Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Трансформатор параметрлерін есептеу немесе стандартты трансформаторларды таңдау
Трансформатор жұмысы электрлік токтың магниттік қасиетіне негізделген. Алғашқы ораманы 50 Гц жиілікпен берілген айнымалы токты желіге қосқанда бұл орама арқылы айнымалы ток ағып өтеді, ол ток ол орамалар арасында және трансформатор өзекшесінде айнымалы магниттік өріс тудырады. Екінші ораманың орамдары арасына өте отырып бұл өріс оларда ЭҚК тудырады. Алғашқы және екінші орамдар санының қатынасы трансформация коэффициентін, соңынан екінші орамада алынатын кернеуді (шығыстық кернеу) анықтайды. Егер екінші оарамадағы орамдар саны біріншідегіден көп болса, онда трансформатордың шығыстық кернеуі қоректендіретін желідегі кернеуден жоғары болады және мұндай орама арттырушы деп аталады. Егер де екінші орамадағы орамдар саны біріншідегіден аз болса, онда шығыстық кернеу желідегі кернеуден төмен болады да, ол орама кемітуші деп аталады. Трансформатор – ол энергияны пассивті түрлендіруші. Оның пайдалы әсер коэффициенті әрқашанда бірден кіші болады. Ол пайдаланылатын жүктеме қуаты желідегі жүктемелік трансформатордан алынатын қуаттан әрқашанда аз болады дегенді білдіреді. Ендеше, желілік (алғашқы) орамадағы ток күшіне қарағанда арттырушы орамадағы ток күші аз болады, ал кемітуші орамадағы ток күші көп болады. Екі әр түрлі трансформатордың қоректендіруші желісінің кернеулері бірдей болғанда екінші орамада бірдей кернеулер есепке алынуы мүмкін. Бірақ егер бірінші трансформатордың жүктемесі үлкен токты, ал екіншісі аз токты тұтынса, бірінші трансформатордың қуаты да көп болады. Трансформатор орамындағы ток күшін неғұрлым көп болса, оның өзекшесіндегі магниттік өріс соғұрлым көп болады және де өзекше қалыңдығы да соғұрлым үлкен болу керек. Сонымен қатар, орамадағы ток күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол аса жуан сыммен оралу керек, ал бұл өзекше терезесінің ауданын арттыруды қажет етеді. Сондықтан да трансформатор қуатынан оның көлемі (габариті) тәуелді болады, және керісінше. Нақты өлшемі бар өзекше Р Т трансформатордың габариттік өлшемі деп аталатын өзекше өлшемінің берілгені үшін шекті нақты қуатқа дейінгі трансформаторды дайындау үшін жарамды. Трансформатор өлшемі мен оның габариттік қуаты арасындағы мысалдық қатынас бар: , мұндағы S – трансформатор өзекшесінің қимасы, см2. Қандай бір басқа энергияны түрлендіргіштер сияқты, трансформаторлар пайдалы әсер коэффициентімен (ПӘК) сипатталады – трансформатор жүктемесінен алынатын қуаттың жүктемелік трасформатордың желіден алатын қуатына қатынасы. Өнеркәсіптік жиіліктің аз қуатты трансформаторларының ПӘК-і 0,8-ден бастап 0,95-ке дейінгі аралықта болады. ПӘК-нің аса үлкен мәндері үлкен қуатты трансформаторларда болады. Date: 2015-05-09; view: 2083; Нарушение авторских прав |