Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






МЕТАМОРФИЗМ ТҮРЛЕРІ





Метаморфизм түрлері локалдық (жергілікті) және регионалдық (аймақтық) болып екіге ажыратылады.

Локалдық түрі контактілік (шекаралас немесе жап-сарлық) және дислокациялық метаморфизм түрлеріне бөлінеді. Контактілік метаморфизм ыстық магманын, суына келе (жер кыртысының жоғарғы суық қабаттарында) шөгінді жыныстар арасында интрузиялық денелер (плутондар) түрінде қалыптасу барысында, олардың шекаралық бөліктерінде немесе жапсарларын-да әр түрлі өзгерістер (ореолдар) түрінде байқалады. Шекаралық өзгерістер плутонды айнала қоршаған шөгінді жыныстардың жапсарларын (экзоконтактілік метаморфизм) және плутонның перифериялық шеткі бөліктерін (эндоконтактілік метаморфизм) бірдей қамтиды. Шекаралық өзгерістердің (контактілік ореолдардың) ені бір см-ден бірнеше км-ге дейін өзгеріп отырады (IX. 1-су-Рет). Контактілік метаморфизмнің дамуына әсерін тигізуші негізгі факторлар магмалық дененің ыстық температурасы және магманың дифференциациялық жіктелуі кезінде бөлініп шығатын ұшпалы компоненттер мен ыстық су ерітінділері. Соңғы айтылған фактормен (ыслық су ерітінділерімен) байланысты байқалатын метасоматоздық әрекеттердің нәтижесінде жаңа минералдар түзіліп (метасоматозға ұшыраған), тау жыныстарының алғашқы құрамы өзгеріп жаңарып отырады. Сонымен контактілік метаморфизм: термоконтактілік және контактілі-метасоматикалық болып екі түрге ажыратылады.

Термоконтактілік метаморфизм ыстық магманың (ин трузиялық плутондар түрінде қалыптасу барысында) өз жолында кездескен және оны айнала қоршаған тау жыныстарына тигізетін температуралық әсерімен сипатталады. Бұл процестердің нәтижесінде (қоршаған ортаны құрайтын) тау жыныстары қайта кристалданып жаңа минералдар түзіледі, бірақ олардың жалпы химиялық құрамы өзгеріссіз сол күйінше сақталады. Мысалы, тер-моконтактілік әрекеттерге ұшыраған құмды-сазды жыныстар тығыздала келе қайта кристалданып мүйізшелерге (роговиктерге), ізбесті тастар — мраморға, кварцты құмтастар — кварциттерге айналады. Термоконтактілік метаморфизмнің ерекше бір түрі- пирометаморфизм деп аталады. Бұл жағдайда ыстық лаваның күйдіру-пісіру әсеріне байланысты, тау жыныстарының азды-көпті өзгерістері (структуралық) байқалады. Мұндай өзгерістердің аумағы әдетте шамалы (бірнеше см-дей) ғана болып келеді.

Контактілік-метасоматикалық метаморфизм кезінде суына бастаған магмалық дененің (интрузиялық

плутонның) қоршаған ортаға тигізетін температуралы” әсеріне минералданған ыстық су ерітінділері мен газдардың (магмадан бөлінген) әсері қосылады. Олардың арасында байқалатын әр түрлі химиялық әрекеттерді (реакцияның) нәтижесінде кейбір элементтер бір-бірімен өзара орын алмастырады. Соған байланысты тау жыныстарының алғашқы химиялық және минералогиялық рамы өзгереді. Осындай жолмен пайда болған тау жыныстары — метасоматиттер деп аталады. Олардың ішін де ең жиі кездесетіндері — скарндар мен грейзендер болып саналады. Скарндар интрузиялық денелердің ізбесті тастармен жапсарлас шекаралық зоналарында пайда болады. Олармен байланысты темір, мыс, қорғасын, мырыш, вольфрам рудалары жиі кездеседі. Ал грейзендер болса, олар гранит, гнейс тәрізді жыныстарға су буы мен әр түрлі газдардың әсер етуі жағдайында пайда болады. Олардың негізгі құрамы — кварц пен слюдалардан тұрады. Грейзендермен байлаиысты сирек кездесетін металдардың рудалары (вольфрамит, молибденит, касситерит, топаз және т. б.) бірге кездеседі. Метаморфтық әрекеттердің ішінде автометаморфизм (пневматолиттік және гидротермалдық) әрекеттерін жеке атап өтуге болады.

Автометаморфизм (грекше “авто” — өзі деген мағынада) әрекеттері магмалық тау жыныстарының қалыптасу барысында, алғашқы магманың өз құрамынан бөлініп шығатын химиялық активті заттардың магмалық жыныстарға тигізетін метасоматикалық әсерімен сипатталады. Мысалы, ультранегізді жыныстардың серпентинитке айналуы, базальттардың хлориттенуі, граниттердің грейзендерге айналуы және т. б.

Динамометаморфизм (катакластикалық, дислокациялық метаморфизм) жер қыртысынын, жоғарғы қабаттарында, тектоникалық қозғалыстарға байланысты дислокациялық зоналарда жиі байқалады. Бұл жағдайда тау жыныстарының құрылымдық-текстуралық ерекшеліктері өзгеріп, кейде уақталып ұсақ бөлшектерге айналады. Олар катаклазиттер (грекше “катаклазо” — уақталу, бөлшектену) деп аталады. Тау жыныстары өте майда бөлшектерге ұнтақталып, сонымен бірге жаншылу немесе тапталу әрекеттеріне ұшыраған жағдайда милониттер

(грекше “милес” — диірмен) деп аталады. Ал жер қыртысының тереңірек қабаттарында (температура жоғары болғандықтан) механикалық жолмен бөлшектену әрекеттері пластикалық деформациямен алмасады. Тау жыныстары өзіндік құрылымдық-текстуралық ерекшеліктерімен ажыратылады: ірілі-ұсақты минерал түйіршіктері ұзарып, бір бағытта созыла орналасады және әр түрлі бояулар түрінде кезек алмасып, жолақ-жолақ болып тақталы текстура құрайды (крнсталлизациялық тақталану).

Регионалдық метаморфизм (латын тілінде “регионалис” — аймақтық деген мағынада) белгілі бір аймақты түгелдей қамтып, кең алқапты (мыңдаған шаршы км) алып жатады. Әдетте бұл процесс жер қыртысының кейбір аудандарының ұзақ уақыт бойы төмен шөгіп иіліп-майысу жағдайында, жер қыртысының жоғары бөліктерін құрайтын тау жыныстарының терең қабаттарға қарай орын ауыстыруымен байланысты байқалады. Регионалдық метаморфизмнің дамуына әсерін тигізетін ең негізгі факторлар — петростатикалық қысым күші мен жоғары температура болып саналады, ал жердің ішкі қойнауына тереңдеген сайын температураның жоғарылауы геотермиялық градиентке байланысты өзгеріп отырады; сонымен бірге бұл процестердің даму барысында бағытталған қысым (бүйірлік) күштерінің және химия-лық активті заттардың атқаратын ролі өте зор.

 

Date: 2015-11-13; view: 1360; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию