Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді





Кәсіпорындардың орналасуына әр түрлі факторлар, яғни себептер мен жағдайлар әсер етеді.

Фактордардың саны көп емес, олар – шикізаттық, отын-энергетикалық, су, жұмыс күші (еңбек), тұтынушы, көліктік, ғылыми және экологиялық болып бөлінеді. Олар бірге отырып кәсіпорындар мен салалар орналасуын анықтайды.

Біздің еліміздегі өнеркәсіп құрылымының ерекшелігі – тау –кен өндірісі саласының үлесі жоғары болуында. Олар барлық өнімнің жартысынан көбін береді. Сіздер Қазақстанның өңделмеген отын мен шикізат шет елге сату нәтижесінен едәуір қаржыны толық қайтарып алмайтынын көреміз.

Сонымен қатар республикаға өңдеу өнеркәсібі салаларынынң арасында қалыптасқан салыстырмалы арақатынаста аса тиімді емес.

Салалар арасындағы өзара байланыстың күшеюі салааралық кешендердің қалыптасуына әкелетін білесіздер. Еліміздің экономикасындағы олардың рөлі бірдей емес.

Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарысы өсуіне себеп болады. Олар Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын анықтап, ел ішінде өзгеше «локоматив» рөлін атқарады.. Орлардың дамуы басқа салалар мен қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді.

Қазір алдыңғы қатарлы өнім шығаратын облыстардың үштігіне Атырау, Маңғыстау және Қарғанды облыстары кіреді. Өнеркәсіптің дамуы мынадай негізгі принциптерге (ережелерге) бағынады:

Кәсіпорындардың орналасуы:

1)аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде

2) шикізат көзіне, отынға, энергияға ғылыми орталықтарға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде (бұл адамдардың еңбегін, материалдық ресурстар мен уақытты үнемдейді)

3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым-қатынас жағдайын есепке ала отырып

4)еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандырудың, кооператиптендірудің, құрамдастарудың және аумақтық-өндірісті үйлестірудің артылықшылықтарын пайдалана отырып орналастырады.

Қазақстанның өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар көп. Бірақ өнімнің негізгі бөлігін орта және ірі кәсіпорындар өндіреді. Өнім шығаруды ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырлауды деп атайды.

Шағын кәсіпорындар жаңа өнім шығаруға тез әрі икемді түрде қайта құрыла алады. Бірақ көптеген салалар бойынша ірі зауыттар мен фабрикалардың артылықшылықтары бар. Ондағы шоғырлану техниканы толығырақ пайдаланып, еңбек өнімілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бір ірі зауытты салуға бірнеше ұсақтарын салудан аз қаржы жұмсалады.

Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Маманданған кәсіпорындарда еңбек ресурсы жақсырақ пайдалынылады, еңбек өнімділігі жоғары, өнімнің өзіндік құны төменірек болады. Бірақ ондай кәсіпорынның шикізат, тетік, машина бөлшектерін жеткізулермен өндірістік байланыссыз жұмыс жүргізу мүмкін емес. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысу кооперация (ынтымастық) деп атайды. Ол да еңбек өнілімділігін көтереді.Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинат құрайды. Оларда әр түрлі өндіріс түрлері үйлеседі. Олар:

1) Шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын

2) Оларды бірігіп өңдеуді

3) Бір-біріне қызмет көрсетуді қамтамсыз етеді.

Ауыр өнеркәсіп — халық шаруашылығының ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды саласы. Ауыр өнеркәсіп өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Қазақстандағы өндіруші ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарына кен-химия шикізатын, түсті және қара металл, мұнай, газ, көмір, биметалл кендерін, құрылыс материалдарын өндіретін құрылымдар жатады. Өңдеуші өнеркәсіпке қара және түсті металдар, прокат, химиялық және мұнай-химиялық өнімдерін, машиналар мен құрал-жабдықтар, ағаш және целлюлоза-қағаз өнімдерін, цемент т.б. құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар енеді.

Қазақстанда ауыр өнеркәсіп тің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар: көмір мен мұнай, мыс пенқорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын менкүміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары. Қазақстанның Жезқазған, Ақтоғай, Қоңырат мыс кендері, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаковка, Атасу, Дөң, Қашар қара металл кендерінің мәні зор. Мұнай, газ, көмір қорлары (Батыс Қазақстан, Екібастұз, Қарағанды және т.б.) айтарлықтай. Республиканың су энергетик. реурстары шамамен жылына 27 млрд. кВт. сағатқа бағаланады. Химия өнеркәсібінің шикізаты да мол (Қаратау фосфориттері). Вольфрам, хром, молибден, кадмий және уранның үлкен қорлары бар. Қазақстан — дүние жүзілік ауыр өнеркәсіп бөлінісінде өзіндік орны мен зор мүмкіндіктері бар мемлекет. Еліміздің ауыр өнеркәсібінің іргесі негіздері 20 ғасырдың басында қаланды. Ол кезеңде қарапайым еңбек құралдарымен жарақтанған ұсақ кәсіпорындар, шеберханалар мен цехтар басым болды. Мұнай, көмір өнеркәсібі мен түсті металлургия ошақтарының негізі де мол кезде қаланды. 1913 жылы барлығы 118 мың тонна мұнай, 100 мың тонна көмір және біраз түсті металдар өндірілді. Азамат соғысының салдарынан 1920 жылы ауыр өнеркәсіп өнімдерінің мөлш. 5 есе төмендеп, мұнай өндіру деңгейі 30 мың т. көлемінде ғана болды. Осы жылдарда өнеркәсіп өнімінің үлесі 10 проценттен аспайтын еді. Қазақстанның ауыр өнеркәсібі индустрияландыру жылдарында, Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941 — 1945) жаңа өндіріс ошақтарын салу Ресей және Украина республикаларынан көшірілген кәсіпорындар есебінен сан-салалы сипатқа ие болды. 1938 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1913 жылғы деңгейден 4 есе, 1928 ж-ғы дәрежеден 14 есе асып түсті. Еліміздегі ауыр өнеркәсіп соғыстан кейінгі кезеңдерде айрықша қарқынмен дами бастады. Оның басты себебі 1960 — 1970 жылы республика өнеркәсібіне жұмсалған күрделі қаржы өткен 40 жыл (1920—60) ішіндегі жиынтық қаржыдан 2, 3 есе жоғары болды. Осы жылдарда жан басына шаққанда өнім шығару жөнінен көптеген дамыған елдерден басым түсті және көмір, болат, электр энергиясы, машина, химия өнімдерін өндіру жедел қарқынмен дамыды. Ауыр өнеркәсіптің қара металлургия, трактор жасау, алюминиий және кабель өндірісі, арматура, прибор жасау, насос-компрессор, химия, машина жасау, кен-химия өндірісі, синтетик. каучук, синтетик. қарамай және пластик. массалар, құрастырмалы темір-бетон және қабырға блоктары өндірісі, асбест өндірісі кәсіпорындары пайда болды (кестені қ.). Ауыр өнеркәсіптің респ. өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 1997 жылы 76,3 %-ке жетті.

1991 жылға дейін Қазақстанның ауыр өнеркәсібі КСРО-ның бірыңғай химия шаруа кешені ретінде дамыды. Мұндай тәуелділіктің бірнеше зардаптары болды. Біріншіден, әрі қарай өңдеу үшін жартылай өнім сыртқа тасылды. Екіншіден, түпкі өнім шығаратын кәсіпорындар үлесі төменгі деңгейде қалды. Үшіншіден, түсті және қара металлургия, басқа ауыр өнеркәсіп салалары түпкі өнімге бейімделмей, шикізат бағытын ұстанды. Төртіншіден, экологиялық жағынан таза, озық технол-ларды өндіріске енгізу ісіне жете назар аударылмағандықтан әлемдік технологиялық дамудан кенжелеп қалдық. Бесіншіден, Қазақстан ауыр өнеркәсіп өнімдері тек КСРО рыногына бейімделді. Қазақстанда өндірілген мұнайдың 70%-і, темір рудасының 55%-ті, көмірдің 28%-ті, қара металдың 46%-ті, синтетик. каучуктің 86%-і, негізгі химия өнімдерінің 54 %-ті сол рынокқа шығарылды. 1991 — 1996 жылдары еліміз экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне, бұрынғы қалыптасқан экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты отандық ауыр өнеркәсіп елеулі қиындықтарды басынан өткізді. Бастапқы жылдардағы еңбекақының өсуі, айналым қаражаттарының жетіспеуі, ақшаның құнсыздануы, қаржыландыру тәртібінің өзгеруі, қажетті ресурстарға бағаның шексіз өсуі ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын дағдартып тастады. Қазақстан үкіметі шұғыл түрде кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар қаржылары көмегімен оларды қайта жарақтандыру бағытында экономикалық жобалар тізбегін жасап ұсынды. 5000 жұмысшысы бар өнеркәсіп орындарының саны 129 болып, олар жеке жобалар арқылы жекешелендіруге көшірілді. 1995 — 1996 жылдары түсті және қара металлургия, тау-кен және химия өнеркәсібінің 50-ге тарта белді кәсіпорындары шетелдік басқаруға берілді. Олардың арасында “Айведон интернешнл ЛТД” (Соколов-Сарыбай кен байыту өнеркәсіптік бірлестігі), “Japan chrom corporatіon” (Хром өндірісі кәсіпорындары), “Самсунг” (Жезқазғанцветмет),“Испат-Қармет” (Қарағанды меаллургия комбинаты) т.б. компаниялар бар. 1994 — 96 жылдары Қазақстанға 6 млрд. доллар шамасында шетел капиталы тартылды, оның 60%-і түсті металлургияға, ал қалғаны мұнай, газ өнеркәсібін дамытуға және басқа салаларға жұмсалды. Басқаруға берілген кәсіпорындардың қарыздары мен берешектері жабылып, өндіріс орындарына қан жүгірді, экон. көрсеткіштері жоғарылады. Қазақстан үкіметінің ауыр өнеркәсіп саласында ұстанған саясаты негізінде шектеулі құрылымдық өзгерістер енгізіліп, ұлттық шаруашылықтың отын-энергетика, металлургия, мұнай және газ, машина жасау, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері дамытылып елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Бұл туралы ел Президентінің Қазақстан халқына 1997 жылғы жолдауында: “Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп түзетуге болмайды. Дүниежүзілік тәжірибеде жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және керісінше, өңдеуші өндірістің, ең алдымен ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажеттігін көрсетіп отыр” делінген.

Жеңіл өнеркәсіп — халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.

Мұнай-газ өндіру өнеркәсібі
Саланың орны мен рөлі. Мұнай-газ өндіру саласы соңғы он бес жылдың ішінде елдің экономикалық өсуін анықтайтын Қазақстанның индустриялық көшбасшысы болып табылады. Ел ЖІӨ-сіндегі сала үлесі 15,1%-ды құрайды, бұл ретте жылдам өсумен байланысты оның республиканың өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 1990 жылғы 2,2%-дан 2009 жылы 50%-ға артты.
Өңірлердің ЖӨӨ құрылымында сала Маңғыстау – 55%, Атырау – 51,7%, Батыс Қазақстан – 46,8%, Қызылорда – 46,0%, Ақтөбе – 28,4% облыстарында басты орындарға ие.
Көмірсутекті шикізаттың жалпы қорлары. Қазақстан көмірсутекті шикізаттың қомақты қорларына – әлемдік қордың 3,3%-ына ие. Мұнайдың нақтыланған қорлары бойынша еліміз әлемдегі 15 жетекші елдің қатарына кіреді.
Мұнай. Өндіріліп алынатын мұнайдың қорлары шамамен 5,4 млрд. тоннаны құрайды, оның ішінде: Атырау облысының үлесі – 76 %, Маңғыстау – 11,3 %, Ақтөбе – 6,1 %, Батыс Қазақстан - 4,2 %, Қызылорда – 1,6 %, Қарағанды – 0,8 %.
Газ. Бос газдың өндіріліп алынатын қорлары шамамен 3 трлн. текше м-ді құрайды. Негізгі қорлар Батыс Қазақстанда шоғырланған, оның ішінде Батыс Қазақстан – 54,9 %, Атырау – 17,7 %, Ақтөбе – 11,6 %, Маңғыстау – 11,6 %. Елдің оңтүстігінде бос газдың қорлары төмендегідей болды: Жамбыл облысы – 1,9 %, Қызылорда – 1,6 %, Оңтүстік Қазақстан – 0,5 %.
Табиғи жанар газ. Табиғи жанар газдың үлкен көлемі (60 %-дан астам) мұнайда ерітілген күйінде сақталған. Ерітілген газдың өндіріліп алынатын қорлары 156 кен орнында тіркелген – 2400 млрд. текше м. Өнеркәсіптік санаттардың негізгі қорлары – Теңіз – 26,5 %, Қашаған – 54,1 %, Қарашығанақ – 8,1 % сияқты аса ірі кен орындарында шоғырланған.
Газ конденсаты. Конденсаттың өндіріліп алынатын қорлары шамамен 316 млн. тоннаны құрайды. Негізгі қорлар елдің батысында шоғырланған, оның ішінде: Батыс Қазақстан облысында – 73,6%, Атырау облысында – 9,3%, Маңғыстау облысында – 2,7%.
Кен орындардарын толық пайдалану дәрежесі. ҚР мемлекеттік теңгерімінде көмірсутектердің 249 кен орны ескерілген, оның ішінде: мұнайдың 216 кен орны, олардың 107 кен орны игерілуде, бос газдың 191 кен орны, олардың 87 кен орны игерілуде, конденсаттың 55 кен орны.
Қазіргі уақытта өндірілген мұнайдың жылдық көлемінің шамамен 80%-ы экспортқа жіберіледі, қалған көлем ішкі тұтынуға жұмсалады (мұнай өнімдерін өндіруге). Мұнайдың негізгі ішкі тұтынушыларына елдің мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай химиясы өнеркәсібі жатады.
Өндірілетін газды тарату саласындағы жағдай мұнай тұтыну құрылымынан әлдеқайда ерекшеленеді – өндірілетін газдың 68%-ы елдің ішінде тұтынылады (ГТЭС, өнеркәсіп, КТҚ және халық).
Жақын болашақта газды өнімнің балама түрлеріне алмастыру проблемалық болып табылады: жалғыз перспективалы бағыт ретінде ГТЭС-та газ пайдалануды атом отынымен жұмыс істейтін қуат көздеріне алмастыруды атап өтуге болады. Қарастырылатын кезеңде ішкі тұтынудың елде өндірілетін газдың жалпы көлемінің 94%-на дейін өсу үрдісі байқалады.
Саланың өңірлік оқшаулануы. Аумақтық жағынан мұнай-газ саласының негізгі өндірістері былайша орналасқан:
мұнай өндіру: мұнай саласы өнеркәсіп өндірісінің көлемінен Атырау (41,2%), Маңғыстау (28,6%), Қызылорда (17,4%), Ақтөбе (12,1%), Батыс Қазақстан (0,53%) облыстарында;
газ өндіру: Батыс Қазақстан (43,6%), Атырау (33%), Ақтөбе (9,7%), Маңғыстау (8,5%), Қызылорда (4,1%) облыстарында.
Облыс өнеркәсібінің құрылымындағы мұнай-газ секторының ең жоғары үлес салмағы төмендегідей: Қызылорда (92,0%), Батыс Қазақстан (89,5%), Атырау (92,0%), Маңғыстау (92,1%), Ақтөбе (66,2%) облыстарында.
2000-2009 жылдар кезеңінде мұнай өндіру көлемі, газ конденсатын қоса алғанда 2,16 есе артты (35316,8-ден 76482,6 мың тоннаға дейін). Инвесторлардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі капиталына салынатын инвестициялары 2,2 есе артты (275387 млн. теңгеден 607995 млн.теңгеге дейін). Саланың пайдалылығының өсуі 1,35 есе артты (49,2%-дан 66,6%-ға дейін). Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістердің саны 1,45 есе артты (51 данадан 74 данаға дейін), жұмыс жасайтындардың саны 1,27 есе артты (32,5-тен 41,3 мың адамға дейін).
Негізгі капиталға жыл сайынғы инвестициялау есебінен қолданыстағы қуаттарға қосымша ретінде жаңа өндіруші өндірістік қуаттар қатарға енді, ол республика бойынша мұнайдың көлемін 2 есе арттыруға мүмкіндік берді.
Саладағы жұмыспен қамту серпіні. Соңғы 20 жылда салада жұмыс жасайтындардың саны күрт артты – 4 есе: 1990 жылғы 11,6 мың адамнан 2009 жылы 41,3 мың адамға дейін. Елдің мұнай-газ секторы қызметкерлерінің үлесі өнеркәсіпте жұмыс жасайтындардың жалпы санының 4,2%-ын құрады.
Жұмыспен қамтылғандар құрылымындағы сала қызметкерлерінің ең жоғары үлес салмағы Атырау – 13,9 мың адам, Маңғыстау – 11,9 мың адам, Ақтөбе - 8,5 мың адам, Қызылорда – 3,8 мың адам, Батыс Қазақстан – 2,8 мың адам облыстарында байқалады.
Көмір өнеркәсібі. Қазақстан әлемдік нарықта ең ірі көмір өндірушілерінің ондығына кіреді, ал ТМД елдерінің арасында қорлар бойынша 3-орынға және адам басына қатысты көмір өндірісі бойынша 1-орынға ие.
Елдің ЖІӨ құрылымындағы көмір өнеркәсібінің үлесі шамамен 0,5%-ды құрайды.
Мемлекеттік теңгерімде 49 кен орны бойынша қорлар есепке алынды, олар 33,6 млрд. тоннаны құрайды, оның ішінде, тас көмір – 21,5 млрд. тонна, қоңыр көмір – 12,1 млрд. тонна.
Өнеркәсіп үшін ең бағалы энергетикалық және коксталатын көмірлер 16 кен орнында шоғырланған. Көмірдің ең ірі қорлары негізінен Орталық Қазақстанда – 65 % және Солтүстік Қазақстанда – 21% шоғырланған. Ескерілген қорлардың шамамен 15%-ы коксталатын көмірге, ал 85% энергетикалық көмірге тиесілі. Жалпы теңгерімде тас көмірдің қоры 64%-ды, қоңыр көмір 36%-ды құрайды. Көмірдің барлық теңгерімдік қорының шамамен 1/3 өнеркәсіптік игеруге енгізілген (Болжамды схемаға 4-қосымшада көрсетілген).
Республиканың көмір саласы Қазақстанда электр энергиясының 78%-ның өндірілуін, кокс химиясы өндірісінің жүз пайыздық жүктемесін қамтамасыз етеді, коммуналдық-тұрмыстық сектордың және халықтың отын қажеттілігін толығымен қанағаттандырады, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасында ескерілген жобаларды көмір өнімімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып келеді.
Ішкі тұтынудан бөлек көмір экспортқа шығарылады, оның көлемі соңғы жылдары жылына 22-27 млн. тонна көлемінде тұрақталды.
Саланың өңірлік оқшаулануы. Елдің солтүстігі мен орталығында көмір кен орындарының болуы сала кәсіпорындарының Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасуына әсер етті – мұнда негізгі көмір бассейндері орналасқан: Қарағанды, Майкөбе, Торғай және Екібастұз кен орындары. Қазақстанның негізгі көмір бассейндері көмірдің жоғары үлесінің болуымен, ал Қарағанды бассейіні коксталатын көмірдің болуымен ерекшеленеді (Болжамды схемаға 5-қосымшада көрсетілген).
Сала дамуының жалпы әлемдік трендтері. Көмір өнеркәсібі әлемнің көптеген елдері үшін шығынды және дотациялық сала болып табылады, оның тұрақты өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан ақша қаражаты құйылып отыруы қажет. Әлемдік көмір бағасының төмендеуі көмір өндіру мен өндірілу пайдалылығын одан әрі төмендетіп жіберді. Сонымен қатар, көмір табиғи газ бен мұнайды пайдаланудан шығынды және экологиялық көрсеткіштері бойынша артта қалады. Бұл факт әсіресе экономикалық жағынан тұрақсыз елдерде орын алды: мысалы, Ресейде көмір қималарының шамамен 2/3-нің жұмысы тоқтатылды.
Саланың проблемалары. Қазақстанның көмір өнеркәсібінде мынадай проблемалар бар:
өндірілетін көмірдің төмен отындық сипаттамасы;
көмірді темір жол көлігімен тасымалдау тарифінің жоғарылығы;
ішкі және сыртқы нарықтардағы көмір қорының молдығы (шекаралас елдер – Ресей мен Қытай әлемдік нарыққа ірі көмір жеткізушілері болып табылады).
Қалыптасқан экспорт нарығы Ресейдің көлік проблемаларын шешіп, Батыс Сібір және Урал ЖЭС Кузнецк және Канск-Ачинск көмір кен орындарына бағыттаған жағдайда тарылуы мүмкін. Қалыптасқан жағдайды жетекші көмір бассейні негізгі қорларының физикалық және кідірістік тозуы, көмірді өндіріп алудың ескірген технологиясы қиындатады.
Қазақстанның барлық дерлік кен орындарының көмірі байыту қиын болып келеді, көмірді дәстүрлі технологиялар бойынша байыту қомақты инвестицияларды талап етеді және көмір нарығының қалыптасқан жағдайында экономикалық жағынан пайдасыз болып келеді. Сонымен қатар, жыныстардың қыртыс аралық шөгінділерінде бағалы басқа құрамдауыштардың үлкен мөлшері бар: темір кремнийі, алюминий, гуматтар, сирек және жерде сирек кездесетін элементтер және тағы басқалар, арнайы өндірілетін кендердегі осы құрамдауыштардың құрамынан асатын қосылыстарда кездеседі.
Көмір өнеркәсібінің маңызды проблемасына оның төменгі экологиялылығы жатады.
Республиканың энергетикалық кешен құрылымының ерекшеліктерін және бірқатар шетелдік тұтынушылардың қазақстандық көмірді пайдалануға тарихи қалыптасқан бағытталуын ескеретін болсақ, Қазақстандағы осы саланың одан әрі даму әлеуеті бар. Ең алдымен, көмірге тұрақты сұраныс елдің ішінде сақталады, осыған байланысты оның ішкі тұтынылуының 2020 жылға қарай 69,7-дан 118,3 млн. тоннаға дейін екі есе артуы болжанып отыр. Жақын арадағы перспективада көмір еліміз үшін электр энергетикасының дамуын қамтамасыз ететін отынның негізгі және сенімді стратегиялық түрі болып қала береді – көмірді тұтыну жылына 74,7 млн. тоннаға жетеді. Осындай өсу саланың Балқаш ЖЭС қуаттарын енгізу, Екібастұз – Ақсу энергия торабына кіретін электр станцияларының қалпына келтірілуі және жаңартылуы болашағымен байланысты даму жоспарымен негізделген.
Өнеркәсіпте және экономиканың басқа салаларында көмір тұтыну көлемі артады (25 млн.тоннаға дейін). Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың тұтынуының артуы мардымсыз болады – 17 млн. тоннаға, бұл халықтың газ тұтынуының артуына байланысты болады.
Өңдеу өнеркәсібі. Өңдеуші сала 2009 жылдың нәтижелері бойынша елдің ЖІӨ құрылымында 10,9%-ға ие. Өңдеу өнеркәсібіне негізгі құралдардың 15,2%-ы тиесілі, бірақ онда негізгі құралдардың тозу дәрежесі кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда жоғары болып келеді (47%). Салада жаңару коэффициенті төмен – 10,9% (кен өндіру саласында - 13%), ол кен өндіру өнеркәсібінің жоғары инвестициялық тартымдылығымен байланысты. Осылайша, өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2000 – 2009 жылдары экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша инвестициялардың жалпы көлемінің 9,7%-ын құрады, кен өндіру өнеркәсібінде – 32,3%.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің жұмыс орындарымен қамтамасыз етудегі рөлі неғұрлым маңызды: 2009 жылы онда 570,6 мың адам немесе республиканың өнеркәсіптік өндірістік персоналының жалпы санының 61%-ы жұмыспен қамтылған болатын (2000 жылы – 572,6 мың адам).
Республиканың өнеркәсіп өндірісінің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі үлесінің 2000 жылғы 50,6%-дан 2009 жылғы 35,6%-ға дейін төмендеуіне қарамастан, ондағы жағдай өсудің тұрақты қарқындарымен сипатталады. Өңдеу салаларындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2000 жылғы 835,8 млн. теңгеден 2009 жылы 2946,0 млн. теңгеге немесе 3,5 есе артты.
Өңдеу секторына өнімдік әртараптандырылу, төменгі шоғырландырылу және кең ауқымды географиялық таралу тән.
Өңдеу секторының салалық аспектісінде металлургия мен металл өңдеудің (2009 жылдың нәтижелері бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің жалпы көлемінің 36,6%) және тамақ өнеркәсібінің (27,9%) рөлі маңызды. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің өндірісіндегі жетекші орындарға Қарағанды облысы (барлық республикалық көлемнің 21,9%-ы), Шығыс Қазақстан (11,9%), Павлодар облыстары (11,8%), Алматы қаласы (9,7%), Алматы облысы (8,5%) ие. Осы өңірлерде республиканың өңдеу өнеркәсібінің барлық өнімінің 63,8%-ы шығарылады.
Өңірлік бөліністе өңдеу өнеркәсібі барлық облыстарда орналасқан, бірақ елдің 11 өңірінде басымдыққа ие болып келеді. Бұл ретте Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі төрттен үш бөлікті құрайды және одан да артық.
Тау кен-металлургия кешені (ТМК)
Саланың орны мен рөлі. ТМК – экономиканың басқа салаларының дамуына және өндірілетін заттардың әр алуандығын кеңейтуге жағдай жасайтын ел экономикасының базалық саласы.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі ТМК үлесі 2000 жылмен салыстырғанда 23,4%-дан 2009 жылы 16,3%-ға азайды. Металлургия өнеркәсібінің үлесіне өңдеу өнеркәсібінің 36,6%-нан астамы тиесілі (Болжамды схемаға 6-қосымшада көрсетілген).
Өңірлердің ЖӨӨ құрылымында сала Қарағанды – 15,7%, Павлодар – 12,8%, Шығыс Қазақстан – 11,8%, Қостанай 9,4%, Ақтөбе – 6,2% облыстарында басты орындарға ие.
ТМК шикізат базасы
Темір кендері (темір, марганец, хром).
Темір, марганец және хром кендері салаларының барланған шикізат базасы қара металлургия кәсіпорындарының тиімді экспорттық қызметін және ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға жеткілікті болып келеді. Салалардың өндіруші кешендердің жобалық қуаттарының белсенді барланған қорлармен шартты қамтамасыз етілуі мынадай болып келеді: темір кені саласы бойынша – 100 жылдан астам, марганец кені – шамамен 50 жыл, хром кені – 90 жылдан астам.
Темір. Мемлекеттік теңгерімде темірдің 56 кен орны ескерілген, олардың (15 кен орны пайдаланылып жатыр) теңгерімдік қорлары 18,6 млрд. тоннаны құрайды. Негізгі қорлар Қостанай (85,6%) және Қарағанды (4,3%) облыстарында шоғырланған. Елдің басты шикізат базасына Қостанай облысының аумағында шоғырланған скарндық кен орындары жатады. Жер қойнауын пайдалануға темірдің теңгерімдік кеңдерінің 43,8%-ы тартылған.
Марганец. Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімінде марганецтің 33 кен орны ескерілген (олардың 9 пайдаланылуда), теңгерімдік қорлары 635,2 млн. тонна. Марганец кендерінің негізгі қорлары (97,8%) Қарағанды облысында (Батыс Қаражал және Үшқатын III) шоғырланған. Жер қойнауын пайдалануға марганец кендерінің 76,1% қоры тартылған. Кен орындардағы пайдалы қазбалардың үлесі орта есеппен 18,3%-ды құрайды.
Хромиттер. Барлық барланған кен орындары Ақтөбе облысының Кемпірсай тау-кен ауданында орналасқан. Қазіргі уақытта мемлекеттік теңгерімде 20 кен орнындағы хромит кендерінің қорлары ескерілген, оларда 382,7 млн. тонна кен сақталған.
Қара металлургия салаларының шикізатпен жоғары қамтылғанына қарамастан, бұрынғы қуаттарды жаңа өндірістік қуаттармен алмастыру және өндірудің жер асты әдісіне ауқымды ауысу сияқты күрделі мәселелер сақталуда.
Түсті металл кендері (мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, никель, кобальт, титан, алтын, сирек кездесетін металлдар).
Мыс кені және қорғасын-мырыш кені өнеркәсібінің жағдайы күрделі болып отыр. Мыс саласының барланған қорлармен қамтамасыз етілуі орта есеппен 30 жылды құрайды, ал қорғасын-мырыш – 25 жыл. Алюминий өнеркәсібі үшін барланған қорлар 50 жылдың ішінде саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Мыс. Елдің аумағында сомалық қорлары 39,3 млн. тонна болатын мыстың 100 кен орны орналасқан, олардың 25-і өнеркәсіптік пайдаланымда (Болжамды схемаға 7-қосымшада көрсетілген). Жер қойнауын пайдалануға мыстың теңгерімдік қорларының 90,7%-ы тартылған. Ақтөбе облысында мыс-мырыш кен орындарын өндіру басталды.
Қорғасын, мырыш. Қорғасын қоры – 17155,4 мың тонна, мырыш қоры – 32861,2 млн. тонна 85 кен орын барланған, 16 кен орны өнеркәсіптік пайдаланымда.
Кен орындардың көбі мырыш, мыс, қорғасын және басқа да пайдалы бөлшектер арасалмағы әр түрлі кешенді болып келеді. Жер қойнауын пайдалануға мырыштың 76,1% және қорғасынның 61,7% теңгерімдік қорлары тартылған (Болжамды схемаға 8-қосымшада көрсетілген).
Алюминий. Бокситтердің барлық теңгерімдік қорлары – 355,4 млн. тонна Қостанай облысының 24 кен орнында шоғырланған. Алюминийдің шикізат базасын кеңейту бойынша әлеуетті мүмкіндіктер бар, бірақ «Амангелді» сияқты сапасы жоғары бокситтердің жаңа қорларын анықтау мүмкіндігі өте төмен болып келеді. Қазіргі уақытта боскит типтес жыныстардың 250 көрінісі анықталған, олар сегіз бокситті ауданда шоғырланған – Батыс Торғай, Орталық Торғай, Шығыс Торғай, Ақмола. Екібастұз-Павлодар, Солтүстік-Көкшетау, Мұғалжар және Оңтүстік Қазақстан (Шымкент маңы).
Никель, кобальт. Теңгерімдік қорлар Ақтөбе (Кемпірсай тобы - 37 кен орындары), Қостанай (Шевченко кен орны) және Шығыс Қазақстан облысында (Горностай кен орны) шоғырланған. Қорлары 2027,6 мың тоннаны құрайтын барлығы 41 кен орны барланған. Жер қойнауын пайдалануға никель кендері қорының 95,2%-ы тартылған. Теңгерімдік қоры 384,2 мың тоннаны құрайтын кобальттың 56 кен орны.
Жер қойнауын пайдалануға кобальттың теңгерімдік қорының 75,1%-ы тартылған.
Титан. Титан өнеркәсібінің шикізат базасы қалыптасу кезеңінде тұр. Барланған және бағаланған өнеркәсіптік топырақ қорлары (Обуховское, Шоқаш және Сәтпаев кен орындары) ӨТМК 30 жылдық әрекетін қамтамасыз ете алады. Барлығы 15 кен орны барланған, жалпы қорлары 24083,2 мың тонна, 1 кен орны өнеркәсіптік пайдаланымда. Титан өнеркәсібінің шикізат базасын дамыту әлеуеті жоғары болып келеді және перспективалы объектілердің болуымен ерекшеленеді (Заячье, Тобыл кен орындары). Кен орындардағы пайдалы қазбалардың құрамы орташа есеппен 27,38%-ды құрайды.
Алтын. Республикада 293 алтын кенді және кешенді кен орындары барланған, олардың 53-і өнеркәсіптік пайдаланымда. Жалпы қорлар 2232,6 тоннаны құрайды. Жер қойнауын пайдалануға алтынның теңгерімдік қорларының 89,6%-ы тартылған (Болжамды схемаға 9-қосымшада көрсетілген).
Саланың шикізат базасының негізін кешенді және алтын кен орындары құрайды. Кен қорларының басым бөлігі қиын өндірілетін болып келеді және кеннен алтынды алу тиімді және экологиялық жағынан қауіпсіз технологияларды талап етеді, ол республикадағы ірі алтын қорларының – Васильковское мен Бақыршық – ауқымды игерілуін тежейді. Саланың өндірілген қорлармен қамтамасыз етілуі шамамен 50 жылды құрайды.
Сирек металлдар. Еліміздің жер қойнауында вольфрам мен молибденнің қомақты қорлары шоғырланған. Тантал, ниобий сияқты сирек кездесетін металдардың өзіндік минералдық шикізат базасын құрудың болашағы сақталған. Минералдық шикізаттың әр түрлі кен орындарының құндылығын басты құрамдауыштар ғана емес, сирек кездесетін және сиректелген элементтер қамтамасыз етеді, олардың шығарылуы кендерді кешенді өндірген кезде мүмкін болады.
ТМК дамытудың жалпы әлемдік үрдістері. Болат пен темір кенінің әлемдік нарығын дамытудың болжамдарына сүйене отырып, болатқа сұраныстың ТМД ішкі нарықтарында 7%-9% және басты экспорттық нарықтарда 10%-12% артуына байланысты (сауда қорларына түзетілген) 2010 жылы сала өсуінің баяу қалпына келуін күтуге болады.
Өндіріс көлемінің басты арту себебіне болаттың әлемдік тұтынылуы, сондай-ақ қоймалық қорларды толтыру жатады, олар 2008 жылдың соңына таман 200 млн. тоннаға азайды.
Түсті металлургия дамуының әлемдік үрдістері де қалыпты болып келеді – түсті металлдардың өндірісі 2008 – 2009 жылдардағы төмендеуден кейін жоғалтқан деңгейлеріне қайтып оралды. Түсті металлдарға әлемдік бағалар да өсу үрдісін байқатты.
Қазіргі уақытта басқа түсті металлдардың аясында мыс басымдыққа ие болып келеді. Жалпы әлемде түсті металлдар өндірісінің басым бөлігі дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті, Азия елдерінде бұл өндіріс одан әрі артады.
Сонымен қатар алюминий саласы керісінше құлдырау үстінде тұр. Бұл әлемдік машина жасау мен авиациялық-ғарыш салаларының – алюминийдің дәстүрлі тұтынушылары – дағдарыстан қатты зардап шегуіне байланысты болып келеді.
Саланың қазіргі жағдайы. Ел ЖІӨ-сіндегі металлургия үлесі 2009 жылдың қорытындылары бойынша 4,4%-ды құрайды. Саланың құрамына ірі компаниялар мен кәсіпорындар кіреді: ENRC, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Қазмырыш» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ. Олардың барлығы кенді өндіруден дайын өнімді шығаруға дейінгі циклге ие тік және көлденең бағытта біріктірілген кешендер болып келеді, жеке шикізат қорына ие болады.
Сала өнімін пайдалану бағыттары. Ішкі нарықта металдарды одан әрі өндіру үшін негізінен түсті және қара металдардың кеніштері мен концентраттары пайдаланылады. ТМК өнімінің ішкі тұтынылуы 2009 жылы номиналды мәнде 51,6 млн. тонна металл мен кенді құрады және саланың өндірілген өнімінің 18%-ын құрады.
ТМК ел экономикасының анық көріністегі экспортқа бағытталған сегменті болып келеді – өнімнің 82%-ы экспортқа шығарылады, осымен байланысты сала металдың әлемдік бағасының толқуына байланысты болады. Саланың экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі 19,6%-ды құрайды.
Сала экспортының негізгі позицияларына мыналар жатады:
тазартылмаған мыс – Ресей;
тазартылған мыс – Ұлыбритания, Қытай, Түркия, Германия;
алюминий – Ресей, Қытай, Швейцария;
болат – Қытай, Иран, Түркия, Ресей;
ферроқоспалар – Ресей, Украина, Германия, Қытай, Корея;
титан – АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония;
хром – Ресей, Ұлыбритания, Германия, Қытай, АҚШ;
қорғасын – Украина, Ресей, Испания, Қытай, Германия.

Сала дамуының өңірлік аспектілері. Саланың ерекшелігіне толық металлургия циклы бар кәсіпорындардың шикізат ресурстарының көздеріне байланыстылығы жатады. Сала кәсіпорындары еліміздің солтүстік-батыс, орталық және солтүстік-шығыс бөліктерінде орналасқан, олардың жетекшілеріне Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Қостанай облыстары жатады.
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында сала мынадай облыстарда басты орындарға ие болып келеді: Қарағанды – 68,0%, Қостанай – 51,1%, Шығыс Қазақстан – 47,6%, Павлодар – 46,4%, Ақтөбе – 17,7% облыстары.
Қара металлургия.
2009 жылы Қазақстанның қара металлургия кәсіпорындары 474,7 млрд. теңгеге өнім шығарды, өндірістің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға төмендеді. Өткен жылдары жоғары өсу байқалған болатын: 1999 жылы –34,9%-ға өсу, 2000 жылы – 18,9%-ға өсу, 2007 жылы – 11,5%-ға өсу.
Қазақстанда ТМК ірі кәсіпорындарына мыналар жатады:
темір рудасы шикізат нарығында – ENRC құрамына кіретін ССКӨБ; республикадағы жалғыз толық металлургия циклы бар болат балқыту кәсіпорыны «Арселор Миттал Теміртау» АҚ; сорғыш-компрессорлық, сондай-ақ толығымен қапталған, жіксіз отырғызу және мұнай құбырларын шығаратын «KSP Steel» ЖШС (Павлодар қ.); Ақтау болат спираль тәрізді жіксіз құбырларды шығаратын зауыт.
Қара металдар экспорттың жалпы көлемінде 12,4%-ға ие бола отырып, отын-энергетикалық тауарлар экспортынан кейін екінші орында (77,8%). Түсті металдарға қарағанда қара металдар экспортының артуы сандық көлемнің және шарттық бағалардың артуымен ерекшеленеді.
Ферробалқыту саласы «Қазхром» ТҰК» АҚ, «ENRC Management KZ» АҚ филиалдары болып табылатын үш ірі кәсіпорынмен ұсынылған: «Дон КБК» АҚ, «Ақтөбе ферробалқыту зауыты» АҚ, «Ақсу ферробалқыту зауыты» АҚ. Сонымен қатар, салада «Теміртау электр-металлургия комбинаты» АҚ және ферросиликомарганец шығаратын «А және К» ЖШС зауыты жұмыс істейді.
Өндірілетін 1 530,1 мың тонна ферроқоспалардың 76,5%-ы экспортқа шығарылады, ішкі нарықта 358,9 мың тонна ферроқоспалар тұтынылады (23,5%), оның ішінде 36,4 мың тонна импорт болып табылады.
Түсті металлургия.
Мыс өнеркәсібі. Саланың республиканың өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі 8%-ды құрайды. Өнімнің негізгі түрлеріне мыналар жатады: катодты мыс («Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС), қара және цементтелген мыс («Қазмырыш» АҚ), мыс негізінде мыс пен қоспаларды прокаттау («Балқаш түсті металлдарды өңдеу зауыты» АҚ), мыс сымы («Кастинг» ЖШС), мыс концентраты («Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС), мыс кәбілдері, сымдар («Қазэнергокабель» АҚ, «Интелкабель» ЖШС).
Саладағы технологиялық артта қалушылықтың болмауына қарамастан, отандық кәсіпорындардың мыс өндірудегі энергия шығындары бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштері шетелдік аналогтардан артта қалуда.
Қорғасын-мырыш саласы. Негізгі өндірістік қуаттар Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған. Металл мырышы «Қазмырыш» АҚ Өскемен және Риддер мырыш зауыттарында және жаңа «Қазақмыс» АҚ Балқаш мырыш зауытында шығарылады.
Қазақстанда өндірілген металл мырышының 82,4%-ы экспортқа шығарылады. Мырыш өнімінің жоғары бөліністегі өндірісі жоғары емес.
Қорғасын «Қазмырыш» АҚ және «Южполиметалл» ӨК» АҚ Өскемен зауытында шығарылады. Тазартылған қорғасын ішкі нарықтың ТМК түпкі өнімінде ең жоғары үлеске ие, ол 23%-ды құрайды.
Алюминий шағын саласы. Шағын саланың оқшаулану жері – Павлодар облысы. Сала «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ кәсіпорынымен ұсынылған. Зауытта жоғары сапалы саз балшық мен сапасы төмен шикізаттан алынатын галлийді алудың әлемдік тәжірибеде аналогы жоқ жаңа технология енгізілген.
Титан-магний шағын саласы (Шығыс Қазақстан облысы) «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ ұсынылған. Негізгі өнімі – әр түрлі бағытта пайдаланылатын кеуекті титанның 15 сұрыбы, болатты қосындылауға арналған маркалардан аэроғарыштық мақсатта пайдаланатын маркаларға дейін, құймалардағы металл магнийі; магний ұнтақтары; ванадийдің бес тотығы.
Әлемдік деңгейге сай келетін технологиялар «ӨТМК» АҚ кәсіпорынында енгізілген, ол – әлемнің дамыған елдерінің аэроғарыштық өнеркәсібінде үлкен сұранысқа ие жоғары сапалы титан кеуегін алуға арналған технология мен жабдықтар. Кәсіпорынның барлық өнімі экспортқа шығарылады.
Алтын өндіру шағын саласы (Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары).
Соңғы онжылдықта өңделмеген алтынның өндірісі 18-20 тонна, аффинажды алтын – 9-16 тонна мөлшерінде болған. Алтынның экспорты жылына 20 тоннаны құрайды.
Аффинажды алтын мен күміс «Қазмырыш» АҚ аффинажды қуаттарында (жобалық өнімділік жылына 50 тонна алтын мен 1 мың тонна күміс) және «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-да шығарылады (жобалық өнімділік жылына 10 тонна алтын және 1 мың тонна күміс).
ТМК-де жұмыспен қамту мәселелері. 2003 – 2008 жылдар кезеңінде барлық металлургия саласының үлесіне 155-165 мың адам келді немесе өнеркәсіптегі негізгі жұмыс істейтін персоналдың жалпы санының 26-27%-ын құрады. Оның ішінде, қара металлургия үлесіне өнеркәсіптегі жалпы санның 8-9% (49-56 мың адам), ал түсті металлургияға 17-18% (105-110 мың адам) тиесілі. Жалпы, сала бойынша негізгі өндірісте жұмыс жасайтындардың 2003 жылғы 162,3 мың адамнан 2008 жылы 164,5 мың адамға өсуі байқалады (өсім 1,4%).
Қара металлургияда жұмыс жасайтындардың негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, өнеркәсіптегі жалпы санның 5%-ы, түсті металлургияда жұмыс жасайтындардың көп бөлігі түсті металдарды қайта өңдеу мен өндіруде шоғырланған, тиісінше 10%-ды құрайды.
Талданып отырған кезеңде жұмыспен қамтылғандар санының қара металлургияда 2003 жылғы 51,9 мың адамнан 2008 жылы 55,6 мың адамға (өсім 7,1%), дайын металл бұйымдарын өндіруде тиісінше 10,8 мыңнан 16,3 мың адамға (өсім 50,9%) өсуі байқалды.
Түсті металлургияда қаралып отырған кезеңде жұмыспен қамтылғандар саны 110,4 мыңнан 108,9 мың адамға азайды (1,4% азаю).
Сала дамуының проблемалық мәселелері. Сала дамуында мынадай проблемалар бар:
салалардың технологиялық артта қалуына әкеліп соғатын тиімді инновациялық технологияларды енгізудің төмен деңгейі;
негізгі қорлардың, құрылыс құрылымының, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың тозу деңгейінің жоғарылығы (40-60%);
өндірістің отандық ғылыммен әлсіз байланысы және ҒЗТКЖ жеткіліксіз қаражаттандыру;
ТМК өнімінің шетелдік ұқсас кәсіпорындарымен салыстырғанда энергия мен қорды жоғары қажетсінуі;
шикізатты өңдеу кешенділігінің жеткіліксіздігі, минералды шикізатты өңдеудің экологиялық таза технологияларын енгізу мен пайдаланудың, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың төмен деңгейі;
жоғары деңгейде өңделген өнімдердің төмен үлесі.
Тұжырымдар мен қорытындылар. ТМК шикізат базасында кендердің қомақты қорына қарамастан барлық кен түрлері бойынша тауарлық кенде негізгі металдар үлесінің төмендеуі жалғасуда.
Сала кәсіпорындарын қамтамасыз ету үшін білікті мамандар жетіспеушілігі және республика оқу орындарының инженерлік-техникалық персоналды дайындаудағы әлсіздігі орын алып отыр.
ТМК үшін өндірілетін өнімнің әралуандығын кеңейтудің негізгі бағыттары түрлі пайдалануға бағытталған болат құбырларын, титан қоспаларын және илемделген титан, алюминий металынан, никель металынан, кобальт металынан және оның қосындыларынан бұйымдар шығару болып табылады.
Азық-түлік өнеркәсібі
Саланың рөлі және орны. Азық-түлік нарығында жалпы әлемдік бетбұрыстар азық-түліктің тапшылығы мен азық-түлік өнімдеріне бағалардың бір уақытта өсімі туралы куәландырады. Соңғы 10 жылда азық-түліктің әлемдік бағалары 75%-ға өсті. Сонымен бірге барлық әлем бойынша «әлеуметтік маңызды» деп аталатын азық-түліктік өнімдерге бағалар күрт жоғарылап жатыр. 2030 жылға дейін азық-түлік өнімдеріне әлемдік сұраныстың 50% өсуі күтілуде.
Саланың қазіргі жағдайы. Азық-түлік өнеркәсібі 2,2 мың кәсіпорынмен ұсынылған (2009 жыл: тіркелгендер – 4489, жұмыс істеп тұрғандар - 2182), онда 64,5 мың адам немесе өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандардың 10% жұмыс істейді.
2009 жылы азық-түлік өнеркәсібінің өндіріс көлемі 750,4 млрд. теңгеге жетті (өнеркәсіптік өндірістің республикалық көлемінің 8,2%).
Қазақстанда азық-түлік өнеркәсібінде ескірген технология мен құрал-жабдықтары бар өндірістер, өндірушілерде айналымдық қаражат тапшылығы, жеке азық өнімдері бойынша бағалық бәсекелік артықшылықтарды жоғалту және басқалары республиканың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде де (1990 жылғы 22,3% -дан 2009 жылы 8,2% дейін), елдің ЖІӨ-сінде де (1990 жылғы 16,2% -дан 2009 жылы 2,1% дейін) сала үлесін қысқартуға алып келді.
Саланың шикізат базасы проблемалары. Кейбір азық-түлік өнеркәсібі салалары, әсіресе май саласы шикізат жетіспеушілігі проблемасын жиі сезінеді. 2009 жылы сүт және қант өнеркәсібінде шикізаттың қымбаттау проблемасы байқалды. Егінге қолданылатын алқаптар аудандарының қысқаруы, мал басының қысқаруы – мұның барлығы азық-түлік өнеркәсібі өндірісіне әсер етеді.
Сала өнімдерін пайдалану бағыттары. Бірнеше түрлерді есепке алмағанда, азық-түлік өнеркәсібі өнімдері ішкі нарықта қолданылады. Ішкі өндіріс болғанына қарамастан, оның көлемдері республика қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, өнімдік түрлер қатары бойынша импортқа жоғары тәуелділік орын алып отыр. Бұл, ең алдымен, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу өндірісінің жеткіліксіз даму деңгейімен және олардың біртіндеп қысқаруымен байланысты.
Айталық, 2009 жылы импорт үлесі (өнімнің белгілі түрі бойынша ресурстардың жалпы көлемінде), мысалы, сүзбе және ірімшік 67,5%, шұжық – 39,4% құрады. Мұның барлығы мал шаруашылығының өңделген өнім түрлері, Қазақстан олар бойынша салыстырмалы артықшылықтарға ие (бұл табиғи азықтық алаптар аудандары – республика аумағының 67%). Сонымен бірге, әлемдік тәжірибе азық-түлік нарығында импорттың 30% бастапқы мәннен жоғарылауы мемлекеттік экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін айғақтайды.
Азық-түлік өнеркәсібі өнімінің экспортында ең үлкен үлес ұнға тиесілі (2009 жыл қорытындылары бойынша 37,2%). Бұл тауар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, сонымен қатар Ауғанстан, Моңғолия және басқаларға экспортталады.
Сала құрылымы. Азық-түлік саласы өндірісінің негізгі бөлігі азық-түлік өнімдері өндірісіне 76,7% (2009 жыл), сусындарға - 14,8% келеді.
Азық-түлік өнеркәсібі мынадай ішкі салалармен ұсынылған: ет (азық-түлік өндірісінің жалпы көлемінен 11%), сүт (16,4%), көкөністер (11%), ұн (20,3%), май (6,8%).
Сала дамуының өңірлік аспектілері. 2009 жылы сусындарды қосқанда, жалпы республикалық азық-түлік өнімдері көлемінде өңірлер арасында басым орындарды Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары алды.
Машина жасау
Әлемдік экономикада машина жасаудың жетекші рөлі, қағидатты жаңа машиналар, материалдар, энергия көздері, технологиялық үрдістерді, сонымен қатар олармен байланысты өндіріс ұйымдарының үдерісті нысандарын құрумен, еңбек заттары және құралдарын, үздіксіз дамыту және жетілдірумен байланысты, өндірістің барлық салаларында ғылыми-техникалық үрдісті анықтауымен негізделген.
Саланың қазіргі жағдайы. Қазақстанда машина жасауды дамыту бетбұрыстары жалпы әлемдік көріністен ерекше болып келеді: соңғы 20 жылда сала өз әлеуетін жоғалтты және өндіріс көлемдерін төмендетті – елдің ЖІӨ машина жасау үлесі 1990 жылғы 15,9%-дан 2009 жылы 0,9% төмендеді, (Болжамды схемаға 10-қосымшада көрсетілген), сонымен бір уақытта Ресейдегі ұқсас көрсеткіш 30%, Қытай – 25% құрайды. Елдің машина жасау өнімінің ішкі нарығында сала өндіретін өнім үлесінің барлығы 13,8% құрайды, сәйкесінше импорт 80% артық. Әлемдік тәжірибе көрсетеді: машина жасау саласының өнімі шамамен ішкі сұраныстың 70%-ын қанағаттандыратын экономика тұрақты бола алады.
Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің үлесіне өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың 0,6% келеді, өндірістік мақсаттағы негізгі капиталға инвестициялар көлемінен небәрі 1,0% және жыл сайын енгізілетін өнеркәсіптік-өндірістік қорлар құнынан 0,4%, өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың жалпы санынан 12,9% келеді.
Сала құрылымы. Машина жасау кешені 14 ішкі саланы қамтиды, сонымен бірге импорттық түйіндерді, агрегаттар мен жинақтаушыларды жинап өндіру көбірек дамыған, ғылымды көп қажет ететін өнім өндірісі аса төмен.
Сала дамуының өңірлік аспектілері. Өңірлердің ЖӨӨ құрылымында сала Ақмола – 2,7%, Шығыс Қазақстан – 2,3%, Солтүстік Қазақстан – 2,2%, Павлодар – 1,9%, Қарағанды облыстарында – 1,1% басым дамыған.
Өңірлік бөліністе сала құрылымында ең үлкен меншікті үлесті Шығыс Қазақстан – 19,0%, Павлодар – 10,5%, Ақмола – 9,7%, Қарағанды – 7,5%, Солтүстік Қазақстан – 5,7% облыстары алып отыр.
Өнеркәсіп құрылымында ең үлкен үлес Солтүстік Қазақстан – 21,3%, Ақмола – 20,5%, Шығыс Қазақстан – 7,9%, Павлодар – 4,8% облыстарында байқалады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың дәстүрлі орталығы елдің солтүстік өңірлері болып табылады - Қостанай, Павлодар облыстары, сонымен қатар Астана қаласы. Мұнай-газ құрал-жабдығы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, сонымен қатар Алматы қал

Date: 2015-11-14; view: 1261; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию