Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мұхит түбінің бедері





Әлемді мұхиттың су айдыны үшке ажыратылады:1) Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттар; 2) олардан арал, түбектермен, су астындағы қыраттармен бүлінген, дегенмен мұхитармен оңай қатынасы бар шеткі теңіздер (Баренц, Беринг, Охот, Жапон, Кариб теңіздері сияқты); 3) құрлық құрсауына еніп, мұхитпен немесе іргелес теңізбен бұғаздар арқылы жалғасқан ішкі теңіздер (Жерорта, Қара, Балтық, Ақ теңіздер іспеттес).

Мұхиттар мен теңіздердің геологилық әрекеті айтарлықтай күрделі же,не әдеттегідей үш түрде бөлінеді: 1) жағалаудың бұзу жұмысы – абразия; 2) бұзылған және құрлықтан жеткен жыфныстарды ірі қарай тасымалдап, іріктеу; 3) шөгінді жинау (аккумуляция).

Жердің ұзақ тарихында оның бетін талай рет теңіз басып, шөгінділер жапқан. Шөгінділер мен олардың ішіндегі жан – жануарлар қалдығы жер тарихының ең басты шежіресі кітабы.

Кейінгі 30 шақты жылда Әлемсдік мұхит барлық тұрғыдан мұқият зерттеліп, оның түбінің бедері, шөгінділерінің жене олармен байланысты қазынды байлықтардың таралу заңдылығы, құрылымы туралы аса маңызды мәліметтер жиналды. Бұл істе ісіресе мқхиттың терең түбін бұрғылайтын «Гломар Челледжер» кемесінің табыстары мол. Қазірде 650 шамалы скважиналар қазылды. Әлемдік мұхитта мұқият зерттеу арқасында Жер тарихының даму заңдылығын қолымызға ұстатқан «Тақталар тектоникасы» деп аталатын жетекші теория туып, дамыды.

Осы күнгі деректерге сай мұхиттар түбінің бедері мынадай ірі геоморфологиялық элементтерге бөлінеді: 1) теңіз астандағы құрлық шеті, Әлемдік мұхиттың табаны; 2) мұхиттың орталық жоталары.

Құрлық шеті атланттық (пассивті) және Тынық мұхиттық (активті) түрлерег ажыратылады. Біріншісі Солтүстік Мұзды мұхит, Солтүстік жіне Оңтүстік Атлантида, Үнді мұхиттың (Зонд архипелагына басқа) жағалауларында орын тепкен. Бұл топ марфологиясына сай материктік қайраңға (шельфке), материктік беткейге, материктік етекке жіктеледі.

Материктік қайран (шельф) деп теңіздің құрлыққа жалғасқан тайыз шетін атайды. Оның бетінің көлбеу жазықтыңы 1 ͦ шамасында, Шельфтің материктік беткеймен жапсарласқан тұсын оның қабағы дейді. Қабағы негізінде 200 м тереңдікте орналасқан 100 метрден 300 – 500 метрге шейін өзгереді. Көлденең ондаған километрден Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларында 800 – 1000 километрге жетеді. Кейнгі тұстарда шельф құрлық төмен майысып құлдырағаннан пайда құлдырағаннан пайда болған. Бұған дәлел – шельф бетінен бұрынңы жер бетіндегі бедерлерді, мысалы, су астындағы өзендер арналарының жалғасы, өзен террасалары, ежелгі су жағалауы, мұз тектес формалар т.б. көретініміз.

Материктік беткей шельф қабағынан төмен қарай 2000 – 2500 (кейде 3000) метрге шейін құлайды. Беткей көлбеуінің орта шамасы 3 – 6 – 7 ͦ, ендеше шельфпен шегі тігірек болғаны. Кей жағдайда материктік беткейдің беті жарықтармен жіктелу себебінен сатыланып тұрады. Оның үстіне беті су астындағы терең (1000 м) тік жарлы шатқалдармен тілемденіп жыртылады. Шатқвлдвр материктік етекке шейін жетеді. Олардың кейбіреулері құрлықтағы өзен арналарын (мысалы, Гудзон, Конго) жалғастырады да, теңіз түбінде жер сілкінуден, цунами толқындарының соғуынан немесе құрлықтан құйған апатты ағыстан көтерілген лайлы ағын су әсерінен пай да болады. Лайлы су ауыр болатындықтан төмен қарай тасқындап ағып, көшті эрозия жүгізеді.


Материктік етек деп мұхит табаны мен беткейінің шөгіндідегі жатық, кейде шамалы ғана бұйратталған жазықты айтады. Енді ондаған-жүздеген километр, тереңдігі 2000 – 2500 метрден 3000 – 3500 километрге жетеді.

Тынық мұхиттың активті шетінің атлант тұрпатына қарағанда, тектоникалық жай жедел өзгеретіндіктен бедері өте бедерлі болады. Мұнда құрлықтан мұхит табанына ауысу күрделі. Мысалы, Тынық мұхиттың батыс жағалауында құрлық пен мұхит шегінде алдымен таулы аралдар доғасы (Алеут, Камчатка, Курил, Жапон, Филипен) бой көтереді де олардың мұхит жағынан терең мұхит науалары орын тебеді. Кейінгілері – тар қысталаң (100 – 150км), бірақ өте терең, асимметриялы сатыланған жақты, жіктелген өте терең (7 – 8-ден 11километрге шейін) науалар. Дүние жүзіндегі ең терең Мариан науасы (11 022 м).

Әлемдік мұхиттың табаны (т ө с е н і ш і). Мұхит шарасы Әлемдік мұхиттың ауданының 50 проценттен артығын қамтиды да табанының тереңдігі 3 – 3,5 километрден 6 километрге жетеді. Ол шұңғымаларға, жоталарға, қыраттарға бөлінеді. Шұңғымалары екі түрлі болады: 1) беті тегіс абиссалды жазықтар – негізінде Атлант мұхиттың түбіне орын алады; 2) адыр-бұдырлы жазықтар Тынық мұхитта орын теуіп, төбе бұйраттары көбінесе жанартаулардан құрастырылған. Жанартаулардың ең биіктері арал түрінде теңіз деңгейіне көтеріліп тұрады. Олардың арасында г и й о т т е р (гайот) аталған төбесі те-тегіс шыңдар болады да қазіргі заманда олар 2500 м тереңдікке шейін орналасады. Төбесі тегіс болғанынан гийоттер кезінде тайыз жерде бой көтеріп абразияға душар болғанын, кейінгі кездерде табаны төмен құлдырағанын көреміз. Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде (Америка жағы) шаралар бедерінде 3000 – 4000 километрге созылған тектоникалық жазықтар бой түзеп, олар шұңғыма табанын сатылап бөлшектейді.

Әлемдік мұхиттың табанында жер қабығы грачит гнейс қабатынан ада.

М ұ х и т т ы т т ы ң о р т а л ы қ ж о т а л а р ы – барлық мұхиттарды кесіп өтетін жалпы планетааралық жүйе құрайды. Олар мұхит табанынан 3 – 4 километрге дейін көтеріледі, ені 1000 – 2000 километрге жетеді. Кейде төбелері теңіз бетінен асы, аралдар құрайды. Мысалы Атлант мұхитындағы Буве, Вознесение, Азор, Ян-Майен, Тынық мұхиттағы Пасха, Үнді мұхиттағы Сен-Поль, Родригес т.б. аралдар.


Мұхиттың орталық жоталары бойлығының дәл орталығында жарықтармен шектелген терең қысталаң шатқалдар (р и ф т е р – ағылшынша жылға, саңылау) орын тепкен. Олардың тереңдігі 2 – 2,5 км, үстіңгі ені 25 – 50 км. Оның үстіне орталық жоталар көлденең бағытта трансформды жарықтармен бөлшектеген. Олардың тік бағытта құлдырауы 3 – 5 километрге жетеді де жазық бағытта бойлық рифтерді бірнеше жүздеген километрге жылжып көшеді. Кейде бойында екі жағы саңылауланып ашылған грабендер тәрізді тереңдігі 7 – 8 км көлденең аңғарлар түзіледі.

Келтірілген сипаттамасынан көретініміз – орталық жоталар жер қабығындағы ең өршіген белдеулер. Олардың бойында күшті жер сілкіну, аномальды артық қызу ағыны, күшті жанартау атқылауы байқалады. Рифт зонасында жер қабығы әбден сүйірленіп, бойына шала балқыған мантия заты кіреді.

Шеткі және ішкі теңіздер табандарының бедеріне қарай жайпақ жіне шұңқыр түрлерге бөлінеді. Жайпақ теңіздер тайыз Бофорт, Баренц, Қара, Ақ теңіз, Балтық, Солтүстік, Авоз теңіздері жатады. Түбі кезінде теңіз астына шөккен құрлық бөлімі болғандықтан оларды э п и к о н т и н е н т а л д ы қ теңіздер деп біріктіре атайды.

Шұңқыр теңіздерге тектоникалық қозғалысы басыңқы биік жиекпен қоршаулы, табаны жиі сілкінетін, көбіне жанартаулы теңіздер жатады. Олар: Жерорта, Қара, Беринг, Охот, Жапон, Оңтүстік Қытай т. б. Теңіздер. Олардың табанына мұхиттағы сияқты материктік қайран (шельф), беткей, терең шұңғымалар көрінеді.Тереңдігі 3 – 3,5 км шамасында, кейде 4 – 5 километрге жетеді.

 







Date: 2015-11-13; view: 3372; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию