Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет. Windows XP экранының жалпы көрінісі





 

Әртүрлі программалар орындайтын экранның төртбұрышты қоршаулы аумағын терезе деп атайды. Терезені үлкейтуге, кішірейтуге, бүктеуге және бір мезетте экранға бірнеше терезені шығаруға болады. Олар үстелде әртүрлі орналасуы немесе бірін-бірі жауып тұруы, үстелде орындарын ауыстыруы, тіпті мөлшерін өзгертуі де мүмкін. Жұмыстың сипатына (сондай-ақ өз үқыптылығыңызға) байланысты сіз жұмыс үстеліне жарасымды ретпен бірнеше терезе орналастыруыңызға немесе, керісінше, бірінің үстіне бірін орналастыруыңызға да болады. Қалауыңызша, үстел бетіне экран бетін толық алып тұратын бір ғана терезе қалдырып, артығын алып тастауыңызға да болады. Стандартты терезе элементтері: тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар тақтасы, сырғыту сызғышы, үлкейту-кішірейту пернесі және т.б.

Windowsинтерфейсін пайданушылар туралы мағлұматты компьютер қосылғаннан кейін монитор экранында пайда болатын жұмыс үстелі мен тапсырмалар тақтасы береді. Пайдаланушы бір түсті бетті немесе кейбір суреті бар графикалық объектілер орналасқан бетті көреді - осы бет жұмыс үстелі болып саналады. Экранның бір шетін бойлай тапсырмалар тақтасы (панель задач) орналасады. Оны кейбір оқулықтарда мәселелер тақтасы деп те атайды.

Жұмыс үстелінің терезесі (Окно рабочего стола) - Windowsқолданбалы программаларының терезелері үшін негізгі болып саналатын, экран бетін толық жауып тұратын жүйелік терезе.

Жұмыс үстелінде программаларға, құжаттарға, әртүрлі желілік қүрылғыларға жөне т.б. сәйкес бірнеше графикалық объектілер орналасуы мүмкін. Әрбір графикалық объектінің атауы бар жарлығы болады.

Windows операцялық жүйесінде жарлық, пиктограмма, таңбаша ұғымдары кеңінен қолданылады. Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файлды жарлық (ярлык) деп атайды. Басқаша айтқанда, жарлық – файлға сілтеме. Ол өзі көрсетіп тұрған файлды іздемей-ақ жылдам іске қосып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Пиктограмма – программаны, мәліметтер файлын және компьютерге қатысты басқа да кейбір функцияны көрсететін экрандық символ. Таңбаша – жұмыс үстелінде экрандағы белгілі бір құжаттың, программаның, жарлықтың графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Пайдаланушы өзінің талғамына қарай таңбашалардың қүрамын, олардың сыртқы түрін, орналасуын, мөлшерін, түсін өзгертуіне болады.

Жұмыс үстелінің негізгі компоненттері: менің компьютерім, менің құжаттарым, желілік орта, қоржын(корзина), тапсырмалар тақтасы және т.б. Менің компьютерім – Windows операциялық жүйесінің жүйелік бумасы. Ол дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асырады, компьютер құрылғыларын орнату және тағайындау қызметін атқарады. «Менің компьютерім» программасының терезесі арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі бумаларды ашуға, файлдар мен бумаларды көшіруге, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттерді орындауға болады. Пайдаланушының барлық құжаттары әдетте «Менің құжаттарым» бумасында сақталады. Желілік орта компьютердің желіде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Қоржын (Корзина) дегеніміз компьютер дискілерінен өшірілген мәліметтерді уақытша сақтайтын арнайы бума. Қоржынды кейбір оқулықтарда себет деп атайды. Қоржын программасының терезесі арқылы ондағы файлдардың мазмұнын көруге және оларды қайтадан қалпына келтіруге болады. Егер қоржындағы мәліметтер қажет емес болса, онда қоржынды тазалап, мәліметтерді біржолата жоюға болады.

Тапсырмалар тақтасы - Windows операциялық жүйесінде жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан ұзынша жолақ тақша. Тапсырмалар тақтасы жұмыс үстелінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін немесе тышқанның меңзерін экранның сөйкес шекарасына жақындатқанда ғана пайда болуы мүмкін. Онда Іске қосу (Пуск) батырмасы, алфавит индикаторы, уақыт, жұмыс істеп тұрған программалар мен файлдар белгішелері орналасады.

Date: 2015-11-13; view: 610; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию