Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Файлдық менеджерлер





Файлдық менеджерлер (файлдар диспечері) - дискідегі файлдар мен каталогтарды (бумаларды) басқаруға арналған программалық жасақтама. Ол операциялық жүйемен жұмысты жеңілдету үшін құрылған. Көптеген файлдар мен каталогтармен (бумалармен) жұмыс жасау Windows операциялық жүйесінде сілтеуіш (проводник) көмегімен жүзеге асады. Файлдық менеджерлер бірнеше файлды бір есте сақтау құрылғысынан екіншісіне көшіруді және т.б. командаларды сілтеуішке қарағанда жылдам жүзеге асырады. Әдетте файлдық менеджер екі тақтадан (тақтадан) тұрады.

Ең алғашқы шыққан файлдық менеджер – 1986 жылы Питер Нортон негізін қалаған Norton Commander программалық қабықшасы. Norton Commander программалық қабықшасы екі вертикаль тақтадан (тақтадан) тұрады, экранның жоғарғы жағында мәзір (меню) қатары, төменгі жағында функциональдық пернелер атқаратын қызметімен сипатталған.

Norton Commander программалық қабықшасында функциональдық пернелердің атқаратын қызметтері:

F1(help) – анықтама;

F2(menu) – тізімде көрсетілген командалар тізімін шығару;

F3(view) – файлды көру;

F4(edit) – файлды редактрлеу;

F5(copy) – файлдың көшірмесін алу;

F6(renmov) – файлдың атын өзгерту;

F7(MkDir) – ішкі каталог құру;

F8(delete) – файлды өшіру;

F9(PullDN) – NC мәзірін шығару;

F10(Quit) – NC программалық қабықшасынан шығу;

Alt+F1 – сол жақ тақтадағы дискіні таңдау;

Alt+F2 – оң жақ тақтадағы дискіні таңдау;

Alt+F3 – мәтіндік файлды көру;

Alt+F4 – файлды редактрлеу;

Alt+F5 – ерекшеленген файлды сығу (архивтеу);

Alt+F6 – файлды архивтен алу;

Alt+F7 – дискіден файлды іздеу;

Alt+F8 – алдыңғы енгізілген командаларды көру және қайталап орындау;

Alt+F9 – экранның өлшемін өзгерту;

Alt+F10 – басқа каталогқа жылдам өту;

Ctrl+F1 – сол жақ тақтаны шығару және алып тастау;

Ctrl+F2 - оң жақ тақтаны шығару және алып тастау;

Ctrl+F3 – ағымдағы тақтаның файлдарын аты бойынша сұрыптау;

Ctrl+F4 - ағымдағы тақтаның файлдарын кеңейтпесі бойынша сұрыптау;

Ctrl+F5 - ағымдағы тақтаның файлдарын уақыт бойынша сұрыптау;

Ctrl+F6 - ағымдағы тақтаның файлдарын өлшемі бойынша сұрыптау;

Ctrl+F7 - ағымдағы тақтаның файлдарын сұрыптамау;

Ctrl+F9 – ерекшеленген файлды немесе файлдар жиынын баспаға шығару.

Қазіргі уақытта жиі қолданылатын файлдық менеджерлер: FAR-менеджер, Total Commander, Frigate.

FAR-менеджер Norton Commander программалық қабықшасына өте ұқсас. Ол плагин деп аталатын қосымша модульдерді сүйемелдейді. FAR-менеджердің ерекшеліктері: программаның көлемі аз, тез жүктеледі; плагиндер көмегімен программаның мүмкіндіктерін арттыруға болады; каталогтардың өлшемін анықтайды; FTP-клиент файлдарын беру, қосалқы құрылғыларды қолдану мүмкіндіктерін береді; бір уақытта барлық файлдарда бірдей символдарды алмастыруға болады; күрделі құрылымдық масканы қолданып, файлдар жиынын өзгертуге болады.

Total Commander 1993 жылы Windows Commander деген атпен жарыққа шыққан. Total Commander программасының интерфейсі Norton Commander программалық қабықшасына ұқсайды, бірақ мүмкіндігі зор. Мұнда файлдардың атауы, типі, өлшемі, уақыты көрсетілген. Total Commander ерекшеліктері: бірнеше тілдерді сүйемелдейді; жиі қолданылатын каталогтарды есте сақтайды; әртүрлі архивтермен жұмыс жасайды; желіде тиімді жұмыс жасайды; плагиндерді сүйемелдейді; файлдар мен бумаларды әртүрлі қасеиттері бойынша іздеп, салыстыру жүйесі қалыптасқан.

Frigate (Фрагет) графиктік файлдық менеджері 2001 жылы шыққан ең жас және өте жылдам дамыған программа. Frigate файлдық менеджерінің ерекшеліктері: файлдарды жылдам қарау мүмкіндігі (оң жақ тақтада файл атаулары бойынша жылжи отырып, сол жақ тақтада оның құрылымын көру); арнайы утилиттер (калькулятор, блокнот) орналастырылған; жиі қолданылатын каталогтарды есте сақтайды; бір уақытта файлдармен бірнеше операцияларды қатар орындайды; өлшем менеджері көлемі үлкен файлдарды анықтайды; файлдарды CD-дискіге жазуға болады.

 







Date: 2015-11-13; view: 629; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию