Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Лттық деңгейдегі туризм маркетингі
Бүгінгі таңдағы туризм туристік өнім сервис және өндірісті ұйымдастыру сипаттамаларының бір қатар маңызды ерекшеліктермен айрықшаланады. Сонымен туризм индустриясының жүйесіне мамандандырылған мәселелер, ұйымидар мен қоғамдар енеді. Олардың барлығы маркетингпен айналысуға мәжбүр. Бұл жерже саяхаттар бюросы, ресторан мен транспорттық мекеме үшін маркетинг мақсаты мен мазмұны бірдей емес. Сонымен туристік фирма клиенттерінің мұқтаждығын қанағаттандыру есебінен өз кірісін арттыруға ұмтылады. Ұлттың аймақтық әкімшілік аймаққа туристерді көп тартқысы келеді. Қоамдық туристік ұйым өз мәнін көтеруді және өз кәсіби қызметінің пайдасын көрсетуді қалайды. Жоғарыда баяндағандай туризм саласында маркетингтің келесі деңгейін ерекшелеуге мүмкіндік береді: туристік мекемелердің маркетингі (туроператорлар мен турагенттердің); - туристік қызмет көрсетушілердің маркетингі; - қоғамдық туристік ұйымдар маркетингі; - территориялар мен аймақтар маркетингі; Алғашқы екі деңгей коммерциялық маркетинг саласына жатады. Түрлі деңгейдегі институттардың маркетингтік қызметін бөлу шамамен төмендегідей болады. Мемлекеттік және жергілікті органдардың негізгі маркетингтегі мыналар болады: - Маркетингтік зерттеулер жүргізу; -Стратегиялық ұлттың, аймақтың және жергілікті маркетингтік концепциялар жасау; - Туристік инфрақұрылымды дамытуды қолдау; - Маркетингтік концепцияларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес беру қызметі; - Елдің (аймақтың, турорталықтың) тамаша имиджін, образын жасау; - Жарнама саласында шаралар жүргізу. Туристік мекемелер өз кезегінде келесі маркетингтік қызметтерді орындауға бағдарлануы тиіс: - Нарықтық мүмкіндіктерді сараптау; - Болашағы бар мақсатты нарықты таңдау; - Туристік өнім жасау; - Турөнімді тарату; - Турөнімді қозғау; - Туризмдегі маркетингі дамытудың ұлттық, аймақтық және жергілікті концепцияларын іске асыруға қатысу. Маркетингтің түрлі деңгейлерінің арасында тығыз байланыста болу керек. Халықаралық туризм нарығы түрлі елдер арасындағы қатаң бәсекелестіктің аренасы. Олардың көпшілігі үшін туризм – ұлттық экспорттың маңызы бар. Бәсекелестік күрес нәтижелері түрлі елде туристік саясат қалыптасуының нақты күшіне тікелей байланысты. Маркетингтің туристік саясаты – туризмнің экономикалық тиімділігінің артуына, туристік ресурстарды тиімді пайдалануды, туристік индустрияның дамуы үш жағдайды жасауды анықтайтын мемлекеттік іс – шаралардың жиынтығы. Туристік саясат мемелекеттің жалпы саясатына тән барлық белгіге ие. Алайда ол қалыптасатын бірқатар өзгеше факторлар да бар: - Елдің табиғи жағдайы (рельеф, климат, географиялық жағдай, флора, фауна және т.б.); - Туристік қызығушылық обьектілеріне жетуді анықтайтын транспорттық жағдай; - Туризмді дамытудың әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдайы. Туристік саясаттың мақсаты ел дамуының нақты экономикалық және тарихи жағдайлармен байланысты. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы ұлттық туристік өнім жасау және нарыққа шығару болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру сәйкес маркетингтік шараларды іске асыруды қажет етеді. Ұлттық деңгейдегі туризм маркетингінің стратегиясы мемлекеттің туристік имиджін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның анықтамасы бойынша, ел имииджі – бұл белгілі образ жасауға ықпал ететін тәжірибелердің эмоционалды және тиімді ұғымдарының жиынтығы. Ел имджі бірнеше деңгейде тұрмыстық, әлеуметтік – экономикалық іскерлік болады. Ел имиджін айқындау үшін (тұрмыстық психология деңгейінде) бір қатар сипаттамалар; Символдар, ұлт ментолитетінің, оның мәдениетінің ерекшеліктері пайдаланылады. Елдің әлеуметтік – экономикалық имиджі оның тиімділігінің кешенді көрсеткішінің көмегімен бағаланады. Ол туризм үшін ерекше маңызды. Елдің іскерлік имиджі оның бәсекелестігіне қабілеттің ұғымымен түсіндіріледі.
Date: 2015-12-11; view: 796; Нарушение авторских прав |