Classis Archaeocyathi
Губкаларға өте ұқсас. Жылы теңіздерде мекендеген. Қаңқасы бақалша тәріздес. Қаңқасы екі қабырғадан құралады. Өлшемдері бірнеше милиметрден 40 см – ге дейін, диаметрі 25 см – ге дейін.
Зертханалық жұмыс № 2
Құрттар, буынаяқтылар, мүктер тектүрлерін оқып білу және анықтау.
PHYLUM ANNELIDES
Сақиналы құрттар сулы ортада, құрлықта, және әртүрлі белдемдерде көп тараған. Таснұсқа күйінде: серпула мен спирорбис кездеседі. Олардың денелері терілі бұлшықетті қапта орналасқан.

Serpula
Әктасты, цилиндрлі, дұрыс қисаймаған, ұзындығы 10 см, кейде одан да ұзын болуы мүмкін. Түтікшелері кальцит кристалдарымен құралған бекітілген бентос. Қаңқасының пішіні құбырша тәріздес, цилиндрлі, бұрыс иілген. Үйірмелері кқптеп кездеседі. Серпулалардың құбыршаларынан құралған тау жынысы серпулит деп аталады (Соңғы силур – қазіргі уақыт).
Date: 2015-06-05; view: 1118; Нарушение авторских прав Понравилась страница? Лайкни для друзей: |
|
|