Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Магмалық тау жыныстары және олардың түрлері





Магматизм — жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық прси

цестердің бірі больщ саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 95%-і магмалық процестердің

нәтижесінде пайда болады. Магматизм — өте күрделі геологиялық процесс. .

Бұл процесс магманың жер қыртысында (немесе одан да терен, қабаттарда) пайда болып, кейінірек жоғары

қабаттарға немесе жер бетіне көтеріліп (біртіндеп суына келе), кристалдық денелер түрінде магмалық тау

жьшыстарьшьщ түзілуімен аяқталады.

Сонымен магма (грекше “магма” — қою май, қамыр деген сөз) дегеніміз еріген газдармен қаныққан, негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Магманьщ құрамында жер қыртысын қүрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Әсіресе, ұшпалы (жеділ) компоненттердің (су буы, күкіртті қосын-дылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлорлы аммоний, сутегі, азот және т. б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлырын азайтып, онын, қозғалу немесе жылжу жылдамдығынын, (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зерттеулер бойынша, магманьщ құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12%-ке дейін жетеді.

Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрайтын заттар термодинамикалық жағдайлардын, (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде белгілі бір аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады. Жер қойнауына тереңдеген сайын температура белгілі бір заңдылық бойынша, біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі.



Магманың түрлері. Магмалық ошақтар әр түрлі термодинамика-лық жағдайда және әр түрлі тереңдікте әр түрлі заттар негізінде құралады. Соған байланысты жер қыртысында кездесетін магмалық тау жыныстарынын, алуан түрлі болатындығы ең алғашқы магмалық ошақтардың түрлері мен құрамы қандай болған? — деген заңды сұрақ туғызады.

Бұл сұраққа тікелей жауап беретін ортақ пікір геология ғылымында әлі қалыптаса қойған жоқ. Қейбір ғалымдар (В. Н. Лодочников) химиялық құрамы әр түрлі магмалық жыныстардың жеке топтарына сәйкес келетін алғашқы магманың өзіндік жеке түрлері болады деп санаса, басқа бір ғалымдар тобы (Н. Боуэн, А. Н. Заварицкий) табиғатта тау жыныстарының барлық түрлері алғашқы құрамы негізді (базальттық) ортақ магмадан құралады деп санайды.

Жер бетінде көптеп кездесетін эффузивтік (базальтты) жыныстар алғашқы базальттық магманың өзгермеген түрі деп саналса, ал интрузивтік граниттер алғашқы базальттық магманың біртіндеп өзгеруіне, жіктелуіне байланысты түзіледі деп түсіндіріледі.

Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі ғалым Ф. Ю. Левинсон — Лессингтің (1920) пікіріне сәйкес, алғашқы магма құрамына қарай екі түрлі болып (базальттық және граниттік) кездеседі. Олар бір-бірінен химиялық құрамына және физикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Қышқыл (граниттік) магма негіздік (базальттық) магмаға қарағанда, жеңілірек, қоюырақ және ұшпалы компоненттерге (газдарға) бай болып келеді. Базальттық магма ошақтары жоғарғы мантия қабатында, ал граниттік магмалар жер қыртысында түзіледі деп санайды.

Американ ғалымы А- Холмстың пікірі бойынша, алғашқы магма құрамына қарай базальттық, граниттік және перидотиттік болып үш түрге бөлінеді.



Перидотиттік магманың болу мүмкіндігі жер қыртысының жеке аудандарында кездесетін ультранегізді

белдеулерді зерттеу негізінде дәлелденеді. Олардың химиялық құрамы базальттық магма негізінде құралған

ультранегізді жыныстармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.

Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Қазіргі кезде магмалык, жыныстардын, жалпы жер бетінде таралу мөлшерін көрсететін деректер (бүкіл жер шарын түгел қамтитын) әлі де толық емес.

Магмалык, тау жыныстары интрузивтік (жердің ішкі қабат-тарында) және эффузивтік (жердін, беткі қабатында) болып екіге бөлінеді. Олар бір-бірінен құрылымдық және орналасымдық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.

Интрузивтік тау жыныстары жердің ішкі қойнауында (әр түрлі терендікте.) алғашқы магманың біртіндеп суынып, қатаюы нәтижесінде әр түрлі мөлшердегі (үлкенді-кішілі) кристалданған денелер түрінде пайда болады. Олар тереңдігіне қарай: тереңдік (абиссалдық), жартылай тереңдік (гипабиссалдық) жыныстар және желілі дайкалар (тау жыныстарының ірілі-ұсақты жарықтары мен жарықшақтарын толтыра өскен) болып бөлінеді.

Жердің терең қабаттарында магма өте баяу суиды. Ал минералдардың түзілуі газдар мен су буынын, қаты-

суымен байланысты өтеді. Осы жағдайда түзілген интрузивтік тау жыныстарын құрайтын минералдардық

кристалдық пішіндері толық жетілген түрде болады.

Эффузивтік жыныстаржердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) қатайып, пайда болады. Лаваның суынып-қатаюы өте тез. Оның құрамындағы газдар мен су буы тез ұшып кетеді де, ал минералдық қосындылар кристалдар құрап үлгермейді. Сондықтан эффузивтер көпшілік жағдайда, шала кристалданған немесе кристалданбаған біртектес шынылы массалар құрайды. Дегенмен, кейде олардың арасында жекеленген ірі кристалдар кездесіп қалады. Мұндай жағдайда порфирлі құрылым құралады.








Date: 2015-11-13; view: 1805; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию