Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теледидар мұнаралары





Теледидар мұнарасы басына теледидарлық хабар тарату антенналары, радиорелейлік байланыс антенналары, гидрометеорологиялық құралдар, кейде қабаттарына түрлі қызметтер орналасатын, металдан жасалған биік мұнаралар. Теледидар мұнараларының негізгі қызметі-радиохабар тарату. Мұнараларды биік етіп жасау-техникалық қажетті жағдай, өйткені мұнара биік болса, теледидар хабары қолданылатын қашықтық ұлғаяды. Бұл шарттыескерген инженер-құрастырушылар көптеген мұнара жобаларын жасады. Әлемдегі ең биік теледидар мұнарасы-Торонто Канада қаласындағы мұнара. Оның биіктігі-550 метр. Мюнхендегі мұнара биіктігі-265 метр, ал радио дүниеге келмеген кезде тек әсемдік үшін салынған Париждегі Эйфель мұрасының биіктігі 300 метр. Бұл мұнара қазір радио мен телевидениеде теңдесі жоқ орын алып отыр. Телевидениенің дамуымен бірге мұнара биіктігі де арта түсуде. Осылайша Санкт-Петербургте-330 метрлік, Берлинде 360 метрлік мұнаралар салынды. 1967 жылы Мәскеу қаласының Останкино ауданында салынған теледидар мұнарасының биіктігі-533 метр. Оның бірінші қабатында кинозал, 15 қабатында метеостанция, асханалар орналасқан. 147 метр биіктікте қала көрінісін тамашалайтын 200 адам сиятын алаң бар. Мұнараның салмағы-32 мың тонна, диаметрі-74 метр. Мұнараның жобасын жасаушы-орыс инженері Николай Васильевич Никитин. Оған осы еңбегі үшін техника ғылымдарының докторы атағы және Лениндік сыйлық берілді.

 

Сөздік

Мұнара-башня

Қызмет-деятельность, функци

Көрініс-вид

Даму-развитие

Атақ-звание

Негізгі-основной

Жоба-проект

 

Тапсырма 2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар

 

Тапсырма 3.Орыс тіліне аударыңыздар

Теледидар мұнараларының негізгі қызметі-

Әлемдегі ең биік теледидар мұнарасы-

Қала көрінісін тамашалау-

 

Тапсырма 4. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар

 

Тапсырма №5. Тест жұмысы.

1.«Мұнараны» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Қызмет» сөзінің аудармасы:

а) деятельность

ә) вид

б) средство

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) жобаны

ә) теледидар

б) байланыс

4.«Биік мұнара» тіркесінің аудармасы:

а) большая башня

ә) высокая башня

б) огромная башня

 

5.«Құрал» сөзінің аудармасы:

а) башня

ә) телевидение

б) средство

 

 

Date: 2016-02-19; view: 875; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию