Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Табиғат ресурстарының сарқылуы





Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы — ол адамды қолданылуы анағұрлым ириоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар.Біріншіден бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер, жануарлар. Сарқылатын ресурстарғажақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым. Сарқылмайтын ресурстарғашексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін. Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін. Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты. Б. Скиннердің 1989 жылғы мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген. Көміртегініңқосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударылады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30—40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір — 70—80 жылға жетеді.Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид пен көміртегінің қостотыгымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесс кокстың пайдаланылуымен байланысты. Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат — бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі. Алюминийді нифелин мен сазды топырақтан алуға болады. Бірақ, бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте кең мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

Date: 2015-11-13; view: 1708; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию