Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция. Саяси ғылымның даму тарихы мен дардың негізгі кезеңдері





1. Жаңа замандағы саяси ой

2. Маркстік саяси ойлар

3. ХХ ғасырдағы саяси ой

мақсаты: Саяси ойдың көне, орта ғасыр, қайта өрлеу дәуірінде дамуымен танысу. Саяси ғылымның теориясының қалыптасуын, негізгі кезеңдеріне қатысты ғалымдардың саяси көзқарастары мен еңбектерін қарастыру және саясаттану ғылымының теориясының қалыптасуына кезең –кезеңіне өкілдерді мысал келтіріп сипаттама беру.

міндеттері: Дерекпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру.

1. XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712— 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікке де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.

Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын ха­лық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

АҚШ – тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т.Джефферсон, Т.Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарастарын А.Гамильтон қорғады. Америка халқының демократия жолындағы күресі Томас Джефферсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат –Америка Құрама Штаттарының “Тәуелсіздік деклорациясын” жазды. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты, және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген. Томас үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады. Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т.б. жеткізді.


Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мелекетті қоғам тудырады деді.Үкіметтің мақсаты –қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты –жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика. Пейн соғысқа қарсы болды. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724—1804). Оның саяси пікірлері “Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары», “Өмірлік бейбітшілікке“ деген еңбектерінде баяндалған. Ол әртүрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым –қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі.

2. XIX ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.

Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын мате­риалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншікке негізделген бур­жуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы тереңдеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды.

Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш — жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат — буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы.


Маркс пен Энгельс тап күресі, социалистіқ революция және пролетариат диктатурасы туралы ілімді жасады. Олар пролета­риаттың өзінің меншікті саяси партиясы — коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.

Маркс пен Энгельстің ізбасары В. И. Ленин (1870—1924) болды. Ол капитализм дамуының империалистік сатысының зандылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және осындай партияның ұйымдастырушысы болды.

Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады.

Ленин әр түрлі елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатындығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.

Жаңа қоғам қүру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.

Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.

3. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ертеректе жинақталған көптеген идеялардың, тұжырымдамалардың, теориялардың саяси білімдер жүйесіне, саяси ғылымға бірігуі жүрді. Бұл үрдіс өзінін бүкіл дамуымен маңызды саяси баскару сатысына өткен және саяси қызметтің барлық жактарын жүйелі, ғылыми пайымдауды және болжамдауды қажетсінген коғамның талабы еді.

XX ғасырдың 20-30 жылдарында бірінші дүниежүзілік соғыстың және революциялардың нәтижесінде пайда болған қоғамды саясаттандырудың жана толкынының ыкпалымен саяси ғылымның белсенділігі артып, дербестікке ие болды. Оның кұкыктану, әлеуметтану, саяси тарихтан іргесі бөлінді. Саясатгану казіргі қоғамның проблемаларына саяси процестерге көніл аудара бастады. Саясаттану теориялары мен тұжырымдамалары пайда болды. Саяси ғылымға Американын ыкпалы күшейді.


XX ғасырдын орта тұсында саясаттану толығымен жеке ғылым ретінде калыптасты. 1949 жылы саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы кұрылды. Ол әртүрлі елдердің саясаттанушыларының арасында жүйелі байланыс орнатты. XX ғасырда саяси ой мен ғылым алуан түрлі көптеген тұжырымдамалармен, доктриналармен және т.б. көзге түсті.

XX ғасырдағы саяси ойдын қалыптасуы мен дамуы ұлы ойшылдар М.Вебер, Г.Моска. В.Паретто. Р.Михельс, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже және т.б. есімдерімен байланысты. Бұл жерде, ең алдымен саяси кұбылыстарды өзінің даму логикасы және соған сәйкес өзіндік тарихы бар ерекше нактылык ретінде карастырған неміс әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Макс Веберді (1864-1920) бөліп көрсеткен жөн. Онын негізгі жұмыстары: ''Протестанттық этика және капитализм рухы" (1904-1905 жж.); "Саясат бейімділік және кәсіп ретінде" (1919 ж.); "Шаруашылык және коғам" (1920ж.).

Вебер ақиқатты теориялык моделдермен — "идеалды типтермен" талдауды ұсынды және қоғамдық құрылысты, әлеуметтік өрекетті, қоғамдық дамуды, билікті, басқаруды (бюрократияны) және демократияны сараптау үшін "идеалды типтер" жүйесін жасады. Ол қоғамдық дамудың маркстік тұжырымдамасын жокка шығармады, бірақ адамдардың саяси жүріс-тұрысын олардың қайта діни этникалық, аумақтық және басқа да мүдделері мен көңіл-күйлері аныкталды деп есептеді. Адамдармен топтардың әлеуметтанулық танымы аркылы қоғамдық проблемаларды зерттеудің веберлік методологиясын көптеген ғалымдар пайдаланды және дамытты.

Марксизм классиктері сиякты Вебер саясатты билікке қатысты коғамдық қатынастардың немесе мемлекетаралық, мемлекет ішіндсгі адамдар топтары арасындағы билікті бөлуге ыкпал ету саласы деп есептеді.

Геосаясат XX ғасырдағы саяси ойдың бағыттарының бірі болды. Ол өзінің өмір сүруі мен кызметі үшін кеңістігін кеңейтуге тырысатын, ерекше организм ретінде мемлекетті сипаттауды географиялық факторлардың ықпалымен түсіндіруге тырысатын саяси доктринаға айналды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында "геосаясат" терминін ғылыми айналымға швед ғалымы Рудольф Челлен (1864-1920) кіргізді. Бұған дейін де мемлекеттердің халыкаралык саясатын географиялык факторлармен дәлелдеуге қадамдар жасалған еді. Германияда геосаясаггы дәлелдеумен я саяси географияның іргетасын калаушылардың бірі Фридрих Ратцель (1844-1904) айналысты. Ол мемлекет кеңістіктің артуын кажетсінетін, ол "өсіп-өнуші халык өзінің санын көбейту үшін жаңа жерлерді қажетсінетіндігін атап көрсеткен еді. Оның пікірінше халық өзінің географиялык жағдайын жаксартуға бейімділігі жоғары. АҚШ-та геосаясатты тарихшы А.Мэхэн (1840-1914) негіздеді. Ол мемлекеттің географиялық жағдайымен оның теңіздік куатының және "халыктық мінез-құлқының" арасында тікелей байланыстың бар екендігін дәлелдеді.

Бұдан кейін де геосаясат идеялары баска да бірқатар авторлардың жұмыстарында жалғасын тапты. Англияда геосаясат идеясын географ Хэлфорд Маккиндер (1861-1947) негіздеді. Оның тұжырымдамасына сәйкес халыктар мен мемлекеттердің тағдырын аныктаушы фактор олардың географиялық жағдайы болын табылады. Герман фашизмінің геосаясат мектебінің басшысы Карл Хаусхофср (І864-І945) геосаясатка тиісті түр беріп, үшінші "рейxтің,' ресми доктринасының бөліміне айналдырды. Осы доктринаға сүйеніп, герман фашизмінің басшылары көрші елдерді кұрту және " герман ұлтына өмірлік кеңістікті" жасау мақсатында басқыншылық жолға түсті.

XX ғасырдың бірінші жартысында қоғамның барлық мүшелері ынтымақтастығын дәріптеген саяси ынтымақтастық (солидаризм) ілімі кеңінен тарады. Ынтымақтастық ілімінің ірге тасын қалаушылардың бірі Француз әлеуметтанушысы және құқық теоретигі Л.Дюги (1859-1928) болды. Ол қоғамда адамдарды біріктіретін байланыстар ынтымактастықтың дәнекері болып табылады деп есептеді. "Ынтымактастық фактісін адамдар мойындады" - деп, есептеді ол қоғамдағы әрбір тап әлеуметтік жік, онын пікірінше, қоғамда ынтымақтастыкты қамтамасыз етуде өзіндік орнын алады және өзіндік рөлін атқарады, олардың ынтымақтастығын дамыту капиталистік ақиқаттың жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік береді. Ынтымаңтастыңты анықтайтын және дамытатын орган.

XX ғасырдың бірінші жартысында халық бұқарасының мемлекетті баскаруға қабілетсіздігі жөніндегі ежелгі аристократиялық идея қайтадан жандандырылды. Бұл идея кез келген әлеуметтік кұрылымның қажетті кұрамдас бөлігі болып табылатын баскару ғылым мен мәдениетті дамыту функциясын іске асыратын жоғарғы жеңілдігі бар жіктен немесе жіктерден және қалғаны халық бұқарасынан тұратындығын негіздейтін элита теориясынан көрініс тапты.

Италия саясаттанушылары В.Парето. Р.Михельс. Г.Моска элита теориясынын аса кернекті авторлары болып табылады.

"Элита" терминін саяси ғылымға Вилфредо Парето (1848-1923) енгізді.

Саясаттануда саясатты талдауда кұрылымдық-функционаллық әдіс ерекше орын алды. Кұрылымдық-функиионализмнің аса ірі өкілі американдық әлеуметтанушы Толкотт Парсонс (1902-1979). Оның негізгі енбектері: "Әлеуметтік әрекет кұрылымы" (1937 ж.); "Әлеуметтік жүйе" (1951 ж.); "Әрекет теориясы және адами өмір сүру"(І978ж.).

Парсонс - әлеуметгануда әрекет теориясын жасаушы және құрылымдық-функционалдық мектепті кұрушы. Оның әлеуметтік әрекет теориясында қоғамдық жүйенің төрт жүйешеден тұратындығы қарастырылады, олардың әркайсысы өз функиияларын аткарады. Солардың бірі саяси жүйеше, билікке арка сүйеуінің негізінде, ортақ мақсатқа жету үшін адамдардың ұжымдық тиімді әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз ету қабілетімен байланыскан Парсонстың идеялары Д.Истон жасаған саяси өмірге жүйелі талдаудың және саяси жүйе теорияларының негізін кұрады.

Дэвид Истон (1917) – канадалык және американдык саясаттанушылардын ішіндегі көрнектілерінің бірі. Онын негізгі еңбектері: "Саяси жүйе" (1953 ж.), "Саяси өмірді жүйелік талдау" (1956 ж.), "Саяси кұрылымды талдау" (1990ж.). Истоннын саяси ғылымға коскан негізгі үлесі саяси жүйенің өмір сүруін зерттеуге, сонымен катар саяси әлеуметтену мәселесін зерделеуге жүйелік талдаудың принциптері мен әдістерін беймдеумен және колданумен байланысты.

Саяси тұжырымдардың қалыптасуы мен дамуына ірі үлес қоскан француз әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Морис Дюверже (1917) болды. Онын негізгі енбектері: "Саяси партиялар" (1951 ж.). "Саясат идеялары. Биліктің коғамда колданылуы" (1966 ж.).

Әдебиеттер:

1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003.

2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003.

3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003.

4.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997

5.Гаджиев К.С. Ведение политическуюнауку. Учебник. Москва. 2000.







Date: 2016-02-19; view: 947; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию