Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тектоникалық қозғалыстар, олардың түрлері





Тектоникалық қозғалыстар – жер қойнауындағы әр түрлі процестердің әсерінен болатын механикалық қозғалыстар жиынтығы. Бұл қозғалыстардың басты себебіне жер қойнауынан бөлінетін жылу ағымдары мен ғаламшар болмысына тән гравитациялық энергия, Күн мен Ай энергиясы, галактикалық энергия, т.б. әсерлерді жатқызуға болады. Бұлар ауырлық күшінің әсері мен литосфераның астеносфераға қатысты гравитациялық тепе-теңдікке ұмтылуымен байланысты болады.

Тектоникалық қозғалыстар бағыт-бағдарына қарай жер қыртысы мен бүтін литосферадағы геологиялық құрылымдардың пайда болу, даму және тұрақтану процестерінде шешуші рөл атқаратын тік және көлбеу бағытталған болып екі түрге бөлінеді. Сол себепті Тектоникалық қозғалыстардың жіктелуі осы қозғалыстардың геологиялық құрылымдарды өзгертудегі рөлі тұрғысынан жасалады. Тектоникалық қозғалыстар мынадай негізгі түрлерге жіктеледі:

орогендік тектоникалық қозғалыстар – таулы белдеулер мен тау жүйелерінің пайда болуын қамтамасыз ететін қозғалыстар жиынтығы. Мұның ерекшелігі өзі қамтыған аймақтағы тау жыныстарының қатқабаттарын жаппай деформацияға (қатпарлануға) ұшыратуында;

эпейорогендік тектоникалық қозғалыстар – жай және ұзақ уақыт бойында көрініс бере отырып, ірі аймақтардың көтерілуін немесе ойысуын қамтамасыз ететін қозғалыстар. Мұндай қозғалыстардың көрініс беру масштабы мен ауқымы, жылдамдығы мен амплитудасы әр түрлі және тік бағытталған болып келеді;

изостатикалық тектоникалық қозғалыстар – литосфераның астеносфера бетінде изостатикалық тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ететін қозғалысалы Мұндай қозғалыстар кезінде литосфера массасының шөгінді тау жыныстарының түзілуі, тау жыныстарының қатпарлануы, т.б. әсерінен ұлғайған аймақтары төмен қарай сұғынып, ал керісінше массасының азайған жерлері жоғары көтеріледі;

құрлықтар дрейфі – тұтас құрлықтардың немесе олардың ірі бөліктерінің көлбеу бағытта мыңдаған км жылжуымен сипатталатын тектоникалық қозғалыстартар. Мұны астеносфера аймағындағы жылу ағымдары тудырады;

мұхит түбінің спредингі – мұхит түбі литосферасының үнемі көлбеу бағытта жылжып, оны базальт жабынымен жаппай көмкеретін Тектоникалық қозғалыстар;

субдукция еңістік бойымен сұғынып кететін Тектоникалық қозғалыстар;°– көлбеу бағытта жылжыған жұқа мұхиттық литосфераның оған қарсы бағытта жылжыған немесе тыныштықта тұрған қалың құр-лықтық литосфераның астына 60

коллизия – бір-біріне қарсы жылжыған екі құрлықтың соқтығысуы нәтижесінде тау жүйелері мен таулы белдемдердің қалыптасуын қамтамасыз ететін тектоникалық қозғалыстар.

Date: 2015-11-13; view: 2583; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию