Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лемдік бәсеке





Өнім өндіру мен өткізудің жақсы, экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасында болатын экономикалық бақталастықты бәсеке дейді. Бәсекенің мақсаты: бақталас жақтар өз мүдделерін қанағаттандыру үшін неғұрлым жоғары пайда табу. Ол тауар өндірісінің обьективті заңдылығы болып табылады және өркениетті нарық дамуының барлық сатыларына тән. Бәсекенің пайдасы: кәсіпорындарды және азаматтарды еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс шығынын азайтуға, қолдану мөлшерін ұлғайтуға, ғылыми-техникалық прогресс қарқынын құлшындыратын сыртқы өндіргіш күш ретінде өтеді.

Бәсекенің түрлері:

1. Жетілген бәсеке

2. Монополистік, жетілмеген бәсеке

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы әлемнің ең бәсекеге қабілетті 58 елі салыстырылған. IMD рейтингісі елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін салыстыру саласында ең беделді және танымал болып табылады. Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің жылдық жинағы кешенді зерттеу нәтижесі болып табылады, онда 4 фактор бағаланады: 1-экономикалық әрекет (экономикалық өсу, халықаралық сауда, сыртқы инвестициялар, жұмыспен қамтылу және бағалар), 2-үкіметтің тиімділігі (мемлекеттік қаржы, фискалды саясат, институционалды орта, бизнес туралы заңнама, қоғамдық құрылыс), 3-бизнестің тиімділігі (өнімділік пен тиімділік, еңбек нарығы, қаржы, менеджмент тәжірибесі, қатынастар мен құндылықтар), 4-инфрақұрылым (базалық инфрақұрылым, технологиялық инфрақұрылым, ғылыми инфрақұрылым, денсаулық сақтау және қоршаған орта, білім беру).

2-тапсырма. Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті ме? Сұхбат құрып,өз пікіріңізді білдіріңіз.

Тірек сөздер: бизнес, кәсіпкер, іскер, фирма, серіктес, бәсеке, өндіру, IMD рейтингісі, үлкен бизнес, шағын бизнес, нарықтық экономика, салық.

 

 

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, қарамен берілген сөздерді орысша аударыңыз.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Елімізде кәсіпкерлікті дамыту жүзеге асырылуда. Біздің елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдарды кәсіпкерлер деп атайды. Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын, серіктестігін, акционерлік қоғамын, тағы басқа шағын бизнес түрлерін құрады. Кәсіпкерлер өз кәсібіне қаржыны өздері табады. Кәсіптік мекеме өзінің Жарғысында көрсетілген және Қазақстан Республикасының Заңдарына қайшы келмейтін жұмыстармен айналысады. Олар мемлекетке салық төлеп отырады. Сондай-ақ халықтың тұрмысына, мәдениетіне, денсаулығына қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларға қатыса алады. Олар: өндіріс, көлік, тамақ, мәдениет тағы басқа кәсіптің түрлерімен айналысуға құқылы. Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени салаларында үлкен бизнестің маңызы да зор. XXI ғасыр Қазақстан жастарының алдында жаңа талап қояды. Нарық экономикасы жастардан білікті маман болуды талап етеді. Сондай-ақ өзіңнің туған халқынның тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін білгенің дұрыс. Қазіргі жастар бірнеше шетел тілін үйренуде. Әрбір жас адам бірнеше мамандықты игеруге ұмтылады. Қазіргі нарық заңы осындай.

 

Сөздік

Мүдде-интерес

Кәсіпкерлік-предпринимательство

Жарғы-устав

Нарық-рынок

Салық-налог

Білікті-квалифицированный

Шара-мера

 

Тапсырма 1.«Ел ертеңі – жастар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

 

Тапсырма 2. Мәтінді оқып шығып, мазмұнын айтыңыз.

 

Тапсырма №3. Тест жұмысы.

1.«Білікті» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Жарық» сөзінің аудармасы:

а) спрос

ә) предложение

б) свет

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) кәсіпкер

ә) кәсіпорын

б) кәсіптік

4.«Еркін бәсеке» тіркесінің аудармасы:

а) свободное хозяйство

ә) свободная конкуренция

б) единство общества

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1806; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию