Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЖӘне дене дамуыныҢ негізгі заҢдарыСтр 1 из 5Следующая ⇒
Арағанды Мемлекттік Медицина Университеті Клиникаға кіріспе кафедрасы Балалар ауруына кіріспе
Тақырып: Балалардың физикалық дамуының ауытқуы.Гипотрофия және паратрофия, гипостатура, нанизм және гигантизм түсініктері.
.
Орындаған: Муса С. С
Қарағанды 2015ж
Ә д е б и е т т е р.. ………………………………………………………………….
Тақырып БАЛАЛАРДЫҢ ТУЫЛҒАННАН КЕЙІНГІ ДЕНЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ
Жұмыстың мақсаты: Балалардың туылғаннан кейінгі«дене дамуы»ұғымымен, дене дамуын бағалау әдістерімен және дене дамуының негізгі заңдылықтарымен танысу.
Жұмыс барысы және т еориялық дайындыққа арналған мәлімет:
Дене дамуы туралы ғылым – балалық шақтың жастық анатомиясы мен физиологиясының ӛзіндік фрагменті. Антропологтар мен спорттық медицина мамандары дене дамуы дегенді «организмнің физикалық күш қорын анықтайтын, оның морфофункциональдық қасиеттерінің кешені» деп түсінеді. Бұл анықтауда дене дамуы организмнің әрекеттік қабілетінің кӛрсеткіші ретінде қабылданады. Балаларда дене дамуы деген кең түсінік болып келеді. Ең алғашқы болып морфофункциялық қасиеттер кешенінің баланың биологиялық даму жасына қатынасын қамтиды. Бұндай жағдайда дене дамуын бағалау даму метрологиясы, жастық атропология мен антропометрияның синонимы (баламасы) болып қалады.
Екіншіден «дене дамуы» ұғымы бір мезгілдегі дамуды сипаттамайды, құбылыстың әр мезгілдегі ӛзгерістерін анықтайды. Бұндай кӛзқараспен қарағанда дене дамуы дегеніміз бала организмінде ӛсу барысында анықталатын дене мӛлшерінің, тұлғаның, сыртқы пішінінің, бұлшық ет күштерінің және әрекеттік қабылетінің ӛзгеруі.
Екі қолын жайып тұрған баланың жауырын бұрышының астынан сантиметрлік таспаны ӛткізіп, қолды тӛмен түсіргізеді. Сосын таспаны сүт безінің маңай дӛңгелекшелерінің тӛменгі жиегімен жүргізеді. Ересек қыздарда сүт безінің жоғарғы жағындағы қабырғамен, яғни кеуде терісінің сүт безіне ауысатын жерінен, ӛлшейді. Баланың иығын кӛтермеуін, қолын қозғамауын қадағалау қажет. Ӛлшеп жатқанда таспаны жұмсақ тканьдерді сәл қысыңқырап тұратындай етіп тарту керек.
Бас шеңберін отырғызып немесе жатқызып, сантиметрлік таспамен ӛлшейді: желке шүйелері мен қастың үстіндегі доға аралықтарымен таспаны оң жақ самайдан айналдыра әкеліп, сол жаққа қарай маңайға жеткізе ӛлшейді.
Іш шеңбері – кіндіктің немесе іштің шығыңқы тұсынан таспамен кесе кӛлденең ӛлшейді.
Тұлға ұзындығын сантиметрлік лентамен ӛлшейді. VII мойын омыртқа-ның жоталы ӛсіндісі мен құйымшақ аралығын үлкен балаларды тұрғызып, кішкентай балаларды бір бүйіріне жатқызып ӛлшейді.
Қол ұзындығы – бұғана мен III саусақтың ұшына (сырт жағынан) дейінгі аралық бойынша анықтайды.
Иық ұзындығы – бұғана мен білек буынының үсті. Білек ұзындығы – білек буыны мен III саусақтың ұшы.
Аяқ ұзындығы – үлкен ұршық пен табан аралығы (сырт жағынан ӛлшейді).
Сан ұзындығы – үлкен ұршық пен тізе асты шұңқырындағы кӛлденең сызық аралығы.
Балтыр ұзындығы – кӛлденең сызық пен тобық аралығы.
Иық шеңбері – тӛмен түсірілген қолдың жоғары үштен бір бӛлігінде қолтық қуысы деңгейінде ӛлшейді. Жақсы дамыған жерінде таспаны кӛлденең жүргізеді.
Сан шеңбері – бӛксе тұсынан кӛлденең жүргізілген таспамен ӛлшейді. Балтыр шеңбері –балтыр етінің жақсы дамыған жерінен таспа кӛлденең
жүргізіліп ӛлшенеді.
Date: 2015-11-13; view: 1203; Нарушение авторских прав |