Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лекция. Қоғамның саяси жүйесі
1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы. 2. Саяси жүйелердің құрылымы мен қызметтері. 3. Саяси жүйелердің типологиясы. мақсаты: Қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуына тоқталып, оның негізгі типтерін және тарихи түрлерін сипаттау, талдау, құрылымы мен жіктелуіне ғалымдардың көзқарастарына тоқталып, қазіргі әлемдегі саяси жүйе мен еліміздегі саяси жүйеге талдау жасау. міндеттері: Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру 1. Саяси жүйе саяси процеспен байланысты, ал ол әлеуметтік субъектілердің (индивидтер, топтар, таптар, жалпылықтар) біртұтас қызметінің көрінісі. Біртұтас саяси қызметтің нәтижесінде қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, өзгеруі, қайта құрылуы мен қызметі пайда болады. Саяси жүйе саяси қоғамдық ұйымдардың және институттардың, саяси қарарлар, идеологиялар, нормалар мен органдардың комплексі. Қоғамның саяси жүйесінің басқа қоғамдық жүйелерден сапалық айырмашылығы бар, оған тән негізгі сипаттамалар: оның қоғамдағы жоғарылығы. Қоғамның саяси жүйесінің салыстырмалы дербестілігі бар. Олардың көмегімен қоғамды билеу және басқару іске асырылады. Қоғамның саяси жүйесі өзінің ауқымы жағынан аса кең ұғым. Бұл ұғымға саяси институттардың және ұйымдардың, саяси идеялардың, көзқарастардың, саяси және праволық нормалардың, әдет-ғұрыптардың жүйесі, адамгершілік (мораль), саяси өмірдің этикасы, қоғамдық пікірлермен және басқа арнаулы элементтер жатады. Саяси жүйе теориясы ХХ ғасырдың 50 жылдарында Давид Истон жасады. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады 2. Қоғамның саяси жүйесінің құрамды бөлігіне қоғамның саяси ұйымы жатады. Оған мемлекет, партиялар, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары кіреді. Сонымен бірге қоғамның саяси ұйымы саяси жүйенің фундаментін қалайды. Ол саяси жүйенің құрамды бөлігі, қоғамға, оны басқаруға әсер ететін басты саяси құрал. Саяси жүйенің құрылымы аса күрделі. Оның мынадай негізгі құрылымдық топтық элементтерін бөліп қарауға болады: институционалдық, коммунитивтік, нормативтік, саналық және саяси мәдениеттік, функционалдық. Институционалдық құрылымдық элементке, әрқайсысы өз кезегінде жүйе құратын арнаулы институттар – мемлекет, партия, қоғамдық саяси ұйымдар т.б. кіреді. Әрбір саяси институттың салыстырмалы дербестілігі бар, қоғамның саяси жүйесінің құрамында атқаратын өздерінің мақсаттары мен міндеттері, қызметтері болады. Коммуникативтік - құрылымдық элемент, әр түрлі мүмкін болатын келісіп әрекет жасаудың формаларын қамтиды. Ол саяси жүйенің ішкі, мысалы партиялар мен мемлекеттердің, сондай-ақ саяси экономикалық жүйелерді, сонымен бірге бір елдің басқа елдердің саяси жүйесі арасындағы қатынастарды қамтиды. Нормативтік құрылымдық элементке саяси өмірді реттейтін – хұқықтық (праволық) және адамгершіліктік (моральдық), саяси дәстүрлер және т.б. әртүрлі нормалар кіреді. Олар саяси жүйенің нормативтік негізін құрайды. Саяси жүйенің маңызды құрылымдық элементі болып саяси сана мен саяси мәдениет саналады. Саяси сана нақтылы әлеуметтік және саяси практиканың әсерімен қалыптасады. Функционалдық құрылымдық элемент, саяси қызметтің, іс-әрекеттің формаларында және бағыттарында, түрліше саяси процесстерде, билікті іске асырудың тәсілдері мен әдістерінде (методтарында) көрініс табады. Мұның жалпы қорытындысы «саяси режим» деген ұғымда көрінеді. Саяси жүйе құрылымын әлеуметтік тұрғыдан да талдау мүмкін. Оған тікелей билік дүниесіне (әлеміне) жатпайтын адамдарды біріктіретін саяси әрекеттестік кіреді. Әрбір азамат саяси еңбек бөлудің принциптеріне сәйкес түрліше рөлдерде болады. Олардың ішінде тұрақты мысалы, салық төлеуші және сондай-ақ, ауыспалы саяси ролдегілер сайлаушы, әскери қызметші, саяси ұйымның белсендісі және басқалар бар. Сонымен бірге саяси жүйенің әлеуметтік құрылымдық элементіне билікті атқаруда қатынасушы (басқарушы және басқарушы емес) саяси элиталарда кіреді. Бұл қабаттар (элиталық қабаттар) әдетте бағынушылықпен сатыланады (иерархиалы), салыстырмалы тұрақты құрылымды қамтиды, сондай-ақ өзінің өкілділік негізіндегі қалыптасу құрамы ауыспалы болып келеді. Барлық бұл құрылымдық элементтер бір-бірінен бөлектелінбейді. Олар өзара тығыз байланысты, бір-біріне көмектеседі, әсер етеді, соның арқасында саяси жүйені біріккен, біртұтас механизм етеді. Зерттеушілер саяси жүйені талдағанда оның мына төмендегі атқаратын негізі қызметтерін топтастырады: саяси ортақтандырылу және өзінің саяси құрамын толықтыру; мүдделерді қорғау; мудделерді жинақтау; саяси байланыстылық қызмет; нормалар жасау; ережелерді, нормаларды қолдану; олардың орындалуын бақылау, легитимділік. 3. Қазіргі кезде саяси жүйенің көп өлшемділігі туралы тұжырымдар мен теориялар аса кең түрде қалыптасып отыр. Саяси жүйенің марксистік типологиясы қоғамның формациялық және әлеуметтік - экономикалық типі туралы белгілерден шығады. Осыған сәйкес кұл иленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелер деп бөледі. Формациялық типтегі жүйенің әр қайсысы үстемдік құрушы таптарды құл иеленушілерді, феодалдарды, буржуазияны, пролетариатты көрсетеді. Бұл типологияның айрықша ерекшелігі бөлектелінген типтердің біреуін басқа біреуіне аса катаң түрде қарама-қайшы қоюы. Әлеуметтік негізіне сәйкес типологиялар әскери және азаматтық басқару, ұлттық - демократиялық немесе буржуазиялық - демократиялық жүйе болып та жіктеледі. Әр түрлі белгілердің едәуір санынан шыға отырып саяси жүйелерді жіктеуде марксистік емес авторлар аса көп түрлілігімен айрықшаланады. Саяси режимің сипаты негізінде саяси жүйелерді демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық деп бөлу барынша кең тараған. Саяси жүйелерді дәстүрлік және модернизациялық (жаңартушылық) деп жіктеу де кең тараған. Саясаттанушы Ж. Блонделдің саяси жүйе типологиясын бес категорияға бөлуі кеңінен тарап отыр. Либералдық демократиялық жүйе, саяси қарарларды қабылдауда либерализмге (ымырашылдық, бостандық) сүйенеді. Радикалдық авторитарлық немесе коммунистік жүйелерде либерализмнен гөрі әлеуметтік игілікті бөлудегі теңдікті артық көреді. Дәстүрлік жүйе, олигархия мен консерватизмнің әлеуметтік теңсіздіктің үстемдігін қорғаумен ерекшеленеді. Соғыстан кейінгі дамып келе жатқан елдердегі қалыптасқан популистік (әйгілілік, даңқтылық, мәлімділік) жүйе авторитарлық құралдардың көмегімен игілікті бөлуде үлкен теңдікке жетуге тырысады. Авторитарлық консервативтік жүйеде, теңдік пен саясатқа қатынасуды кеңейтуге қарсы тұратын, қалыптасқан теңсіздікті сақтауға бағытталған белсенді саясатты жүргізеді. Г. Алмондтың ұсынған типологиясында түрліше саяси мәдениетке сүйене отырып саяси жүйені төрт түрге бөледі: ағылшын - американдық, континенттік - европалық индустрияға дейінгі және бірен сарандаған индустриялық, тоталитарлық саяси жүйелер. Тұрақтылыққа немесе ауыспалылыққа бағыталуына байланысты саяси жүйелерді орын алып отырған тәртіпті сақтау мен қолдаушы консервативтік (кертартпалық) және қоғамдық өзгерістерді жүргізуші трансформаторлық (өзгертушілік, ауыстырушылық) деп бөлінеді. Үнемі өзгерістегі құрылымы бар және ортамен кең көлемде өзара байланысты ашық және қатал белгіленген құрылымы бар және ортамен минимум (аса аз көлемде) байланысты жабық саяси жүйелер деп бөлінеді. Сондай-ақ аяқталған және аяқталмаған саяси жүйелерді бөліп қарауға болады. Соңғысы дамып келе жатқан елдерге айрықша тән, бұл елдерде мемлекет бар, бірақ партиялар жоқ, саяси реттеудің құралы ретінде хұқықтар бар, бірақ саяси дәстүрлер жоқ. Биліктің шоғырлануына немесе бөлінуіне байланысты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған (бытыраңқы) саяси жүйелер деп топтастырылады. Саяси жүйелер өздерінің қызмет, іс-әрекетін жасауының деңгейіне, ауқымына қарай микроскоптық, аймақтық, макроскоптық (бүтін бір елде), глобалдық — халықаралық, планетарлық дәрежедегі деп бөлінеді. Типологияның көп түрлілігі саяси дүниенің көп қырлылығын, оны әр түрлі белгілері тұрғысынан талдауға, топтастыруға мүмкін болатындығын дәлелдейді. Бұл тұрғыдан осы немесе басқа елдегі өмір сүріп тұрған әр бір нақтылы саяси жүйені — түрлі көрсеткіштердің көмегімен сипаттауға және түрліше анықтамалар мен бағалар беруге мүмкін болады. Жоғарыдағы белгілер мен типологияларды пайдалану, белгілі бір елдегі нақтылы саяси жүйені талдаудың шеңберін (көлемін) кеңейтіп, зерттейтін құбылыстардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Әдебиеттер: 1.Андреев А.А. Политические системы и политическая организация общества // Социально – политические науки. 1992 №1. 2.Краснов Б.И. Политическая система // Социально – политический журнал.1995 №5. 3.Авторитаризм и демократия // МЭМО. 1992.№1. 4.Агаев С.Л. Гитлеризм, сталинизм, тоталитаризм: реальности и понятия // Полис. 1995. №3 5.Анохин М.Г. Политические системы: Адаптация, динамика, устойчивость. М., 1996. 6. Истон Д. Категории системного анализа политики. Т- 2. Под ред. Алексеевой Т. А. 7. Парсонс Т. Система современных обществ. 1997. 8. Даль Р. О демократии. М.,2000. 9. Токвиль А. Демократия в Америке. М., 1992. Date: 2016-02-19; view: 797; Нарушение авторских прав |