Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фотолюминесценция





Сырттан түсірілген жарық әсерінен кейбір денелер өздері, қызбайақ, жарық шығарады. Сондағы шыққан жарық тербелістері жиілігі оның қоздырушы жарық тербелістері жиілігінен өзгеше болады. Мұндай құбылыс фотолюминесценция деп аталады. Денелердің қызбай-ақ, басқа бір себептен жарық шығаруы жалпы люминесценция деп аталады. Сөйтіп көп жағдайда фотолюминесценсия жарығы толқыны оны қоздырушы жарық толқынынан ұзын болады. Бұл қағиданы ең алғаш (1852 ж.) ағылшын физигі Стокс тағайындаған, сондықтан Стокс ережесі деп аталады. Олай болса энергияның сақталу заңы бойынша:

немесе (1)

Люминесценцияның маңызды сипаттамаларының бірі — энергетикалық шығым делінетін шама болады. С.И.Вавиловтың берген анықтамасы бойынша: люминесценцияның энергетикалық шығымы дегеніміз заттан шыққан люминесценция жарығы энергиясының оны қоздырушы жұтылған энергияға қатынасы болады. Люминесценция энергетикалық шығымы (η) белгілі бір шекке жеткенше қоздырушы жарық толқыны ұзындығына пропорционал болып өседі де толқын ұзындығының белгілі интервалында пәлендей өзгермейді, одан соң кеміп нольге теңе-леді. Бұл қағида Вавилов заңы деп аталады.

Люминесценцияның қоздырушы жарық әсері тоқталған соң көзбен көрерлік уақыт созылатын түрі, әдетте фосфоренценция деп аталады. Ал бірқатар заттардың жарық шығаруы қоздырушы жарық әсері тоқталуымен бірге тоқталады. Фотолюминесценцияның бұл түрі флуоресценция деп аталады.

Фосфорлар катод сәулелері (электрондар шоғы) түскенде де жарық шығарады. Люминесценцияның бұл түрі катодолюминесценция деп аталады. Люминесценция құбылысының басқа түрлері де кездеседі. Мысалы, кйбір заттар рентген сәулелерінің әсерінен жарық шығарады, бұл құбылыс рентген люминесценция делінеді. Кейбір заттар радиоактивтік сәулелер (α, β, γ – сәулелер) әсерінен жарық шығарады, бұл – радиолюминесценция деп аталады.







Date: 2015-05-08; view: 2226; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию