Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фитопоталогиялық бақылау мен есептеу





Егістік тәжірибелеріндефитопатологиялық бақылау мен есептеу өте қиын. өсімдік ауру қоздырғыштары - өсімдіктің өсуіне, дамуына, оның өніміне әсерін тигізеді және олардың суыққа, қуаңшылыққа төзімділігі төмендейді.

Өсімдіктер ауруларының әр түрлілігіне байланысты олардың зақымдылығын есептеу әдісі де әр түрлі болады. Кейбір қоздырғыштар өсімдікті толық зақымдайды, өсімдіктің тіршілігін немесе бөлек бір мүшелеп жояды. Ауру қоздырғыштың екінші бір түрі өсімдіктерді толығымен немесе көпшілігін әр түрлі дәрежеде зақымдайды. Сондықтан ауру қоздырғыштардың ең алдымен азды-көптігін содан кейін олардың зақымдау дәрежесін тексереді.

1. Қара күйе аураулары - өсімдіктің белгілі бір өсу кезеңінде білінеді – астық тұқымдастар үшін – сүттену кезеңінің аяғы мен балауызданудың басына сәйкес келеді.

Егістің ауруға зақымданғанын анықтау үшін көлемі 200-500ге дейін танапқа диагональды бағытпен жүріп 100 учаскеден 10 немесе 15 сабақтан алып әрқайсысын сұрыптайды, 200-ге дейін – 100ден-1000 сабаққа дейін алып сұрыптайды.

Талдау үшін өсімдік сабақтарының зақымданғаны мен зақымданбағанын айырып ауруға шалдыққан пайызын анықтайды.

Аурудың көп таралуын екі көрсеткіш арқылы есептейді.

1. Өсімдіктің масағы, шашақбасы, собығы – мысалы, бидайдың тозаңды қаракүйесі

2. Зиянданған өсімдіктің алып жатқан алқабы (көлемі, ауданы)

Ауру мен зақымдану дәрежесі екі көрсеткіш арқылы анықтайды.

1. Өсімдік мүшелерінің аурумен шалдығу дәрежесі

2. Өсімдік топырағының үстіңгі қабатының зақымданған үлесі.

Өсімдік сабағындағы тотты есептеу үшін халықаралық шкала арқылы өсімдік сабағының үстін – 5-10-25-40-65-100% татының басу дәрежесі анықталады.

Өсімдіктің тот ауруға шалдығуы. Бақылау мен есептеуді өсімдік татының барлық түрлерінің гүлдеу кезеңінен сүттену кезеңіне дейін жүргізеді. Танап 100 га дейін болса, 20 үлгі алынып әрқайсысында 10 -өсімдік сабақ болуы тиіс.

Бидай мен сұлының топырағы қоңыр тотпен зақымдананын, жоғары және екінші жапырақтарын пистулалармен жапқанын анықтайды. Уредоспоралары сопақтау, қабығы аздап түкті сары-қоңыр түсті болады. Арпа мен қара бидайдың екінші және үшінші жапырағын уредопистула басқанын анықтайды.

Ақ ұнтақ. Астық дақылдары масақтануының бастапқы кезеңінен сүттенге дейін аурудың дамуын есепке алады. Олардың зақымдануын төрт шкала бойынша анықтайды.

1. 0- зақымданған жоқ

2. 1 балл – беткі қабаты – беткі қабаты 10% зақымданған

3. 2 балл – 11-25% дейін зақымданған

4. 3 балл -26-50% дейін зақымданған

5. 4 балл -50% жоғары.

Ақ ұнтақ ауруынан өнімнің кемуін мына формула арқылы анықтайды.

У=К У - өнімнің мөлшері, %

К – коэфицент – бидайға-2, арпаға-2,5

Р – ауруға зақымдалған дәрежесі, %- шкала арқылы анықталған.

 

Тамыр шірімесі – ауруының бар-жоқтығын егіннің көгінен – түптену кезеңдерінде және жиын-терінге тексеру жұмысы жүргізіледі. Күздік дақылдарды көктемде қар кетісімен, ал жаздық дақылдарды егін толық көқктегенде зақымданғанын анықтайды.

Өсімдік ауруы егісті тегіс зақымдамай, ошақ-ошақ болып білінгеде және ойдым-ойдым алқаптардың көлемін анықтау үшін мөлдекті диагональды 4- есептеу алқабын 0,25га-н (50х50), оймақ тәріздес алқаптардың барлығының көлемін қосып, мөлшерін формула арқылы есетейді:

Q Q-ошақтың жойылуы, %

Σ- барлық алқаптардың қосындысы,м2

N- барлық есепке алынған көлемдер, м2

Тамыр шірімесінің екінші бір есептеу жолы және астық дақылдарының бос масақтыны мен ақ сабақтыны сүттену кезінде жүргізіледі. Ол үшін 100гр танаптан әрқайсысында он өсімдіктен он үлгі алады – оның үдемелі қарқындылығын шкала балдары арқылы анықталады.

  1. 0- сау өсімдіктер
  2. 1 балл – сабағының немесе буынаралығы жиегінің қоңырлануы
  3. 2 балл – негізгі және топырақ қабатындағы буынаралығының қоңырлығының қоюлануы
  4. 3 балл – қоңырлығы өте қою және ақ ақ сабақтылығы
  5. 4 балл – жойылған немесе өсімдіктіктері бос масақты.

Аурулардың даму дәрежесіне байланысты алынған мәліметтер бойынша өсімдіктің зақымдалған саны - %-пен және зақымдау дәрежесі балл арқылы мына формуламен есептеледі:

R= R –аурудың дамуы, %

Σ(А+в) – көбейткіштердің қорытындысы(а) – ауру өсімдіктер саны

в- зақымдануы – балл арқылы

N- есептегі өсімдіктің жалпы саны (ауруы-сауы)

К – есептеу шкаласының ең жоғарғы баллы

Тамыр шірімесінің зақымдану дәрежесін өнімнің ауру өсімдіктерінің сау өсімдікпен салыстырғанда кемуі арқылы анықталады.

B= В- зақымдалнуы(кемуі), %

а- ауру өсімдіктің өнімі,кг

А-сау өсімдіктердің өнімі, кг

 

Физиологиялық байқау. Өсімдіктің жекелей өсу дәуірі, дамуы оның өзіне тән ерекше болып өтеді. Дамуында өсімдіктің өсуі мен пішіні өзгеріп отырады. Даму процесі – бірінен соң бірі келіп отыратын, бір-бірінен жақсы ажыратылатын, көзге байқалатын бірқатар кезеңдер мен сатылардан тұрады. Мұндай кезеңдерге тұқымныңөнуі- бүршік жару, вегетативтік – репродуктивтік олргандардың өсуі, гүлдеу және жеміс байлау сияқты кезеңдер жатады.

Астық тұқымдастарда мынадай кезеңдер кездеседі: Тұқымның өнуі, жапырақ шығарылуы, негізгі және жанама өркендердің түзілуі (түптенуі) сабақ шығару, масақтану, гүлдеу, ұрықтану және тұқымның пісуі. Тұқымның пісуі үш түрге бөлінеді: -тұқымның сүттеніп- балауызданып – толық пісіп- жетілуі.

Жеміс ағашының тіршілік реті мынадай – Тұқым кезеңі – жеміс салуының алғашқы төрт немесе бес жылын қамтиды, жетілу кезеңі – мұнда жеміс салу аяқталады – вегетативтік органдар тіршілігін тоқтатып, ағаш біртіндеп қурайды.

Фенологиялық бақылау көрсеткіштері: - өсу динамикасы, жапырақ көлемі т.б. Дақылдардың өнімі кезең артуы немесе кемуі себептерін фенологиялық бақылау арқылы анықтайды. Мысалы, өсімдіктің биіктігін, егіннің қалыңдығын, түптену қуатын, өнімнің құрамын, тамырлардың массасын өлшеу, таразыға тарту арқылы анықтайды.

Өсімдіктерді бақылау - өсімдіктердің жиілігі. Вегетативтік даму кезеңдеріндегі өсімдіктердің жиілігін (1м2жердегі өсімдік алып) есепке алу үшін екі рет бақылау жүргізеді.

-біріншісі егін көктегенде

- екіншісі егін жинардың алдында

Ол үшін әр мөлдекке төрт жерден егіннің екі аралас қатарын қазық арқылы белгілейді. Сол төртеуінің қосындысы 1 шаршы метрге тең болады.

Үлгілер алқабын мөлдекте қиғаш бағытта немесе ұзына бойы сол егін қатарларына орналастырады. Әртүрлі аралық ендері үшін көлемнің ұзындығын теңдеу арқылы анықтайды.

D=2500/(2хШ)

D- белгісіз есепті көлемнің ұзындығы, см

Ш – қатар аралығының ені, см

Мысалы, қатар аралығының ені 15см болса,

D=2500(2х15) =83,3см

Барлық қайталаулардың орташа есебі арқылы варианттағы өсімдіктердің біркелкі орналасуы туралы мәлімет алынады.

Өсімдіктің жиілігі мен себу мөлшері белгілі болса, тұқымның даралық шығымы формула арқылы анықталады.

A= А-тұқымның далалық шығымы,%

В – нақтылы өсімдіктің жиілігі

С – себу мөлшері, 1 гектардағы дәннің саны, млн дана

Астық тұқымдастардың жиілігін есептеумен қатар оның жалпы өнімділігін анықтайды. Әр варианттан 100 өсімдіктен қазып алып, нақты жалпы сабақтары мен өсімдік сабақтарын есептейді.

Егін жинардың алдындағы өсімдіктердің санын % арқылы мына теңдеумен анықтайды.

Б= Б- егінді жинап алғанға дейінгі сақталған өсімдіктер

В – егін толық көктеген кезеңдегі өсімдіктердің саны, 1м2/дана

С – егінді жинардағы өсімдіктер саны, 1м2/дана

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1867; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию