Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сімдіктің тамыр жүйесінің дамуын анықтау





Негізінен топырақ монолиті арқылы жүргізіледі. Топырақ үлгіні түбі жоқ жәшік – шаблон арқылы алады. Темір жәшіктің төменгі жүйектері өткір болып келеді. Оны топырақтан шығарып алуға екі жағынан тұтқа орнатылады. Жәшікті топырақ қабатына енгізеді. Ол үшін алдын ала егіннің сабағын алдын ала орылатын биіктікте шауып алады. Жәшік-қалыптың қабырғасы әрбір 0-10см сайын белгіленеді. Астыңғы жағын күрекпен босатады. Тамырларды айыруға d=0,15-тен 1мм тесігі бар темір елеуіштен өткізеді. Тамырларын бір бөлек, қалдықтарын бір бөлек өлшеу жұмыстарын лабораторияда өткізеді.

Н.З.Станковтың ашпалы рамалы әдісін қолдану. Дақылдардың аралық қатарларына ашпалы рамалы белгіні шамамен орналастырып, төрт бұрышын темір қазықпен жерге бекітеді. Топырақ қабатын бөлек шағын өткір күрекпен алады.

Өнім құрамын анықтау ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын мемлекеттік сынау мекемелерінің методикасымен жүргізіледі. Оның көрсеткіші сорттың өсіп-даму ерекшелігі немесе бөлек агротехникалық тәсілдер өсімдік ққрылымына әсерін (сабақтардың саны, масақтардың саны т.б.) бағалауға мүмкіндік береді.

Мысалы, сатық дақылдарын 40 немесе 100 өсімдік нұсқаларын 3 немесе 4 еселі қайталаулардың әрқайсысы 10-нан немесе 25-тен бөліп іріктеп алады.

Мәліметтерді статистикалық мәліметпен өңдейді, орташа қателікті, ауытқу квадратын және вариациялық қатарларын табады.

Топырақ пен егістердің арамшөптермен ластануы. Ауыл шаруашылық дақылдарының қалайша, қашама ластанатындығын және оған қарсы күресу шараларын дайындау, әр түрлі агротехникалық тәсілдердің тиімділігін бағалауды тек қана егістік тәжірибесі арқылы орындай алады.

Егісті тексергенде арамшөптердің түрін және орналасу санын көзбен шамалап, саны мен массасын таразыға тарту әдістері арқылы анықтайды.

Егісті арамшөптермен ластау дәрежесіне сипаттама беру үшін А.Мальцев ұсынған көзбен шолу арқылы есептейтін 4 балды шкаласы.

1 балл – арамшөптері бірен-саран.

2 балл - арамшөп егістің 4/1- ластағанда – орташа ластану.

3 балл - арамшөп пен мәдени өсімдіктің саны бірдей болған – күшті ластану.

4 балл - арамшөптің саны мәдени өсімдіктің санынан асуы - өте күшті ластанған.

Энтомологиялық бақылаулар. Ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерінің тұрақтылығы ауа райы мен сорттарға немесе өсіру технологиясына ғана байланысты емес, соныме қатар егінде әр түрлі аурулар мен зиянкестердің саны мен дамуына байланысты болады. өсімдіктер аурулары мен зиянкестерін еесепке алу әдістері арқылы сенімді мәліметтер алып, оларға қарсы күресу шараларын жоспарлайды.

Энтомологиялық бақылаулар мен есептеулер барысында топырақ қабатындағы зиянкестер (сымқұрттар), өсімдіктің сабағы мен зиянкестері (шегірткелер) гүлі мен жемісін зияндайтындар, өсімдік шырынын соратын – астық тұқымдас битері, жоңышқа, мақта битері- анықталады.

Энтомологиялық есептеулерде нақты мерзімін анықтайтын календарды дайындау өте тиімді болады.

Сымқұрт – ересек зиянкестер мен личинкаларын есепке алу үшін - еліктіруге танапқа көк шөпті әр жерге жайып, сол шөптің астында жиналғандарды санайды. Личинкалардың санын – көктемде және күзде топырақты қазу арқылы тексереді.

Ол үшін мөлдекте көлемі 50х50см² (0,25м²), тереңдігі 30-45см шұқанақтар қазып, топырақты төсемшеге жаяды да, личинкаларды санайды. Танапты 100га-ға дейін ауданынан 8 үлгі шахмат жолымен алады да, 1шаршы метрге қанша келетінін есептейді.

Қоңыр көбелек – бұл кеміргіш көбелек – оны есепке алу жұмысы жазғы мерзімдерде жүргізіледі. Күзге қарай күздік егілген дақылдармен отамалы, көкөніс дақылдары жиналған танаптардың топырақ қабатында қыстайтын жұлдызқұрттардың санын тексереді. Топырақ үлгілері 0,25 шаршы метрдей, тер тереңдігі 15-20см шұқанақтар қазылады.

Картоп, отамалы және овощ танаптарында көлемі 70х70см астауға ұқсас топырақтан 50 немесе 75см жиектерін биіктетіп- көбелектерді таңертеңмен есептейді, астауға түскен көбелек санын есепке алады.

Күзде көбелек санын есептегенде, олардың егіске келтірген зиянын егін көгін сиретуін анықтайды, ол үшін 10 үлгіден өсімдіктің жалпы санын және қаншасы зиянданғанын есептейді.

Бұршақ биті – бұршақ дақылдары гүлдеген кезде бес тәулікте бір рет тексеру есебін жүргізеді. Биттердің бары-жоғын танаптың 10-өсімдігін қарап анықтайды. Жазда дәндері пісе бастағанда жүргізеді. Егістің әр жерінен 100 бұршақ өсімдігін алып, дәндердің жалпы санын және зақымдалғанын анықтайды.

Қызылшаның сұр бізтұмсықтары – Көктемде- қызылша себу кезінде оның көктегенінде – оны сирету кезінде – тамыржемісі өскенде – жиын-терінге дейін әр фазада бақылау мен есепке алу жұмыстарын жүргізеді.

Бізтұмсық қоңыздардың пайда болу мерзімін бұрынғы қызылша себілген танаптан 8-10 топырақ үлгісін 0,25см2 –тереңдігі 40см – қоңыздың азды-көптігін тексереді.

Жаңадан егілген қызылша танабындағы – қоңыздардың санын анықтау үшін егін көктегенімен – бұрынғы қызылша танабының айналасына ор қазады. Тәулік сайын одан кейін бес тәулікте бір рет орға түскен қоңыздарды есептейді.

Келтірілген зиянды анықтау үшін – 10м егіс қатарынан өсімдіктің зақымданғанын 5-тәулікте бір рет есепке алады.

Жиын теріннің алдында әрбір 10м сайын 10 үлгілерді есептеп өсімдіктер саны бойынша жойылған өсімдіктерді анықтайды. Ол зақымдалған коэфиценттері арқылы анықтайды.

К-зияндылық коэфиценті

а- сау өсімдіктің өнімділігі

в- зақымданған өсімдіктің өнімділігі

Егісте зақымданған өсімдіктердің көптігі едәуір санға жеткенде және зақымдылық коэфиценті белгілі болғанда өнімін жалпы зиянкестерден кеміген үлесін формула арқылы анықтайды.

Р-зақымданған өсімдік саны, %

С-өнімнің жалпы кемігіштігі,

К- зақымдылық коэфиценті

Date: 2016-02-19; view: 1036; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию