Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет 131. Туберкулезді абсцесті пункциялау тәсілі
Пункцияны жуан инемен жасайды, себебі туберкулезді абсцесінің іріңі ірімшік тәріздес (казеозды некроз) іртік болғандықтан, жіңішке инені бітеп тастайды. Суық абсцестерді тіліп ашпаған жөн, себебі операциядан соң көпке дейін жазылмайтын жыланкөз, трофикалық жаралар қалыптасады және екіншілік инфекциямен асқынуы мүмкін. Екіншілік инфекциямен асқынған жағдайда, науқастың дене қызуы көтеріліп, ауыр интоксикация орын алады, бұл асқынуда амалсыз іріңдік тілініп ашылады. Буын туберкулезінде деструкцияға ұшыраған буын беттеріне радикалды операция ретінде, буын резекциясы жасалады. Радикалды операциялар туберкулезді процесс толық шектеліп, науқасты мұқият дайындағаннан кейін жасалады. Балаларға буын резекциясы, сүйектің өсуіне жауапты жерлерінің (метафиз) зақымдалу қауіптілігіне байланысты, сирек жасалады. Ампутация операциясы тек қана науқастың өміріне қауіп төнген жағдайда жасалады (сепсис, амилоидоз). Аяқтың функциясына кедергі келтіретін буын анкилозында ортопедиялық остеотомия жасап, аяқтың функциясын реттейді. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит) зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар жасалады (132-сурет).
Сурет 132. Омыртқа туберкулездерінде (спондилит), зақымдалған омыртқаның қимылын шектеу үшін, ортопедиялық иммобилизациялау, остеопластикалық операциялар көрсетілген. Сүйек-буын туберкулезінің жеке түрлерінің сипаттамасы. Туберкулезді спондилит сүйек буын туберкулезінің 40% - құрайды. Омыртқа туберкулезімен көбінесе жас балалар ауырады. 2, 4 - кеуде омыртқалары жиі зақымдалады. Қабыну кезеңдері спондилит алды, спондилиттік және спондилиттен кейінгі деп бөлінеді. Спондилит алды кезеңінде туберкулезді ошақ омыртқаның денесінде орналасады.Туберкулезді интоксикация салдарынан, ауырған бала тәбеті төмендеп жүдейді, әлсірейді. Манту реакциясы оң болып, қанның анализінде лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Рентгендік зерттеуде сүйекте остеопороз және деструкция анықталады. 133 – суретте (ренгенограммада) 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді.
Date: 2015-12-12; view: 716; Нарушение авторских прав |