Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 1 page





Мультипликатор (латын тілінде multіplіkator – көбейтуші) – табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 жылы ағылшын экономисі Ричард Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж.М.Кейнс «Жұмыспен қамтудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультипликативтік әсер деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор = 3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранысның, жалпы ішкі өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраныс тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттілігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық мультипликатор – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы; ақша мультипликаторы – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қаншаға артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор – банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан рет пайдаланылуы арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Жиынтық сұраныстың негізгі құрауыштары қандай?

2. Жиынтық сұранысқа қандай факторлар әсер етеді?

3. Жиынтық ұсыныс қысқа және ұзақ мерзімдерде қалай қарастырылады?

4. Жиынтық ұсынысқа қандай факторлар әсер етеді?

5. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің үлгілері қандай?

6. Кейнстің психологиялық заңы нені сипаттайды?

7. Тұтынудың, жинақтаудың және инвестицияның функциялары қандай?

8. Бейімділіктің түрлері қандай?

9. Мультипликатор үлгісі нені зерттейді?

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Сэй заңдары.

2) Акселератор теориясы.

 

4. Тест тапсырмалары:

1. Ұлттық есеп - шот жүйесіндегі жинақтау көрсеткіші - бұл:

A) Жанұяның барлық активтерінің сомасы.

B) Белгілі бір мезетте алынатын, бірақ тұтынылмайтын табыс.

C) Жанұяның барлық активтерінен міндеттілік сомасының айырмашылығы.

D) Белгілі бір мезетте алынатын табыс.

E) Табыс тұтынылғаннан кейін қалатын мақсатсыз және мезгілсіз ақшалар.

2. Кейнстің психологиялық заңы қалай сипатталады?

А) Табыс өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табыстың өсуіне қарағанда кем өседі.

В) Табыс өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табыстың өсуіне қарағанда артығырақ өседі.

С) Тұтыну қолда бар табысқа тәуелді, сондықтанда табыс өзгергенде тұтыну да өзгеріп отырады.

D) Табыс өскен сайын тұтынуға деген орташа бейімділік тұрақты болып қалады.

E) Табыс өскен сайын жинақтауға деген орташа бейімділік тұрақты болып қалады.

3. Мультипликатор нені көрсетеді:

А) Инвестиция өсімінің тұтыну өсіміне қатынасын;

В) ҰТ өсіміне инвестиция өсімінің қатынасын;

С) Сұраныс өзгерісі мен баға өзгерісі арасындағы тәуелділікті;

D) Ұсыныс өзгерісі мен баға өзгерісі арасындағы тәуелділікті;

E) Инвестиция өсіміне ЖҰӨ өсімінің қатынасын.

4. Жиынтық сұраныстың құрамына не кірмейді?

C) Тұтынушының сұранысы. B) Инвестициялық сұраныс.

D) C) Мемлекет жағынан сұраныс. D) Таза экспорт. E) Таза импорт.

5. Жиынтық сұраныс дегеніміз – бұл:

А) барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары;

В) үй шаруашылықтарының және мемлекеттің жалпы сұраныстары;

С) мемлекеттің жалпы сұраныстары;

D) жоспарланған шығындар сомасы;

Е) үй шаруашылықтарының және фирмалардың жалпы сұраныстары.

6. Жинақтау төмендегідей түрде анықталады:

A) ЖҰӨ – тұтыну – салықтар.

B) Мемлекеттік жинақтау – үй шаруашылықтарының тұтынуы.

C) Экономиканың барлық шаруашылық субъектілерінің жинақталған қорларының сомасы.

D) Салықтар – мемлекеттік шығындар.

E) Ұлттық жинақтауды елдегі халық санына бөлгенге тең.

7. Айталық, инвестиция 10 млрд. теңгеге өскенде ұлттық табыс 20 млрд. теңгеге өсті. Бұл жерде мультипликатор коэффициенті қаншаға тең болады?

А) 20 млрд. В) 2 млрд. С) 30 млрд. D) 200 млрд. Е) 10 млрд.

Экономиканың циклдік дамуы және экономикалық өсу

Мақсаты: экономиканың ауытқымалы кезеңмен дамып отыруын талдау және экономикалық өсудің факторлары мен ерекшеліктерін түсіндіру, сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық өсу моделін сипаттау.

 

Талқылау сұрақтары:

12.1 Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері

12.2 Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, факторлары, негізгі үлгілері

 

Негізгі ұғымдар: экономикалық цикл, жандану, өрлеу, дағдарыс, тоқырау, қысқа мерзімді толқындар, орта мерзімді толқындар, ұзақ мерзімді толқындар, экономикалық өсу, сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары, бөлу факторлары, экстенсивті өсу, интенсивті өсу, аралас өсу, экономикалық өсудің үлгілері, т.б.

 

12.1 Циклдік толқулардың мәні мен себептері, фазалары мен түрлері

 

Қазіргі экономикалық даму ұзақ мерзімдік динамика ретінде тұрақты түрде өсу үрдісімен көрініп отырады. Алайда қысқа мерзімде сол экономикалық дамудың жағдайлары үнемі көтерілу мен төмендеу толқындарымен сипатталады. Олай болса экономикалық даму бірқа-лыпты болмайды. Макроэкономикалық динамиканың толқушылық сипаттағы заңдылықтары экономикалық (іскерлік) цикл мәселесі ретінде қарастырылады.

Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдері-мен ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.

Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясымен қатар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қарастыры-лып, экономикалық жүйенің қозғалыстарын сипаттайды. Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқуларын, тұрақсыздық-тың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі тұрақты өзгерісте-рінің факторлары мен шарттарын зерттейді. Оны төмендегі суреттен көруге болады.


Іскерлік

белсенділік

деңгейі,

ЖІӨ

шың құлдырау тірілу

түп

көтерілу

шың

құлдырау тірілу

түп

тоқырау цикл

уақыт t

Сурет 12.1 Экономикалық (іскерлік) цикл

Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде сипатталады, яғни тренд дегеніміз – бұл ұлғаймалы тенденция фор-масында көрінетін экономикалық дамудың жалпы тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Толқын тәріздес қисық дамудың біркелкі еместігін сипаттайды, қоғамның экономикалық даму кезеңінің құлдырау кезеңдерімен жалғасып отыруын көрсетеді. Көтерілу мен құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып отыруы экономика-лық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл экономикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының өзара екі бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір құлдырауға дейін) арасындағы уақыт аралығын қарастырады.

Экономикалық жағдаят – бұл экономиканың бірқалыпты, әрі өспелі тепе-теңдіктік дамуын сипаттайтын жиынтық макроэконо-микалық көрсеткіштердің өзгеру бағыты мен дәрежесі.

Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэко-номикалық тұрақсыздық мәселелеріне алғаш рет аса дәйекті түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.

Экономикалық циклдің фазалары:

а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық даму параметр-лерінің тез нашарлауымен сипатталады: өндіріс көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұмысбастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, бағалардың құлауы, өндір-гіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндірістік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай банкроттық, негізгі капитал-дың құнсыздануы);

ә) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар төмендеуінің тоқтатылуы;

б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыдықтың қысқаруы, жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелерінің өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады;

в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жоғарылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвестиция-лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, жалақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория экономикалық циклдің агрегатталған екі фазасын ғана қолданады: рецессия және көтерілу. Рецессия деп дағдарыс және құлдырау түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу және шың.

Экономикалық циклдің типтері. Экономикалық циклдің түрлерін ажыратудың объективті негіздері мыналар бола алады:

а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру кезеңділігі;

ә) негізгі капитал элементтерінің үнемі жаңарып отыруын сипаттайтын өзгерістер;

б) демографиялық үрдістермен және ауыл шаруашылығының дамуымен шартталатын өзгерістер.

Экономикалық циклдің негізгі типтері төмендегі кестеде берілген.

 

Кесте 12.1 Экономикалық циклдің типтері

Циклдің типтері Ұзақтылығы Басты ерекшеліктері мен себептері
  Дж. Китчин циклдері (қорлар циклдері) 2-4 жыл Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік толқулар.
  К. Жугляр циклдері(инвестициялық немесе бизнес циклдер) 7-12 жыл Банктердің әрекеттерінен туындайтын ақша-несие факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта мерзімдік толқулар
  К. Маркс циклдері 10 жыл Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын алатын орта мерзімдік ауытқулар
  С. Кузнец циклдері (құрылыс циклдері) 15-25 жыл Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар
  Н. Кондратьев циклдері(«Ұзын толқындар») 40-60 жыл Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар
  Форрестерлік циклдер 100 жыл Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер
  Тоффлерлік циклдер Мыңжылдықтар Өркениеттік дамулардың ұласуы

 

Қазіргі уақытта бірқатар экономистер циклдің қаржылық, аграрлық, энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, саяси деген түрлерін бөліп көрсетеді.

Экономикалық циклдердің себептері. Экономикалық циклдің пайда болу себептері туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер мен теориялар жоқ, сондықтан әртүрлі экономикалық бағыттың өкілдері экономикалық цикл туралы көзқарастарын әртүрлі түсіндіреді.

С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бетіндегі дақтардың адамдарға әсер етуімен түсіндіреді. В. Парето мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономикалық қызметтеріндегі оптимистік және пессимистік қатынастарға байланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін өндірілетін табысқа қарағанда тұтынылатын табыстың жетіспеушілігімен байланыс-тырады. М. Туган-Барановский мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-жабдықтары өндірісінің тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен деп тұжырымдайды. Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансиялаудан және шектеуден, есептік мөлшерлеменің қозғалысынан орын алатынын алға тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың артып кетуімен және инвестиция-лардың жетіспеушілігімен байланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін капитализмнің негізгі қайшылық-тарынан іздейді.

Экономикалық циклдің факторлары. Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш әдісна-малық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады.

Сыртқы (экзогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататындар: халықтың өсу қарқыны, халықтың миграциясы, ғылыми ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, әртүрлі саяси оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (әсіресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа-райы әсерлері мен табиғи апаттар, т.б.

Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйеге қатысты факторлар. Оларға әдетте тұтыну мен инвестицияны жатқызады. Сондықтанда, бұл бағытта экономикалық циклдің мәселелері сұраныс теориясы, мультипликатор-акселератор механиз-мі арқылы зерттеледі.

Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша сыртқы факторлар экономикалық циклдердің бастапқы импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фазалық толқуларға айналдырып отырады. Сол себепті ішкі факторларды сипаттайтын бағыт аса көкейкесті болып табылады. Экономикалық циклдердің пайда болуында шешуші рөлді тұтынушылық сұраныс пен инвестициялық сұраныс ойнайды. Тұтынушылық сұраныс цикл-дердің өзгерісіне салыстырмалы баяу әсер етсе, ал инвестициялық сұраныс экономикалық циклдердің басты қозғаушы күші болып табылады.

Макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайларында экономика-лық циклді реттеу үшін мемлекеттің экономикаға араласуының әдістері алуан түрлі болып табылады және олар әр кезеңде шыңдалып жетілдіріле түседі. Мемлекеттің экономиканың циклдік дамуын тұрақтандыру бойынша саясатын төмендегі кестеден көруге болады (кесте 12.2). Бұл жерде мемлекеттің макроэкономикалық саясат құралдары циклдік толқуларды жұмсарту мақсатында экономиканың тұрақтандыру саясатына айналады.

Экономиканы тұрақтандыру саясаты – бұл инфляция мен жұмыссыздық деңгейлерінің циклдік толқуларын қысқартуға және экономикалық өсу үшін қолайлы экономикалық жағдаятты жасауға бағытталған, сонымен қатар, өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейінде ұстап тұруға негізделген мемлекеттің экономика-лық саясатының кешенді іс-шаралары.

 

Кесте 11.2 Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру саясаты

Экономиканы тұрақтандыру саясатының құралдары Дағдарыс кезеңдерінде Өрлеу кезеңдерінде
Бюджет-салық саясаты Бюджет шығындарын арттыру, салық ставкаларын төмендету Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын жоғарылату
Ақша-несие саясаты Есептік ставканы төмендету, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу, міндетті резервтер нормасын төмендету Есептік ставканы көтеру, ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, міндетті резервтер нормасын көтеру
Табыстар саясаты Жалақыны арттыру Жалақыны қысқарту
Инвестициялық саясат Инвестициялық жобалардың іске асуын тездету, мемлекеттік қолдау көрсету Мемлекеттік қолдауды және инвестиция салуды тежеу
Мақсаты: Экономикалық белсенділікті ынталандыру Экономикалық белсенділікті тежеу

Қазақстан Республикасының экономиканы тұрақтандыру (дағдарысқа қарсы) саясаты.

2007 жылдың тамыз айынан орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс қазіргі жаһандану үдерістерінің тереңдеуі қарсаңында көптеген мемлекеттерді әуре сарсаңға салғаны белгілі. Осы дағдарыс әлем елдерін оның себептерін жою бойынша тиімді жолдар мен әдістерді іздеуге мәжбүр етті. Жаңа құбылыстар жағдайында осының бәрі тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілікті көтеру мақсатында ұлттық экономикалардың жандану стратегия-ларын қайта түзетуге және өз кезегінде, экономикалық саясатты жетілдіре түсуге итермеледі. Әлем елдерінің дағдарысты еңсеру бойынша қабылдаған аса маңызды іс-шараларын төмендегідей топ-тастыруға болады:

Date: 2015-05-09; view: 1178; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию