Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Даму тарихы





 

Палеонтология жеке ғылым ретінде XVIII – XIX ғ.ғ. шекарасында қалыптасқан.

Ғылымның негізін қалағандар:

Палеозоология:

1. Кювье – омыртқалы қанқалы жануарларды зерттеген. Корелляция ұстанымын ойлап тапқан, яғни толық бір сүйегі арқылы бүкіл қанқасын қалпына келтіру.

2. Жан Батист Ламарк – Омыртқасыз жануарларды зерттеген

 

 

Палеоботаниканың негізін Броньяр мен Штернберг қалаған.

Бақылау сұрақтары

1. Тарихи геология нені зерттейді?

2. Тарихи геологияның міндеттері.

3. Стратиграфия нені зерттейді?

4. Палеогеографиялық реконструкциялар дегеніміз не?

5. Палеонтология ғылым нені зерттейді?

6. Қай кезде палеонтология дербес ғылым ретінде бөлініп шықты?

7. Омыртқалылар палеонтологиясының негізін қалаушы.

8. «Ағзалар бөліктерінің корреляциясы» дегеніміз не?

9. Палеоботаниканың негізін қалаушылар.

10. Тарихи геологияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.

 

I Бөлім. Палеонтология негіздері.

1.1. Тақырып. Палеонтология әдістері және жүйелеу негіздері

Жоспар:

1. Органикалық әлем және эволюция заңдылықтары.

2. Өсімдіктер мен жануарлар.

3. Теңіздер мен мұхиттардағы өмір сүру жағдайлары.

4. Теңіздер мен мұхиттардың биономиялық белдемдері.

5. Бентосты және пелагилі ағзалар.

6. Ағзалардың қазбалы қалыпта сақталу жағдайлары.

7. Жүйелеу негіздері.

Органикалық әлем және эволюция заңдылықтары.

Эволюциялық көзқарастарды бұрыннан бастап көптеген ғалымдар ұсынған. Негізгісі болып Ч. Лайель саналады. Осы тұжырымды әрі қарай дамытқан Дарвин. Эволюция заңдарының негізі:

1. Ағзалар қарапайымнан күрделіге дамиды.

2. Мүлдем жойылған ағзалардың түрлері табиғи жағдайда қайта қалыптаспайды.

 

Өсімдіктер мен жануарлар.

Аталғандар тірі ағзалар болғанымен олардың көптеген айырмашылықтары бар. Олардың негізгілері:

1. Қоректену жолдарына байланысты:

- өсідіктердің басым көпшілігі автотрофты (“автос” - өзім, “трофэ” - тағам) болып келеді, яғни фотосинтез үрдісі арқылы. Тек шыбынжұтқыш тәрізді өсімдіктер басқа ағзалармен қоректенуі мүмкін, олардың саны 300-ге жуық

- жануарлар – гетеротрофты ағзалар (“гетерос” – өзге, басқа), яғни олар басқа ағзалармен, дайын органикалық заттармен қоректенеді.

2. Қозғалуына байланысты:

- Өсімдіктер көбінесе бір орында тіркеліп өседі.

- Жануарлардың басым көпшілігі өз орындарын ауыстыра алады (қозғалу мүшелері арқылы). Аз түрлері бір орында тұрып өмір сүреді, мысалы маржандар.

 

Көбею жолдары: жынысты, жыныссыз екеуіне де қарасты.

1 – сурет. Гетеротрофты өсімдік – шыбынжұтқыш.

 

2 – сурет. Өсімдіктердің қоректену схемасы.

 

Теңіздер мен мұхиттардағы өмір сүру жағдайлары.

 

Қазіргі теңіздер мен мұхиттарда мекендеу үшін келесідей факторлар негіз болады:

1. Температура – осыған байланысты ағзалар стенотермді (“стенос” – енсіз, тар; температураның өзгеруіне төзімсіз) және эвритермді (“eurys” –кең; “thermos” - жылы; температура өзгерісіне төзімді) болып бөлінеді.

2. Тұздылық - қазіргі теңіздер мен мұхиттарда қалыпты тұздылық 3,5. Ағзалардың түрлері стеногалинді және эвригалинді (“галинос” – тұз).

3. Қысымға байланысты – стенобатты және эврибатты (“батис” – тереңдік).

4. Жарық күн сәулесі.

Теңіздер мен мұхиттардың биономиялық белдемдері.

 

3 – сурет.Теңіздер мен мұхиттардың биономиялық белдемдері.

 

Теңіздер мен мұхиттарда негізгі екі облыс бар:

1. Бентальды (бентос – тереңдік, түптік) ол үшке бөлінеді:

1) Неридті (неритос – теңіз қабықшасы) – шельфке тиесілі,ені 100 км,тереңдігі 200 – 500 м. Осы белдемнің өзі екіге бөлінеді: а) литораль – судын келіп кетуімен байланысты толып отыратын белдем. Су қайтарда құрғап отырады; б) сублитораль – неридті белдемнің қалған бөлімі осы белдемнің 200 м дейін тіршілік қарқын дамыған.Себебі, күн сәулесінің түсуі, температураның қолайлылығы және тереңдік көрсеткіші үлкен болмағандықтан қысымның төмен болуы. Бұл аймақтарда көптеген балдырлар, құрттар, шаян тәрізділер, тікентерілілер және т.б. мекендейді. Ал 200 м ден төмен күн сәулесі жетпегендіктен өсімдіктер кездеспейді.

2) Батиальды (батис - терең) - 1000 – 1500 м – ге дейін. Осы белдемде температура көбінесе тұрақты, күн сәулесі жетпейді толқындау болмайды, өсімдіктер жоқ, ал жануарлар көбісі жыртқыш. Олар қаранғылыққа бейімделген.

3) Қысым жоғары сол себептен ағзалардың пішіні жалпақталған. Көру мүшелері көп жағдайда дамымаған. Эхолокация көптеп дамыған. Көптеген жануарлар әр түрлі түсте жарқырайды.

 

2.пелагийлі – ашық теңіз сулары.

 

Бентосты және пелагилі ағзалар.

 

Теңіздегі барлық ағзалар бентосы және пелагилі болып бөлінеді:

Бентосты ағзалар: а) бекітілген – маржандар және т.б. ә) бекітілмеген – моллюскалар, кірпілер, теңіз жұлдыздары мен лилиялары және т.б.

Пелагильді ағзалар: а) нектон (белсенді жүзетін) – балықтар, киттер, акулалар және т.б. ә) планктон (қалқыма жүзетіндер) – фитопланктон, медузалар және т.б. б) псевдопланктон басқа ағзаларға жабысып орын ауыстыратын ағзалар.

 

Ағзалардың қазбалы қалыпта сақталу жағдайлары.

1. Сақталу жағдайлары

2. Сақталу пішіндері

1. Ағза қазба түрінде сақталу үшін, ең алдымен оның қанқасы болуы тиіс. Қанқа деп, кез – келген минералды құрылымды түсінеміз (теңіз кірпілерінің инелері, омыртқалылардың сүйектері, моллюскалардың қабыршақтары). Жұмсақ денелілер қазба түрінде өте сирек сақталады. Мысалы: мамонттар мен жүнді мүйіз тұмсықтардың мұздық қалдықтары, янтарьдағы әр түрлі жәндіктер мен өсімдіктер қалдықтары.

Қазба қалдықтар тез арада көмілуі тиіс үстінде жатқан тұнбалар қабаттары ауаға нақты кедергі болып табылады.

Көмілгеннен кейін ағзалық қалдықтар әр түрлі өзгерістергет ұшырайды, оның негізгілері тас нұсқалану (фоссилиялану), көмірлену.

Таснұсқалану деп тау жыныстарының құрамында көшіп жүретін минералды ерітінділердің (карбонат, пирит, фосфат) қанқалардың бос қуыстарында, тесікшелерінде шоғырлануы немесе мүлдем қанқаны алмастыру үрдісі.

Көмірлену ағзалық қалдықтардың баяу жылдамдықпен оттегінің жеткіліксіз мөлшерде қосылып, еркін көміртегінің жиналуымен сипатталатын үрдіс. Оған көбінесе өсімдіктер ұшырайды.

1. Сақталу пішіндерінің екі түрін ажыратады: 1. Сыртқы ядро 2. Ішкі ядро. Аталғандардан басқа тау жыныстарында өмір сүру іздері қалуы мүмкін, үлкен жануарлардың аяқтарының іздері және мекендеген іздері (індері).

Тау жыныстарында кездесетін ағзалық қалдықтардың жалпы жиынтығын ориктоценоз деп атайды (ориктос – қазба, кэнос – жалпы). Ориктоценоз екіге бөлінеді танатоценоз және тафоценоз.

Танатоценоз – жиналған ағзалардың белгілі бір антропогендік әрекеттерде өлуін айтамыз (танатос – өлім)

Тафоценоз – жиналған ағзалардың өз өлімімен өлуі. (тафос – мәйіт).

 

Жүйелеу негіздері.

Ағзаларды жүйелеу теориясымен тәжірибесі таксономия деп аталады (“taxis” –тәртіп). Таксономияда екі ұғымды ажыратады: таксондар және таксонометриялық бірліктер. Таксондар жекеленген атаулар болып табылады, мысалы: MOLLUSCA тектүрі. Таксонометриялық бірліктер ағзалардың атауынсыз, олар тек санатын білдіреді, мысалы: тектүрі, тобы.

Қазіргі уақытта таксонометриялық бірліктердің негізгі он екі атауы бар:

1. Түрі (орысша – вид; лат. - species)

2. Тегі (род; genus)

3. Триба (триба; tribus)

4. Тұқымдас (семейство; familia)

5. Отряд (отряд; ordo)

6. Когорта (когорта; cogorta)

7. Тобы (класс; classis)

8. Тектүрі(Тип; PHYLUM)

9. Бөлім(Раздел; DIVISIO)

10. Патшалық(Царство; REGNUM)

11. Доминион(Доминион; DOMINION)

12. Империя (Империя; IMPERIUM).

Сонымен қоса (асты - sub, үсті - super, инфра - infra) қосылуы мүмкін. Мысалы: классасты – subclassis; бөлімүсті – SUPERDIVISIO; инфракласс – infraclassis. Сонда таксонометриялық бірліктер саны жүзге дейін жетуі мүмкін.

Геология үшін маңызды ӨМІР ИМПЕРИЯСЫНЫҢ (IMPERIUM VITA) келесідей бірліктері қарастырылады:

Прокариоттар патшалықүсті – SUPERREGNUM PROCARYOTA

Бактериялар патшалығы – REGNUM BACTERIA

Цианобионттар патшалығы – REGNUM CYANOBIONTA

Эукариоттар патшалықүсті (ядролы ағзалар) - SUPERREGNUM EUCARYOTA

Өсімдіктер патшалығы – REGNUMPHYTA

Саңырауқұлақтар патшалығы – REGNUMFUNGI

Жануарлар патшалығы – REGNUMZOA (ANIMALIA).

 

Бақылау сұрақтары:

1. Органикалық әлем эволюциясы дегеніміз не?

2. Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығы.

3. Биоценоз деп нені атайды?

4. Теңіздер мен мұхиттардағы тіршілік жағдайлары.

5. Теңіздік биономдық аймақтары.

6. Мұхит түбіндегі ең төмен нүкте.

7. Литораль және сублитораль қандай биономдық аймаққа кіреді?

8. Планктон деп нені атайды?

9. Систематика негіздері.

10. Ағзалардың сақталу формалары.

 

1.2. Тақырып. Қарапайымдылар, губкалар, археоциаттар

Жоспар:

Date: 2015-06-05; view: 3344; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию