Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттелу тарихы





 

Қазақстан ауданын зерттеу бұрыңғы кездерден белгілі ең алғаш әдеби мәліметтер Батыс Қазақстан бойынша сол маңайды зерттеген Таяу Шығыс ғалымдары. Сол зерттеулердің басты мақсаты жер бедерінің ерекшеліктерін зерттеу. Геологиялық зерттеу жұмыстарының алғашқысы 1715ж Петр І жарлығымен Бухгольц бастаған экспедициямен байланыстырылады. Осындай жұмыстар кезінде Ертіс маңайы, Тарбағатай, Зайсан және Жоңғар Алатау маңы зерттелген. Осы экспедициядан кейін Қазақстанды зерттеу көп уақытқа тоқтады. Ал жалғасымы 1815ж ғана орын тапты. Сол жылы Северцев бастаған экспедиция батыстағы мұнай ауданын ашқан. Осы экспедицияның күштерімен көптеген геологиялық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар геологиялық түсірім басталды. 1919 жылы Қарағанды көмір бассейні, Мұғалжардағы хром және никель кендері, вольфрам, молибден кендері және Қаратаудағы қорғасын және мырыш кен орындары ашылды. Геологиялық зерттеулерді жалғастыру үшін Алматыда геологиялық ғылымдар институты ашылды. Оны академик Қ.И.Сәтпаев басқарады. Қазақстан территориясы нақтылап зерттеу ҰОС – нан кейін (және сол кезде) қарқын дамыды. Көптеген геологиялық карталар сол уақытта шығарылады. Дегенмен, бар қателерді дұрыстап, геологиялық карталарды жаңартуғ жаңа кен орындарды ашу үшін 2000 жылдардан бастап ауданды геологиялық қосымша зерттеу жұмыстары 1:200 000 масштабта жүргізілуде.

Қазақстандағы геологиялық зерттеулер геология комитетінің қарамағында, аталған комитет индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрамында. 2012 жылдың наурыз айына дейін геологиялық комитетті Богадаев Б.А. басқарған. Ал қазіргі уақытта ҚР геологиялық ұжымдарынының ассоциациясынының президенті ретінде Тлеубердин Алтай Аблаевич.

 

Қазақстанның жер бедері және гидрографиясы.

Қазақстан ауданы Еуразияның ортасында орналасқан. Ешқандай мұхитпен тікелей байланысы жоқ. Физикалық – географиялық жағдайлары біркелкі және алуан түрлі. Климатыда ерекше. Максималды нүктесі Оңтүстік – Шығыстағы Хан Тәңірі шыңы (6995м). Минималды нүктесі Каспий маңы ойпатында орналасқан Қарақия (-132м). Басым көпшілік ауданын жазық далалар алып жатыр. Биік таулар тек қана Шығыс, Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыста. Сулы бассейндер келесідей:

Өзендер: Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Сарысу, Нұра, Талас, Тобыл, Аягөз және т.б.

Қазақстандағы көлдер саны 48000 астам. Олардың басым көпшілігі ұсақ және кейбіреулері жазда тартылады. Ірілері: Каспий, Арал (солт), Балхаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл. Аталғанғандардың ішінде Балхаш ерекше болып табылады. Себебі: екіге бөлінген, солтүстігі – ащы, оңтүстігі – тұщы. Бұрыңғы геологиялық кезеңдерде Каспий мен Арал байланыстқан деген көзқарас бар. Арал өз тарихында 5 рет тартылып қайта қалпына келіп отырған. Өазіргі көлдер шөгінді бассейндер болып табылады. Сол себептен олардың маңайларында мұнай және газ алқаптары көптеп қалыпастырылған. Әсіресе, Каспий және Арал маңайыжәне аз мөлшерде Теңіз, Балхаш, Зайсан маңайы.

 

Геотектоникалық аудандау.

Геология және тектоника тұрғысынан Қазақстанның территориясы Шығыс Еуропалық көне платформа және Орал – Моңғол қатпарлы белдем қарамағында. Аталған екі ірі бірліктердің шекарасы ірі үзілілмелі бұзылымдар ретінде көрсетілген. Осы бұзылымдардың көбі қалың шөгінді тыспен жамылған. Шығыс Еуропалық платформаның Қазақстандағы бөлігі Каспий маңы ойпаты болып табылады. Осында шөгінді тау жыныстар үлесі басым, оның төменгі бөлігі AR және PR қатпарлы кешендерімен құрылған, жоғарғы бөлігі R, PZ, MZ, KZ шөгінділерімен көрсетілген.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Аймақтық геологияның және оның бөлігі – Қазақстан геологиясының міндеттері неден көрінеді.

2. Терең қойнауларды оқып білудегі зерттеудің физикалық әдістерінің және барлаудың ролі.

3. Біздің еліміздің территориясының геологиялық құрылысын танып білу үшін, терең бұрғылау не береді?

 

Зертханалық жұмыс №1

Қарапайымдылар, губкалар, археоциаттар тектүрлерін оқып білу және анықтау.

Жұмыс барысы:

1. Ағзалардың сыртқы келбетінің суретін сала отыра ағзалармен танысу.

2. Сипаттау.

3. Таснұсқаларды зерттеп, өкілдерді анықтау.

 

Date: 2015-06-05; view: 1694; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию