Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бірінші канал стабилизаторына есептеулер жүргізу және микросхеманы таңдау
Соңғы жылдарда микросхема - кернеудің интегралдық стабилизаторлары аса кеңінен таралды. Оның негізінде қорек көзі қосымша бұйымдардың аз санымен, төмен бағасымен және жақсы техникалық сипаттамаларымен ерекшеленеді. Олар 142, К142 және КР142 сериялы микросхемалар. Серия құрамына оң өткізгішке қосылған реттеуші элементі бар және тұрақты шығыстық кернеумен берілген стабилизаторлар кіреді. Олардың кейбіреуінің параметрлері 1-кестеде келтірілген, аса толық мағлұматты [9, 10] әдебиеттерінен алуға болады. Жобаланатын қорек көзінің бірінші каналында қолданылатын микросхемадағы стабилизаторды есептеу схемасы 2-суретте келтірілген. Есептеуге арнлағна бастапқы берілгендер мыналар: стабилизатор шығысындағы U d1 кернеу, жүктеменің I d1 тогы, кернеуді пульсациялау коэффициенті К п1.
2 сурет – Микросхемадағы стабилизаторды есептеу схемасы
Бірінші канал стабилизаторын есептеу реті мынадай: - берілген U d1 кернеуі бойынша шығыстық кернеумен сәйкес келетін микросхема (немесе бірнеше микросхемалар таңдап алынады); - берілген I d1 тогы бойынша таңдап алынған микросхемалардың қайсысы аса қолайлы екендігі тексеріледі (I ВЫХ> I d1). Үлкен шығыстық тогы бар микросхеманы таңдауға болады; - таңдап алынған микросхема үшін шығыстық кернеудің мүмкін болатын шегінен стабилизатордың U ВХ1 кірістік кернеуі таңдап алынады; - стабилизатордың кірістік тогының мәні таңдап алынады I вх1= I d1 (I вых.мах микросхеманың). I вх1= I d1 болғанда, бірінші канал жүктелуде запассыз, I вх1= I вых. мах болғанда – запаспен есептеледі. Осы екі мәннің кез келген мәнін таңдауға рұқсат беріледі. Микросхеманың өзінің жеке тогын ескермеуге болады, себебі ол өте кішкентай шама (шамамен 1 мА); - микросхеманың тегістеуші коэффициентін ескере отырып стабилизатор кірісінде пульсация коэффициенті есептеледі К’ п1= К п1× К сгл. Алынған мәндер U ВХ1, I вх1 и К’ п1 бірінші каналдың түзеткішін есептеу үшін қолданылады.
1 кесте – 142 сериялы микросхемалардың –стабилизатордың негізгі электрлік параметрлері
Date: 2015-05-09; view: 1009; Нарушение авторских прав |