Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырыбы: «Реле және оның түрлері, құрылысы, жұмыс істеу принципі»
Энергетика, оның ішінде автоматика жүйелеріндегі ең көп тараған элементтердің бірі реле болып табылады. «Реле» -дегеніміз ол автоматика құрылғысы. Бұл құрылғы өзінің кіре берісіндегі сигнал белгілі бір деңгейге жеткенде ол жұмысқа қосылып, басқаратын тізбекті қайта қосады.
А- ТҮРЛЕНУІ: а) кіре берісі сигналының түріне байланысты: - электрлік (тоқ, кернеу, жиілік, т.б.) релелер; - механикалық (қысым, деңгей, т.б.) релелер; -оптикалық (жарық күші, жарықтандыру, т.б.) релелері; -жылулық (температуралық) релелер; б) орнындайтын қызметіне байланысты: - бақылайтын (контрольные); - іске қосатын (пусковые); - орындаушы (испольнительные); - аралық (промежуточные); - қосу-ажырату (комутациялық), т.б. в)қолданылатын саласы бойынша: - телефондық; - авиацияға арналған; - жалпы- өндірістік автоматикада қолданылатын, т.б. г)жұмысқа қосылу шапшаңдығы бойынша: - өте шапшаң жұмыс істейтін (әсер ететін), олардың ; -шапшаң жұмыс істейтін, ; -қалыпты релелер, ; -баяу жұмыс істейтін, ; -уақыт релелері, ;
Жоғарыда аталған релелер ары қарай тағыда бөлінуі мүмкін, мысалы электрлік релелер: - тоқ түріне байланысты: а) айнымалы тоқ релесі; б) тұрақты тоқ релесі. - тоқтың бағытынан жұмыс істеуіне байланысты: а)бейтарапты (нейтральные); б)поляризациаланған (поляризованные). - басқарылатын тізбекке әсер ету сипаты бойынша: а)түйіспелі (контактные); б)түйіспелісіз (бесконтактные). - жұмыс істеу принципіне байланысты: а)электромагниттік; б)магниттік; в)магнито-электрлік; г)индукциондық, т.б. Осылармен қатар релелер орамалары санына байланысты (1 орамалы, 2орамалы, т.б.); түйіспелер санына; якорьдың қозғалыс түріне байланысты, магнит ағыны тізбегіне, өзекшенің көлденең қимасына байланысты тағыда бөлінеді.
Б-РЕЛЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ.
Қарапайым реленің құрылысы 1-суретте бейнеленген. Жұмыс істеу принципі: катушка -1 арқылы басқарушы тоқ жүрген кезде ол тудырған магнит ағыны өзекше-2, ярмо-3, якорь-4 және өзекше мен якорь аралығындағы ауа кеңістігі «б» арқылы жүре бастайды. Осының әсерінен төмен бағытталған Ғм – электромагниттік күші пайда болады, оның шамасы пружинаның серпімділік күшінен Ғпр артық деңгейге жеткенде (Ғм >Ғпр) якорь өзекшеге тартылады да түйіспелер -5 бір-бірімен қосылады. Якорьға латуннан жасалынған пластинка (штифт)-6 бекітілген, бұл металл бөлік реле сөнген кезде якордың өзекшеге жабысып қалмауын қамтамасыз етеді. Реленің магнит ағыны жүріп тұратын бөлшектері (өзекше, ярмо, якорь) электромагниттік болаттан жасалынады. Бұл металдың басты қасиеті – ол арқылы магнит ағыны жүріп тұрғанда тұрақты магниттің ролін атқаруы. Реленің орамасында тоқ жоқ кезде оның якорі қалыпты жағдайда қайтару пружинасының -7 жәрдемімен ұсталынып тұрады. ТМД мемлекеттерінде қазіргі кезеңде электромагнитті релелердің келесі маркаларын шығарады: РКН; РКМ; МКУ-48; РСМ; РП-4; РП-5 және РП-7.
Date: 2015-05-23; view: 11267; Нарушение авторских прав |