енгізу;

3) тек сіреспеге қарсы гамма-глобулинді енгізу;

4) сіреспеге қарсы сарысуды немесе сіреспеге қарсы гамма-глобулинді енгізу;


 

43. Бұрын екпе алған, жараланған науқастарға сіреспенің жедел профилактикасы:

1) 0,1мл. анатоксин;

2) 0,5 мл. анатоксин;

3) 1,0 мл. анатоксин;

4) 1,5 мл. анатоксин;

5) 2,0 мл. анатоксин.

 

44. Бұрын екпе алмаған, жараланған науқастарға сіреспенің жедел профилактикасында анатоксинді қолдану:

1) бірінші рет 1,0мл;

2) 1 айдан кейін 0,5 мл;

3) 1 жылдан кейін 0,5 мл;

4) бірден 0,5 мл.

 

45. Сіреспенің арнайы емі:

1) Сіреспеге қарсы сарысу енгізу;

2) Сіреспеге қарсы гаммаглобулинді енгізу

3) Сіреспеге қарсы анатоксин;

4) антибиотиктер.

 

46. Сіреспеге қарсы сарысудың тәуліктік емдік дозасы:

1) 100000-150000 ХБ (халықаралық бірлік);

2) 3000 ХБ;

3) 300000 ХБ.

 

47. Газды гангренада ампутация операциясының ерекшелігі:

1) аяқ кесілгеннен кейін тігіс салынбайды;

2) операция гелиотина (балтамен шапқандай) тәсілімен жасалады;

3) аяқ кесілгеннен кейін өте сирек тігіс салынады;

 

48. Газды гангренаның ерте пайда болатын белгілері:

1) жараның қатты керіп ауруы;

2) есінің бұзылуы;

3) «жансыз жара»;

4) жара айналасында айқын гиперемия;

5) регионарлы лимфа бездерінің үлкеюі.

 

49. Сіреспенің жедел алдын алу жарақат алған күннен бастап:

1) 20 күнге дейін жасала береді;

2) 3 тәулікке дейін;

3) 30 тәулікке дейін.

 

50. Сіреспенің негізгі үш белгісі:

1) тризм;

2) дисфагия;

3) анорексия;

4) миоз;

5) желке бұлшықетінің қатаюы.

 

51. Сіреспені емдегенде сіреспе анатоксинін қолдану:

1) үш рет 1,0мл-ден;

2) қолданбайды, тек профилактика ретінде.

 

52. Жарасы жазылған науқасқа сіреспе диагнозы қойылса жасалатын шаралар:

1) жазылған жараны екіншілік хирургиялық тазарту (кесіп алып тастап, тігіс салмай ашық қалтыру);

2) жазылған жараны екіншілік хирургиялық тазарту, сирек тігіс салу, дренаждау.

 

Сүйек - буын туберкулезі

 

1. Сүйекке, буынға туберкулез микобактериялары біріншілік ошақтан түсетін жолдары:

1) гематогенді жолмен;

2) лимфогенді;

3) жанасу арқылы.

 

2. Сүйек-буын туберкулезінде операциялық емге көрсеткіштер:

1) консервативті ем нәтижесіз болса (қабыну ошағындағы казеозды некроздың шектелмей, дәнекер тіндермен алмасуының болмауы);

2) сүйек, буынның секвестрленуі;

3) өліеттенген тіндермен ағзаның улануы;

4) қабынудың жиі қозуы және қайталануы;

 

3. Туберкулезді интоксикация белгілері:

1) науқастың өзін-өзі ұстай алмауы;

2) тез шаршауы;

3) тәбетінің төмендеуі;

4) жүдеу.

 

4.Туберкулезді гониттің артриттік кезеңінің (белсенді қабыну) рентгенологиялық белгілері;

1) буындағы сүйек бастарының остеопорозы (жұқаруы);

2) буындағы сүйек бастарының желінуі;

3) ортан жіліктің остеосклерозы;

4) буындағы сүйектердің өзгермеуі;

5) буын қуысының тарылуы.

 

5. Туберкулезді гониттің артриттік кезеңіне (белсенді қабыну) тән белгілер;

1) Александров симптомы оң;

2) бұлшықет атрофиясы;

3) буын көлемінің үлкеюі;

4) тізетобықтың қозғалыс көлемінің артуы (баллотирование надколеника);

5) буын гиперемиясы.

 

6. Туберкулезді гониттің артриталды кезеңінің жергілікті белгілері;

1) буынның ауырсынуы;

2) ауырған аяғына ақсау;

3) науқас жүргенде ауырған аяқты бүгіп ұстауы;

4) буынның көлемінің үлкеюі;

5) тізетобықтың қозғалыс көлемінің артуы;

 

7. Александров симптомының сипатамасы:

1) буын көлемінің үлкеюі;

2) бөксе қатпарының жазылуы;

3) ауырған аяқта тері қатпарының қалыңдауы;

4) буындағы бұлшықет контрактурасы;

5) тізетобықтың қозғалыс көлемінің артуы (баллотирование надколленика);

 

8. Туберкулезді гонитте Александров симптомы анықталады:

1) буын алдындағы кезеңде;

2) буындық кезеңде;

3) буыннан кейінгі кезеңде.

 

9. Сүйек-буын туберкулезінде Александров симптомы анықталады:

1) спондилитте;

2) кокситте;

3) гонитте.

 

10. Туберкулезді кокситке тән:

1) Александров симптомы;

2) бөксе және сан бұлшықеттерінің атрофиясы;

3) суық абсцесс;

4) шап және бөксе қатпарларының жазылуы;

5) тізе буынының ісінуі.

 

11. Спондилиттік кезеңінде омыртқа туберкулезінің белгілері:

1) «тізгін (вожжи)» симптомы;

2) спондилит симптомдарының анықталмауы;

3) омыртқа бағанының қисаюы, қимылының шектелуі;

4) ағымды абсцесс және жыланкөздің дамуы;

5) жұлынның қысылуы, функциясының бұзылуы.

 

12. Туберкулезді спондилитте жергілікті клиникалық белгілер айқын көрінетін кезең:

1) спондилит алдындағы кезең;

2) спондилиттік кезең;

3) спондилиттен кейінгі кезең.

 

13. Спондилиталды кезеңінде рентгенологиялық өзгерістер:

1) остеопороз;

2) омыртқа денесінде деструкцияның пайда болуы;

3) омыртқада патологиялық компрессиялы сынықтың пайда болуы;

4) сүйек секвестрінің пайда болуы;

5) омыртқаның остеосклерозы.

 

14. Туберкулезді спондилитте ағымды абсцестердің локализациясы:

1) мықын тұсында;

2) мойында;

3) шап аймағында;

4) көкірекаралықтың артқы бөлігінде;

 

15. Сүйек – буын туберкулезі жиі дамиды:

1) балтыр-табан буынында:

2) ұсақ сүйек буындарында;

3) омыртқада;

4) жамбас буынында;

5) тізе буынында.

 

16. Сүйек – буын туберкулезінде радикалды операциялық ем қолданатын кезеңдер:

1) артриталды кезеңі;

2) артриттік кезең;

3) артриттен кейнгі кезең.

 

17. Сүйек - буын туберкулезінде коррекциялық, ортопедиялық операциялар жасалатын кезең:

1) артриталды кезеңі;

2) артриттік кезең;

3) артриттен кейінгі кезең.

 

18. Жілік сүйектерде туберкулез ошағы жиі дамитын орны:

1) эпиметафиз;

2) метафиз;

3) диафиз.

 

19. Сүйек – буын туберкулезінде ерте пайда болатын рентгендік белгілер:

1) остеопороз;

2) периостит;

3) еріген «шақпақ қант» симптомы;

4) остеосклероз;

5) буын қуысының кеңеюі.

 

20. Туберкулезді спондилиттің спондилиталды кезеңіне тән белгі:

1) тубинтоксикация;

2) омыртқа қимылының шектелуі;

3) Корнев симптомы;

4) омыртқаның қисаюы;

5) омыртқаның артқы өсіндісінің сыртқа шығуы.

 

21. Туберкулезді спондилитте ағымды абсцестер, жыланкөздер қалыптасу кезеңі:

1) спондилиталды кезең;

2) спондилиттік кезең;

3) спондилиттен кейінгі кезең.

 

22. «Тізгін (вожжи)» симптомы тән сүйек – буын туберкулезі:

1) гонит;

2) спондилит;

3) коксит;

4) лимфаденит.

 

23. «Тізгін (вожжи)» симптомында қатаятын бұлшықеттер:

1) іштің алдыңғы қабатының бұлшықеттері;

2) санның;

3) балтырдың;

4) арқаның.

 

ЖЕДЕЛ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ.

Ситуациялық есептер.

№1. Жоғарғы еріннің фурункулымен емхана хирургінің қабылдауына ұл бала келді. Дене қызуы 39°С. Жоғарғы ерні және көздің айналасы ісінген. Хирургтың іс әрекеті, науқасқа жүргізілетін ем-шаралары?

 

№2. Жауырын ортасындағы карбункулмен, ауырғанынан 2 күннен кейін, хирургия бөліміне 50 жастағы науқас әйел келді.

Қанның анализі: лейкоцитоз-11,5×109/л, таяқшаядролық клеткалар 6%, ЭТЖ - 17 мм/сағ, глюкоза - 4,6 ммоль/л. Науқас жатқызылып, консервативті ем жүргізілді (антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, антистафилококты гаммаглобулин, жергілікті трипсин, УЖЖ сәулелендіру (УВЧ)). Қабыну қайтпады, интоксикация күшейе түсті. Науқасты ары қарай емдеу тактикасы қандай?

 

№3. Оң жақ қолтық астынының ауырсынуына шағымданып, емхана хирургіне науқас келді. Ауырғанына 3 күннен асты, оң қолы көтертпейді. Қарап тексергенде, қолтық астында, тері бетінде қатты, шектелген 3 инфильтрат анықталды, өлшемдері 0,8 - 1,2 см дейін. Инлфильтрат бетіндегі тері аздап қызарған. Науқастың диагнозы және емдеу тактикасы?

 

№4. Науқас К. 26 жаста, оң жақ алақанының ауырсынуына шағымданады. II, III саусақтардың алақанмен қосылған жері ойылып, сүйелденген. Осы жері 4 күндей ауырып, мазалайды, ісіне бастады. Ісік алақан сыртына таралған. II, III саусақтар фалангааралық буындарда жартылай бүгілген, аралары бір-бірінен алшақтаған, ал осы саусақтар алақанмен қосылған буындарда алақан сыртына қарай бүгілген «тырнауыш (грабли)» тәріздес.

Сіздің болжам диагнозыңыз? Емдеу тактикаңыз?

 

№5. Сол жақ жамбасының ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне шағымданған науқас әйел, аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Өлшегенде дене температурасы 38,9°С. 2 апта бұрын қан қысымының көтерілуіне байланысты, фельдшер науқастың жамбасына магний сульфат ерітіндісін инъекциялаған. Қарап тексергенде жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты ісінген, қызарған. Қатты ауыратын инфильтраттың ортасы жұмсарған. Қан анализі: лейкоцитоз – 12,2×109/л, таяқшаядролық нейтрофилдер - 7%, сегментядролық нейтрофилдер -74%, ЭТЖ-26 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз? Диагнозды нақтылауда не істеу қажет? Емдеу тактикаңыз?

 

№6. Жасы келген ер адамға, осыдан 3 күн бұрын операциядан кейінгі перитонитке байланысты қайта операция жасалған. Науқас операция жарасындағы ауырсынуға, аузының кебуіне, шөлдеуіне шағымданады. Дене температурасы 37,6-38,5°С. Тілі құрғақ, бетінде кір-сұр түсті жабынды, гипосаливация байқалады. Шықшыт сілекей безі біраз ауырсынады. Науқаста қандай асқыну орын алған? Ол асқынудың алдын алу шаралары қандай?

 

№7. Босанғанына 16 күн болған әйел, оң жақ сүт безінің ауырсынуына, тоңып қалтырауына шағымданып, хирургия бөліміне қабылданды. Ауырғанына 3 апта болған, дәрігерлік көмекке жүгінбей, өзі емделген. Дене қызуы 39,9°С, оң жақ омырауы үлкейген, Төменгі квадрантарында пальпация кезінде үлкен, қатты ауыратын, ортасы жұмсарған, тығыз инфильтрат анықталады. Оң жақ қолтықасты бездері үлкейген, ауырады. Сіздің диагнозыңыз? Кезекші хирургтың іс-әрекеті? Баланы қалай тамақтандыру қажет?

 

№8. 45 жастағы әйел оң жақ балтырының қатты ауырсынуына, басының ауруына, әлсіздікке шағымданып, аурухананың қабылдау бөліміне қаралды. Ауырғанына 2 тәулік, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілген. Қарап тексергенде оң жақ балтырдың төменгі және ортанғы бөліктері қатты қызарған (алқызыл түсті), шекарасы айқын (географиялық карта тәріздес). Қабыну ошағында серозды-геморрагиялық экссудат түзілген көпіршіктер анықталады. Қызарған жерлері ісінген, қатты ауырады. Қан анализі: лейкоцитоз-15×109/л, нейтрофилдер -7%, ЭТЖ-34 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз? Науқасты жеке палатаға басқа аурулардан оңашалау қажет пе? Қандай ем тағайындайсыз?

 

№9. 53 жастағы әйел, сол жақ қолдың III саусағының шыдатпай қышуына, күйдіріп ауруына шағымданып, дерматолог қабылдауына келді. Науқас 3 күн бұрын, балықты аршу кезінде. саусағын балық сүйегімен жаралап алған. Жарақаттан кейін 2-күні саусақ ісінген, қызарған. Қарап тексергенде саусақ терісі қызыл-көкшіл түсті, шекарасы айқын. Саусақтың қимылы шектелген. Қай ауру деп ойлайсыз? Қандай аурулармен ажырату диагностикасын жүргізесіз? Қалай емдейсіз? Науқас жұмыстан босатыла ма?

 

№10. Әскерден келген жас жігіт, оң жақ аяқ саусақтарының ауырсынуына шағымданып, дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде аяқтың II, III саусақтары қажалып, іріңдеген. Саусақтар, табан үсті қызарған, қабыну ошағынан жоғары қарай бағытталған, қызыл жолақтар байқалады, пальпация кезінде ауырады. Шаптың бездері шошынған. Науқастың диагнозы және емі қандай?

 

№11. 64 жастағы науқас, сол жақ қолына көктамырішілік дәрі құйылғаннан кейін, қолының ауырғанына шағымданады. Дәрігер тексергенде, шынтақ буынның алдыңғы бетінде, теріасты вена проекциясында жоғары және төменгі бағытта теріде қызару, вена қабырғасы қатайған, қатты ауырады. Сіздің диагнозыңыз және тағайындайтын еміңіз?

 

№12. Сол жақ балтырының жедел тромбофлебиті диагнозымен, хирургия бөліміне 58 жастағы науқас әйел қабыланды. 4 күн бойы тиісті ем жүргізілуіне қарамастан, қабыну өрши түсті. Ауырсыну санға тарады, үлкен теріасты венаның проекциясында терінің қызаруы, тіндердің қатаюы пайда болды.

Сіздің болжам диагнозыңыз және жасалатын еміңіз қандай?

 

№13. Оң жақ шынтақ буынының ауырсынуына шағымданып хирургтың қабылдауына әйел адам келді. 8 күн бұрын шынтағын соғып алған. Тексеру кезінде, оң жақ қолдың шынтақ сүйек өсіндісінің тұсында қара қотырланған іріңді жара, тіндердің қатты ісінуі, терісінің қызаруы, қатты ауырсыну байқалады. Флюктуация симптомы оң. Шынтақ буынында қимыл толық сақталған, ауырсыну жоқ. Флюктуация анықталған жерді пункциялағанда ірің алынды. Рентгенограммада буын сүйектері өзгеріссіз.







Date: 2015-12-12; view: 699; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.097 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию