Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 133. Ренгенограммада 1,2 - бел омыртқаларында туберкулезді үрдіс айқын көрінеді





Спондилиттік кезеңде омыртқа некрозданып, қабыну омыртқа арасындағы шеміршекке, айналасындағы тіндерге жайылады. Клиникасында туберкулезді интоксикация белгілерінен басқа, науқас еңкейіп қимылдағанда, зақымдалған омыртқа тұсында қатты ауырсыну пайда болады. Бала ойыншықты жерден көтеру үшін, бірінші отыруға мәжбүр болады. Баланы қарап тексергенде омыртқа бағанының деформациясы, бүкірлігі және арқаның бұлшықеттерінің қатаюы анықталады. Бұл кезеңде ағымды абсцесс, жыланкөз, омыртқалардың орнынан тайып, жұлынның қысылуынан аяқтың жансыздануы (парезі), салдануы (параличі) сияқты асқынулар кездеседі. Рентгендік зерттеуде зақымдалған омыртқаның пішіні трапеция не үшбұрышты болып өзгереді, ағымды абсцестер көрінеді. Спондилиттен кейінгі кезеңде қабыну басылғанымен, ағымды абсцестер, жыланкөз, жұлын қысылу салдары (аяқ, қуық, ішек парезі, параличтері) қалады.

Туберкулезді коксит сүйек-буын туберкулезінің 20%- қамтиды. 3-7 жасар балаларда жиі кездеседі. Туберкулезді интоксикация салдарынан бала әлсіреп, тез шаршайды, жамбас буынындағы ауырсыну тізеге де тарайды. Науқас ауырған аяқты жартылай бүгіп, салмақ түсірмеуге тырысады. Соның салдарынан аяқтың бұлшықеті атрофияға ұшырайды. Александров симптомы пайда болады. Буындағы ірің теріні жарып сыртқа шыққанда, жыланкөз қалыптасады. Рентгенографияда ортан жіліктің басында остеопороз, деструкция, буын саңылауның тарылуы көрінеді.

Туберкулезді гонит сүйек-буын туберкулезінің15-20%- кездеседі. Клиникасы туберкулезді кокситке ұқсас келеді. Айырмашылығы тізе буынының ісігі айқын көрінеді және буын пішіні ұршық тәріздес болып келеді, бетіндегі тері жабындысы ісікпен кернелгендіктен бозарады. Бұл белгіні ақ ісік деп атайды (tumor alba).

Аяқ-қол саусақтары фалангаларының туберкулезі жас өспірім балаларда кездеседі. Саусақ ісінеді, ауырады, терісі қызарады (134-сурет). Рентген зерттеуде остепороз және фаланга сүйектерінің периосталды қабаты қалыңдайды.







Date: 2015-12-12; view: 656; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию