Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Архиваторлар
Біз кез-келген ақпараттың белгілі бір көлемі болатын білеміз. Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискіге сыймайтын болса, онда ақпаратты құртпай, оны арнайы программалардың көмегімен архивтейді. Архивтеу дегеніміз дискіде файлдың алатын орнын азайту үшін ондағы мәліметтерді архивтеуші программалардың көмегімен сығу процесі. Мәліметтерді архивтеу үшін арнайы программалар қолданылады. Оларды архиваторлар деп атайды. Кең таралған архиваторлар: ARJ, RAR, ZIP, ACE, CAB. Архивтелген файлдарды бастапқы күйіне келтіру процесі архивтен алу деп аталады. Файлдарды ашқанда, олар архивтен алынып, дискіге немесе жедел жадқа орналастырылады. Архив – программалар мен мәліметтердің ұзақ уақыт сақтауға арналған, тығыздалып сығылған көшірмелері; программалар мен мәліметтердің көлемін оларды қалпына келтіру мүмкіндігі бар белгілі тәсілдермен кішірейте отырып, олардың тығыздалған күйіндегі көшірмелерінің сақталған жиыны. Архивтік файл – тығыздалған түрде біртұтас файлға орналастырылған бір немесе бірнеше файлдың архивтелген көшірмесі; алғашқы файлдарды тығыздап қысу нәтижесінде дайындалған файл. Оларды керек кезінде алғашқы түрде шығарып алуға болады. Архиваторлар файл көлемін 10 пайыздан 70 пайызға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Егер мәтіндік реферат көлемі 1Мбайт болса, архивтеу нәтижесінде көлемі 100Кбайтқа дейін азаяды. Әуендік және суреттік файлдар әртүрлі деңгейде сығылады. Мысалы: wav, bmp, tiff форматты файлдар жақсы сығылса, mp3, gif және jpg форматты файлдарды мүлдем сығылмайды деуге болады. Архиваторлардың негізгі қызметтері: 1) жаңа архивтер құру; 2) файлдарды архивтен шығару; 3) архивке файлдарды қосу; 4) өздігінен ашылатын архивтерді құру; 5) архивті бүтіндікке тестілеу; 6) бүлінген архивті қалпына келтіру; 7) архивті қорғау. WinZip программасы екі режимде жұмыс жасайды: классикалық және шебер режимінде. WinZip архиваторы антивирустық программаны қолдайды, архивтен өздігінен алынатын файлдарды құрады, архивті электрондық пошта арқылы жіберуді қамтамасыз етеді. Архивті қорғау үшін оны құрған кезде пароль орнату жеткілікті. Көбінесе файлдарды сығу және ашу бір программамен жүргізіледі, бірақ кейбір жағдайларда оны бірнеше программамен жасауға болады. Мысалы, PKZip программасы файлдарды сығады, ал PKUnZip файлдарды ашу қызметін атқарады. ARJ архиваторы үлкен жылдамдықпен жұмыс жасайды және ақпаратты өте жақсы тығыздап, сығады. RAR архиваторының ARJ-ге қарағанда қолайлы интерфейсі бар және ол Windows операциялық жүйесіне арналып жасалған. WinRAR программасы кеңінен қолданылатын және көптеген тілде нұсқалары бар архиватор. WinRAR программасы WinZip программасымен салыстырғанда, файлдарды жақсы архивтейді. Ол физикалық тұрғыдан зақымдалған файлдарды қалпына келтіре алады.
Date: 2015-11-13; view: 792; Нарушение авторских прав |