Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫНЫҢ АУЫТҚУЛАРЫ ⇐ ПредыдущаяСтр 5 из 5
Жұмыстың мақсаты: балалардың денесінің дамуын анықтайтынәсерлермен және балаларда кездесетін дене дамуының ауытқуларымен танысу.
Жұмыс барысы және теориялық дайындыққа арналған мәлімет:
Балалардың денесінің дамуын анықтайтын әсерлерді генетикалық, экзогендік (сырттан әсер ететін) және қиын классификацияланатын деп бӛлуге болады.
Генетикалық әсерлердің маңызы зор. Адамның дамуының жылдамдығын және шегін реттейтін 100-ге жуық ген бар деп есептелінеді. Бірақ олардың маңызы туралы тікелей дәлелдер табу қиын. Дененің дамуына, әсіресе ұзындығына, мұрагерліктің ықпалы баланың 2 жастан бастап білінеді. Ата-ата мен баланың дамуының корреляциясының кӛрнекті мерзімін екі кезеңге бӛледі.
2-ден 9 жасқа дейін бірінші топтық гендердің ықпалы (бірінші отбасылық фактор) тиеді және 14-ден 18 жасқа дейін дамуы басқа гендерге (екінші отбасылық фактор) байланысты. Ӛмірдің және тәрбиелеудің қолайлы жағдайында, мұрагерлік факторлардан, баланың ӛсуінің шапшаңдығы мен шегіне сырттан әсер ӛтетін (экзогендік) факторлардың ықпалы жақсырақ зерттелген. Қоректендірудің әсері ең маңызды болып есептелінеді. Тамақ біркелкі жетіспегенде салмағының дамуын кідіртеді және даму мен жетілудің мерзімін ұлғайтады. Тамақтың үлкен дәрежелі жетіспеуі даму мерзімінің ұзаруымен компенсацияланбайды да, дененің пропорциясының ӛзгеріп, аласа бойлы болуына әкеліп соқтырады.
Тамақтың кейбір компоненттерінің (А витамині, цинк, йод және т.б.) жетіспеуі балалардың ӛсу процесін іріктеп бұзады.
Балалардың дамуына ӛмір ережесінің де тигізер әсері аз емес. Оның ішінде, дене дамуына әсерін тигізетін, ең маңызды екі ережелік әсерлі (факторды) атауға болады:
Біріншісі – шеміршектің остогенезінің және ӛсуінің коздырушысы болып есептелінетін қаңқаға тіке жене еселеп кезектесіп түсетін механикалық салмақ дәрежесін құрастыратын дененің бір қалыпты қозғалысы.
Мысалы: Салмақ кӛтергенде тіке түсетін артық күш кері әсер етіп – ӛсуін тежейді. Сондықтан баланы қадағалап, оның қозғалысының дұрыс болуын және оның дамуына кері әсер ететін дене тәрбиесімен айналыспауына кӛңіл бӛліп отыру керек.
Екінші маңызды әсер (фактор) – ұйқының жетіспеушілігі. Атап айтқанда баланың қаңқасының ӛсуін анықтайтын негізгі зат алмасу және клеткалық ӛзгерістер ұйқы мезгілінде жүреді.
Баланың сана сезімінің қызбалығы – психологиялық шиеленушілік, жабығу (депрессия), психикалық жарақаттар, ӛсу процесін және катаболизмнің үдеуін тоқтатып (блок жасап), нейроэндокриндік механизмдердің қосылуына байланысты ӛсуді тежеуге әкеліп соқтырады. Балалардың жедел және әсіресе созылмалы аурулары, ұзақ уақытқа анаболикалық процесстерді бұзуға, микроциркуляцияның бұзылуына, гипоксемияның пайда болуына әсер ететіндіктен ӛсуді тежейді.
Қоршаған орталық әсерлерге әртүрлі климаттық-географиялық жағ-дайларды да қосуға болады. Ыссы климаттың және биік таулы жағдайдың ӛсуге тежеулік әсер етумен қатар, баланың жетілуін едәуір жеделдетуі де мүмкін.
Сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты ӛсудің жылдамдығының ӛзгерімпаздығы (жазғытұры жеделдету, күзде және қыста – тежеу) кең түрде белгілі. Ӛсудің жыл мезгіліне байланыстылығы ӛсу жылдамдығын бағалауды жылдың ӛзгерушілік негізінде жүргізуді талап етеді.
Баланың ӛсуіне классификацияланбайтын әсерлердің тигізетін ықпалы шамалы тексерілген болып есептелінеді. Бұларға жүктілік пен босанудың реттік саны, босанудың мерзімі, баланың туғандағы салмағы, анасының жасы және ӛте аз дәрежеде әкесінің жасы, баланың туған жыл мезгілі жатады. Ықпал дәрежесі нашар.
Соңғы уақытта дене ӛсуін кешенді бағалау жобасы кең қолданылады. Бұнда биологиялық жетілудің деңгейімен қатар организмнің құрылымы және әрекеттік (морфофункциялық) жағдайы ескеріледі.
Биологиялық жетілу деңгейін анықтағанда дене ұзындығы, оның жыл сайын-ғы даму сипаттамасы, тұрақты тіс саны, екінші жыныстық кӛрсеткіштердің дамуы бағаланады.
Дегенмен, балалық шақтың әр сатысында биологиялық дамудың кейбір кӛрсеткіштері негізгі немесе қосалқы болуы мүмкін. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін тұрақты тіс саны, қаңқаның жетілуі, дене ұзындығы биологиялық дамудың негізгі кӛрсеткіші болып келеді.
Ал орта және ересек мектеп жасындағы балалар үшін екінші жыныстық кӛрсеткіштердің даму деңгейінің, сүйектердің оссификациялануын, ӛсу процес-терінің сипаттамасының биологиялық дамуды бағалауда маңызы үлкен. Ал дене ұзындығының және тістер жүйесінің дамуының маңызы аз болып келеді.
Алыптық (Гигантизм) –ӛсу гормондары жас кезінен бастап шамадантыс бӛлінгенде дамудың қатты үдеуінен пайда болатын науқас. Антро-пометриялық кӛрсеткіштер қалыпты жағдайдан бірнеше есе асып кетуі мүмкін.
Акромегалия –дененің шекті бӛліктерінің(қол,аяқ,мұрын,жақтар)үлкеюі, сонымен қатар сүйектердің периостальдық ӛсуі, жұмсақ тіндердің (тканьдардің) және ішкі ағзалардың массасының ұлғаюы. Жарым-жарты немесе порциальды алыптық жұмсақ және сұйық тіндердің ұлғаюына байланысты дененің кейбір бӛліктерінің үлкеюі. Ӛсу гормондарының ересек кезеңде шамадан тыс бӛлінуі байқалғанда анықталады.
Нанизм –дене ӛсуінің тоқтап қалуы.Дене ұзындығы жасына байла-нысты тиісті мӛлшерінен 40 пайыздан артық кем болса нанизм деп атайды.
Ергежейлік –дене ұзындығы120-130метірден аспайтын ересек адам-дарды атайды. Дене ұзындығы жасына байланысты тиісті кӛрсеткіштерімен салыстырғанда 20 пайыздан артық кем болады. Ал 40 пайыздан асса нанизм болады. Нанизмнің бірнеше түрі болады: 1. Церебральды – гипофизарлық нанизм.
2. Гипотиреоидтық (қалқанша бездің жұмысының тӛмендеуіне байла-нысты) нанизм. Нанизмнің себептері ӛте кӛп: іште пайда болып туған сүйек аурулары (хондродистрофия, мешелдің барлық түрлері, сапасыз остогенез); тамақтандыруға байланысты және зат алмасуының ауытқулары, қан айналысының ауытқулары, эндокриндік ауытқулар және тағы басқа.
Әдебиеттер:
1. Концепция предшкольного образования. - Алматы, 1999.
2. Демеуов Ж.Д., Байназарова Б.Я., Алиакбарова З.М., Бекетаев А.М. Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы физиологиясы және гигиенасы. – Алмат: - Білім, 1995.
3. Голубев В.В., Голубев С.В. Основы педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. - М., 2000.
4. Дорошкевич М.П., Кравцов М.П. Основы педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. - Минск, 2002. 5. Дробинская А.О. Основы педиатрии и гигиены детей и подростков. - М., 2003.
6. Бисярина В.П. Анатомо-физиологические особенности детского возраста. - М., 1968.
7. Бисярина В.П. Детские болезни с уходом за детьми и анатомо-физиологическими особенностями детского возраста. - М., 1992. 8. Громбах С.М. Руководство по гигиене детей и подростков. - М., 1993.
9. Дорожнова К.П. Роль социальных и биологических факторов в развитии ребенка. - М., 1994.
10. Кабанов А., Чабовская А.П. Анатомия, физиология и гигиена детей дошкольного возраста. - М., 1989.
11. Смирнова Е.П. Гигиенические основы воспитания в дошкольных учреждениях. - М., 1992.
12. Сулейменов А.А., Исамбаев М. Медициналық, анықтама. – Алматы: Қазақстан, 1988ж.
13. Спирина В.П. Закаливание детей. - М., 1992.
14. Белоусова А.З. Руководство к практическим занятиям по гигиене детей и подростков. - М., 1972.
15. Кардашенко В.Н. Руководство к практическим занятиям по гигиене детей и подростков. - М., 1989.
16. Гребешева И.И. Организация медицинской помощи детям в дошколь-ных учреждениях. - М., 1984.
Date: 2015-11-13; view: 1102; Нарушение авторских прав |