Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жердің геосфералық қабықшалары





Жер күн жүйесіне қарайтын басқа планеталардың ішінде, тоқтаусыз даму үстіндегі планета ретінде, орталық симметрияға бағынатын әр түрлі геосфералардан тұрады. Олардың әрқайсысы өзіндік физикалық-химиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Жер қабаттары (геосфералар) сыртқы және ішкі қабаттарға ажыратылады.Жердің сыртқы қабаттары –атмосфера, гидросфера және биосфера біздің планетамыздың басқа планеталармен салыстырғандағы,өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Сондықтан олар жер қыртысының құралу және даму барысында маңызды роль атқарады.Жердің сыртқы қабаттарына ортақ қасиет – олардың тез озгергіштігі. Жердің геосфералары бір-бірімен өте тығыз байланысты.Егер олардың біреуінің құрамы сәл өзгерсе, қалғандары да соған сәйкес тез арада өзгеріске ұшырап отырады.Басқаша айтқанда олардың арасындағы материя және энергия алмасу әрекеттері ешуақытта да тоқталмайды.

Атмосфера жердің ауа қабатын құрайды.Оның жоғарғы шекарасы аса анық емес. Жеке иондардың шамамен 2000 км биіктікте де байқалатындығы белгілі болып отыр. Атмосфераның төменгі шекарасы - жер беті болып саналады. Бірақ бұл шекара да дәл емес. Өйткені ауа Жердің ішкі қаббаттарына да өте алады.Сонымен бірге ол мұхит және теңіз суларында да ерітінді түрінде кедеседі.Атмосфера Жер бетіндегі өмірдің кепілі. Ол Жердің және жер бетінде өмір сүретін органикалық дуниенің ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен,сонымен бірге ірілі-ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераның жалпы массасы ~5,15х10 т,басқаша айтқанда жер массасының миллионнан бір бөлігін құрайды.Атмосфера газдар қоспасынан құралған. Сонымен қатар оның құрамында азда болса қосымша су буы мен шаң-тозаңдар да бірге кездеседі.Атмосфераның негізгі құрамы:азот(78,08%),оттегі (20,95%) аргон (0,93%),көмірқышқыл газы (0,03%)болып саналады.Атмосфера қат-қабат құрылымды болады және қабаттары физикалық, химиялық қасиеттері (температурасы, химиялық құрамы, молекулалардың ионизациясы т. б.)жағынан бір-бірінен айырма жасайды. Жер атмосферасының химиялық құрамы бір тектес емес.

Атмосфера космостан келетін сәулелердің біразын ұстап қалып, метеориттерден қорғайды. Қорғайтын атмосферасы жоқ болғандықтан. Айдың беті метеориттік кратермен тілімделген.

Гидросфера –деп жер планетасының су қабағын айтамыз.(гидро-су, сфера – қабат). Гидросфераға жер үстіндегі су бассейіндері, өзен, көл, теңіз, мұхит, жер асты сулары,жер асты, жер үсті мұздықтар (криолитосфера)тиісті. Гидросфераның жалпы көлемі 94%-ке жуығы –мұхиттар мен теніздер, жер астындағы сулар 2%-ке жуығы – мұз бен қар.Гидросфера суында химиялық элементтердің бәрі дерлік бар.Гидросфера суының осы күнгі тұз құрамы екі құбылыстан:Магма жыныстарының химиялық үгілуінен және

мантия заттарының газсызданып,Жер бетіне шығуынан пайда болған.Мұхит суындағы натрий, магний,кальций,калий,стронций катиондары негізінен өзен ағынымен келеді. Мұхит суында анион ролін атқаратын хлор, күкірт,фтор, бром, йод, бор т.б. элементтер көбінесе су астындағы вулкан атқылауынан пайда болады. Жер гидросферасының табиғатын зерттейтін ғылым – гидрология деп аталады.

Жердің терең Қабаттарында орналасқан жер асты судың табиғатын зерттейтін ғылым – саласы гидрогеология деп аталады. Жер шары бетінен орташа жылдық булану 577 мың км 3 судан тұрады.Бұның ішінде 505 мың км су көлемі дуние жүзілік мұхитқа, ал 72 мың км құрлыққа қатысты.Биосфера – (биос- тіршілік) жер планетасының тіршілік,

өмір қабаты.Биосфераға жер бетіндегі бүкіл тіршілік, жәндіктер, өсімдіктер, микрофлора, микрофауна тиісті.Биосфера (биос... және сфера) – Жер планетасының организмдер мекендеген аймағы. Билсфераға жер беті атмосфераның біраз бөлігі, гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі жатады. Биосфераның құрамына, құрылысына, энергетикасына ертедегі және осы кездегі организмдердің тіршілік әрекетінің әсері тиген.Биосфера терминін ғылымға алғаш рет 1875 жылы Австралия геологы Э. Зюсс енгізген. Биосфера туралы ғылымның негізін 20ғасырдың 20-30 жылдары В.И. Вернадский құрған.Биосфераның қарапайым құрам бөлігі - биогеоценоз.Биосфера туралы ілімнің маңызы зор.Оның дамуы, зерттелуі,жетістіктері – адамзаттың табиғатты ұқыпсыз пайдалану, өзгертусалдарынан туатын биосфераның ыңғайсыз жағдайларына ұшырайтын денсаулық сақтау жұмыстарына, және кәсіпшілікке шаруашылыққа т.б. –ға қажет. Адамның космосқа шығуы биосфера ілімінің жаңа мәселесін шешуді жеделдетті.

Date: 2015-11-13; view: 1578; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию