Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Заңдылықтары, ұстанымдары және факторлары
Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең басты өндіргіш күштер –адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі,еңбек құралдары дамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді. Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады. Өндіргіш күштерді орналастыру: 1) Өндірістің заттай құрамбөліктері менеңбек ресурстарыныңгеографиялық таралуы. Өндіргіш күштерді орналастыру өндірістің басым әдісімен, құрал-жабдықтарға меншіктің түрімен, аумақтық еңбек бөлінісінің ерекшеліктерімен, жеке аудандардың табиғи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен, нақты өндіріс пен салалардың орналасу факторларымен анықталады; 2) Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылым және еңбек ресурстарының орналасуы жөніндегі процестер мен әрекеттердің жиынтығы. Бұл мәнінде "Өндіргіш күштерді орналастыру" ұғымы қоғамдық өндірісті аумақтық орналастыру ұғымына ұқсас деуге болады.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары болып - өндіргіш күштермен территория, яғни аумақ арасындағы ортақ қатынастар табылады. Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтарына келесілер жатады: 1. Өндірісті оңтайлы ең ұтымды орналастыру. 2. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді кешенді дамыту. 3. Аймақтар арасындағы еңбектің ұтымды бөлінуі. 4. Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерін теңестіру. Өндіргіш күштерді орналастыру ұстанымдары: 1.Өндірісті шикізат, отын, энергия көздерімен тұтыну аудандарына жақын орналастыру. 2.Ең бірінші ең тиімді табиғи ресурстарды игеру мен кешенді пайдалану. 3.Экологиялық ахуалды жақсарту,табиғатты қорғау мен ұтымды пайдалану шараларын жүргізу. 4.Еңбектің халықаралық бөлінісінен түсетін экономикалық пайданы игеру шетелдермен экономикалық қатынастарды қалпына келтіріп дамыту. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары– пайдаланылу кезінде орналастарылған нысан мен аумақ арасында өзара қатынас байқалатын және ең соңында, таңдалған критерийлер мен қойылған мақсаттарға сай нысанның оңтайлы оқшаулануын анықтайтын әр мәнді ресурстардың жиынтығы. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары ұғымын: өндірісті орналастыру факторлары және халықты қоныстандыру факторлары деп екі туынды ұғымға белуге болады.Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары: 1. Экологиялық факторлар. 2. Табиғи факторлар. 3. Демографиялық факторлар. 4. Ғылыми-техникалық прогресс факторлары. 5. Әлеуметтік факторлар. Өндіргіш күштердің орналасу түрлері – құрылымдық элементтерінің мөлшерлілігімен, сырт пішінімен, тығыздығымен және өзара байланыста орналасуымен сипатталатын экономикалық-географиялық түзілімдер; бұл сипаттары түзілімнің қызметтік сипаттарымен тығыз байланыста болады.Өндіргіш күштерді орналастырудың заңдылықтары өндіргіш күштер және территория арасында неғұрлым жалпылаған ара қатынастар болып табылады.Экономикалық дамудың қазіргі замаңғы жағдайы үшін өндіргіш күштердің неғұрлым тиімді орналастырудың маңызы зор, себебі ол өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етіп, табиғи ресурсты потенциалды рационалды және сақтаулы қолдануы, тұрғындардың экологиялық өмір сүру жағдайларын сақтап жетілдіруі барысында неғұрлым жоғары табыстылыққа жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытта табиғи ресурстарды кешенді қолдану, шикізат пен отынды қайта өндеу барысында қалдықсыз технологияларды еңгізуге мүмкіндік береді.Өндірісті қазіргі замаңғы жағдайда қалыптасып жатқан нарық жағдайында орналастыру барлық шаруашылық жүйенің құрылымдық қайта құрылысын, экономиканы социологизациялау, ҚР жеке аймақтарының экономикалық даму деңгейін барынша теңдестіруді білдіреді.Шаруашылықтың территориялық құрылымын жетілдіру, келешекте аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының рационалды үлестіруді қамтамасыз ету, Қазақстанның шаруашылығы ішінде олардың өзара әрекет жасасуын жетілдіруге, аймақтық өндірістік буындарды қалыптастыруға, табиғи және экономикалық ресурстарды рационалды түрде игеруге бағытталуы керек. Нарық жағдайында өндіріс пен өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың маңызды заңдылықтарына жатады: -өндірісті рационалды, неғұрлым тиімді орналастыру; -Қазақстанның барлық аймақтарының, экономикалық аудандарының шаруашылығын кешенді түрде дамыту; -аймақтар арасында және аймақ ішінде еңбек бөлінісін рационалды және территорияға сай бөлінуі; Date: 2015-11-14; view: 2205; Нарушение авторских прав |