Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 6 page





13. Мына құбылыстардың қайсысы инфляцияның пайда болуына себеп болмайды?

A) Ақша эмиссиясын мемлекеттің монополизациялауы. B) Кәсіподақтардың жалақы көлемін белгілеудегі монополиялық үстемдігі. C) Ірі фирмалардың өндіріс шығындарына монополиясы. D) Бағаны әкімшіліктік бақылау. E) Жинақтау көлемінің өсуі.

14. Қай құбылыс экономикаға сұраныс инфляциясын әкелмейді:

A) әскери шығынның артуы; B) инвестициялық шығынның артуы;

C) еңбек өнімділігінің азаюы; D) салықтың азаюы; E) пайыз мөлшерлеменің қысқаруы.

15. Оукен заңы бойынша:

А) Нақты ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында кері тәуелділік болады. В) Номинал ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында тура тәуелділік бар. С) Нақты ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасаында тура тәуелділік бар. D) Номинал ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасанда кері тәуелділік бар. Е) Нақты ЖҰӨ деңгейі мен инфляция арасында тура тәуелділік бар.

16. Дезинфляция дегеніміз – бұл:

А) Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі.

В) Ұлттық валюта бағамының ресми түрде төмендеуі.

С) Айналысқа қажетті ақшалардың, тауарлар мен қызметтердің жетіспеушілігі.

D) Бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі немесе ақшалардың сатып алу қабілетінің жоғарылауы.

Е) Ұлттық валюта бағамының ресми түрде жоғарылауы.

17. Толық жұмысбастылық дегеніміз – бұл:

A) Барлық еңбекке қабілетті халықтың жүз пайыз жұмыспен қамтылуы.

B) Табиғи жұмыссыздықтың орын алмауы.

C) Құрылымдық жұмыссыздықтың орын алмауы.

D) Фрикциондық жұмыссыздықтың орын алмауы.

E) Инфляция қарқыны төмен болған жағдайда ғана жұмыспен қамтылудың толық орындалуы.

18. Инженер К. Смирнов неғұрлым көпақылы жұмысқа орналасу үшін «ПОК» фирмасынан кетті. Бұл қандай жұмыссыздықты білдіреді:

A) Фрикциондық және құрылымдық. B) Циклдық. C) Фрикциондық. D) Құрылымдық. E) Фрикциондық және циклдық.

19. Жұмыс күші – бұл:

А) Жұмыспен қамтылғандар.

В) Жұмыспен қамтылғандар – жұмыссыздар.

С) Экономикалық белсенді тұрғындар – жұмыссыздар.

D) Мемлекеттің барлық тұрғындары.

Е) Жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар.

20. Инфляцияның қарқынына қарай мынадай түрлері болады:

А) Баланстанған және балансталмаған.

В) Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы.

С) Күтілетін және күтілмейтін.

D) Баяу, секірмелі және ұшқыр инфляция.

Е) Экспортталған және импортталған.

21. Жұмыссыздықтың пайда болу себебін жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен туындайды деп түсіндірген кімдер?

А) Монетаризм өкілдері. В) Кейнстік бағытты жақтаушылар.

С) Мальтузиандықтар. D) Классиктер. Е) Неоклассиктер.

22. ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасында қандай тәуелділік бар?

А) Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ азаяды.

В) Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өседі.

С) Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өзгермейді.

D) Жұмыссыздық өзгермейді, ЖҰӨ азаяды.

Е) Олардың арасында ешқандай тәуелділік жоқ.

23. Дефляция дегеніміз – бұл:

А) Ұлттық валюта бағамының төмендеуі. В) Экономикада бағаның жалпы деңгейінің төмендеуі. С) Инфляция қарқынының төмендеуі. D) Ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі. Е) Экономикада бағаның жалпы деңгейінің өсуі.

24. Егер, баға деңгейінің өсімі жылына 200%-ға дейін болса, онда орын алатын инфляцияның түрі қандай?

А) Айқын инфляция. В) Жасырын инфляция. С) Ұшқыр инфляция.

D) Созылмалы инфляция. Е) Секірмелі инфляция.

25. Жұмыссыздар деңгейі жұмыссыздар санының кімдердің санына проценттік қатынасымен анықталады:

A) Еңбекке қабілетті тұрғындардың.

B) Жұмыс күші құрамынан уақытша шығып кеткендердің.

C) Жұмыс істегілері келетіндердің.

D) Еңбектен тыс табыс алатындардың.

E) Өздері қызмет ететін тұрғындардың.

26. Уақытша ауырып, жұмыс істей алмайтын адам:

А) Жұмыссыздыр қатарына жатады.

В) Жұмыс күші құрамына есептелмейді.

С) Жұмыспен толық қамтылмаған болып есептеледі.

D) Жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады.

Е) Экономикалық белсенді халықтың қатарына жатпайды.

27. Филлипс қисығы нені сипаттайды?

А) Инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің қысқа мерзімдегі кері байланысын.

В) Инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің ұзақ мерзімдегі кері байланысын.

С) Ақша ұсынысы мен номиналды жалақы арасындағы кері байланысты.

D) Инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің қысқа мерзімдегі тура байланысын.

Е) Ақша ұсынысы мен номиналды жалақы арасындағы тура байланысты.

28. Стагфляция – бұл экономикада болатын ауыр жағдай, мұндай құбылыс кезінде:

A) Инфляция өседі, ал жұмыссыздық төмендейді.

B) Жұмыссыздық өседі, ал инфляция төмендейді.

C) Жұмыссыздық та, инфляция да өседі.

D) Жұмыссыздық та, инфляция да төмендейді.

E) Өнім шығару көлемі қысқарады.

29. Елдегі бағаның жалпы деңгейінің өсуін қалай атайды?

А) Стагфляция. В) Стагнация. С) Құлдырау. D) Инфляция.

Е) Сеньораж.

30. Жиынтық сұраныстың тапшылығы мынаған әкеледі:

А) Фрикциондық жұмыссыздықтың өсуіне.

В) Циклдық жұмыссыздықтың өсуіне.

С) Құрылымдық жұмыссыздықтың өсуіне.

D) жұмыссыздықтың өсуіне.

Е) Технологиялық жұмыссыздықтың өсуіне.

31. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз не?

А) Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі.

В) Толық емес жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі.

С) Құлдырау кезіндегі жұмыссыздық деңгейі.

D) Экономикада жұмысқа қабілетсіз адамдар санының өсуі.

Е) Экономикадағы жұмысқа қабілетсіз адамдар санының ең төменгі деңгейі.

32. Елдегі инфляция қарқының көрсеткіші – бұл:

А) Валюталардың сатып алушылық қабілетінің паритеті.

В) Атаулы айырбас бағамы.

С) Тұтыну бағаларының индексі.

D) Сыртқы сауда индексі.

Е) Алалау индексі.

33. Сұраныс инфляциясы келесідей сипатталады:

A) Шикізатқа бағалардың өсуімен. B) Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен.

C) Нақты өндіріс көлемімен салыстырғанда жиынтық сұраныстың артықшылығымен.

D) Инвестициялардың төмендеуімен. E) Жиынтық ұсыныстың қысқаруымен.

34. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс берілген:

А) Фрикциондық жұмыссыздық табиғи және ерікті жұмыссыздық болып табылады.

В) Фрикционды жұмыссыздық құрылымдыққа қарағанда қысқа мерзімді емес.

С) Фрикционды жұмыссыздық технологиялық өзгерістерге байланысты.

D) Фрикционды жұмыссыздыққа маусымдық кіреді.

Е) Фрикционды жұмыссыздық экономикалық цикл фазасына байланысты.

35. Қайта мамандануды қажет ететін жұмыссыздарды келесі түрге жатқызады:

A) Фрикциондық. B) Құрылымдық. C) Циклдық. D) Ерікті.

E) Мауымдық.

36. Жұмыссыздықтың пайда болу себебін халық санының өсуімен байланыстыратын қандай теория?

А) Неокейнстік теория. В) Неоклассикалық бағыт. С) Қазіргі мальтузиандық бағыт. D) Ұсыныс экономикасын жақтаушы теория. Е) Жаңа классикалық теория.

37. Инфляция мен жұмыссыздық арасында қандай өзара байланыс бар:

A) Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция өседі.

B) Жұмыссыздық өскенде, инфляция да өседі.

C) Жұмыссыздық өскендеі, инфляция өзгермейді.

D) Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция төмендейді.

E) Жұмыссыздық пен инфляцияның арасында ешқандай өзара байланыс жоқ.

38. Инфляцияны қандай пайыздық мөлшерлеме есепке алады?

A) Нақты мөлшерлеме. B) Номиналды мөлшерлеме. C) Сыйақы мөлшерлемесі.

D) Коммерциялық банктің мөлшерлемесі. E) Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.

39. Оукен заңына сәйкес, жұмыссыздықтың нақты деңгейінің оның табиғи деңгейінен 2 пайыздық жоғарылауы, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің әлеуетті көлемінен қаншаға қалуын көрсетеді:

A) 2%. B) 4%. C) 3%. D) 5%. E) 5% - дан анағұрлым жоғары.

40. Жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай «түңілгеннен» кейін жұмыс орнын іздеуді тоқтатқан адамдар:

А) Жұмысшы күшінің құрамында алдағы уақытта есептелмейді.

В) Фрикциондық жұмыссыздық шамасында есептелінеді.

С) Күтілген жұмыссыздық шамасында есептелінеді.

D) Еңбекақы туралы заңдарға сәйкес жәрдемақы алады.

Е) Халықтың экономикалық белсенді қатарына жатпайды.

41. Жұмыссыздыр саны – бұл:

А) Қазіргі кезде жұмыс күші құрамындағы тұлғалар саны мен жұмыспен қамтылғандар арасындағы айырмашылық.

В) Жұмыс күші ішіндегі жұмыссыздар бөлігінің пайыздық деңгейі.

С) Жұмыс іздемейтін адамдар саны.

D) Циклдық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейі.

E) Елдегі тұрғындар саны минус жұмыспен қамтылғандар саны.

42. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі ненің жиынтығына тең:

A) Циклдік және фрикциондық.

B) Фрикциондық және құрылымдық.

C) Циклдік және құрылымдық.

D) Циклдік, фрикциондық және құрылымдық.

E) Циклдік және табиғи.

43. Адамдардың оқу орнын бітіргеннен кейін немесе жұмыс орнын өзгерткен кездегі жұмыссыздық түрі:

A) Құрылымдық. B) Фикциондық. C) Циклдық. D) Жасырын.

E) Барлық аталғандар.

44. Өндіріс шығындарының өсуінен туындаған инфляцияға төмендегі жағдайлардың қайсысы қатысты емес:

A) Жұмыспен қамтылудың және өндірістің өсуі.

B) Өнімнің әр данасының құнының өсуі.

C) Жалақы мөлшерінің өсуі.

D) Ұсыныстың азаюы.

E) Проценттік мөлшерлеменің өсуі.

45. Болжанбаған инфляциядан зардап шегетіндер:

A) Баға деңгейі төмен болған жағдайда қарыз алғандар.

B) Номиналды табыстарының өсу қарқыны бағаның өсу қарқынынан төмен болғандар.

C) Ақша жинақтағандар.

D) Тұрақты номиналды табыс алушылар.

E) Құнды қағаз иелері.

46. Егер нақты ЖҰӨ әлеуетті ЖҰӨ-ге тең болса, онда:

A) Циклдік жұмыссыздық болмайды.

B) Экономикада фрикционды жұмыссыздық болмайды.

C) Құрылымдық жұмыссыздық болмайды.

D) Циклдік жұмыссыздық орын алады.

E) Табиғи жұмыссыздық болмайды.

47. Тұтыну бағалық индексі 2000 жылы 120 %, ал 2002 жылы 150 % болды. Осы жылдар аралығындағы инфляция қарқыны қандай:

A) 25 %.

B) 125 %.

C) 80 %.

D) 20 %.

E) 30 %.

48. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 6 %, нақты деңгейі – 18 %, циклдық жұмыссыздықты анықтаңыз:

A) 12 %. B) -12 %. C) 24 %. D) 3 %. E) 1/3 %.

49. Сұраныс әсерінен болған инфляцияға қатысы жоқ жағдай қайсы:

A) Шикізат және қуат көздерінің бағаларының өсуі.

B) Жалпы сұраныстың артықшылығы.

C) Бағалардың өсуі.

D) Атаулы жалақының өсуі.

E) Ақша массасының өсуі.

50. Кейнсшілдік тұжырымдамаға сәйкес жұмыссыздық пен инфляция:

A) Тікелей тәуелділікпен байланысты.

B) Кері тәуелділікпен байланысты.

C) Байланысты емес.

D) Экономикалық жағдайға байланысты тікелей немесе кері байланыста болуы мүмкін.

E) Ұзақ мерзімде екеуі де қатар орын алады.

14-ТАҚЫРЫП

Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі. Әлеуметтік саясат

Мақсаты: экономикадағы қаржы жүйесіне және оның құрылымына тоқталып, ондағы мемлекеттік бюджет пен оның тапшылығын, мемлекеттік қарыз мәселесін талқылау, салықтардың экономикалық мәнін ашу, ақша жүйесінің құрылымын және несие-банк қатынастарын қарастыру, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясатын да тоқталу.

 

Талқылау сұрақтары:

14.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы.

14.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы

14.3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары

14.4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі

14.5 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы

 

Негізгі ұғымдар: қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік кірістер, трансферттік төлемдер, бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, салықтар, салық мөлшерле-месі, Лаффер қисығы, ақша жүйесі, ақша айналымы, ақша массасы, ақша агрегаттары, несие, банк, орталық банк, коммерциялық банктер, мемлекеттік әлеуметтік саясаты, Лоренц қисығы, т.б.

 

14.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы

Қаржы – бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Қаржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу қажет.

Қаржының атқаратын қызметтері:

1. Бөлу қызметі – қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде жасалған жиынтық өнімді экономиканың барлық субъектілері (үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет) арасында тиімді орналастыру.

2. Бақылау қызметі – бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді жүріп жатқандығы, ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады.

Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін сипаттайды, экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы саланың жағдайына тәуелді болып табылады.

Қаржы жүйесі – ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын күрделі қаржы қатынастары.

Қаржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын болғандықтан, осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері бөлініп шығады. Бұлар біріншіден, орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыратын мемлекеттік деңгей, екіншіден, орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болып табылады.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі келесі өзара байланысқан элементтерден құралады:

1) жалпы мемлекеттік қаржылар;

2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;

3) үй шаруашылықтарының (тұрғындардың) қаржылары.

Бұл жүйенің негізгі элементі ретінде жалпы мемлекеттік немесе орталықтандырылған қаржылар саналады.

Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді:

а) мемлекеттік бюджет;

ә) мемлекеттік несие;

б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.

Мемлекеттік бюджет – қаржы ресурстарының орталықтанды-рылған қорын жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.

Мемлекеттік несие – бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын көрсетеді.

Арнайы бюджеттен тыс қорлар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып орталықтандырылмаған қаржылар табылады. Өйткені, оларда мемлекеттің және субъектілер-дің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі шоғырландырылған және қоғамдық игіліктер жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық субъектілерінің қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері кіреді:

а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін субъектілердің қаржылары;

ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары;

б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары.

Сондай-ақ, орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруашы-лықтарының қаржылар жатады.

Қоғамда жасалған жиынтық өнімді бастапқы бөлу үдерісінде үй шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына келіп түсетін қаржы ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы бойынша қолданылады. Мұндай қаржылық ресурстар банктік жүйе және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары арқылы әріқарай қайта бөлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай қаржылардың қозғалысы нарықтық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп шығады.

Мемлекеттік бюджет – кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.

Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынты-ғы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі – бұл барлық бюджеттердің, ҚР Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет-тердің келесідей деңгейлері кіреді:

- республикалық бюджет;

- жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.

Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:

1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру;

2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;

3) қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық, әлеуметтік);

4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;

5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

6) әлеуметтік қорғау;

7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау.

Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:

1) бірлік принципі – ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;

2) толықтылық принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс табуы;

3) шынайылық принципі – бюджет параметрлерінің экономика-ның ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республика-сының және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі;

4) ашықтылық принципі – бюджет заңдылығы аясындағы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;

5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында алдын-ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы;

6) нәтижелілік принципі – бюджеттік бағдарламаларда көрсетіл-ген белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюд-жеттерді әзірлеу және орындау;

7) тиімділік принципі – бюджет құралдарын аз көлемде қолдана отырып ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру;

8) жауапкершілік принципі – бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;

9) бюджеттердің дербестілігі принципі - әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры-лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:

1. Бюджет табыстары:

- салықтық түсімдер;

- салықтық емес түсімдер;

- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

- трансферттердің келіп түсуі.

2. Бюджет шығындары.

3. Операциялық сальдо.

4. Таза бюджеттік несиелеу:

- бюджеттік несиелер;

- бюджеттік несиелерді жабу.

5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:

- қаржылық активтерді иелену;

- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.

6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).

7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):

- қарыздардың келіп түсуі;

- қарыздарды жабу;

- бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.

Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, оларға мыналар кіреді:

Date: 2015-05-09; view: 1498; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию