Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Екі жақтан қоректену желілері





Тұйықталу желісінің қарапайым түрі екі жақтан қоректену желісі болып табылады, яғни энергия тұтынушыға екі жақтан берілен желі (сур. 1, а). Екі жақтылы қоректену желісіжеке жағдай болып сақина жатады. (сур.1, б). Тұйықталған желінің басты артықшылықтары:

Жұмыс сенімділігі. Қорек көздерінің біреуі істен шыққан кезде (А1 немесе А2) бүлінген объектіден ажыратуға қажетті қысқа уаққыттың үзілістен кейін барлық жүктеме энергияны басқа қорек көзінен ала береді. Бұл желінің кез-келген аймағындағы апатқа да кіреді. Мысалы, А1а аймағы бүлінген кезде барлық тұтынушылар А 2 қореккөзінен қоректене береді. Сәйкесінше басқа бүліну кезінде, мысалы аймағында да. Оны өшіріп қойғаннан кейін тұтынушылардың бір бөлігі энергияны бір қореккөзінен, ал екінші бөлігі – басқа қорек көзінен ала береді.

Икемділік. Жүктемелердің қысқа уақыттық соққылары немесе олардың ұзақ өзгерістері тұйықталған желіде тұтынушылар кернеуінің кішкене тебелісі мен кішкене кернеу шығындарын тудырады, ажыратылғанға қарағанда.

Қуат шығындары. қоректендіруші пунктерінің кернеулері бірдей болған кезде тұйықталған біртекті желідегі қуат шығындарының қуатының табиғи тармақталуының салдарынан минималды болып шығады. Жүктемелерді өзгерту процесіндегі (ол жүктемелер үздіксіз өзгереді) қуаттың асыра токтарының еркін өзгерістері қуаттардың тұйықталған жұмысы кезінде желі аймақтары бойынша тиімді тармқталуын (токтардың) қамтамасыз етеді. Токты бөлу деп аталатын нүктелер тұйықталған желі бойынша еркін орын ауыстырады. Ал сол кезде тұйықталған желінің «бөлінуімен» алынған токтардың тармақталуы болса ықтиярсыз.

Қоректену пунктерінің әртүрлі кернеулері потенциалдар айырымынан пайда болған теңестіргіш деп аталатын токтар құрайды. Бұл токтар қосымша, кейде едәуір қуат шығындарын береді.

Түбегейлі жаңартылмаған желілерді дамыту мүмкіндігі. Қуаттың тұйықталған желіде еркін қайта тармақталуынан өткізу қабілеттілігін жоғарлату мүмкіндігіне ие, яғни өсуі мүмкін, ал желіні жаңарпасақ та болады. Мұның бәрі әрине жүктемелердің нақты аралықта өсуінен әділетті. Сурет 1а суретті қарастырғанымызда жүктемелер қандай жолдармен қоректенетіні түсініксіз. Мысалы қуат жүктемеге қай жақтан ағып өтетіні. Қоректендіргіш пункті қиюға болады немесе барлығының кернеуі бірдей болса бірнеше қоректендіргіш пунктері бір пунктіге қосуға болады. Сурет 1-де сақина көрсетілген. А қоректендіргіш пункті кесіп, А1 және А2 ені пунктті желі алуға болады (сурет 1.б).

Тиым салу әдісі екі режимді анықтап, тиым салуға алып келеді: UA1=UA2 кездегі режимді I жүктемелерді ескере отырып және UA1≠UA2 кезіндегі ағымның II режимді ескермей.

I режим. UA1=UA2 кезіндегі ағынның тармақталуы (7) немесе (8)-ге сәйкес орналасады; сурет 3, б –да осы режим үшін табылған I1, I2, I3, токтары көрсетілген.

II режим. UA1≠UA2 кезіндегі бұ ағынның тармақталу режимі потенциалдар айырымымен пайда болған теңестіргіш токты тауып алуға алып келеді (сурет 3, в)

(1)

немесе теңестіргіш қуатты

(2)

Осы кезде шамамен UФ=UФ.ном деп қабылдауға болады. Толық ағынның тармақталуы токтардың бағытын ескергендегі қосындысымен орналасады (қуат).


Мұндай желінің шығындары теңестіргіш қуатт есепке алып (3) бойынша табылуы мүмкін (теңестіргіш токты).

Қоршаған ортаға әсері

Энергетиканы жекелеген жүйе ретінде қарастыруға және экономикалық тиімділікті энергетикадан анықтауға болмайды, өйткені ол еліміздің тіршілік әрекетінің глобальды жүйесіне ішкі жүйе ретінде кіреді. Қазіргі кезде қоғамның дамуы мен өмірі барлық халықшаруашылықпрогресін анықтайтын энергетикасыз мүмкін емес. Алайда экономикалық мәселелерді қарастырған кезде энергетиканың қоршаған ортаға деген кері әсерінде ескерген орынды.

Электр энергетикасының негізгі кері әсерлері мыналар болып табылады:

1) ауаның, судың және жер қабатының, отынды жылу электр станцияларында жаққан кездегі газдар, күл. Күкірт түріндегі және атом электр станцияларында қолданылатын радиактивті өаттарды көмген кезде ауаға, суға және жер бетіне бөлінетін басқа да қоқыстармен ластануы. Бұны азайту үшінжақсы отынмен арнайы тазартқыш жабдықтарын (Электр фильтрлержәне т.б.) пайдаланған жөн. Алайда атмосфераныңжалпы ластанудың 60%-ін автокөліктер, 15%-ін өнеркәсіп, ТЭЦ, ГРЭС және атомдық электр станциялары - 22% және қоқысты жағу— 3%-ін құрайды;

2) пайдаланған энергияны қоршаған ортаға бөлінген газдардың жылу түрінде бөлуі және суық судың қызуы.

Егер электр станциялары, қалалар және өнеркәсіп сегізінші бесжылдықта қабылданған техникалық шешімдер негізінде дамығанда, онда «бұл жағдайда 2000 жылғы жылу станциялары территорияны еліміздің қоныстанған бөлігінідегі территорияны ластаған болатын еді». Одан бөлек, шамамен 4,19*1010 ГДж қоқыстармен бағаланатын суаттардың жылумен ластануы суаттың температурасын 30°С –ға дейінгі жоғарлауына алып келген болар еді. Шындығында жаңа техниканы пайдалану есебінен шешімдер аса қолайлы болар еді және болады;

Адамның денсаулығына тікелей әсер етуі. Энергияны жоғары вольттық желіге жақын беру кезінде адамға және жануарларға зиянды, жүрек тамырлары мен нерв жүйесіне әсер ететін электр өрісін тудырады. Адамның электр өрісінің әсерінде болудың мүмкінді уақыты өрістің кернеулігін жоғарлатқанда азаяды. Электр өріс кернеуі 10 кВ/м болғанда адамның осы өріс әсерінде шамамен 3 сағ, ал 20 кВ/м кезінде — 15 мин-тан көп емес болады. Қазіргі кезде электр өрісінің кернеуін оны жоғары ілу жолымен, бірақ қарама-қарсы электр өрісінде азайту бойынша өңделуде, қарама-қарсы потенциалды екі беріліс желілерінің өткізгіштерін жақындату; қарама-қарсы рольді құру тростарын пайдалау және т.б.


Электр энергиясының сапасы

Жалпы ережелер

Электрэнергиясы, ерекше өнім түрі сияқты, оны әртүрлі өндірістік процестерде жарамдылығын талдап беретін нақты сипаттамаларға ие.

Электр энергиясының қабылдағыштары оған қойылған функцияларды орындауға қабілетті сипаттамалар жиынтығы электр энергия сапасыдеген жалпы ұғымға біріккен.

Соңғы жылдары электр энергиясының сапасы электр энергия шығынына, электрмен жабдықталу жүйесінің сенімділігіне, өндірістің технологиялық процесіне елеулі түрде әсер етеді.

Еңбек өнімділігін соңғы өнеркәсіп салаларынада жоғарлатуға деген ұмтылыс және де технологиялық процестердің күделене түсуі реттелетін вентильді электрөткізгіштерін, қуатты доғалы пештерді, пісіру қондырғыларын кеңінен пайдалануды қамтамасыз етеді. Осы тұтынушылар жұмыстарынының сипатты ерекшелігі олардың қоректендіруші желі электр энергиясының сапасына әсер етуі болып табылады. өз кезегінде электр жабдықтардың қалыпты түрде жұмыс істеуі қоректнедіруші жүйесінің электр энергиясына тәуелді. Электр жабдықтармен қоректендіру жүйесінің өзара әсерін бірлестік деп атайды.

Электрмагнитті бірлестік проблемаларының шешімі электр энергия сапасының тиімді көрссеткіштерін анықтаумен ұстануға байланысты, ол кезде электр энергиялар: экономикалық, математикалық және техникалық болып бөлінеді.

Экономикалық мәселелер өөнеркәсіпті электр жабдықтау жүйелеріндегі сапасыз электр энергия шығындарын есептеу әдістерінен тұрады. Техникалық аспектілер электр энергия сапасын жақсартатын техникалық құралдар мен шараларды өңдеуді және де сапаны бақылау мен басқару жүйесін ұйымдастырудан тұрады.

МЕСТ13109-67-ге сәйкес электр энергия қабылдағыштарының сапа көрсеткіштері болып келесілер қаблданаған:


Бірфазалы токты электр желісінен қоректену кезіндегі: жиіліктің ауытқуы, кернеу өзгерісінің тербелу шегі, кернеудің синусойдалық емес коэффициенті;

үшфазалы токтың электр желісінен қоректену кезінде:жиіліктің ауытқуы, кернеудің ауытқуы, жиілік тербелісінің тербелу шегі, кернеу өзгерісінң тербелу шегі, кернеудің тең әсерсіздік коэффициенті;

тұрақты токтың электр желісінен қоректену кезінде: кернеудің ауытқуы, кернеудің өзгеруінің тербелу шегі, кернеудің пульсациялау коэффициенті.

Электр энергия сапасының көрсеткіштер мәндері бекітілген уақыт кезеңінде интегралды ықтималдылығы 0,95 мүмкінді аралықта орналамсады.

Өнеркәсіп мекемелерін электрмен жабдықтау үшін келесі өлшеу периодтағы олардың бақылануы қарастырылады:

1) кернеудің ауытқуын бақылау кезінде:
а) бес күндік жұмыс апталы мекемелермен бір жұмыспен демалыс тәуліктегі энергия жүйелерінің тораптары үшін;

б) үздіксіз өндірістік кем дегенде бір тәулікті мекемелер үшін;

в) қалған барлық жағдайлар үшін – кем дегенде екі жұмыспен бір демалыс күндік;

2) кернеудің синусойдалы еместік коэффициентін, кернеудің өзгеруінің тиісті шегі, жиілік тербелісінің тербелу шегін бақылау кезінде;

а) Электр доғалы болатты балқыту пешті электр желілерінде – кішкене жүктемелер периодында 30 мин бойы (балқу периоды);

б)электр доғалы қондырғы және байланыс пісірмелі электр желілерінде 30 мин бойы;

в) қыспақты прокаттау станды электр желілерінде – ең үлкен кернеу тербелісінің пайда болу периодында 1 сағат бойы;

г) қалған барлық жағдайларда – бір тәулік бойы;

 

3) кернеудің симметриялы емес коэффициентін бақылау кезінде:

а) «тыныш» режимде (кедергі пештері, электршлакты қайта балқыма және т.б.) жұмыс істейтін бірфазалы жүктемелі желілерде - ең үлкен жүктемелер периодында 1 сағат бойы;

б) бірден айнымалы режимде жұмыс істетін бірфазалы жүктемелі желілерде(электр доғалы болатты балқыту пештері, ауырлық жүктемелері, электр доғалы мен байланыты электр пісіру және т.б.) - ең үлкен жүктемелер периодында 1 сағат бойы;

в) барлық қалған жағдайларда – бір тәулік бойы;

кернеудің теңсіздік коэффициентін бақылау кезінде – бір тәулік ішінде;

түзеткіш кернеуінің пульсациялау коэффициентін бақылау.

Электр энергия сапасын қоректендіруші желісінің құралдарымен немесе жобалау және пайдалану мекемелерінің негізіндегі қосымша сәйкес жабдықтарды пайдалану арқылы жақсартуға болады.

Негізінде техникалық талаптармен дәлелденген шешімдер бөлігі жалбы болып табылады және берілген нұсқаулар негізінде қабылдануы тиіс. Басқа жағдайларда нақты шарттар (ірі ұрмалы жүктемелердің бар болуы шешімнің ерекшелігі болып санала алады) жіктемесін ескереді.

Электр энергиясының сапасының мәселелері осы кезде жүріп жатқан құрылысты тиянақты түрде өңдеумен оқып білуін талап етеді. Ерекше қиындықтар электр желілерінде қажетті өлшеу аспаптарының болмауынан және өлшеу әдістерін өзгерту қажеттілігінен дәмеленген. Бұл, мысалы, өз кезінде статикалық аспаптарды және алынатын ақпарттың сәйкес өңделуін талап кеткеен кездейсоқ сипатпен байланысты – ықтималды статикалық әдіспен есептеу әдістерін пайдалану.

Қосымша әдебиет 6 (121-130)

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай желілер екі жақын қоректендіргіш деп аталады?

2. Екі жақын қоректену желісінің қандай артықшылықтары бар?

3. Электрэнергетика қоршаған ортаға қандай әсер тигізеді?

4. Қандай сапалы көрсеткіштерді білесіздер?

5. Тұйықталған желінің басты артықшылықтыры қындай?

 







Date: 2015-05-23; view: 2470; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию