Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ашу орындары. ашу орындары
30(а) – қолға операция жасаудағы тілік орындары: 1 – тоқпан жіліктің диафизіне операция жасаудағы алдыңғы – латералды тілік жасап ену, 2 – білектің алдыңғы бетінде, фасция ішіндегі флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 3 – қолдың шынтақтан төмен алақан бетінің бұлшықет аралық және сүйек аралық іріңдіктерді тіліп ашу проекциясы, 4 – Пирогов кеңістігінің флегмонасын тіліп ашу проекциялары, 5 - қолдың шынтақтан төмен алақан бетінің бұлшықет аралық және сүйек аралық іріңдіктерді Войно – Ясенецкий тәсілімен тіліп ашу проекциялары, 6 – латералды фасцияішілік флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 7 – медиалды (шынтақтық) флегмонаны ашуға арналған тіліктер, 8 – иық тамырларының проекциясы, 9 – a. radialis проекциясы, 10 – a. ulnaris проекциясы; 30(б) - аяққа операция жасаудағы тілік орындары: 1 – ортан жілікке алдыңғы – латералды ену проекциясы, 2 – санның алдыңғы – медиалды флегмонасын тіліп ашу проекциясы, 3 – санның негізгі тамырлар қынабының проекциясы, 4 - санның алдыңғы бұлшықет аралық флегмонасын тіліп ашу проекциясы, 5 – тізеден төмен, алдыңғы фасция ішілік флегмонаны тіліп ашу проекциясы, 6 – санның негізгі тамырларының проекциясы, 7 – a. tibialis проекциясы. Іш пердесінің сыртында орналасқан флегмоналарға бүйрек майының қабынуы (паранефрит), тоқ ішек сыртында орналасқан майлы клетчаткалардың қабынуы - параколит және мықын сыртының абсцесі, флегмоналары жатады. Бұл іріңдіктер көбінесе екіншілік болып келеді, инфекция лимфогенді жолмен аппендицит, жамбас сүйек, омыртқалардың остеомиелиті, бүйректің іріңді қабынуларында және осы мүшелердің зақымдануларында түседі, аденофлегмона дамиды. Іріңді ошақтар бұлшықеттердің және қан тамырлары бойымен жоғары плевра қуысына, төмен санға дейін, тік ішек айналасына таралуы мүмкін. Клиникалық көріністері бастапқыда айқын болмайды, жалпы қабынудың белгілері орын алады: науқастардың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, қалтырау, бас ауруы мазалайды. Жергілікті қабыну белгілері кеш пайда болады. Диагноз қоюда ауырсыну сезімінің локализациясы, таралуы (иррадиация), дене мүшелерінің қандай қимылдарында ауырсыну қай жерде күшейетіні өте маңызды. Іш пердесінің сыртында ораласқан іріңдіктерде науқастарда белдің оң немесе сол жақтары ауырып, тұрарда, жүргенде күшейеді. Науқас жүргенде алдыға еңкейіп, ауырған жаққа қисаюға мәжбүр болады. Ауырған аяқты бүгу, жазу, ішке, сыртқа бұру қиынға соғады. Бел бұлшықеттерін, бел омыртқаларды, жамбас сүйекті пальпациялау және алақан қырымен белді абайлап перкуссиялау ауырсыну сезімін тудырады. Ауырған жақтағы аяқта санның контрактурасы анықталады. Аяқ- жамбас буынынан бүгіліп, ішіне қарай бұралып, сау аяққа жақындай түсетін мәжбүрлік жағдайда болады. Осы жағдайда ауырсыну біраз бәсеңдейді. Аяқтың мәжбүрлік жағдайы іріңдіктің бел, мықын бұлшықеттеріне қысым келтіріп, олардың рефлекторлы жиырылумен байланысты. Бұл симптомды псоас – симптомы деп атайды. Үлкен көлемді ретроперитонеалды (іш пердесінің сыртындағы) іріңдіктерді іштің алдыңғы қабаты арқылы пальпациялауға болады, қолға инфильтрат анықталады. Іріңді ошақтарды нақтылау үшін ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі. Еміне келсек, кең спектрлі антибиотиктер тағайындалып, дезинтоксикациялық шаралар жүргізіледі. Қабыну ошақтарында іріңді сұйықтық түзілсе, іріңдіктер үстінен, іш пердесінен тыс тілініп, ірің шығарылып, іріңді қуыс антисептиктермен жуылып, дренаждалады. Іріңді қуыстарға оперативті ену тіліктері – люмботомия Пирогов және Шевкуненко тәсілдерімен жасалады, 31(а), 31(б), суреттерде көрсетілгендей:
Date: 2015-12-12; view: 583; Нарушение авторских прав |