Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тестер және есептер 1 page
Хирургиялық инфекция тақырыптарынан тесттер.
1. Бір түрлі микробтардан туындаған инфекцияның аталуы: 1) полиинфекция; 2) моноинфекция; 3) аралас инфекция.
2. Бір топқа жататын бірнеше микробтардан туындаған инфекцияның аталуы: 1) полиинфекция; 2) моноинфекция; 3) аралас инфекция.
3. Бөлек топқа жататын бірнеше микробтардан туындаған инфекцияның аталуы: 1) полиинфекция; 2) моноинфекция; 3) аралас инфекция.
4. Шіріткіш инфекция терминінің синонимі: 1) пиогенді; 2) ихорозды; 3) газды ісік.
5. Іріңді инфекцияның синонимі: 1) пиогенді; 2) ихорозды; 3) газды ісік.
6. Шіріткіш инфекциялардың негізгі қоздырғыштары: 1) стафилококтар; 2) пиогенді стрептококк; 3) вульгарлы протей; 4) ішек таяқшасы;
7. Пиогенді инфекциялардың қоздырғыштары: 1) алтын түсті стафилококк; 2) пиогенді стрептококк; 3) вульгарлы протей; 4) cl. Tetani; 5) cl. Histoliticus.
8. Хирургиялық инфекциядағы токсемияның себептері: 1) бактериемия; 2) бактериалды экзо- және эндотоксиндер; 3) өліеттенген тіндердің токсиндері; 4) қанда түзілетін метаболиттер; 5) гипопротеинемия.
9. Хирургиялық инфекциядағы лабораторлық өзгерістер: 1) анемия; 2) лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы; 3) лейкоцитоз; 4) ЭТЖ артуы; 5) тромбоцитопения.
10. Интоксикацияның лабораториялық зерттеуде анықталатын белгілері: 1) орта мөлшердегі молекулалардың көбеюі; 2) интоксикацияның лейкоцитарлық индексінің өсуі; 3) азот қалдықтары, креатининнің өсуі; 4) нейтрофилдердің токсикалық өзгеруі (тосическая зернистость); 5) лейкоцитоз.
11. Қабыну кезіндегі адам ағзасының жалпы өзгерістері: 1) дене қызуының көтерілуі; 2) қалтырау; 3) адинамия; 4) тахикардия; 5) қан қысымының көтерілуі.
12. Лейкоцитарлық формула солға жылжығанда: 1) сегментядролық нейтрофилдердің азаюы; 2) таяқшаядролық нейтрофилдердің көбеюі; 3) эозинофилдердің көбеюі; 4) лейкоцитоз; 5) базофилдердің азаюы.
13. Хирургиялық инфекцияға шалдыққан науқастарға инфузиялық (трансфузиялық) терапия қолдану көрсеткіштері: 1) интоксикация; 2) дене қызуының көтерілуі; 3) гипопротеинемия; 4) электролиттік бұзылыстар; 5) лейкоцитоз.
14. Хирургиялық инфекцияға шалдыққан науқастарға интракорпоралды детоксикация жүргізу шарттары: 1) бүйректің фильтрациялау функциясының сақталуы; 2) қан қысымының қалыпты болуы; 3) анемияның болмауы; 4) қан сарысуындағы белоктың қалыпты болуы; 5) су - электролиттік алмасу бұзылыстарының болмауы.
15. Хирургиялық инфекцияға шалдыққан науқастарға интракорпоралды детоксикация жүргізу тәсілдері: 1) инфузиялық терапия; 2) форсирленген диурез; 3) асқазанды жуу; 4) тазарту клизмасы; 5) плазмаферез.
16. Инфузиялық терапияның негізгі детоксикациялық әсерлері: 1) гемодилюция 2) токсиндерді сұйылтып, бүйрек арқылы сыртқа шығару; 3) қандағы токсиндерді ыдырату, жою; 4) бауырдың дезинтоксикациялық функциясын белсендіру.
17. Дезинтоксикациялық терапия мақсатында қолданатын инфузиялық сұйықтықтар: 1) 0,9% физиологиялық ерітінді; 2) Рингер- Локк ерітіндісі; 3) трисоль; 4) гемодез; 5) полиглюкин.
18. Белсенді (форсирленген) диурездің мақсаты: 1) гемдилюция; 2) жүрек жұмысын белсендіру; 3) диурезді белсендіру.
19. Форсирленген диурезде бақылауға алынатын негізгі көрсеткіштер: 1) су - элетролиттер алмасуын; 2) қышқыл- сілтілік тепе-теңдікті; 3) гемоглобинді; 4) лейкоциттерді; 5) ЭТЖ.
20. Экстракорпоралды детоксикация тәсілдері: 1) форсирленген диурез; 2) гемосорбция; 3) лимфосорбция; 4) плазмаферез; 5) шошқаның ксенокөкбауыры арқылы қанды сүзіп тазарту.
21. Плазмаферез кезінде адам ағзасы келесі заттардан тазарады: 1) улы метаболиттерден; 2) микробты денелерден; 3) микробтар токсиндерінен; 4) қанайналымындағы иммунды комплекстерден; 5) гемоглобиннен.
22. Плазмаферезге алынған қанның науқасқа қайта өзіне құйылатын компоненті: 1) плазма; 2) қанның формалық элементтері.
23. Плазмаферезге алынған қанның науқас қай компонентін жоғалтады: 1) плазманы; 2) қанның формалық элементтерін.
24. Плазмаферезге қарсы көрсеткіштер: 1) гемоглобин 80 г/л-ден төмен болса; 2) тұрақты артериалды гипотония; 3) гипопротеинемия; 4) сепсис; 5) гипертермия.
25. Гемосорбциядан кейін қан құрамындағы концентрациясы төмендейтін заттар: 1) орташа молекулалар; 2) улы заттар; 3) билирубин; 4) мочевина, креатинин; 5) лейкоциттер.
26. Гемосорбцияның кері әсері: 1) эритроциттерді зақымдау; 2) лейкоциттерді зақымдау; 3) сұйек миының (костный мозг) функциясын тежеу; 4) сорбенттердің иммуноглобулиндерді сорып азайтуы; 5) сорбенттердің электролиттерді сорып азайтуы.
27. Лимфосорбцияға лимфаны алатын тамыр: 1) кеуделік лимфа тамыры; 2) аяқ лимфа тамыры; 3) қол лимфа тамыры; 4) үлкейген лимфа бездерінен.
28. Лимфосорбциядан кейін қан құрамындағы концентрациясы төмендейтін заттар: 1) мочевина; 2) азот қалдығы; 3) гемоглобин; 4) қан айналымындағы иммунды комплекстер; 5) улы заттар.
29. Лимфосорбцияның кері әсері: 1) лимфопения; 2) гипопротеинемия; 3) ағзаның иммундық реакциясының төмендеуі; 4) эритроциттердің зақымдалуы; 5) лейкоциттердің зақымдалуы.
30. Детоксикацияның эфференті тәсілдеріне жатады: 1) некрэктомия; 2) плазмаферез; 3) гемосорбция; 4) энтеросорбция; 5) шошқаның ксенокөкбауыры арқылы қанды сүзу.
31. Іріңді бурситтің жиі кездесетін локализациясы: 1) тізе тобығының аймағында; 2) шынтақ жілігінің шынтақ өсіндісі аймағында; 3) ортан жіліктің проксималды бөлігінің үлкен бұдырында (большой вертел).
32. Іріңдеген атерома түсінігі: 1) терідегі май бездері кисталарының (жылауық) іріңдеуі; 2) тері жабындысының қатерсіз ісігінің іріңдеуі.
33. Бурсэктомия операциясына көрсеткіштер (синовиалды сумканы толық сылып алып тастау): 1) жиі рецидив беретін созылмалы іріңді бурсит; 2) созылмалы серозды синовиит.
34. Іріңді паротиттің кешенді емі: 1) іріңдікті тіліп ашу; 2) антибиотикотерапия; 3) сілекей өндірілуін (саливацияны) белсендіру; 4) тек консервативті терапия.
35. Инфильтрация кезеңіндегі гидрадениттің, беткейлі орналасқан серозды лимфадениттен айырмашылығы: 1) пальпацияда гидраденит инфильтраты терімен бірге жылжиды; 2) тері инфильтрат бетімен жылжиды; 3) айырмашылығы жоқ; 4) жүргенде ауырсыну пайда болу.
36. Эризипелоидқа тән белгі: 1) қабыну ошағының қышынуы; 2) көпіршіктердің пайда болуы; 3) эритема.
37. Инфекциялы немесе іріңді жараның жергілікті асқынулары: 1) лимфангит; 2) лимфаденит; 3) тілме; 4) целлюлит, флегмона, абсцесс; 5) гидраденит.
38. Бастапқы кезеңде жергілікті белгілері айқын болмай, диагноз қоюда қиындық тудыратын хирургиялық инфекцияларды атаңыз: 1) тілме; 2) жедел гематогенді остеомиелит; 3) терең орналасқан флегмоналар; 4) фурункул; 5) гидраденит.
39. Ahrenholz классификациясы бойынша инфекциялы процестің тіндерді қамту деңгейі: 1) үш деңгей: тері, теріасты майы, бұлшықеттер; 2) төрт деңгей: тері, теріасты майы, беткейлі фасция, бұлшықеттер және терең орналасқан фасциялық құрылымдар; 3) бес деңгей: тері, теріасты майы, беткейлі фасция және терең орналасқан фасциялық құрылымдар, сүйек пен буындар.
40. Инфекциялы жараларға біріншілік хирургиялық тазарту жүргізуге қарсы көрсеткіштер: 1) шок; 2) анемия; 3) қатты ауырсыну синдромы.
Абсцесс
1. Ағзаның қуыстарында немесе қуысты мүше ішінде түзілген іріңдіктің аталуы: 1) флегмона; 2) эмпиема.
2. Эмпиема жиі дамитын мүшелер: 1) көкірекаралықта; 2) плеврада; 3) соқырішектің құрт тәрізді өсіндісінде; 4) өт қалтасында; 5) іш қуысында.
3. Абсцестің анықтамасы: 1) ағза қуыстарына ірің жиналуы; 2) дәнекер немесе грануляциялық тіндерден тұратын, капсуламен шектелген іріңдік; 3) майлы клетчаткалардың шектелмеген іріңді қабынуы.
4. Абсцестегі іріңнің құрамы: 1) лейкоциттер; 2) лимфоциттер; 3) бактериялар; 4) ыдырыған өліеттердің туындылары; 5) фибробласттар.
5. Абсцесті антибиотиктермен емдеу нәтижесіздігінің себебі: 1) абсцесс қуысында оттегінің жетіспеушілігі; 2) абсцесс қуысында қысымның жоғары болуы; 3) антибиотиктердің пиогенді капсуладан іріңдікке ене алмауы.
6. Беткейлі абсцестердің маңызды диагностикалық белгілерін атаңыз: 1) флюктуация; 2) қабыну ошағының жұмсаруы; 3) ісінуі; 4) қызаруы.
7. Абсцестерді диагностикалауда қолданатын қосымша тәсілдер: 1) диагностикалық пункция; 2) ультрадыбыстық зерттеу; 3) рентгендік зерттеу; 4) комппьютерлік томография; 5) радиоизотопты зерттеулер.
8. Абсцестің асқынулары: 1) сепсис; 2) аррозиялық қанау; 3) абсцестің жарылуы; 4) лимфангит; 5) қатерлі ісікке айналуы.
9. Абсцестерде жасалатын оталар түрлері: 1) іріңді қуысты кеңінен тіліп ашып, дренаждау; 2) абсцесэктомия; 3) абсцеспен бірге мүшенің жартысын алып тастау немесе мүшені толық алу; 4) Абсцесс бетіндегі теріні тілу.
Флегмона
1. Май қабаттарының шектелмеген, үдемелі қабынуларының аталуы: 1) абсцесс; 2) флегмона; 3) эмпиема.
2. Флегмона дамиды: 1) көкірекаралықта; 2) ішастарының сыртында; 3) теріасты майында; 4) іш қуысында; 5) кеуде қуысында.
3. Хирургиялық инфекцияны тудыратын микроорганизмдер: 1) аэробтар; 2) анаэробтар; 3) шіріткіш микрофлора; 4) сапрофиттер.
4. Флегмона кезінде іріңнің таралуы: 1) майлы клетчаткалар бойымен; 2) тамырлар бойымен; 3) фасцияларды қуалай; 4) бұлшықеттер ішімен.
5. Субпекторалды флегмонаның орналасуы: 1) кеуденің үлкен және кіші бұлшықеттер аралығында; 2) кеуденің үлкен бұлшықетінің астында; 3) кеуденің кіші бұлшықетінің астында; 4) париеталды плевра астында.
6. Қуысты органдарда флегмонаның даму орны; 1) Бұлшықет қабатында; 2) субсерозды қабатта; 3) шырышты қабаттың асында.
7. Карпалды канал арқылы U - тәрізді флегмонаның таралуы: 1) алақанның сыртына; 2) Пирогов кеңістігіне; 3) алақанның орталық кеңістігіне.
8. Экссудатына байланысты флегмоналардың түрі: 1) серозды; 2) іріңді 3) геморрагиялық; 4) шірікті; 5) инфильтративті.
9. Фурнье флегмонасы – ол: 1) шынтақтан төменгі қол флегмонасы; 2) ұманың некрозды фасцииті; 3) іріңді-шірікті парапроктит.
10. Бас және бет флегмоналарына тән асқынуларды көрсетіңіз: 1) бет веналарының тромбофлебиті; 2) ми тамырларының тромбозы; 3) менингоэнцефалит; 4) сепсис; 5) жақасты бездерінің лимфадениті.
Жұмсақ тіндердің хирургиялық инфекциялары.
1. Гидрадениттің дамуына ықпал ететін факторлар: 1) тершеңдік; 2) дерматит; 3) терінің кірлеуі; 4) семіздік; 5) қолтықастын қыру кезіндегі микрожаралар.
2. Фурункулдың локализациялары; 1) желкеде; 2) алақанда; 3) табанда; 4) арқада; 5) алақан сыртында.
3. Тілме ауруының клиникалық түрлері: 1) субэпидермалды; 2) эритематозды; 3) буллезды; 4) флегмонозды; 5) некрозды.
4. Беттен басқа жерде орналасқан карбункулды тіліп ашу сызықтары: 1) сызық тәріздес; 2) жарты ай тәріздес; 3) крест тәріздес; 4) тігінен.
5. Айналасындағы тіндерге жайылған іріңді лимфадениттің дұрыс атауы: 1) перилимфангит; 2) перилимфаденит; 3) аденофлегмона.
6. Параректалды майлы клетчаткаларының іріңді қабынуы: 1) паранефрит; 2) паротит; 3) парапроктит; 4) проктит; 5) криптит.
7. Лимфадениттің клиникалық түрлері: 1) серозды; 2) геморрагиялық; 3) аденофлегмона; 4) іріңді; 5) шірікті.
8. Бастапқы кезеңінде сыртқы клиникалық көріністері байқалмайтын парапроктит түрі: 1) теріасты парапроктит; 2) шырышты қабатасты; 3) ишиоректалды; 4) пельвиоректалды.
9. Қауіпті асқынуларға әкелетін фурункул локализациясы: 1) қол ұшында; 2) мұрын-ерін үшбұрышында; 3) арқада; 4) санда.
10. Тілменің эритематозды түрінде тағайындалатын ем: 1) ультракүлгін сәулесін; 2) дезинтоксикациялық терапия; 3) антибиотиктер; 4) фурацилин, риванолмен таңу салу; 5) левомиколь майымен таңу салу.
11. Гидрадениттің фурункулдан айырмашылығы: 1) фолликулярлы пустуланың болмауы; 2) тіндердің инфильтрациясы; 3) некрозданған шаш түбірінің болмауы; 4) регионарлы лимфа бездерінің үлкеюі.
12. Тілменің қоздырғышы: 1) стафилококк; 2) пневмококк; 3) стрептококк; 4) ішек таяқшасы; 5) протей.
13. Шат аралығының терісі қызарған, ісінген. Тік ішекті саусақпен зерттегенде, ішекті ішіне қарай ығыстырған, сопақша келген, анустан біраз жоғары орналасқан қабыну инфильтраты анықталады. Парапроктиттің локализациясын анықтаңыз: 1) тік ішектің шырышты қабатының астында; 2) шат аралығының тері астында; 3) шонданай-тік ішек аралығында; 4) жамбас-тік ішек аралығында; 5) тік ішектің артында.
14. Лимфатамырлары қабынуының айналасындағы тіндерге таралуы: 1) лимфаденит; 2) перилимфангит; 3) тор тәріздес лифангит; 4) трункулярлы (бағаналы) лимфангит; 5) аденофлегмона.
15. Инфильтрация кезеңінде гидрадениттің емі: 1) рентгендік терапия; 2) қыздыру компрестерін қолдану; 3) ультражоғары жиіліктегі (УВЧ) электр тогын қолдану; 4) антибиотиктер; 5) ультракүлгін сәулесімен (УФО) емдеу.
16. Адам ағзасына эризипелоид қоздырғышының ену жолы: 1) ауа-тамшы жолымен; 2) лимфогенді; 3) гематогенді; 4) жанасу кезінде.
17. Тілме ауруының жұқпалы түрін көрсетіңіз: 1) серозды; 2) буллезды; 3) флегмонозды.
18. Лимфа тамырларының қабынуы: 1) лимфаденит; 2) тромбофлебит; 3) тілме 4) лимфангит.
19. Карбункулдың жиі кездесетін локализациясы: 1) мойынның артқы бетінде; 2) желкеде; 3) арқада; 4) жоғарғы және төменгі еріндерде; 5) алақан сыртында.
20. Араның ұясына ұқсас, бір-біріне жақын жатқан іріңді-некрозды пустулалар, көкшіл-қызыл және ауқымды, тығыз қабыну ошағының ортасында орналасқан. Бұл көрініс тән: 1) фурункулға; 2) карбункулға; 3) гидраденитке; 4) тілмеге; 5) аденофлегмонаға.
21. Эпидермис астында серозды-іріңді немесе геморрагиялық экссудат түзілген. Тілме ауруының келесі түрі: 1) эритематозды; 2) буллезды; 3) флегмонозды; 4) некроздық.
22. Гидрадениттің локализациясы: 1) тізеасты шұңқырында; 2) сүт безінде; 3) қолтық астында; 4) перианалды аймақта; 5) шап аймағында.
23. Фурункул - жедел іріңді-некрозды қабыну: 1) шаш қалташасының; 2) лимфа безінің; 3) шаш фолликуласы және айналасындағы терасты майының (май бездері айналасындағы тіндердің); 4) бірнеше шаш қалташалары және май бездерінің; 5) тер бездерінің.
24. Жедел парапроктитті операциялық емдеуінде жүргізілетін шаралар: 1) іріңдікті тіліп ашу; 2) іріңді қуысты антисептиктер ерітіндісімен жуу; 3) іріңді қуысты, тік ішекпен байланыстыратын жыланкөздің ішкі тесігін жою; 4) іріңді қуысты дренаждау; 5) іріңді қуысты сылып алып, жараны тігу.
25. Гидрадениттің анықтамасы: 1) тер бездерінің іріңді қабынуы; 2) майлы клетчаткалардың іріңді қабыну; 3) май бездерінің, шаш қалташаларының қабынуы;
26. Операциялық жолмен емделетін гидраденит түрі: 1) гидрадениттің инфильтрациялық кезеңінде; 2) абсцестену кезінде; 3) қайталамалы түрінде.
27. Гидрадениттің консервативті емінде, іріңдіктің айналасындағы теріні залалсыдандыру үшін қолданады: 1) бор спиртінің 2% ерітіндісі; 2) камфора спиртінің 10% ерітіндісі; 3) этил спирті; 4) 0,02% хлоргексидин ерітіндісі; 5) 1% хлоргексидин ерітіндісі.
28. Гидраденитте дифференциалды диагностиканы келесі аурулармен жүргізеді: 1) фурункулмен; 2) лимфаденитпен; 3) лимфа бездерінің туберкулезімен; 4) лифогранулематозбен; 5) эризипелоидпен.
29. Карбункулды ажырата білу керек: 1) сібір ойық жарасындағы карбункулдан; 2) гидрадениттен; 3) абсцестен; 4) флегмонадан; 5) фурункулдан.
30. Карбункул емделеді: 1) стационарда; 2) емханада.
31. Фурункулдың локализациясы: 1) мойынның артқы бетінде; 2) білектен төмен; 3) алақан сыртында; 4) белде; 5) алақанда.
32. Фурункулдың асқынулары: 1) абсцестің дамуы; 2) тромбофлебит; 3) парапроктит; 4) гидраденит; 5) сепсис.
33. Фурункулдың консервативті емі: 1) қыздыру компрестері; 2) ылғалды таңу салу; 3) қабыну ошағына массаж жасау; 4) құрғақ жылытуды қолдану; 5) ультражоғары жиілікті (УВЧ) электр тогын қолдану.
34. Фурункул локализацияларында sinus cavernosus тромбозы дамуы мүмкін: 1) төменгі ерінде; 2) иекте; 3) мұрын - ерін үшбұрышында; 4) көз маңында.
35. Жедел парапроктитті тіліп ашуда қолданатын жансыздандыру тәсілдері: 1) көктамырішілік наркоз; 2) жергілікті анестезия; 3) жұлын – бел анестезиясы.
36. Тілме ауруы клиникалық ағымының кезеңдері: 1) эритематозды; 2) буллезды; 3) бастапқы кезең; 4) қозу кезеңі; 5) реконвалесценция.
37. Қозу кезеңіндегі тілменің асқынулары: 1) флегмона (целлюлит); 2) терінің некрозы; 3) тромбофлебит; 4) лимфангит, лимфаденит; 5) гидраденит.
38. Тілменің эритематозды-геморрагиялық және эритематозды түрлерінде жергілікті қолданылатын ем: 1) теріге левомиколь майын жұқалап жағу; 2) ылғалды таңуды қолдану; 3) компрестер; 4) ванналар.
39. Тілменің жалпы емі: 1) антибактериалды терапия; 2) дезинтоксикациялық терапия; 3) десенсибилизациялық терапия; 4) лимфовенотоникалық терапия (детралекс, эскузан); 5) рентгенотерапия.
40. Тілме рецидивінің алдын алу: 1) біріншілік қабыну ошағын тыңғылықты емдеу; 2) ұзақ мерзімді әсер ететін антибиотиктерді (бициллин-3, бициллин-5) ремиссия кезінде тағайындау; 3) микозға қарсы терапия (ламизил); 4) аяқты эластикалық бинттермен орау.
41. Тілме рецидивінің алдын алу: 1) цефалоспориндер, линкомицин, клиндамицинді лимфотропты (лимфа тамырлары арқылы) енгізу; 2) қанды ультракүлгін сәулесі, лазермен сәулелендіру; 3) иммунотерапия (иммуноглобулиндермен, пентаглобин); 4) лимфа айналымын реттеу; 5) компрестер қолдану.
42. Тілменің жиі дамитын жері: 1) балтырда; 2) бетте; 3) шатаралығында.
Мастит 1. Ретромаммарлы маститте жасалатын операциялық тілік: 1) омыраудың астынан жарты ай тәріздес (Барденгейер тілігі); 2) радиалды; 3) параареолярлы.
2. Гангренозды маститтің дамуына негізгі себеп: 1) іріңдіктің ретромаммарлы кеңістікке таралуы; 2) лактостаз; 3) сүт безі тамырларының тромбозы.
3. Лактостаздың белгілері: 1) сүтте микрофлораның болмауы; 2) дене қызуының қалыпты болуы; 3) сүттің омырауда жиналып қалуы; 4) сүт безінде инфильтрацияның айқын анықталмауы; 5) лейкоцитоз.
4. Хирургиялық операцияны қажет ететін маститтің кезеңдері: 1) серозды; 2) инфильтративті; 3) абсцесті; 4) флегмонозды; 5) гангренозды.
5. Субареолярлы абсцесте жасалатын хирургиялық тілік: 1) радиалды; 2) параареолярлы; 3) омырау астынан доғалдап тілу.
6. Сүт безінде іріңдіктердің локализациясы: 1) ретромаммарлы; 2) теріастылы; 3) интрамаммарлы; 4) тері ішілік.
7. Интрамаммарлы абсцесте жасалатын тілік: 1) радиалды; 2) параареолярлы; 3) омыраудың астынан доғалдап тілу.
8. Сүт безінде, ортасы жұмсарған (флюктуация) айқын инфильтрат. Маститтің кезеңін атаңыз: 1) серозды; 2) инфильтративті; 3) іріңді; 4) гангренозды.
9. Сүт безі үлкейген, инфильтраттың шекарасы айқындала қоймаған, маститтің кезеңін көрсетіңіз: 1) серозды; 2) инфильтративті; 3) абсцесті; 4) флегмонозды; 5) гангренозды.
10. Маститтің асқынулары: 1) сепсис; 2) лимфаденит; 3) лимфангит; 4) гидраденит; 5) плеврит.
11. Босанарға дейінгі кезеңде маститтің алдын алу шаралары: 1) созылмалы инфекция ошақтарын санациялау; 2) сүт безіне массаж жасау; 3) омырауды күту ережелеріне үйрету; 4) аналарға нәрестелерді емізу шарттарына үйрету; 5) омырауды дұрыс сауып үйрету.
12. Маститке әкелетін инфекция көздері: 1) госпиталды инфекция; 2) іріңді инфекциясы бар айналасындағы аурулар; 3) ананың омырау ұшы, терісіндегі патогенді микрофлора; Date: 2015-12-12; view: 773; Нарушение авторских прав |