Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лекция. Билік саяси
1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар 2. Биліктің құрылымы, ресурстары мен функциялары 3. Биліктің тармақтары мен түрлері 4. Биліктің легитимділігі мақсаты: Қоғамдағы биліктің мәнін ашу, зерттеу, талқылау, тарихи түрлеріне тоқталу және сипаттама беру. Тақырыпты игеру барысында білімгер «билік», «саяси билік» ұғымын талдап, оның негізгі формаларын, тармақтары туралы айтып, биліктің мәндік белгілерін ажырата білуі қажет. міндеттері: Ғылыми ақпараттарды пайдалана білуге үйрету. Тақырып бойынша ақпараттарды толық меңгеру. 1. Саясаттанудың негізгі мәселелерінің бірі билік ұғымы. Ол саясаттың өзін, саяси институттарды, саяси қозғалыстарды түсінудің кілті. Билік ұғымына келетін болсақ, жалпы адамзат тарихынан белгілі билік әр қашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену обьектісі болған. «Билік» әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әр түрлі мағынада қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның обьективті заңдарымен, социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер - шаруашылық билік туралы, заңгерлер мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар – саяси билік туралы, табиғат зерттеушілері – табиғатқа билік ету туралы, психологтар – адамның өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар – отбасы билігі туралы, діндарлар құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды. Барлық кезеңде билік амбивалентті (екі жақты, екіұшты) қарастырылған: бір жағынан билік – біреудің екінші біреудің үстінен еркін білдіреді. Бұл биліктің жағымсыз тұрғыдан түсіну. Оның екінші жағы билік қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Билік ұғымы саяси – ғылыми әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріледі. Беймаркстік саясаттануда билікке берілген анықтамалар мен тұжырымдамалар: 1. Телеологиялық анықтама (мақсат- «teleos») билікті бір мақсатқа жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. 2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрін айтады. 3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайалану, қолдану мүмкіндігі деп түсіндіру. 4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. 5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанажал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді. 6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін ықпал ретінде қарайды. 7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар жоғарыдағы көзқарастармен келіспей билікті біреулерге немесе бірдеңеге тигізетін ықпал емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді. Бұл анықтамалардың көптігінен біз билік құбылысының күрделілігін және ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ екендігін байқаймыз. Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама берілуі тиіс. Мысалы: «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» билік туралы былай делінген: «Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы туралы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер, бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау». Қорытындылай келе билік деп, біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекетіне, қызметіне тағдырына ықпал етуін айтады. Билік адам пайда болғалы бері бар дүние, адамзат қауымымен бірге пайда болған. Ал саяси биліктің пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен байланыстырылады. Саяси билікті қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдар бар. Олар: 1) экономикалық қор; 2) әлеуметтік әдіс құралдар; 3) күш жұмсау құралдары; 4) ақпарпт құралдары; 5) информациялық қор. 2. Биліктің жалпы белгілерінен басқа оны құрайтын элементтері болады. Олар: а) билікте қатынасқа түсетін серіктердің екеуден кем болмауы, б) билікті іске асырушының жарлығы, в) бағындыруды іске асырудың қолда бар механизмі тетіктері, г) жарлық беруге құқықтар да қалыптастырған, нормалар, ережелер: Биліктің ресурстары – жеке дара адамның немесе топтың басқаларға ықпал ету үшін пайдаланатын барлық мүмкіндіктері. Билікті ресурстары дегеніміз – субьектінің мақсаттарына сәйкес биліктің обьектісіне ықпалды қамтамасыз етуге пайдаланылатын құралдар. Ресурстар обьекті, үшін маңызды не құдылықтар, не адамның ішкі дүниесіне, дәлелдеуіне, әсер ету қабілетті құралдар, не адамды белгілі бір құндылықтардан айыруға көмектесе алатын қару болып табылады, олардың ең жоғарығы құндылығы әдетте өмір деп есептеледі. 3. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі.Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк пен француз ғалымы Ш.Л.Монтеське болды. Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді. Билік мемлекеттік және саяси болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін биліктің түрі жатады. Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. 4. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимділік (латын тілінде заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған, саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болу үшін 2 шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы қажет, 2) мемлекеттік билік конституциясының қағидаларға жүргізілуі керек. Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер легитимділіктің 3 түрін көрсетті:1) Әдет-ғұрыптық легитимділік 2) Харизматикалық легитимділік 3) Ақыл-парасаттық, құқықтық легитимділік. Әдебиеттер: 1.Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Алматы. 2003. 2.Қапесов Н. Саясаттану. Алматы. 2003. 3.Хан И.Г.Саясаттану. Алматы.2003. 4.Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971. 5.Гаджиев К.С. Политическая наука. Москва.1997 6.Гаджиев К.С. Ведение политическуюнауку. Учебник. Москва. 2000. 7.Борисов Л.П. Политология. Москва.1998. 8.Шабров О. Политология управления. Москва. 1997. 9.Конституция РК. Алматы. 1995.
Date: 2016-02-19; view: 777; Нарушение авторских прав |