Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Археоциаттар





ЖАНУАРЛАР ПАТШАЛЫҒЫ

REGNUM ZOA (ANIMALIA)

Қарапайымдылар

SUBREGNUM PROTOZOA

 

Протозоа дүние тармағы (protos – бiрiншi, zoon – жануар) бiр клеткалы организмдердiң түрлi топтары.Қазiргi уақытта, су бар жердiң барлығында қарапайымдыларды кездестiруге болады. Олардың 50000 астам түрлерi белгiлi. Әр қарапайым организмдi жеке протоплазма деп қарастыруға болады және ол тiршiлiкке тән барлық функцияларды орындай алады. Қарапайымдылар протоплазма құрылымының күрделiгiмен ерекшеленедi

Протозоа дүние тармағының өкiлдерi клеткалық құрылым деңгейiне жатады. Қарапайымдылардыбейнелейтiн, бионт ретiнде, ядросы және цитоплазмалық барлық құрылымдары бар клетка болып табылады. Цитоплазмада кез-келген жануар клеткасына тән әртүрлi органоидтар (эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, лизосомалар, центриольдер және т.б.), сонымен қатар, тек қарапайымдыларға тән органоидтар, мысалы, түрлi жалған аяқтары, кiрпiкшелер мен талшықтар, клеткалық ауыз қуысы, клеткалық жұтқыншақ, ас қорыту және зәр шығару вакуольдерi, трихоцисттер, сезiм аппараттары кездеседi. Өлшемдері 1мкм-ден 5-6см-ге дейін(кейде 10-16см), көбінесе тараған мөлшері 0,-1мм дейін.

Қарапайымдылардың бионты, коректену, тыныс алу, зәр шығару, қозғалу қызметтерi арқылы қоршаған ортамен барлық қарым-қатынастарын iске асырады.Клетка дербес тiршiлiк ететiн жеке организм ретiнде жыныссыз және жынысты жолдарымен көбейедi. Әр түрдiң тiршiлiк циклi бiрнеше даму кезеңдерiнен және ұрпақтардан тұрады.

 

САРКОДАЛЫЛАР ТЕК ТҮРІ

PHYLUM SARCODINA

(сарс,саркос- ет)

Көбінесе теңіздерде мекндейді. Асын ұстау, орын ауыстыру, дем алу үшін олардың арнайы жалған аяқтары бар(псевдоподалар). Аталған тек түр ішінде геологиялық маңызы бар 2 класс ажыратылады:

РАДИОЛЯРИЯЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

CLASSIS RADIOLARIA

Радиоляриялар – планктонда, стеногалинді,жылы су қабатында тiршiлiк етедi. Формалары геометриялық әртүрлi ұсақ теңiз саркодолылар. Түрдiң саны 7-8 мыңға жетедi. Олар тереңдiгi 8000 метрге жететiн су түбiнде де кездеседi. Олар қаңқаның iшкi күрделi құрылысымен ерекшеленедi, ядро маңындағы капсуламен, тармақталған және тармақталмаған өсьтiк жiпшелерiмен аксоподияларменерекшеленедi. Радиоляриялардың көптеген түрлерiнiң цитоплазмалрында, оларды өттегiмен қамтамасыз ететiн және қорек көзi болып табылатын бiрклеткалы симбиотикалық балдырлар (зоохлореллалар – жасыл және зооксантеллалар – сарғыштау) тiршiлiк етуi мүмкiн.

Радиоляриялардың геологиялық қабаттардың жасын анықтауда маңызы: өте көне ағзалар болып табылады PR бастап белгілі. Олар опока, яшма сияқты тау жыныстарын түзген (PZ, MZ) KZ-қарқын дамыған. Олардың қазба қалдықтары арқылы кремнийлі жыныстардың жасын анықтайды.

 

ФОРАМИНИФЕРАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

CLASSIS FORAMINIFERA

Фораминифералар басқа тамыраяқтыларға қарағанда күрделi. Қазiргi түрлердiң саны 1000 асады. Олардың денесi бақалшақтармен қапталған. Бiркамералы және көпкамералы бақалшақтар кездеседi. Көптеген тесiктер арқылы бақалшақтан ризоподиялар (ұзын жiнiшке жалған аяқтар) шығады. Тұздылығы қалыпты теңіздерде мекендейді, кейбіреулері тұздылықтың өзгеруіне төзімді. Көбінесе планктонды және бентосты ағзалар. Мекендеу тереңдігі 200м-ден аспайды.Жынысты және жыныссыз жолмен көбейедi, тiршiлiк циклiнде ұрпақтың алмасуы байқалады. Фораминифералардың көпшiлiгi су қоймалардың түбiнде тiршiлiк етiп, ұсақ организмдермен қоректенедi. Тек кейбiр түрлерi ғана планктон құрамына кiрiп су қабатында тiршiлiк етедi алады.Фораминифералар кембрий кезеңiнен табылған көптеген теңiз қалдықтарының құрамына кiредi. Олар әктастың, бордың қабаттарын түзедi. Фораминифераларды мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды iздеу үшiн, геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн қолданады. Аталған класс келесідей отрядтардан тұрады:

1) Ordo Fusulinidae

2) Ordo Nummulitidae

3) Ordo Rotaliida

Фораминиферлердің геологиялық маңызы. Олардың 30000-ға жуық түрі бар. Є-ден бастап белгілі, С, Р, К және палеоген үшін өте маңызды. Аталған дәуірлер үшін олар тау жыныстан түзуші ағзалар ретінде қарастырылады, көбі қазаіргі уақытта да мекендейді.

 

КӨПЖАСУШАЛЫ АҒЗАЛАР

SUBREGNUM METAZOA

(грекше «meta»-аралық, кейінгі)

Көпжасушалылар денесі көптеген жасушалардан құралған жануарлар жатқызылады. Құрылыс деңгейіне байланысты олар екі бөлім үстіне бөлінеді примитивті және нақты көпжасушалылар.

 

ПРИМИТИВТІ КӨПЖАСУШАЛЫЛАР БӨЛІМ ҮСТІ

SUPERDIVISIO PARAZOA

(грекше «para»- маңында, жанында)

Аталғандарда жасуша нақты түрде функциялары және морфологиясы бойынша бөлінбеген. Олардың мүшелері болмайды. Ас қорыту қабырға маңайлық және жасушалық болады. Соңғы көрсеткіш оларды қарапайымдылармен жақындатады. Бентос болып табылады. Осы бөлшм үстіне екі тектүр жатқызылады:

1) Пориферлер PHYLUM PORIFERA (pora, porus - тесікше;fero- әкелу). Олар ащы және тұщы ортада мекендейді. Бентос, қаңқасы әктасты және кремнийлі, денесі көптеген тесікшелер және каналдармен сипатталады. Геологиялық маңызы: губкалар классында Classis Spongia. Жылы теңізде мекендейді, барлығы бекітілген бентос. 150-300 м терең аралығында мекендейді. Губкалар пішіні бақалшақ, қап немсе ағаш тәрізді келеді. Орталық бөлігінде мезоглея атты қоймалжың зат орналасқан. Ол губканың спикулалары бар біртекті қаңқасын құруға қатысады. Көбеюі жынысты және жыныссыз. Өлшемі 1,5 м-ге дейін жетеді. Қаңқаның құрамына байланысты олар үш класс астына бөлінеді: әктасты Galcispongia, кәдімгі Demospongia, алты сәулелі Hexactinellida.

Геологиялық маңызы алты сәулелі губкаларар көп тараған өкілі Ventriculites J-дан бастап белгілі. Аса көп таралуы K.

Геологияық маңыздылығы айтарлықтай емес, губкалардың спикулалары Є-ге дейін белгілі Спонголит атты тау жынысы көбінесе кремнийлі губкалардың спикулаларынан құралған.

 

АРХЕОЦИАТТАР ТЕКТҮРІ

PHYLUM ARCHAEOCYATHI

(archaios- көне; cyathus- шағын кубок)

Өлген ертекембрий даралары сирек колонияльды біріккен ағзалар. Қаңқасы құмыра тәріздес келеді. Ол бір немесе қос аралық кеңістікті әртүрлі кеңдікпен бөлінген, ізбесті қабырғалардан тұрған. Губкалар тәрізді қабырғаларының саңылаулары кіші, ал сыртқысы үлкен. Тесікшелері болғандықтанолар губкаларға жақын, алайда пішіні мен басқа да қассиеттері бойынша пориферлер тектүрі сфинктозоа классына жақынырақ. Олар қоректенуі бойынша фильтраторлар және ертекембрийдегі қозғалмайтын бентостың едәуір бөлігін қамтыған. Пішіні төңкерілген конус тәрізді, цилиндр, қап, құмыра тәрізді. Диаметрі бірнеше см, биіктігі 30-150 см, орт. 1-3см. Интерваллюм-қабырға арасын толтыратын элементтер. Орталық қуыс – щсьтік білігі, кей кезде онда көпіршіктер тәрізді затқа толы болады. Септа- тік радиалды қима кескіні.

PHYLUM ARCHAEOCYATHI

Classis Regulares Classis Irregulares

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қарапайымдыларда жасуша қандай қызмет атқарады?

2. Қарапйымдылардың көлемі.

3. Қарапайымдылардың тіршілік ортасы.

4. Геологиялық маңызға ие саркодалылардың класс тармақтары.

5. Губкалар денесі қандай формаға ие?

6. Спикулалар дегеніміз не?

7. Губкалар неше класқа бөлінеді? Оларды атаңыз.

8. Вентрикулитес түрі қандай класқа жатады?

9. Археоциат денесінің құрылысы.

10. Археоциаттар қандай геологиялық маңызға ие?

 

1.3. Тақырып. Уландырғыштар (ішекқуыстылар)

SUPERDIVISIO EUMETAZOA

DIVISIO RADIATA (DIBLUSTICA) DIVISIO BILATERIA (TRIBLUSTICA)

Ішекқуыстылар.

Бөлім үсті НАҒЫЗ КӨПЖАСУШАЛЫЛАР. SUPERDIVISIO EUMETRAZOA – грекше (EU – нағыз, META – аралық, кейінгі, ZOA – жануар). Осы жануарларда жасушалары нақты бөліну және оларды әр түрлі функцияға жауап беретін мүшелері бар. Осы жануарларда даму эмбриональды болады. Осы бөлім үсті дене құрылымына байланысты 2 бөлімге бөлінеді.

1) РАДИАЛЬДЫ СИММЕТРИАЛЫ немесе екі қабатты DIVISIO RADIATA немесе DIBLASTICA.(RADIUS – сәуле, DI – екі, BLASTOS – өсінді). Жалпылама осы ағзалар үшін соқыр ас қорыту жүйесі тән. Асты кіргізіп шығаратын бірақ тесікше болады.

2) УЛАНДЫРҒЫШТАР тек түрі. PHYLUM CNIDARIA.(грекше – CNIDOS – жіпше) осы тек түрге алуан түрлі жануарлар жатқызылады.

Ең көп тарағандары гидралар, медузалар, маржандар. Олар нектон – бекітілген бентос болып табылады. Денесі экта және эндодермадан құралады. Дене бітімі көптеген камераларға бөлінген. Бөлінуі септалар арқылы жүзеге асады.Барлығы жыртқыш болып табылады. Асын ұстау, ауыз тесігіне апару және қорғау үшін олардың арнайы жіпшесі болады. Жіпшенің құрылымы қуысты. Осы қуыста өте жіңішке ине орналасады. Осы ине арқылы басқа денеге улы заттар жіберіледі.

Көбеюі жынысты және жыныссыз. Жыныста ұрпақтары медузалар еркін жүзіп жүреді, ол жыныссыз ұрпағы полиптер бекітілген бентос болып табылады. Полиптер жеке дара және комонил түзуі мүмкін. Осы уақытқа дейін уландырғыштар тек түрі ІШЕКҚУЫСТЫЛАР деп аталады.

COЕLENTERATA – ішекқуыстылар (СOILOS – толық, ENTERON – ішек)

Бірақ қазіргі уақытта осындай атау қолданылмайды. Книдарияларда бес функциональды жүйе бар:

1) Ас қорыту

2) Бұлшық ет

3) Жүйке

4) Жыныс

5) Қаңқа

Сурет. Уландырғыштардың өмірлік циклдары (гидроидтылар мысалында)

П – полип; ЖМ – жас медуза; ДМ – дамыған медуза; Жн – желкен (парус); Ж – жұмыртқа; Б – балаңқұрт (личинка)

 

Жануарлар әлемінде ас қорыту жуйесі ең алғашқы болып тек түрде болып қалыптасады. Қүрылымына байланысты 3 классқа бөлінеді:

1) Гидроидтылар

2) Сцифоидтар

3) Маржанды полиптер

ГИДРОИДТАР классы. HYDROZOA

Олар түгелдей жойылған коллониялы теңіз жануарлары. Олар ашық теңізде маржандармен бірге рифтер жүзген класс асты СТРОМАТОПАРАТТАР

Subclassis Sromatoparata

Осы жануарлар әр түрлі пішінде болуы мүмкін. Пластина, шар, цилиндр тәріздес қабатшалары тік, бағандармен немесе каналдармен байланысқан геологиялық маңыздылығы силур және девон үшін жоғары.

МАРЖАНДЫ ПОЛИПТЕР классы - Classis Anthozoa

(Грекше ANTHOZ – гүл).

Жоғары дамыған ағзалар қазіргі уақытта теңіздерде мекендейді. Жеке дара ағзаны ПОЛИПТЕР деп атайды ал оның қаңқасын корралит деп атайды. Ауыз тесікшесі 8 немесе одан да көп сезімтал жіпшелермен қоршалып, жынысты және жыныссыз көбейеді. Осы класс дене құрылымына байланысты 6 класс астына бөлінеді:

1. Класс асты ТАУЛЕТА (TABULATA).

Туыс: ХАЛАЗИТЕС (HALYSITES) – соңғы ордовик және соңғы силурда мекендеген.

Туыс: ФАВОЗИТЕС (FAVOSITES) – соңғы силурда және девонда жақсы дамыған перьмге дейін өмір сурген.

Туыс: СИРИНГОПОРА (SYRINGOPORA) – ордовик және пермьде қалыптасқан.

2. Класс асты ХЕТЕТИДТАР(CHASTETIDA).

Туыс:ХЕТЕТЕС (CHAЕTETES) – ортаңғы девон – карбонда қалыптасқан.

3. Класс асты ТӨРТСӘУЛЕЛІ МАРЖАНДАР (TETRACORALLA) немесе РУГОЗА(RUGOSA).

Туыс:ЗАФРЕНТИС(ZAPHRENTIS) - силур және карбонда қалыптасқан.

Туыс:КАЛЬЦЕОЛА(CALCEOLA) –алғашқы-орта девон.

Туыс: ЛИТОСТРАЦИОН(LIТHOSTRATION) – ерте карбонда қалыптасқан.

 

Сурет. Calceola. А – жоғарыдан қарағандағы сыртқы көрінісі; Ә – кескіні; Б – реконструкциясы

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі тіршілік ортасы.

2. Ішек қуыстыларды қандай ерекшеліктері бойынша кластарға бөледі?

3. Ішек қуыстылардың кластарын атаңыз.

4. Строматопорлар қандай стратиграфиялық маңызға ие?

5. Маржан полиптері денесінің құрылысы. Халазитес түрінің таралуы.

7. Хететес түрінің таралуы.

8. Төртсәулелі маржандар құрылысының негізгі қырлары.

9. Кальцеол түрінің геологиялық маңызы және құрылысы.

1.4. Тақырып. Құрттар, буынаяқтылар, мүктер

Жоспар:

1. Сақиналы құрттар

2. Буынаяқтылар тектүрі

3. Мүктер

Алғашқы ауыздылар

SUBDIVISIO PROTOSTOMIA

(STOMA –ауыз, PRO – алғашқы)

Осы бөлім астында 26 тек түрге дейін енгізілген.

Сақиналы құрттар тектүрі – PHYLUM ANNELIDES (лат.“annelus” кішкентай сақина). Қазба түрінде сирек кездеседі, тек аздарында цилиндрлі конус тәріздес қаңқалары болады. Ол түзу, майысқан немесе спиральді болуы мүмкін. Қазба түрінде кездесетіндер: Serpula (соңғы силур);Spirorbis (алғашқы силур - қазірге дейін).

Құрттар кембрийден бастап белгілі, кейде серпулит әктасын түзеді.

 

Сурет. Сақиналы құрттар. Қ – қалпақшасы; Ж – желбезектері; ӘТ – әктасты түтікше.

 

 

БУЫНАЯҚТЫЛАР тектүрі - PHYLUM ARTHROPODA

(грекше ARTHRON - буын, PODOS – аяқ).

Осы ағзалар сақиналы құрттардан тараған деп саналады. Қазіргі уақытта суда,құрлықта, ауада мекендейді. Оларға шаяндар, өрмекшілер, т.б жатқызылады. Ең көп тараған иек түрі болып табылады (3млн жуық өкілі бар). Олардың негізгі жуйелері қатты дамыған, ас қорыту, жуйке, қан айналу, жынысты, бұлшық ет, зәр шығару, сезу, көздері. Көздерінің 2 түрі ажырытылған:

1)Фасетті

2) Шизохроидтті

Барлығының денесі сыртқы хитинді қаңқамен қорғалып отырады. Буынаяқтылар 4 тек түр астына бөлінеді, оның ішінде маңыздылары екеуі трилобит тәрізділер, шаян тәрізділер.

 

SUBPHYLUM TRILOBITОMORPHA

CLASSIC TRILOBITA (TRI – үш, LOBOS - мөлшері, үлесі) жойылып кеткен буынаяқтылар.Олар тек қана палеозойда мекендеген, денесі 3 бөлімнен құралған:

1) Басты қалқан (цефалон)

2) Дене қалқаны(торакс)

3) Құйрықты қалқаны(пигидий)

1) Басты қалқаны – (цефалон) үшбұрышты, трапециялы, дөңгелек,жартылай дөңгелек пішінді болуы мүмкін.

2) Денелік бөлімі – (торакс) қозғалмалы бөліктерден құралған, олардың саны 2 – 44 дейін.

Құйрықты қаңқасы – (пигидий) әр түрлі сегменттердің қалыптасқанынан пайда болды.

Сурет. Трилобиттер дене құрылысының сызбасы.

2 класс астына бөлінеді.

Көпбуындылар Subclassis POLYMERA.Өкілдері: Paradoxides (ортаңғы кембрий), Olenellus (алғашқы кембрий), Asaphus (ордовик).

Класасты азбуындылар Subclassis MIOMERA. Өкілі агностус (AGNOSTUS)ордовик.

Геологиялық маңыздылығы кембрий, ордовик, силур үшін ең маңызды қазба қалдықтары болып табылады.

ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР тек түрі SUBPHYLUM CRUSTACEOMORPHA (латынша CRUSTACEUS – қабықшасы бар).

CLASSIS CRUSTACEA – шаянтәрізділер классы.

Геологиялық маңыздылығы LEPERDITIA өкілінде (силур, девон).

 

Мшанкалар PHYLUM BRYOZOA. Олар колониялды жануарлар, көбінесе теңіздік өлшемдері 1мм аспайды. Мекендеу тереңдігі 90 – 200м дейін. Бентос қазба түрінде келесілері сақталады.

STOMATOPORA - О дейін.

FENESTELLА– О - Р.

POLYPORA – О -Т.

 

Сурет. Fenestella. 1 – кескіні; 2 – колония бөлімінің реконструкциясы

Бақылау сұрақтары

1. Құрттардың жоғары дамыған типі.

2. Қандай құрттар қазбалы күйде кездеседі?

3. Қазіргі уақытта бунақ аяқтылардың неше түрі кездеседі?

4. Бунақ аяқтлыра қай кезде пайда болды?

5. Бунақ аяқтылардың қандай кластары геологиялық тұрғыда қызығушылық тудырады?

6. Трилобиттер денісінің құрылысы.

7. Трилобиттер қандай класс тармақтарына бөлінеді?

8. Трилобиттердің геологиялық маңызы.

9. Шаянтәрізділердің стратиграфиялық маңызы.

10. Мүктердің пайда болған уақыты.

 

1.5. Тақырып. Моллюскалар

Моллюскалар тек түрі.

Phylum Mollusca.

Теңіздер мен құрлықтарда мекендейтін 3 қабатты жануарлар. Көбінде сыртқы қабықша бар. Өлшемдері бірнеше мм – ден 18мм – ге дейін. Қазіргі уақытта олардың 180 мыңға жуық түрі белгілі. Оның ішінде 50 мыңы қазбалы. Түрлерінің саны бойынша жануарлар патшалығы арасында 2 – ші орында. Жұмсақ дене МАНТИЯ атты терілі қабықшада орналасады. Аталған мантия әкті қабыршақта түзеді. Қабыршақтары құрылымы, пішіні бойынша әр түрлі. Әдетте олар 3 қабаттан құралған.

1) Сыртқы (органикалық)

2) Орталық

3) Ішкі

Кейде ішкі қабаты түсін өзгертіп жылтырап отырады(перламутр). Олардың денесі басқа, аяққа және денесіне бөлінеді. Олардың ауыздарында тісшелері бар тіл орналасады.Ол РАДУЛА деп аталады.

Радуланың көмегімен моллюскалар асын қажап майда қылады. Жынысты жолмен кобейеді. Кейде гермофродит болуы мүмкін. Кембрийден бастап белгілі. 5000м тереңдікке дейін мекендейді. Геологиялық маңыздылығы бар келесідей класстарды ажыратады.

1) Бауыраяқтылар

2) Басаяқтылар

3) Қосжақты немесе балтааяқты моллюскалар

 

1)Бауыраяқтылар өкілдері

1) Беллерофон (Bellerophоn) (О, Р)

2) Церитиум(Gerithium) (J)

3) Геликс(Helix) (палеоген)

2)Қосжақты немесе балтааяқты өкілдері

1) Пектункулус (Peсtunсulus) (бор)

2) Иноцерамус (Inoceramus) (Юра)

3)Пектен (Pecten) (Юра)

4)Унио (Unio) (пелеоген)

5)Мактра (Mactra) (Юра)

6)Гиппуритес (Hippurites)

3)Басаяқтылар (Cephalopоda)

a) Класс асты қабықшалы(Eсtocоchlia)

b) Бөлімүсті наутилойден (Nautiloideа)

c) Бөлімүсті ортацеротоиден(Orthoceratoideа)

d) Бөлімүсті эндоцератоиден(Endoeratoideа)

e) Бөлімүсті аммоноиден (Ammonoidea)

 

Сурет. Моллюскалар тектүрінің әртүрлі класстар денелерінің құрылысы.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Моллюскалар қай уақыттан бері белгілі?

2. Геологиялық қызығушылық тудыратын ұлулардың кластарын атаңыз.

3. Құрсақ аяқтылар құрылысының негізгі қырлары.

4. Құрсақ аяқтылардың геологиялық маңызы.

5. Жармалылар құрылысының негізгі қырлары.

6. Құлпының құрылысы бойынша жармалылар қандай отрядтарға бөлінеді?

7. Наутилус түрінің құрылысы және оның таралуы.

8. Аммоноидеялардың қалақты сызықтарының типтері.

9. Белемниттер қандай диагностикалық белгілерге ие?

10. Іштей шаяндылардың геологиялық маңызы.

1.6. Тақырып. Иықаяқтылар

PHYLUM BRACHIOPODA.

Брахис – иық, подос – аяқ.

Басым копшілігі теңіз тубінде мекендейтін 3 қабатты жануарлар. Дене сыртында қабыршақтар болады. Қабыршақ саны 2 – еу:

1) Ішкі (педальді)

2) Арқалы (брахиальді)

Өлшемдері: 0,1 – 40см дейін. Ұзындығы: орташа өлшемдері 3 – 5см. Кембрийден бастап белгілі, қазір де өмір сүреді. Жойылып кеткен түрлер саны 10000 астам. Қазіргілері 300 – ге жуық. Иықаяқтылар фильтратор болып табылады. Бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған. Дене құрылысында аяғын ажыратады. Осы аяғы арқылы теңіз түбіндегі жыныстарға бекітіліп отырады. Кейбір түрлерінде аяқшалары ұзын болып сол арқылы бүкіл ағза топыраққа көмілуі мүмкін. Иықаяқтылардың қабыршақтарына 2 жақты симметрия тән. Бірақ моллюскалармен салыстырғанда симметрия жобадағы көріністе болады.

 

 

Сурет. Иықаяқтылармен қосжақты моллюскаларды ажырату үлгісі.

 

Аталған қабыршақтар пішіні бірдей емес.

Ішкісі – ірілеу және шығыңқы (выпуклое)

Арқалық – тегіс немесе кіріңкі болуы мүмкін.

Ішкі қабыршағының беткейінде, ортасында кішігірім ойысша орналасады. Ол синус деп аталады. Ал оған қарама – қарсы арқалық қабыршағында шығынды ертоқым қабыршақтары бұлшықеттер арқылы байланысады. Кейбіреуінде құлып арқылы бекітіліп отырады. Осыған байланысты иықаяқтылар 2 классқа бөлінеді:

1) Құлыпсыздар (Inarticulata)

2) Құлыптылар (Articulata)

Құлыпсыздар классы:

Лингула (Lingula) О

Оболус(Obolus) Кембрий, О

Құлыптылар классы:

Пентамерус (Pentamerus) S

Продуктус (Productus) C-Р

Ринхонелла (Rhynchonella) J,K

Спирифир (Spirifer)S-P

Теребратула (Terebratula)палеоген, N.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Брахиоподтардың қабыршағы неден тұрады?

2. Қабыршақтардың жабылуына не қызмет етеді?

3. Брахиоподтардың көбеюі.

4. Құлыпсыздардың құрылысы.

5. Құлыпсыздардың таралуы.

6. Мингула және оболус түрлерінің таралуы.

7. Пентамерус түрінің құрылысы және таралуы.

8. Продуктус түрінің құрылысы және таралуы.

9. Спирифер және теребратула түрлерінің таралуы.

10. Иықаяқтылардың геологиялық маңызы.

 

 

1.7. Тақырып. Тікентерілілер

Тікентерілілер

PHYLUM ECHINODERMATA

(Echino-кірпі,dermatos-тері)

Осы тек түрге дене құрылысына байланысты 5 сәулелі симметриялы теңіз жануарлары жатқызылады. Қазіргі уақытта 5000 жуық түрі белгілі. Олар теңіз лилиялары, теңіз кірпілері, теңіз жұлдыздары, теңіз қиярлары. Кембрийге дейін қалыптаса бастаған. Ерте палеозойда 20 астам классы болған. Көбі палеозой шекарасынан аспайды. Басым көпшілігі бентос. Өте ұсақтары планктон болуы мүмкін. Осы тек түрдің ерекшелігі амбулакральдік жүйесінің болуы. Осы жүйе арқылы дем алу, орын ауыстыру және сезу іске асырылады. Қаңқасы ішкі сыртынан терімен қапталған. Сыртында кішігірім шығыңқы элементтері көп. Кейбіреулерінде ине тікендерімен жалғасын табады. Көбеюі жынысты жолмен. Өсімдіктермен лайлы қалдықтармен қоректеніп, ал басқалары (теңіз жұлдыздары) жыртқыш аңдар. Тікентерілілер 2 тек түр астына бөлінеді.

· Бекітілгендер PELMATOZOA

· Бекітілмегендер ELEUTHEROZOA

Сурет. Тікентерілілердің мекендеу жағдайлары: а – бекітілген бентос – теңіз лилиялары; б – планктон – теңіз лилиялары; в-з – белсеңді (бекітілмеген) бентос: в,г,д – теңіз жұлдыздары; е – офиурлер; ж,з – теңіз кірпілері; и-к – көмілгіш бентос – голотуриялар

 

Бекітілгендер:

Classis Cystoidea- денесі шар, жұмыртқа, алмұрт тәріздес. Нақтылы түрде денесінің көбісі ыдыс болып табылады. Ыдыстың құрылымы бір-бірімен тығыз байланысқан пластиналар. Ауыз тесікшесі ыдыстың жоғарғы жағында. Аналь тесігі кішігірім пластиналармен жабылады. Олар О,S,D мекендеген. Өкілі Echinosphaerites (О).

 

Classis Crinoidea- теңіз лилиялар классы. Денесі өсімдікке ұқсас. Ыдысында ішкі мүшелері орналасады. Арнайы өсінділері болған (қолдары). Ортаңғы бөлімінде ауызы орналасқан. Жағында аналь тесікшесі. Теңіз түбіне бекітіліп өмір сүреді. О пайда болған, қазір де кездеседі. Өлшемдері әр-түрлі болған. Ең ірілері 20м биіктікке ие. Көп тараған өкілі Encrinus- T

 

Бекітілмегендер:

Classis Echinoidea-Осы тек түр асты жануарлар теңіз түбімен жорғалап немесе жүзіп өмір сүреді. Оларға теңіз жұлдыздары, қиярлары, кірпілері жатады. Геология үшін соңғылары ғана маңызды.

Теңіз кірпілері. Қабықшасы шар, конус, жүрек тәрізді. Әктасты пластиналардан құралады. Пластиналарында тесікшелері болады. Осы тесікшелерінен инелері кіріп шығып отырады. Қаңқасы өте жіңішке тері қабатымен қапталады. Тері қабатында әр түлі мүшелері орналасқан. Сонымен қоса кішігірім көздері. Денесінің төменгі жағында аузы, аналь тесігі не үстіңгі жағында немесе төменгі жақта. Ауыз тесігіне қарама қарсы шайнау аппараты дамыған. Осы аппаратта 5 тісі болады. Тістер арқылы қажетті қорегін қажап, шайнап немесе індерін қазады. Теңіз кірпілері көне және жаңа болып бөлінеді. Көне кірпі өкілі Археоцидарис Archaeоcidaris .P

Жаңа кірпілер өздері 2-ге бөлінеді.

· Дұрыс

· Бұрыс

(Ауыз және аналь тесігінің орналасуына байланысты)

Дұрыс: цидарис (Cidaris) T

Бұрыс: J -дан бастап белгілі. Эхинокорис(Echinocorys) ; микрастер(Micraster) .

Тікентерілілердің геологиялық маңыздылығы:

Алғашқы қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Палеозойда цистоидеалар қарқынды дамыған. Теңіз кірпілері палеозойда пайда болып, мезозой кайнозойда алуан түрлі болып дамиды. Осылардың қазба қалдықтары арқылы тау жыныстары салыстырмалы жасы анықталып мекендеу ортасы нақтыланды және криноидты әктастардың қалыптасуы тікентерілілермен байланысты.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Тікен терілілердің негізгі қырлары.

2. Тікен терілілердің тип тармақтары.

3. Теңіз көпіршіктеріне тән түр және оның таралуы.

4. Теңіз лалагүлінің дене құрылысы.

5. Теңіз кірпілері класы қандай тип тармағына жатады?

6. Көне кірпілердің өкілі.

7. Қандай белгілер бойынша жаңа кірпілер дұрыс және бұрыс деп бөлінеді?

8. Дұрыс кірпілердің өкілі.

9. Бұрыс кірпілер түрін атаңыз.

10. Тікен терілілердің геологиялық маңызы.

 

1.8. Тақырып. Жартылай хордалылар және хордалылар

Жартылай хордалылар(жартылай желілілер)

PHYLUM HEMICHORDATA

Органикалық әлемде алатын орны ерекше. Яғни хордасыз және хордалылар арасында жатыр. Хордалылар ұқсастығы арқалық жүйке желісінің болуы. Бірақ нақты арқалық өсінді болмаған. Геология үшін 1 классы ғана маңызды.

Граптолиттер классы. Classis Graptolithina (грек. “ graptos ” – суреттелген, сызылған; “lithos” - тас). Теңіз үйірмелері жануарлары, қаңқалары хитинді. Псевдопланктон немесе планктон болған. Үйілмелері бірнеше сабақтардан құралға. Сабақтарында өте кішкентай үйілме өкілдері орналасқан.

Өкілдері:

Диктионема соңғы кембрий - таскөмір

Диплограптус O-S1

Монограптус

 

Граптолиттер кембрийде пайда болды, тас көмірде жойылады.

Силурда тау жыныстары анықтауда маңыздылығы жоғары. Қалдықтары сазды жіктастарда, әктастарда өте жіңішке графиттелген сабақшалар түрінде кездесді.

 

 

Сурет. Жартылайхордалылар мекендеу жағдайлары: а-ә – бентос (Dictyonema); планктон: б – Diplograptus; в – Monograptus; г – псевдопланктон.

 

Хордалылар тек түрі

PHYLUM CHORDATA(CHORDЕ-желі)

Осы жануарлар 2 жақты симметриялы. Келесідей ерекшелікке ие:

· Хорданың болуы

· Арқалық жүйке құбыршасының болуы

· Бұлшық еттер мен өзге құрылымдардың болуы

· Желбезек тесікшелерінің болуы және пішіндерінің әр түрлілігі.

Хордалылар төменгі және жоғарғы болып бөлінеді.

Жоғарғы хордалылар- арқа желісі ағзаның дамуымен омыртқа бағанына айналады. Осы тек түрі 3 тек түр астына біріктіріледі.

· Сыртқы қабыршақтылар

· Бас сүйексіздер

· Омыртқалылар немесе бассүйектілер

Қазіргі уақытта белгілі хордалылардың қазба қалдықтары омыртқалыларға жатады.

Тек түр асты омыртқалылар

SUBPHYLUM VERTEBRATA

Осы тек түр астында жоғарғы жануарлар біріктіріледі. 2 бөлімге бөлінеді:

· Жақсыздар

· Жақтыауыздылар

Бөлім Жақсыздар (SUPERCLASSIS AGNATA) – ең примитивті омыртқалылар. Балықтарға ұқсас.(грекше А- болмау тіркесі,гнатос- жақ) Асын сорып енгізу арқылы ішіне кіргізеді. Қазба түрінде сирек кездеседі. 2 классқа бөлінген.

· Домалақауыздылар (CYCLOSTOMI)

· Қалқандылар (OSTRACODERMI)

О бастап белгілі. Олардың қаңқасы терілі тістермен көрсетілген. Артқы жағын балықтарға ұқсас қабықшалары жауып отырған. Геологиялық маңыздылығы өте төмен. Себебі беретін мәліметтері аз.

Бөлім Жақауыздылар (SUPERCLASSIS GNATHOSTOMI)- Осы жануарлырда қос болып келетін өсінділері дамыған. Ішкі қаңқасы сүйектен немесе сіңірден құралады. Осы бөлім 2 классқа бөлінеді.

· Балықтар (PISCES)

· Төртаяқтылар (TETRAPODA)

CLASSIS PISCES-Балықтарда бұлшықеттері, жақтары, сезу мүшелері, бас миы жақсы дамиды. Жүзуге арналған өсінділері бар. Сан мен пішіні алуан түрлі. Денесі жіңішке қабыршақтармен қапталған. Дене температурасы қалыпты. Уылдырық шашу арқылы көбейеді. Олар палеозойда қалыптаса бастайды(O-S?) Алғашқылары өте кішігірім болған. Осы класс 3 класс астына жіктеледі.

1. Пластинатерілілер

2. Сіңірлілер

3.Сүйектілер

Пластинатерілілер (Subclassis Placodermi)- Олардың денесі бас жағында сыртқы қабыршақпен қапталған. Олар теңіз түбінде ғана жүзе алған.Өкілдері:

· Цефаласпес (Cephalaspis)

· Птерихтес (Pterychtys)

Олардың бас қалқанында арнайы сенсорлары орналасқан. Осы сенсор арқылы қоршаған ортадағы толқындары сезіп отырған. Аталған балықтардың қазба қалдықтары D үшін маңызды және Девондағы құрлықтық су бассейндерін анықтауға көмектеседі.

Сіңірлілер (Subclassis Chodrichthyes)- Сіңірлі балықтары қазба түрінде нашар сақталады. Тек қана олардың тістері бұзылмаған түрде кездесуі мүмкін силурда пайда пайда болып тас көмірде қарқын дамып пермьда сандары азаяды. Өкілдері: Селахиялар (акулалар)

Акулалар- қазіргі уақытта да мекендейді. Жыртқыш. Тек 1 түрі ғана планктонмен қоректенеді (китті акула)

Сүйектілер-( Subclassis Osteichthyes )- Девонда пайда болып палеозойдың соңына таман ең алып жыртқыштарға айналады. Олардың қаңқасы сүйекті. Терісі қабыршақтармен қапталған. Жүзу өсінділері сүйекті сәулелеріне бекітіліп жалғасады. Геологиялық маңыздылығы 2 класс астынды.

· Білекқауырсынды балықтар- Палеозойдан бастап белгілі. Қазіргі уақытқа дейін жеткен. Девондағы өкілі латимерия. Мадагаскар маңайында бірінші рет ұсталынған. Осы балықтардан алғашқы 4 аяқтылар қалыптасқан.

· Қосдемалушылар- Девонда пайда болып қазір де өмір сүреді, желбезектен басқа ауамен демалуға арналған мүшесі болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Граптолиттер түрін атаңыз.

2. Жартылай хордалылардың геологиялық маңызы.

3. Хордалыларға қандай симметрия тән?

4. Хордалылардың тип тармақтарын атаңыз.

5. Жақсыздардың кластары.

6. Жақауыздылардың класс бөлімдері.

7. Қатпартерілілердің қалдықтарын не үшін қолданады?

8. Шеміршекті балықтардың өкілдері.

9. Білезік қауырсындылардың бүгінгі күнге дейін сақталған түрі.

10. Төртаяқтылар бөліміне жататын кластарды атаңыз.

 

 

1.9.Тақырып. Палеоботаника

1.10. Тақырып. Қазбалы қалдықтарды жинау және құжаттау ерекшеліктері

Жоспар:

· Қазба қалдықтарын жинау

· Тас-нұсқаларды талдауға дайындық

· Қазба қалдықтарын консервациалау әдісі.

 

1.Геология үшін таснұсқалар өте маңызды. Себебі олар беретін мәлімет дәрежесі өте жоғары. Бірақ осы мәліметтерді алу тек қана дұрыс жиналып сақталған тас- нұсқалар арқылы алуға болады. Жинау төмендегі ережелері арқылы іске асырылады.

1. Органикалық қалдықтарды жинау қатаң түрде әр-бір қабат бойынша жүргізіледі.

2. Жинау анағұрлым көлемді болуы тиіс. Мүмкіндігінше қазба қалдықтардың әр-бір түрін жинау қажет. Егер де бүкіл материал жиналмаса онда көбірек тараған түрлерін көлемді қылып жинап, аз тарағандарын аздау қылып жинайды.

3. Өсімдіктердің қалдықтарын жинағанда оның әр-бір бөлігі жиналады және де гүлдерді олардың жемісін, тұқымдарын мұқият іздеу қажет.

4. Қазба қалдықты сыйдырушы жыныстардан босатпайды, себебі осы жыныстар қалыптасу жағдайының индекаторы.

5. Барлық жағдайда қазба қалдықтардың мөрлі іздерін жинайды.

6. Омыртқалылардың сүйектерін жоғарыдағы ережелер бойынша жинайды. Егер де өте ірі сүйектер кездессе онда палеонтологиялық институттың өкілдері шақырылып жинау жалғастырылады.

7. Өте жіңішке және нәзік қалдықтарды алдын ала, арнайы әдістер арқылы бекітіп мықтылайды. Мысалы: желіммен, лакпен, су аралас желатинмен немесе сазбен кейде гипс немесе парафинмен. Аталғандарды жеке- жеке орап арнайы ыдыстарда сақтап зерттеу орталықтарында жүргізеді.

8. Егер де тас- нұсқа сынып қалса онда әр- бір бөлшегін орап жабыстыру жерлерін белгілейді.

9. Мекендеу іздері де жиналу тиіс(жануарлар аяқ іздері, індер т.б)

10. Дала күнделіктеріндеқазба қалдықтары құжатталуы тиіс. Құжаттау кезінде келесідей ерекшеліктер белгіленеді:

I. Саны, мөлшері(көп, аз, сирек немесе жеке экземплярлар)

II. Қабаттың ішіндегі орналасуы немесе жалғасымы (біріңғай, әр жағында таралған, жеке қабатшалар бойынша тараған, конкрецияларда)

III. Түрлер мен туыстардың алуан түрлілігі.

IV. Қабыршақтардың абсалютті және салыстырмалы өлшемдері және қалыңдығы)

V. Сақталу дәрежесі және көкжиекке байланысты орналасу бағыттары.

Жоғарыда аталған ерекшеліктер ортаның физико - географиялық көрсеткішін анықтауға және қазба қалдықтарының көмілу жағдайларын анықтауға көмектеседі.

2. Препарациялау - деп палеонтологиялық үлгілерді сыйдырушы жыныстардан зертханалық жағдайда босатуын айтады. 2 түрі бар. Механикалық және химиялық. Олар өте жиі бірге жүргізіледі.

Механикалық препарациялау - күш жұмсау арқылы іске асырылады. Құралдар қолданылады: алуан түрлі балғалар, сыпыртқылар, тістеуіктер, инелер және т.б

Химиялық препарациялау - қышқылдар мен сілтілер арқылы орындалады. 10% HCl арқылы карбонатты жыныстар ерітіледі. KOH қазба қалдықтарын саздардан,мергельдерден бөлу үшін қолданылады. Аталған реактивтерден басқа үлгілерді суытып қыздыру да қолдануға ие. Егер де таснұсқаларды бөліп алу қиынға түссе немесе мүлдем орындалмаса, онда геологияда шлифтер мен аншлифтер зерттеледі.

Шлиф - тау жыныстарының өте жіңішке кесіліп алынған пластинасының шыныға арнайы желіммен жабыстырылған көрінісі (канадалық бальзам).

Аншлиф - тау жыныстарының жақсы көріністегі бөлігін жоғары сапалы құралдармен өңдегендегі көрінісі.

3.Сыйдырушы жыныстарда босатылған тас нұсқалар арнайы қорабша, пробирка, камерада сақталады. Егер де қазба қалдықтары бос қуыстар түрінде болса. Осындай жағдайда құйылмалар мен жасанды іздер қолданылады (еңбек саз, сұық қоспа түріндегі гипс және т.б). Стоматологияда қолданылатын стенс қоспасы.

Сонымен қоса барлық үрдістерді үлгілердің өзін немесе суреттеу немесе бейнесуреттегі жиі жүргізіледі. Бейнесуреттер өте сапалы болуы тиіс. Себебі фотоларды компьютермен қарағанда жиі ұлғайту қолданылады. Ұлғайтқанда кішігірім ерекшеліктерде көзге түсуі қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сыйымды тау жынысынан таснұсқаларды іріктеудің негізгі ережелері.

2. Сыйымды тау жынысынан таснұсқалар қалай ажыратылады?

3. Көшірме бедерлер, құймалар, тілімтастар, тегістемелер дегеніміз не және олар не үшін дайындалады?

4. Палеонтологиялық материалды анықтау неден көрінеді және ол қалай жүргізіледі?

II Бөлім. Тарихи-геологиялық реконструкциялардың әдістері

2.1. Тақырып. Стратиграфия және геохронология

Жоспар:

1. Стратиграфия және оның міндеттері

2. Шөгінді және магмалық тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау

3. Геохронологияық шкала және оның құрылу тарихы

 

1. Стратиграфия – тау жыныстардың қабаттарының пайда болуын зерттейді (стратум – қабат; графос - сызу, жазу).

Стратиграфияның міндеттері:

1) Жеке дара геологиялық қимадағы тау жыныстарының түзілу реттілігін анықтау

2) Бір аудандағы әртүрлі геологиялық қималардың ішінде араласқан тау жыныстарының жастарын, құрылымын салыстырып зерттей отыра жергілікті стратиграфиялық баған құру

3) Жергілікті стратиграфиялық бағанды салыстыра зерттей отырып аймақты стратиграфиялық баған құру

4) Аймақты стратиграфиялық бағандарды салыстырып зерттей отыра жер шарының стратиграфиялық бағанын құру

 

Шөгінді тау жыныстарының жасын анықтау тәсілдері:

1) Статиграфиялық – жер қабатының үстінде жатқан қабат, астында жатқан қабатқа қарағанда жас

2) Палеонтологиялық – жер қойнауындағы қазба қалдықтар арқылы жердің салыстырмалы жасын анықтау

3) Минералогиялық – жер қойнауында минералдар табылса, олардың бір уақытта қалыптасса, құрамы бірдей болса, құрамы бірдей бірақ әртүрлі уақытта қалыптасу арқылы анықтайды

4) Тектонткалық – бұл әдіс жер қыртысының әртүрлі тектоникалық үрдістердің нәтижесінде ойыс дөңдер пайда болуымен сипатталады. Ойыс болған жағдайда әртүрлі агенттер арқылы оған тау жыныстары шөгеді, ал дөңес болғанда сыртқы қабат жойылып отырады

5) Геофизикалық – жер асты қабаттарын анықтайды. Оны диаграмма арқылы анықтайды. Электр толқынын жіберу арқылы әр қабаттың орналасқан жерін анықтап береді. (эл. және гамма каротаж)

Магмалық тау жыныстардың салыстырмалы жасын анықтау интрузиялы жыныстардың қабаттарды қиып өтуімен байлнысты.

 

3.Геохронологиялық шкала- жердің даму тарихындағы геологиялық уақыттың көрсеткіші. Ол геология және палеонтологияда қолданылады.

XIXғ. II- жартысында халықаралық геологиялық конгрестердің (ХГК) II-VII сессияларында 1881-1900ж.ж Геохронологиялық негізгі бөлінуі мен реттілігі қабылданған осыдан кейін геохронологиялық шкала әрдайым өзгерімке ұшырап отырды. Галактикамыздағы ең көне қатты күйдегі зат Allende метеориті.4568,5млн.ж

Жердің даму тарихы геохронологиялық ірі бірліктермен көрсетілген. Олардың арасындағы шекара органикалық әлемдегі ең ірі көрсеткіштермен байланысты. Мысалы. Эволюция немесе жаппай қырылу.

Геохронологида ең ірі бірлік – эон (aion- грекше ғасыр,кезең) Осы эондарда жер тарихындағы айтарлықтай геологиялық өзгерістер болды. Эонның стратиграфиядағы көрсеткіші- эонотема (яғни 1 эон ішінде түзілген тау жыныстары мен түзілімдер) Эондар - криптозой мен фанерозой (крипто с- көрінбейтін, зоэ- тіршілік; фанерос- нақты, айқын) эондардың әрқайсысы замандардан құралады.

· Архей

· Протерозой

· Палеозой

· Мезозой

· Кайнозой

Стратиграфияда заман көрсеткіші- эратема. Осы ұғым 1966ж Америка ғалымы Хедберг пен ұсынылған. Кеңес одағының ғылымына осы термин тек қана 10.05.1976 ж енгізілді. Ведомствоаралық стратиграфиялық комитетпен. Оған дейін эратема топ деп аталған. Осы атау геология мен палеонтологияда ыңғайсыз болған.Эратема деп атау себебі осында. Әр бір заман геологиялық дәуірлерден құралады. Дәуірлердің стратиграфияда көрсеткіші- жүйе (система).

Геология мен палеонтология әдісі тығыз болғандықтан әр қайсысының төңірегіндегі ғылыми ашылулар(олар ең маңыздылары мен ірілері) жержылнамаға міндетті түрде әсерін әр- түрлі өзгерту түрінде тигізеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтаудың стратиграфиялық әдісінің мәні неде?

2. Жер қыртысының стратиграфиялық және геошежірелік шкалалары үшін, қандай бөлімшелерді қолданады?

3. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтаудың палеонтологиялық әдісі неге негізделген және геошежіредегі оның маңызы қандай.

4. Жер қыртысының қатқабаттарын бөлі үшін, жергілікті стратиграфиялық шкалаларды қандай жағдайларда қолданады?

 

2.2. Тақырып. Таскелбеттік талдау және оның міндеттері

Тас келбет деп, литологиялық және палеонтологиялық ерекшеліктері бірдей қабаттарды, қабатты немесе қабаттың жеке бөлігін түсінеді. Ең алғаш осы ұғымды ғылымға енгізген швейцар ғалымы Грессли 1838жж. Тас келбеттік талдаудың келесідей әдістерін ажыратады.

Актуалистік әдіс оның негізінде актуализм ұстанымы жатыр. Осы ұстаным идеясы келесідей. Жерде әрқашан бірдей геологиялық үрдістер өтіп жатады, бұрыңғы геологиялық уақыттар және қазіргі. Сондықтан көне қабаттар арасында қазіргі тау жыныстарының аналогтарын табуға болады. Осы әдіс XIXғ кеңінен қолданылған. Әсіресе Ч.Лайелдің Геология негіздері еңбегі шыққаннан кейін. Осы еңбегінде актуализм ұстанымын униформизмге дейін жеткізген. Яғни бұрынғы геологиялық кезеңдерде қазір өтіп жатқан геологиялық үрдістер тура осындай күшпен және қайталанумен өткен. Осы ұстаным басты қателігі жердің бұрынғы күйі мен атмосфера,литосфера, гидросфера құрамының өзгеруін есепке алмау.

Осының бәрін ескере отыра орыс ғалымдары Архангельский және Страхов фация эволюциясының әдістерін қалаған. Осы әдістерде көптеген өзгерістер және олардың заңдылықтары есепке алынады. Тас келбеттерді зерттеу палеонтология және геология үшін өте маңызды. Себебі, оның қалыптасу жағдайы қай ортада өмір сүргенін көрсетеді.

 

2.3. Тақырып. Шөгінді жыныстардың таскелбеттері. Таскелбеттердің литологиялық белгілері

2.4. Тақырып. Тектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері

Жоспар:

· Тектоникалық қозғалыстар және оны тудырушы күштер.

· Зерттеу әдістері.

Жер планетасында құрлық деңгейі және сыртқы пішіні өзгеріп отырады. Оған себепкер тектоникалық қозғалыстар. Осы қозғалыстардың 2- түрі бар.

1. Баяу тербелмелі

2. Дислокациялық

Баяу тербелмелі қозғалыстар- тік бағытта жүріп отырады. Осымен трансгрессия және регрессия ұғымдары байланысты, яғни құрлық деңгейінің төмендеуінен оның сулы орта басып тастайды немесе керісінше құрлық көтерілуінен су қайтып отырады. Трансгрессия және регрессия әсерінен паралельлді стратиграфиялық үйлесімсіздік қалыптасу мүмкін. Сонымен қоса стратиграфиялық үзілістер туындуы мүмкін, яғни белгілі бір уақытта тау жыныстарының қабаттары түзілмей уақыт өте келе келесі дәуірде басқа жүйелерінің қалыптасуы.

Дислокациялық қозғалыстар- қатпарларды туындататын тектоникалық қозғалыстар жиынтығы. Олардың әсерінен бұрыштық үйлесімсіздік қалыптасады. Аталған қозғалыстарды тудырушы себептер ретінде келесілер қалыптасады:

· Магманың қозғалу әсерінен платформалардың қозғалысы.

· Мантия көлемінің көбеюінен жоғары қарай қозғалуы.

· Кедергісі аз жаққа және температура мен қысымның аз жағына қарай жылжуы.

Зерттеу әдістері – бұрынғы уақытта болған ортаны қалпына келтіру және палеогеографиялық қисық сызық құру арқылы іске асады. Аталған қисық сызық құру арқылы іске асады.Аталған қисық сызық арнайы кестеде орналасады. Осы кестенің сол жағында биономиялық белдемдер мен құрлықтық биіктік бойынша жіктеу көрсетіледі. Ал оң жағында белгілі бір ауданға тиесілі геохронологиялық реттілік. Кестені толтыру тау жыныстарын талдау арқылы іске асады. Палеонтологиялық және литологиялық ерекшеліктер кестедегі нүктенің орналасуын дәлелдейді. Бүкіл талдау аяқталғаннан соң нүктелер бір- бірімен қосылып палеогеграфиялық қисықты қалыптастырады.

Тектоникалық қозғалым амплитудасы- палеотектоникалық қисық сызық. Оны орындау белгілі бір масштабта жүзеге асады. Көбінесе аталған кестеде 2 сызы параллель болады. Бірақ қалыңдығы үлкен болған жағдайда палеотектоникалық қисық сызық төмен бағытталады.

Палеотектоникалық және палеогеграфиялық қисық сызық тарихи геология үшін өте маңызды. Себебі: оның қалыңдығын, жатысын білуге болады және қай жерлерде жыныстардың беткі бөлігінің шайылу тұстарын көруге болады. Қай уақыт аралығында қандай тау түзулер және жазық жердің пайда болуын көреміз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Тектоникалық қозғалыстар қалай жіктеледі?

2. Тектоникалық қозғалыстардың жасын қалпына келтіру үшін, үзілістер мен сәйкессіздіктерді талдаудың мәні қандай?

3. Жер қыртысы қозғалысының сипатын қалпына келтірудің қандай әдістері бар?

 

III Бөлім. Тарихи геология.

3.1. Тақырып. Материктерді геотектоникалық аудандау

Жер бедері мен жер қыртысының ішкі құрылысы бір- бірімен өте тығыз байланысты. Құрлықта кездесетін географиялық элементтер:

· Таулар

· Жазықтар

· Ойысты алқаптар және т.б

Олардың пайда болуы физико механикалық қасиеттерімен байланысты. Осыған орай геологияда жер қыртысының 2 басты элементін ажыратады.

· Геосинклиндер

· Платформалар

Геосинклиндер деп - ұзыннан ұзақ созылып жатқан геологиялық үрдістер. Эндотектілері белсенді өтетін ірі тектоникалық элемент.

Геосинклинді облыстар әдетте платформалар немесе платформалық облыстарда орналасып үлкен қашықтықта созылып жатыр. Геосинклинді белдемдер құрамында әр – түрлі уақытта геосинклинді облыстар қалыптасады. Геосинклинді облыстар деп- терең геосинклинді ойыстардан құралған, құрамында өте қалың (30-40км) шөгінді және жанартаулы, жанартау текті шөгінді жыныстар қалыптасатын және тектоникалық қозғалыстармен магмалық үрдістер қарқын дамитын жер қыртысының бөліктері. Осы облыстардың даму барысында олар қатпарлы облыстарға айналады.

Геосинклинді ойыстар - олар геосинклинді облыстардың негізгі құраушы элементі. 2 түрі бар:

· Эвгеосинклиндер

· Миогеосинклиндер

Эвгеосинклиндер - (эв- нағыз) өте ірі терең үзілмелі бұзылымдардың бойымен дамитын ойыстар. Осы аудандарда эндотекті үрдістер көптеп өтеді.

· Магматизм

· Метаморфизм

· Дизъюктивті дислокациялар.

Миогеосинклиндер (мио- аралық) алғашқылармен салыстырғанда үлкен тереңдікке бармайды және олар үзілмелі бұзылымдармен шектелмейді оларға карбонатты және сазды түзілімдер тән. Магматизм не мүлдем өтпейді немесе сирек кездесіп әлсіз түрде байқалады.

Геосинклинді ойыстардан басқа геосинклинді облыстардың құрылысында келесідей элементтерді ажыратады.

· Геоантиклинді көтерілімдер

· Орталық массивтер

· Терең үзілмелі бұзылымдар.

 

Геоантиклинді көтерілімдер – олар геосинклинді ойыстар арасында араласып олармен салыстырғанда аумағы көтеріңкі болады. Көптеген жағдайда теңіз деңгейінен шығыңқы болады сол себептен денудация көптеп өтіп қалыптасатын түзілімдер кенетіп отырады. Осы жағдайдан стратиграфиялық үйлесімсіздіктер мен шөгінділер мен түзілімдер қалыптасудағы үзілістер жиі байқалады.

Орталық массивтер – геосинклинді облыстарда қалыптасатын негіз ретінде қарастырылады.

Терең үзілмелі бұзылымдар жүйесі – геосинклинді облыстарда өте жақсы және көптеп дамыған. Аталғандар әр түрлі элементтерден бір- бірімен шектеп ажыратып жатады.

Геосинклинді

Date: 2015-06-05; view: 2995; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию