Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лекция. Мемлекет және азаматтық қоғам
1. Мемлекет ұғымы, оның мәні. 2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері. 3. Мемлекеттің типтері және функциялары. мақсаты: Мемлекеттің пайда болуы туралы тұжырымдамаларды қарастыру, пайда болуының алғышарттарын, белгілерін, тұрпаттары мен түрлеріне және басқару формаларын айқындау. міндеттері: Студентті оқу материалын өзінше іздеп табуға, оны түсініп пайдалануға, онымен жұмыс істеуге үйрету. 1. Мемлекет саяси жүйенің негізгі институты. Мемлекеттің пайда болуы (шығуы), ролі мен маңызы жөніндегі көзқарастар, тұжырымдар мен теориялық зерттеулер көне заманнан басталып, қазіргі уақытта дамытылып отыр. Ежелден мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі жөнінде негізінен біріне – бірі қарама-қайшы, этатикалық және антиэтатикалық деп бөлінетін екі бағыттың болғаны белгілі. Этатикалық көзқарас мемлекеттің жағымдылығын, оның қоғамдық пайдалылығын мойындаумен ерекшеленеді, ал антиэтатикалық бағыт мемлекетті мойындамайды, оны әлеуметтік және құқықтылық жауыздық, жамандық ретінде қарады. Мемлекеттің мазмұны мен мәнін анықтауға сипаттауға саяси ғылымда әр түрлі тұрғыдан қарау орын алып отыр. Мемлекетке нормалық тұрғыдан келу, оны мінез-құлықтық, әлеуметтк және саяи қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы ретінде түсіндіреді (Г. Келхен). Мемлекетке институционалдық тұрғыдан қарау (француз саясаттанушылары Ж. Бюрдо, М. Дювержье т.б.), оны биліктің іске асырылуы (нақтылы көрінісі) ретінде, күрделі әлеуметтік – саяси табиғаты бар және орталықтандырылған, иерархиялық құрылымдық формада өмір сүретін биліктің институты ретінде түсіндіреді. Мемлекетті әлеуметтік тұрғыда түсіндірушілікте кең тараған. Аристотель мемлекетті әлеуметтік – жіктелген қоғам ретінде түсіндіреді. Ол өзінің барынша орынды талабы бар, орта тапқа сүйенетін идеалдық мемлекет тұжырымын жасады. Сонымен бірге Аристотель мемлекеттің даму, бір формасынан екіншісіне өту заңдылықтарын сипаттады, мемлекеттік төңкерістердің түрліше типтеріне талдау жасады. Мемлекетке әлеуметтік тұрғыдан келу марксизмге де тән. Маркс мемлекеттің, қоғамның басқа сфераларымен әлеуметтік-таптық құрылымымен, экономикалық процестермен ара қатынасының болуын көрсетті. Осындай түсіндірудің күшті жағы тарихи тұрғыдан қарау (историзм), мемлекеттің тарихи контексте қойылуы, оның дамуының бірін-бірі алмастырушы тарихи формалардың тізбегі ретінде қарау. Мемлекеттің табиғаты, ролімен маңызын зерттеумен қатар оның пайда болуы (шығуы) туралы көптеген пікірлер мен тұжырымдар бар. Діни тұжырым бойынша мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Патриархалдық теорияның (негізін қалаушы ХVІІІ ғасырдағы ағылшын ойшылы Роберт Фильмер) болжамы бойынша мемлекет рулардың тайпаға, үлкен жалпылықтарға, одан да ірі тұтастыққа – мемлекетке дейінгі механикалық түрде бірігу процесінде пайда болды деп қарайды. Мемлекет патриархалдық биліктің кеңейтілген формасы деу осыдан шықты. Бұл теория мемлекетті семьядағы әкелік биліктің жалғасы, қамқоршысы ретінде қарайды. Қоғамдық келісім теориясы бойынша мемлекеттің пайда болуын әмірлер, басқарушылар мен олардың қол астындағылардың арасындағы шарттар мен келісімдердің нәтижесі деп қарайды. Бағындыру теориясы мемлекеттің шығуын нашар ұйымдасқандарды және әлсіз топтарды жақсы ұйымдасқандар мен аса күшті топтардың жаулап алуымен түсіндіреді. Яғни мемлекеттік құрылым жеңушілердің жеңілушілерге үстемдік етуінің формасы. Психологиялық теория бойынша мемлекет өзінің түбірін адам даналығынан туындаған идеядан деп түсіндіреді (Ж. Бюрдо.) Мемлекет шығуының әлуметтік – экономикалық тұжырымының ерекше сипаты бар. Мысалы Платон мемлекеттің шығу көзін еңбектің бөлінуімен, қоғамды басқару қызметінің бөлектенуімен түсіндіреді. Бұл идеяның ең дамыған түрін марксизмде кездестіреміз. Ал қазіргі қоғамдық ғылымдарда мемлекеттің пайда болуы туралы белгілі бір тұжырымдар қалыптасып отыр. Мемлекеттің пайда болуының алғы себептерін сипаттайтын факторлар орын алып отыр, оларың ішінде экономикалық, демографиялық, психологиялық, сондай-ақ сыртқы факторлар көрсетілген. 2. Қазіргі түсінік бойынша мемлекет күрделі, көп қызметтілікті, іштей жіктелген біртұтастық. Басқа саяси формалардан ол өзінің құрылымығымен, тіршілік әрекетін реттейтін белгілі бір қолда бар ережелерімен айрықшаланады. Мемлекеттің маңызын сипаттайтын басты белгілерін бөліп қарау тиіс. Оған кіретіндері: - егеменділік немесе тиісті территория тек қана мемлекет ие бола алатын жоғары үкімет - шекарасы белгіленген мемлекеттің территориясы - ашық түрде күш пайдалануға, күштеп мәжбүр ету әскер, полиция, қауапсіздік қызметін, сот және прокуратураны пайдалануға монополиялығы - барлық халыққа міндетті заңдар мен ережелер шығыру ерекше құқығы барлығы; Мемлекеттің орындайтын қызметтері туралы сөз еткенде төмендегілерді бөліп қарауға болады: - Саяси басқару; - Шаруашылықты ұйымдастыру; - Сырт қауіптен қорғау; - Мәдени - идеологиялық; - Ұлттық интеграция; - Құқық тәртібін қамтамасыз ету; - Тәлім-тәрбие және басқалар. 3. Қазіргі заманда әр мемлекет басқалардан әр түрлі айрықша ерекшелік - өзгешеліктерімен көзге түседі. Жалпы алғанда оларды екі түрге - монархия мен республикаға бөлуге болады. Бөлудің басым белгісі болып басқару түрі есептеледі. Бұл критеримен жіктегенде мемлекеттер түрін: біртұтас, федеративті және конфедеративті деп айырып қарауға болады. Мемлекеттердің басқа түрлерге бөлетін белгілері де болады: таптық, идеологиялық саяси құрылысына байланысты және тағы басқалар қолданылатын тәсіліне байланысты әдебиетте құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік, демократиялық, тоталитарлық, автократиялық және с.с кездестіруге болады. Әдебиеттер. 1.Жамбылов Д." Саясаттану негіздері".Алматы.1998ж. 2.Кенжебаев С. " Саясаттану негіздері".Алматы. 1999ж.
Date: 2016-02-19; view: 678; Нарушение авторских прав |