Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Теңіз суының қозғалысының геологиялық әрекеті
Теңіз суының қозғалысы үш түрге бөлінеді: 1) ағыста; 2) толқындар, 3) шалқу және шегіну қозғалысы. Теңіз ағыстары судың орасан массасын алысқа тасымалдайды. Олар теңіз суының әр тұстағы температурасы мен тұздылығының өзгешелігіне байланысты. Тұздылығы артық судың тығыздығыда басым. Ағыс пайда болуына олармен қатар тұрақты жел (пассаттар, муссондар) бағыттары, Жер айналуының тепкіш және уақыт (Кориолис күші) күштері себепкер. Ағыстар беткі, терең түпкі және суық, жылы түрлерге ажыратылыды. Солардың әсерінен, бейнелеп айтсақ, мұхит өзін-өзі жыртады да түп шөгінділердің жайылуына, құрамына, шөгу жылдамдығын әсер етеді. Беткі ағыстар алдымен тұрақты жел бағытына тәуелді. Осылайша Атлант және Тынық мұхиттарда экватордың екі жағында да шығыстан батысқа қарай пассатты ағыстар жүріп, мұхиттардығ батыс жиегінде деңгейін 20 см-ден (Атлант мұхиты) 50 сантиметрге (Тынық мұхиты) көтереді. Салдарына орта шенінде экваторлық қарсы ағыс (батыстан шығысқа) және жылдамдығы секөнтіне 15 – 50 сантиметрден 150 – 200 сантиметрге жететін теріскей және оңтүстік бағыттағы ағыстар туады. Мұхит суының келесі бөлшегі солтүстік жарты шарда полярлық алаптарға қарай бағыт алады. Олардың жылысы – Гольфстрит, Бразилия, Куросио, суығы – Қанар, Калифорния, Перу ағыстары 1000 километрге, тереңдігі 1000 – 1300 м-ге жетеді. Кейінгі 30 жыл арасында мұхиттардың терең қабатында да атмосферадағыдай «циклон, антициклон» ағыстары бар екені анықталды. Ғарышкерлер А.Иваников пен В.Каваленок ғарыштан беті тып-тыныш айнадай жарқырап жатқан Атлант мұхитының тұңғиығында буырқанған сарқыраманы көріп қайран қалған. Осы мұхиттың экватор ендігіндегі 50 – 250 м тереңде ені 400 км Ломоносов ағысы жол түзейді. Оның түп тұсындағы ағыс жылдамдығы минөтіне 3,6 м шамасында. Кромвель ағысы Тынық мұхитты 50 – 300 м тереңдікте батыстан шығысчқа қарай кесіп өтеді. Тереңдігі ағындар судың әлемдік айналмасын – «Жер шарының жылу құбырын» (А.И. Войеков) тұйықтайды. Жылдамдығы 5 – 30см/с түпкі ағындар жүйесң шөгінділерді орнынан сыпырып, алуан геологиялық жұмыс атқарады. Арктика мен Антрактидадағы салқын су түбіне қарай ығысады да кең жолмен экваторға қарай жайылады. Мұхит шарасында тік бағытта ковективті (латынша «конвекция» - көшіру, жеткізу) су алмасуы да бар. Беткі тығызырақ, су салқындағы сайын тереңге ағысады, ал тереңдегі жеңілірек салқын су жоғары көтеріледі («апвелинг» - ағылшынша жоғары құю). Соның арқасында түпке оттек тасымалданады, ал түптен суға еріген биогенді заттар жоғары көтеріледі. Бұлапрдан планктон қорек тауып өрістейді де, олардың қалдықтарынан басқаша шөгінділер жиналады. Теңіздің шалқуы (прилив) мен қайтуы (отлив) деп оның деңгейінің тасып көтеріліп, кейіннен қайта шегінуін айтады. Бұл құбылыс тәулік сайын екі рет өтеді де Жер мен Ай және Күннің өзара тартылу күшінен турады. Су деңгейінің көтерілуі ашық мұхитта 1 м, тар шеттерде, бұғаз шағанақтарда биігірек келеді. Мысалы, Охот теңізінің Пенжа өңешінде 12,9 м; Ақ теңіздің Қандалақша шығанағында 11 метрден биік. Шалқу толқыны Жер шарын 24 сағат 50 минөтте шығыстан батысқа қарай бір шаршып өтеді. Бұдан көрінетіні Әлемдік мұхиттың түбінде шөгінділер жайылуын реттейтін мағызды қозғаушы күш бар. Мұхит - теңізден ең алдымен көзге шалынатын – олардың бұйрат- бұйрат толқын лектнрі. Толқын дегеніміз – су тамшылырының жел бағытын қуалап, тік бетте жоғары - төмен шайқалуы. Толқынның биіктігі мен ұзындығы жел күшіне тәуелді. Күшті дауыл кезінде толқын өркеші 15 – 18 метрге жетеді. Ұзындығы 1,1 км толқын кеме бүйіріне зеңбіректің оғындай соғады. Жүрдек толқын жағалауға жеткен сәтте жылдамдығы мен ұзындығы баяулайды, бірақ өркештігі мен тіктігі өседі де ол аударылып, төңкеріледі. Жағаға шапшығын толқын образын үгінділерін «қағып» алып жағаға ұрады, содан су жиегінде жағажай түзіліп, соңынан олардан кең құмдауы терраса пайда борлады. Егер жағалау тік болса, төңкеріліп соққан толқын жойқын күшпен жарға ұрады да оны қиратып, бұзады.
Date: 2015-11-13; view: 1382; Нарушение авторских прав |