Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Радиобайланыс негізін қалаған ғалым





Попов Александр Степанович-орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған ғалым. Ол 1859 жылы Уралдағы Туррьинские рудники ауылында дүниеге келген. 1882 жылы Петербург университетін үздік бітірген соң, А.С. Поповты электрик мамандарын дайындайтын Кронштадтағы офицер класына шақырады. Ол жерде сол кезге бай кітапханасы және жақсы жабдықталған физикалық зертханасы бар екендігін біліп, А.С. Попов басқа шақырулардан бас тартып, осы қалаға келеді. Осы кезде оқытушылық қызметпен бірге А.С. Попов электротехника саласында үлкен ғылыми жұмыс жүргізеді. Ол 1895 жылдың 7 мамырында Орыс физика және химия қоғамының отырысында алғаш рет 250 метрлік қашықтыққа радиограмма жібереді. 1990 жылы А.С.Попов Париж қаласында өткен ІҮ Дүниежүзілік электротехниктер конгресінде осы еңбегі үшін Алтын белгі және Құрмет дипломымен марапатталады. 1945 жылдан бастап 7 мамыр-Радио күні деп аталады. А.С.Попов неміс физигі Г.Герц жасаған электромагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдаланғаны туралы еңбектер жазады және француз физигі Э.Бранли ұсынған радиоконтурды жетілдіреді. Бұл құрылғы-екі электроды бар шыныдан жасалған түтік. Оның ішінде ұсақ металл үгінділері бар. Бұл құрылғының қызметі электр разрядтарының металл үгінділеріне тигізетін әсеріне негізделген. Қалыпты жағдайда көгерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-бірінетиісуі нашар. Келген электромагниттік толқын көгерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Сымсыз байланысты жүзеге асыруда А.С. Попов сигналды қабылдағаннан кейін көгерерді сілкіп қалып тұратын қоңырауды пайдаланды. Құрылғының сезгіштігін арттыру мақсатында, А.С. Попов көгерердің бір ұшын жерлестіріп, ал екінші ұшын биіктікте орнатылған сымға жалғап, тұңғыш рет қабылдаушыантеннаны қолданады. Радио-латынша сәуле таратамын, шығарамын деген сөз арнаулы станциялардан электромагнит толқындары арқылы алыс қашықтыққа хабар беретін және қабылдайтын сымсыз аппарат.

 

Сөздік

Зертхана-лаборотория

Ұшы-кончик

Сымсыз-беспроводной

Сәуле-луч

Бас тарту-отказываться

Жетілдіру-совершенствовать

Кедергі-препятствие

Отырыс-заседание

Қоғам-общество

Қызметі-деятельность

Жалғау-соединять

Ұсақ-мелкий

 

Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап беріңізде

1.Радио сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2.Радио сөзі қай тілден енген?

3.1990 жылы А.С.Попов қандай құрметке ие болды?

4.Радио арқылы қандай жұмыс іске асырылады?

 

Тапсырма 2.Берілген сөздерге сұрақ қойыңыздар

 

Үздік, дайындайтын, еңбектер, туғызады, екінші, сымсыз, негізін, электромагниттік, жасаған, ғылыми, радиоконтурды, шыныдан, негізделген, толқындары, ауылында.

 

Тапсырма 3.Сөздерге антонимдерді табыңыздар

Ұсақ, биік, алыс, жоғары, нашар,қатты, күшті, қашық, сауатты, негізгі.

 

Тапсырма №4. Тест жұмысы.

1.«Бас тарту» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Сәуле» сөзінің аудармасы:

а) кончик

ә) лабаротория

б) луч

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) жиілігі

ә) электромагниттік

б) сымсыз

4.«Электромагнит толқындары» тіркесінің аудармасы:

а) электромагнитные волны

ә) электромагнитный прибор

б) электрический ток

 

Date: 2016-02-19; view: 844; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию