Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 18. Жамбас абсцесі. Іріңді эвакуациялау





 

Флегмона – шелмайы және шелмайының кеңістіктерінің шектелмеген, жайылған іріңді қабынуы. 19-суретте бет флегмонасы көрсетілген. Орналасуына байланысты тері асты, бұлшықет аралық, іш астары сыртындағы майлы клетчатканың флегмонасы деп бөлінеді. Арнайы аталатын флегмоналар: іріңді медиастенит, парапроктит, паранефрит, периартрит.

Этиология, патогенезі: стафилококк, стрептококк, протей, ішек таяқшалары майлы клетчаткаларға тікелей ашық жарақаттар арқылы немесе гематогенді жолмен енеді. Қабыну клетчаткалардың серозды инфильтрациясынан басталады, қан айналымы бұзылып іріңді экссудат түзіледі, майлы тіндер өліеттеніп, бір-бірімен қосылып қабыну жайыла береді.

Сурет 19. Бет флегмонасы.

Клиникалық көріністеріне келсек, процесс шұғыл басталып, тез арада іріңді қабынудың жергілікті және жалпы белгілері пайда болады: беткейлі орналасқан флегмона ошағында ауырсыну, ісіну, қызару, жергілікті температураның көтерілуі, тіндердің инфильтрациясы туындайды. Инфильтрат іріңдегенде қабынған тіндер жұмсарып, флюктуация симптомы анықталады. Жалпы симптоматикасы - дене қызуының 40°С дейін көтерілуі, әлсіздік, қалтырау, бастың ауруы, т.б. интоксикация белгілерімен сипатталады. Терең орналасқан флегмоналарды анықтау әрқашанда қиынға соғады, себебі жергілікті қабыну белгілері көзге көрінбейді, ал жалпы интоксикация көріністері көптеген инфекцияларда кездесе береді. Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, сырқаттың даму тарихы, қабынуға қатысты мүшелердің функциясының бұзылу белгілері, физикалды, лабораториялық, ультрадыбысты, рентген, эндоскопиялық, компьютерлі томография сияқты зерттеулер көмектеседі.

Емі: бастапқы серозды инфильтрация сатысында консервативті емнен бастаған жөн – иммобилизация, антибиотиктер, УЖЖ, химотрипсинмен электрофорез, процесті шектеу үшін пенициллинді 0,25% новокаинға қосып, қабыну ошағының айналасына енгізу, витаминдер, гормондар, ферменттер, иммунды, инфузионды дезинтоксикациялық терапия. Іріңді экссудат түзілгенде, іріңдікті кеңінен тіліп, мұқият санациялап, дренаждау. Ары қарай консервативті емді жалғастырады. 20-суреттегі көрініс-бет, бас флегмонасын тіліп ашу, дренаждау.







Date: 2015-12-12; view: 699; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию