Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Телевидение. Телевидение (теле және латынша video-көремін)-зерзаттың кескіні мен дыбысын радио немесе өткізгіш сымдармен таралатын электрлік





Телевидение (теле және латынша video-көремін)-зерзаттың кескіні мен дыбысын радио немесе өткізгіш сымдармен таралатын электрлік сигналдар арқылы алысқа тарату әрі оларды қабылдау негізінде сол объектінің кескінін көрсету және дыбысын естірту мәселесімен айналысатын радиотехника саласы. Телевидение қоғам өмірінде көрермендерді саяси, эстетикалық тәрбиелеу және жан-жақты білім беру тұрғысынан аса зор рөл атқарды. Телевидение медицинада, өндірісті автоматтандыруда, ғарышты игеруде және тағы басқа көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Телевидениенің қалыптасуына көптеген елдердің аса дарынды оқымыстылары өз заманында үлкен үлес қосқаны белгілі. Мысалы, 1880 жылы орыс ғалымы П.И. Бахметьев кескінді тізбектей беру туралы Фототелеграф жобасын ұсынса, ММУ профессоры А.Г. Столетов сыртқы фотоәсер құбылысының негізгі заңдылықтарын зерттеді. Петербург технология институтының оқытушысы Г.Л. Розинг кескінді алу үшін электрондық-сәулелі түтікті пайдаланатын «Катодтық телескопия» жобасын жасады. Португалия оқымыстысы Де-Пайваның жобасы бойынша кескін элементтерін кезекпен беру арқылы және қабылдау құрылғалары байланыстың бір арнасына біріктірілді. Поляк ғалымы Н.Нипков механикалық телевидениенің бастамасы болып табылатын механикалық жаймалауды ұсынды. Ағылшын инженері Кемпбелл Суинтен телевидениенің электрондық жүйесін пайдалануды ұсынды. Осы айтылған жұмыстар телевидениенің даму негізі болып табылады.

 

Сөздік

Көрермен-зритель

Өндіріс-производство

Құбылыс-явление

Заңдылық-закономерность



Түтік-труба

Ұсыну-предложить

Саяси-политический

Жоба-проект

 

Тапсырма 1.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

 

Тапсырма 2.Сөздерді сөз құрамы бойынша талдаңыздар

Дыбысын, мәселесімен, өндірісті, оқымыстылары, бастамасы, сәулелі, заңдылықтарын, қолданылады, арнасына, электрондық жүйесін.

 

Тапсырма 3. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз

Телевидение, эстетикалық тәрбиелеу, үлес қосу, қабылдау құрылғылары, электрондық жүйе.

 

Тапсырма №4.Тест жұмысы.

1.«Электрондық» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Құбылыс» сөзінің аудармасы:

а) система

ә) явление

б) световой

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) радиорелейлік

ә) антеннаны

б) негізгі

4.«Өндірісті автоматтандыру» тіркесінің аудармасы:

а) автоматизировать систему

ә) автоматизировать производство

б) автоматизировать технику

 

 






Date: 2016-02-19; view: 358; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию