Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 119. Сіреспе, опистотонус





 

Қатты сіресу кезінде бұлшықеттер, байламдар жыртылып, сүйектердің сынуы мүмкін. Егер де тыныс алу актісіне қатысатын бұлшықеттер, диафрагма сірессе, өкпенің қан айналымы бұзылып пневмония дамуы немесе науқас асфиксиядан өліп кетуі мүмкін. Осы жағдайлардың бәрінде науқастың есі анық , бәрін сезіп, біліп қатты қиналады. Дене қызуы жоғарылап, кейде 42ºС дейін көтеріліп, науқас қатты терлейді. Тамыр соғысы минутына 120- дейін жиілейді, жүрек тондары анық естіледі. Сіреспе ауруының өте ауыр түрі науқасты 1-2 күнде, ауыр түрі 4-5 күнде өлімге әкелуі мүмкін, ал орташа және жеңіл түрлерінде науқас 20-30 күнде сауығады. Сіреспе ауруының қайталануы мүмкін. Науқастардың 25 – 30%-сіреспе асфиксия, пневмония және сіңір, байламдардың жыртылуы, сүйек сынуымен асқынады.

Диагноз қоюда келесі симптомдарға көңіл аударған жөн: 1. жараның тартып, тырысып ауырсынуы; 2. дене қызуы көтерілмесе де науқастың қатты терлеуі; 3. арқасының ауырсынуы; 4. жақ бұлшықетінің рефлексінің жоғарылауы (Лорин-Эпштейн симптомы). Бұл сиптомды тексеру үшін ауызын жартылай ашық ұстаған науқастың жақ бұлшықетін саусақпен немесе рефлексті тексеретін балғамен ақырын соққанда, науқастың ауызы жабылады. Қалыпты рефлекс теріс болады.

Сіреспенің емі. Сіреспемен ауырған науқасты жеке, қараңғы, тыныш палатаға орналастырып, тәжірибелі дәрігерлер, мейірбикелер үнемі бақылап емдейді. Сіреспенің токсиндері қан айналымында 2 – 3 тәулік болады, одан кейін нерв жасушаларына еніп бұлшықеттерді тырыстырып сіреспе ауруын тудырады. Сіреспеге қарсы қолданылатын сарысу, жүйке жүйесімен әлі реакцияға түспеген (бос) тетаноспазминнің уытын қайтара алады, ал жүйке жүйесімен байланыстағы токсиндерге антитоксикалық әсері жоқ. Сондықтан қандағы токсиндерді жою үшін сіреспеге қарсы сарысуды неғұрлым ерте қолданған жөн. Сіреспе ауруына тек қана симптоматикалық ем жүргізіледі: наркоз беріп жараны кеңінен тіліп өліеттен, бөгде заттардан мұқият тазарту, сіреспеге қарсы сарысу және магнезий сульфаты ерітінділерін енгізу. Диагноз анықталысымен дереу 2-3 тәулік ішінде Безредко тәсілімен сіреспеге қарсы сарысудың тиісті емдік дозасын қолданады. Үлкен адамдардың тәуліктік дозасы 100000 – 150000 ХБ (халык аралық бірлік), нәрестелерге 10000 – 20000 ХБ, ересек балаларға 20000 – 80000 ХБ. Сарысуды қолданар алдында оны дене температурасына дейін (36-37º.) жылытып 2-3 күн қатарынан инъекциялайды. Тәуліктік дозаның жартысын бұлшықетке, қалғанын 1-10 қатынаста изотониялық натрий хлор ерітіндісімен араластырып, венаға тамшылатып енгізеді. Сіреспеге қарсы гаммаглобулинді бұлшықетке 10000 ХБ бастап, ары қарай тәулігіне 5000 ХБ салынады. Сіреспе сарысуының курстық дозасы 200000 -350000 ХБ, гаммаглобулиннің мөлшері 20000 – 50000 ХБ. Бұлшықеттердің тырысуы жергілікті болса транквилизаторлар мен барбитураттар қолданады: көктамырға 10-15 мг. тәулігіне 150 – 300мг. диазепам, қосымша бұлшықетке 100-200мг. 3-6 сағат сайын натрий тиопенталы немесе гексенал (тәулігіне 1 -2 гр.). Анальгетик ретінде промедол жасалады. Сіреспенің ауыр түрлерінде бұлшықет релаксанттарын барбитураттар немесе диазепаммен бірге қолданып, науқасты трахеостома арқылы жасанды тыныс алдыру аппаратына 7 – 10 тәулікке қосады. Өте ауыр жағдайларда жасанды өкпе вентиляциясы 30 тәулік, одан да ұзақ мерзім жүргізіледі. Трансфузионды дезинтоксикациялық терапия жүргізуде қан алмастырушы сұйықтықтардың дезинтоксикациялық әсері бар препараттармен қоса, электролиттер және глюкоза ерітінділерін қолданады. Науқаста ацидоз орын алса натрий гидрокарбонаты, трисамин ерітінділері құйылады. Жараның іріңдеуі, іріңді трахеобронхит, пневмония сияқты сіреспенің асқынуларын емдеу және алдын алу үшін антибиотикотерпия жүргізіледі. Науқастардың жүрек жұмысын, тыныс алуын жақсартуда сульфокафокаин, кордиамин, коргликон, цититон, оксигенотерапия тағайындалады. Науқастарды энтералды және параэнтералды жолмен жоғары калориялы тағамдармен қоректендіру қажет.





Сіреспе ауруының алдын алужараны мұқият зерттеуден басталады: жараның жіптерін шешіп, толық ашып, ішін 3% сутегі асқынтотығы және фурациллин ерітінділерімен жуады, өліеттерден, іріңдіктерден мұқият тазартып дренаждалады. Аурудың арнайы алдын алу шаралары жоспарлы және жедел түрде жүргізіледі: жоспарлы түрінде сіреспенің адсорбцияланған анатоксині әскер қатарындағылар, механизаторлар, құрылысшыларға қолданады: 0,5 мл. анатоксинді енгізіп, ревакцинация (0,5мл. анатоксин) бір ай және 1 жылдан кейін жасалады. 12 жасқа дейінгі балаларға комплексті КДС (коклюш - көкжөтел, дифтерия, сіреспе) вакцинасымен иммунизация жүргізіледі. Жедел түрінде бұрын екпе өткендерге 0,5 мл. анатоксин жасалса, екпе алмағандарға 1мл. анатоксин және 3000 ХБ сіреспеге қарсы сарысу немесе 450 – 600 ХБ сіреспеге қарсы гамма-глобулин инъекцияланып, 1 айдан соң 0,5 мл., 1 жылдан кейін тағы да 0,5мл. анатоксин енгізіп ревакцинация жүргізіледі.

 

Түйнек (күйдіргі, сібір ойық жарасы)

Адамға ауру мал, аңдардың еті, терісі, жүнінен жұғатын өте қауіпті жұқпалы инфекция. Қоздырғышы сыртқы орта жағдайына өте төзімді, спора түзетін бацилла (Bacillus anthracis). Инкубациялық кезең 2 – 7 күнге созылады. Сібір жарасының 3 түрі кездеседі: тері, ішек, өкпе формалары. Жиі кездесетіні карбункулға ұқсас терінің сібір ойық жарасы. Теріде қышитын болар-болмас түйін пайда болады, ортасында геморрагиялық пустула түзіледі. Пустула жарылып қара қотырланады (көмір түсті), айналасында жараны қоршай жаңадан серозды-гемррагиялық көпіршіктер пайда болады, тіндер қатты ісінеді (120-сурет).






Date: 2015-12-12; view: 297; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию