Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аллергология» бойынша





! 1-3 жас аралығында өткізген қандай вирусты инфекция балада атопиялық бейімділік пен бронх демікпесінің даму қаупін жоғарылатады?

* Респираторлы-синцитиалды

* Парагриппозды

* Парвовирусты

* Аденовирусты

* Гриппозды

 

! 30 жастағы ер адам бидай қоймасындағы жұмысында «шаңды көп жұтты…», содан кейін әлсіздік, бас ауыру, тұншығу ұстамалары, қатты құрғақ жөтелге шағымданады. Пациент айтуынша, тыныс алудың қиындауы мен ұстама тәрізді жөтел бидай қоймасында жұмыс істеген сайын пайда болады. Пациентте ең мүмкін қандай патология?

* Интермиттирлеуші ағымды бронхиалды демікпе

* Персистирлеуші ағымды бронхиалды демікпе

* Кәсіптік бронхиалды демікпе

* Атопиялық бронхиалды демікпе

* Обструктивті құраммен созылмалы бронхит

 

! Аллергиямен ауыратын адамның шырышты қабатындағы қандай жасушалардан бронх тарылуы мен қан қысымының төмендеуін шақыратын қабыну медиаторлары (гистамин және т.б.) босайды?

* Дендритті жасушалар

* Мес жасушалары

* Эозинофил

* Лимфоцит

* Макрофаг

! Төмендегі факторлардың қайсысы бронх демікпесінің даму мүмкіндігін жоғарлатуы мүмкін?

* Артықсалмақ

* Ауаның ластануы

* Шоколад пен цитрусты жеу

* Емшек жасындағы баланы аралас тамақтандыру

* Басым рафинадталған тағамдарды көп қолдану

 

! Төмендегі факторлардың қайсысы бронх демікпесінің даму мүмкіндігін жоғарлатуы мүмкін?

* Құлпынай және тағы басқа қызыл түсті жеміс жидектерді жеу

* Міндетті вакцинация тәртібінің бұзылуы

* Баланың тамақ рационын ерте кеңейту

* Рационалды емес антибиотиктық терапия

* Пассивті шылым шегу

 

! Ер адам 42 жаста, ДМИ – 29, 8 жыл бойы периодты түрде болатын тұншығу ұстамалары, таңертеңгі уақытта қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Күндізгі ұстамалары күніне 2-3 рет, түнгі ұстамалары аптасына 1-2 рет қайталанады. Сальбутамол қолданады (тәулігіне 5 ретке дейін), температураның кенет өзгерістері, өткір иістер, түтін теріс әсерін тигізеді. 20 жыл бойы күніне 0,5 қорап темекі шегеді және шылым шегу бронх тарылуын азайтады деп сенеді. Ингаляционды кортикостероидтар тағайындалды. Демікпенің негізгі емінің тиімділігін жоғарылату үшін науқасқа ең бірінші қандай кеңес беру қажет?

* Гипоаллергенды төсек жабдықтарын қолдану

* Орташа физикалық жүктеме қажет

* Гипоаллергенді диетаны қолдану

* ДМИ 25 дейін төмендету

* Шылым шегуді тастау

 

! Әйел адам 22 жаста, аптасына 2 реттен кем емес түнгі уақытта болатын ысқырықты тыныс алу мен құрғақ жөтелге шағымданады. Күндіз мұндай белгілер стресс пен физикалық жүктемеден кейін (мысалы, жүгіру) пайда болады. Өзін 3-4 айдан бері суық тигеннен кейін науқаспын деп санайды. Қарап тексеру кезінде шағымдары мен физикалық өзгерістер жоқ. Қандай зерттеу берілген жағдайда диагнозды анықтауға көмектеседі?

* Спирометрия

* Пикфлоуметрия

* Өкпе Р-графиясы

* Бронхолитикпен сынама

* 8 минуттық жүгіру сынамасы

 

! Әйел адам 22 жаста аптасына 2 реттен кем емес түнгі уақытта болатын ысқырықты тыныс алу мен құрғақ жөтелге шағымданады. Күндіз мұндай белгілер стресс пен физикалық жүктемеден кейін (мысалы, жүгіру) пайда болады. Өзін 3-4 айдан бері суық тигеннен кейін науқаспын деп санайды. Қарап тексеру кезінде шағымдары мен физикалық өзгерістер жоқ. Қандай диагноз формулировкасы ең мүмкін?


* Физикалық жүктеме демікпесі

* Орташа ауырлықтағы бронх демікпесі

* Инфекция тәуелді бронх демікпесі

* Атопиялық бронх демікпесі

* Ауыр ағымды аралас бронх демікпесі

 

! Биатлоншыда қысқы уақытта дайындықтан кейін тыныс алу қиындау, ысқырықты сырылдар, кеудеде «бітіп қалу» сезімі пайда болады. Басқа факторлар (шаң, шылым иісі, өткір иістер) тыныс алу қиындауын туғызбайды. Науқаста қандай патология ең мүмкін?

* Интермиттирлеші ағымды бронх демікпесі

* Персистирлеуші ағымды бронх демікпесі

* Атопиялық бронх демікпесі

* Профессионалды бронх демікпесі

* Физикалық жүктеме демікпесі

 

! Ер адам 56 жаста тыныс алудың қиындауына, түнгі уақытта ысқырықты тыныстың болуына (түнгі 2-3 сағатта), кеуде артындағы қыжылға, қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография Тиффно индексінің төмендеуі мен бронхолитикпен оң сынаманы анықтады. Пациентте қандай патология ең мүмкін?

* ГЭРА және созылмалы трахеит

* ГЭРА және бронхиалды демікпенің холинергиялық нұсқасы

* Бронхиалды демікпенің дисгормоналды нұсқасы

* Бронхиалды демікпенің атопиялық нұсқасы

* Бронхиалды демікпенің аралас нұсқасы

 

! Ер адам 54 жаста ДМИ 32, тыныс алудың қиындауына, түнгі уақытта ысқырықты тыныстың болуына (түнгі 2-3 сағатта), кеуде артындағы қыжылға, қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография Тиффно индексінің төмендеуі мен бронхолитикпен оң сынаманы анықтады. Осы жағдайда қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

* Ингаляциялық кортикостероидтарды тағайындау

* Пролонгирленген теофиллинді тағайындау

* Ұзақ әсерлі бета-миметик тағайындау

* Кромогликат натриймен терапия

* Гастроэзофагалды рефлюкс ауруын емдеу

 

! Әйел адам 32 жаста 2 жыл бойы мұрынның бітуі, тыныс алудың қиындауы, құрғақ жөтел ұстамалары, ысқырықты тыныстың пайда болуына шағымданады. Белгілер кез келген уақытта, әсіресе, саяжайды жинаған кезде пайда болады. Будесонид 400 мкг/тәул және теотард тағайындалды. Жүргізіліп жатқан терапияның тиімділігін қандай зерттеу әдісімен бағалауға болады?

* Спирография – ОФВ шамасының ем басталғаннан 3 айдан кейін жоғарылауы

* Әр күндік пикфлоуметрия – тәуліктік ауытқушылық 20% төмен

* Қанның жалпы анализі – эозинофилияның жоғалуы

* Р-графия – эмфизема белгілерінің жоғалуы


* Қақырық анализі – эозинофилдердің жоғалуы

 

! Ер адам 34 жаста, әскери қызметкер, соңғы бірнеше айда жөтел ұстамалары, кеудеде «бітіп қалу» сезімі, шаңмен дем алғанда, полигонға шыққанда, физикалық жүктемеде (бірақ әр кезде емес) тыныс алу қиындауы мазалайды. Объективті зерттеу ауытқу анықтамады. Спирография – ОФВ1 – 105%. Бронхиалды демікпені қою немесе терістеу қажет. Қандай зерттеу әдісі мұны анықтауға мүмкіндік береді?

* Бронхолитикпен сынама

* 8-минуттық жүгіру сынамасы

* Метахолин ингаляциясымен сынама

* Скарификационды сынама

* Гистаминмен терілік сынама

 

! Бронхиалды демікпемен науқас пациентке аллергенмен арнайы иммунотерапия курсын өткізу шешілді. Осы науқасқа арнайы гипосенсибилизация өткізу үшін себепті аллергенді анықтауға қандай зерттеу әдісі мүмкіндік береді?

* Терілік аллергиялық сынама

* Эндоназалды аллергиялық сынама

* Эндобронхиалды аллергиялық сынама

* Арнайы IgE анықтау

* Жалпы IgE деңгейін анықтау

 

! Қыз бала 16 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтел мен ысқырықты тынысты тұншығу ұстамалаымен. Өршу кезеңдерін менструациямен байланыстыралы, циклдың басқа күндері бұл белгілер азырақ және жеңіл. Арнайы аллергодиагностикда үй кенелеріне, зең саңырауқұлақтарына, тауық мамығына сенсибилизация анықталды. Тауық фабрикасына жақын жерде тұрады. Федосеев жіктеуі (1978) бойынша пациентте патология нұсқасының қай түрі?

* Интермиттирленген ағымды бронхиалды демікпе

* Персистирлеуші ағымды бронхиалды демікпе

* Атопиялық бронх демікпесі

* Профессионалды бронхиалды демікпе

* Бронхиалды демікпенің дисгормоналды нұсқасы

 

! Жасөспірім 16 жаста, 7 жасынан тұншығу және жөтел ұстамалары мазалайды. Шақырушы себеп деп шаңды (ұстама үй жинау кезінде пайда болуы мүмкін), температура өзгерістерін, физикалық және психоэмоционалды жүктемені санайды. Мүмкін болатын аллергенмен қатынасты төмендету үшін пациентке бірінші кезекте қандай кеңес беру қажет?

* Суық тиюден сақтану

* Стресстік жағдайлардан сақтану

* Физикалық жүктемені шектеу

* Шылым шекпеу және пассивті шылым шегуден сақтану


* Гипоаллергенді төсек жабдықтарын қолдану

 

! Қыз бала 19 жаста ұстама тәрізді жөтел мен ысқырықты тынысқа шағымданады. Учаскелік дәрігер кыз баланың дұрыс желдетілмейтін, ашық сөрелерде кітаптары көп, қабырға мен жерде кілемдер жайылған, жастық пен көрпесі құс мамығымен толы бөлмеде ұйықтайтынына көңіл аударды. Пациентке ингаляциялық кортикостероидтармен (будесонид) терапия тағайындалды, бірақ анық жақсару байқалмады. Тағайындалған терапия тиімсіздігінің себебі не?

* Емді преднизолоннан бастау керек еді

* Гипоаллергенді орта жасалмады

* Будесонид мөлшері адекватсыз төмен

* Бета-миметик тағайындалмаған

* Теофиллин тағайындалмаған

 

! Ер адам 42 жаста, шаң, өткір иістер, тмепература өзгерістері, физикалық жүктемемен шақырылатын ауыр тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Сальбутамолда қажеттілік – 5-6 рет тәулігіне. Бірнеше жылдар бойына мұрын бітуі мазалайды, ЛОР қарауда полиптер анықталған. 2 ай бұрын арқа ауруынан тағайындалған қандай да бір дәріге ауыр реакция (бронх тарылуы мен бөрту) болды. Пациентте қандай патология болуы мүмкін?

* Бронхиалды демікпе, атопиялық нұсқасы

* Бронхиалды демікпе, аралас нұсқасы

* Бронхиалды демікпе, дәрілік аллергия

* Аспиринді демікпе, аспиринді триада

* Аутоиммунды бронхиалды демікпе

 

 

! Әйел адам 27 жаста, көп жылдар бойы шілде мен қазан айлары арасында мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 2 жылда таңғы 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар тамыз айында байқалады. Жаңбырдан кейін жағдайы жақсарады. Қандай диагноз формулировкасы GINA 2007 жіктеуіне сәйкес келеді?

* Бронхиалды демікпе, интермиттерлеуші ағымда

* Бронхиалды демікпе, персистирлеуші жеңіл ағымды

* Бронхиалды демікпе, персистерлеуші орташа ауырлықты ағымды

* Поллиноз, риноконъюнктивит, сенналық демікпе

* Сенналық демікпе, шаңдық риноконъюнктивит

 

! Әйел адам 25 жаста, 10 жыл бойы шілде мен қазан айлары арасында мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 3 жылда таңғы 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар тамыз айында 2-3 рет байқалады. Жаңбырдан кейін жағдайы жақсарады. Өршу кезінде қандай ем тактикасы тиімді?

* Будесонид 300-400 мкг/тәул

* Беклометазона дипропионат 400-600 мкг/тәул

* Кромогликат натрия 2 дозадан 2 рет тәулігіне ингаляциялық

* Теотард 200 мг 2 рет күніне

* Сальметерол 2 дозадан 2 рет тәулігіне

 

! Әйел адам 26 жаста, 8 жыл бойы шілде мен қазан айлары арасында мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 3 жылда таңғы 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар тамыз айында 2-3 рет байқалады. Жаңбырдан кейін жағдайы жақсарады. Ремиссия кезінде қандай ем тактикасы тиімді?

* Кетотифен өршу сезонынан 1 ай бұрын

* Галогенотерапия (тұзды шахталар)

* Тимазин-альфа курспен 1-2 ай өршу сезонына дейін

* Себепті аллергенмен арнайы иммунотерапия

* Рекомбинатты ИЛ-2 курспен 1-2 ай өршу сезонына дейін

 

! Ер адам 34 жаста, ысқырықты сырылдармен, көп қақырықты жөтелмен жүретін сезонды экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. Өткен жылы демікпелік статус дамуына байланысты 2 рет госпитализацияланды. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 5-6 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 3-4 рет. Ұстама сальбутамолмен шешіледі, бірақ айына 2 реттен кем емес преднизолон мен т/і эуфиллин жасау үшін жедел жәрдем шақырады. GINA 2007 жіктеуіне қай диагноз формулировкасы сай?

* Бронхиалды демікпе, персистрирлеуші жеңіл ағымды

* Бронхиалды демікпе, персистерлеуші орташа ауырлықты ағымды

* Бронхиалды демікпе, персистерлеуші ауыр ағымды

* Бронхиалды демікпе, аралас ауыр ағымды

* Бронхиалды демікпе, инфекция тәуелді ауыр ағымды

 

! Ер адам 35 жаста, ысқырықты сырылдармен, көп қақырықты жөтелмен жүретін сезонды экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. Өткен жылы демікпелік статус дамуына байланысты 2 рет госпитализацияланды. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 5-6 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 3-4 рет. Ұстама сальбутамолмен шешіледі, бірақ айына 2 реттен кем емес преднизолон мен т/і эуфиллин жасау үшін жедел жәрдем шақырады. Қандай базисті терапия ең тиімді?

* Будесонид теотард

* Беклометазон дипропионаты

* Кромогликат натрия сальметерол

* Дипроспан б\і, ары қарай будесонид

* Преднизолон ішке

 

! Ер адам 36 жаста тұншығу ұстамалары, серозды көп қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалық кезең ЖРВИ мен шақырылады, сондықтан өршу күз және қыс уақыттарында болады. ЖРВИ жылына 3-4 рет болады. Өршу кезінде ұстамалар күніне 2-3 ретке дейін, түнгі ұстамалар – 1-2 рет аптасына. Ұстама сальбутамолмен шешіледі, кейде өздігінен кетеді. Диагнозды нақтылау үшін пациентке қандай зерттеу жүргізу керек?

* Бронхолитикпен сынама

* 8-минуттық жүгіру сынамасы

* Метахолинмен ингаляциялық сынама

* Скарификациялық сынама

* Гистаминмен терілік сынама

 

! Әйел адам 44 жаста терапия бөлімшесіне 38°С қызумен, экспираторлы ентігумен, шырышты- іріңді қақырықты жөтелмен түсті. Объективті: ортопное, тыныс алу актысіне қосымша көмекші бұлшық еттер қатысады, барлық алаңдар үстінде ысқырықты сырылдар. Кеуде қуысы мүшелері Р-граммасында: оң жақ өкпенің төмеңгі бөлімінде инфильтративті қараю. Осы жағдайда кортикостероидтар жағынан қандай тактика қолданған жөн?

* Тез арада кортикостероидтарды т/і құю

* Будесонид және флюнисолидпен ингаляция тағайындауға болады

* Дипроспан б\і енгізу, ары қарай будесонид ингаляциялық

* Кортикостероидтарды пневмонияны емдемегенше енгізуге болмайды

* Антибиотиктарды бастау, преднизолон т\і тәулігіне 2-3 рет қосу

 

! Пациент 28 жаста флюнисолид 400 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен бірге 1 доза мөлшерінде күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 2 аптада тұншығу ұстамасы физикалық жүктемеден кейін пайда болады, түнгі ұстамалар жоқ. ПФМ – қалыптыдан 80-90% мөлшерінде. Қандай емдеу тактикасы сәйкес келеді?

* Флюнисолид мөлшерін 200 мкг/тәул төмендету

* Сальметерол мөлшерін тәулігіне 1 ретке дейін төмендету

* Сальметеролды тоқтату

* Сальметеролды теотардпен ауыстыру

* Препараттарды сол мөлшерде жалғастыру

 

! Пациент 29 жаста буденосид 200 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен бірге 1 доза мөлшерінде күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 2 аптада 1 рет тұншығу ұстамасы күндіз физикалық жүктемеден кейін пайда болады, түнгі ұстамалар – 4 рет. ПФМ – қалыптыдан 75-100% мөлшерінде. Қандай емдеу тактикасы сәйкес келеді?

* Флюнисолид мөлшерін 200 мкг/тәул дейін төмендету

* Флюнисолид мөлшерін 400 мкг/тәул жоғарылату

* Сальметерол мөлшерін тәулігіне 1 ретке дейін төмендету

* Сальметеролды теотардпен ауыстыру

* Препараттарды сол мөлшерде жалғастыру

 

! Төменде келтірілгендердің қайсысы бронхиалды демікпе кезінде ингаляциялық кортикостероидтарды қолданудың ең жиі жанама әсеріне жатады?

* АҚҚ жоғарылауы

* Остеопороз дамуы

* Көгерулердің пайда болуы

* Ауыз қуысының кандидозы

* Глаукома дамуы

 

! Пациент 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәулік мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбайды, эуфиллин таблетка түрінде қабылдайды. Госпитализация жағдайының нашарлауына байланысты – жылына 3-4 рет. Преднизолон қолданып жүрген мөлшерде бронхиалды демікпе ағымын бақыламайды – түнгі ұстамалар аптасына 2 ретке дейін, физикалық жүктемені аз көтеру, сальбутамолда қажеттілік – 2-3 рет күніне. Ары қарай қандай емдеу тактикасы керек?

* Дипроспан б\і преднизолон мөлшерін төмендету үшін

* Демікпені бақылау деңгейіне жеткенге дейін преднизолон мөлшерін жоғарылату

* Демікпені бақылау деңгейіне жету үшін преднизолонға теотард қосу

* Пациентті преднизолоннан флутиказон сальметеролға баяу ауыстыру

* Преднизолон курсы т\і per os преднизолон мөлшерін төмендету үшін

 

! Пациент 36 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, флутиказон 800 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен қабылдайды. Суық тигеннен бир аптадан кейін тұншығу ұстамалары жиіледі, түнгі ұстамалар пайда болды, соңғы аптада сальбутамолды тәулігіне 8 рет қолданады. Ары қарай қандай тактика ең дұрыс?

* Демікпені бақылау үшін дипроспан б/і

* Демікпе бақылауына жеткенге дейін преднизолон per os 20 мг\тәул қосу

* Демікпе бақылауына жеткенге дейін емге теотард қосу

* ЖРВИ тоқтату үшін интерферон курсын жүргізу

* Госпитализациялау және преднизолон т/і курсын бастау

 

! 37 жастағы ер адам бірінші рет 3 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындау шағымдармен жедел көмек корсету бригадасымен жеткізілді (бұрын тұншығу ұстамалары болмаған). Жедел жәрдем дәрігері 30мг преднизолон көк тамырға енгізеген және эуфиллин ерітіндісін енгізуді бастады, инфузия енгізу басталуынан 30 мин өтті. Қарау кезінде науқас мұқтаж қалыпта, тері беткейі бозғылт және ылғалды, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына, АҚ 110/70 мм рт. ст., дем шығару шыңдық жылдамдығы – қалыптыдан 40% төмен. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы басталды және 120мг метилпреднизолонның инфузиясы басталды. Науқасты ары қарай жүргізудің қай тактикасы аса тиімді болып саналады?

* Терапия бөліміне госпитализация

* Аллергология бөліміне госпитализация

* Қарқынды терапия бөліміне ауыстыру

* Ұстаманы басу, бақылауда 3-6 сағатқа қалдыру

* Ұстаманы басу және амбулаторлы бақылауға жолдау

 

! 23 жастағы әйел қозулы, тыныштық жағдайдағы ентігу, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, ТАЖ 32 минутына, ЖЖЖ 110 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 60% құрайды. Соңғы сағаттарда – сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Төменде берілегендердің ішінде қарқынды көмек көрсетуде БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ не істеу керек?

* Сальбутамол ингаляциясын қайталау

* Тиосульфат натрий көк тамырға енгізуді бастау

* Эуфиллинді көк тамырға енгізуді бастау

* 60мг преднизолон енгізу

* 0.1% 1мл адреналин енгізу

 

! 25 жастағы әйел ортопноэ қалпында отыр, қозулы, тыныштық жағдайындағы ентігу, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, ТАЖ 32 минутына, ЖЖЖ 110 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 60% құрайды. Соңғы сағаттарда – сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Науқас жағдайы ауырлығын бағалау үшін қандай тексеруді ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

* ЭКГ

* Өкпенің Р-графиясы

* Спирография

* Пикфлоуметрия

* Жоғарғы қуыс венасының қысымы

 

! 22 жастағы ер адамда ортопноэ, қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, көп мөлшерлі көпірікті ақ түсті қақырық бөлінумен жөтел, ТАЖ 30 минутына, ЖЖЖ 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 45%. Соңғы сағаттарда – сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Қандау зерттеу науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді?

* Қанда натрий және калий деңгейін анықтау

* Қышқыл-сілтілі жаңдайды анықтау

* Гемоглобиннің оттегімен қанығу деңгейін анықтау

* Қақырық анализін эозинофилдер болуына тексеру

* Бүйрек қызметін бағалау (зәр шығаруын)

 

! Реанимация бөліміне 36 жастағы бронхоспазм көріністері бар ер адам жеткізілді. Жедел көмек бригадасымен және қабылдау бөлімінде жүргілізген терапия: преднизолон - 60 мг к/т, эуфиллин - 2,4% 10 мл (2 сағат өтті). Кардиомониторда: ЖЖЖ – 110 минутына, қарыншалық экстрасистолалар 1:4, АҚ – 100/70 мм рт. ст., ТАЖ – 34 минутына, SatO2 – 88% (ауамен дем алғанда). Оттегі-ауалы қоспамен ингаляция басталды. Төменде берілгендердің ішінен жүргізілген терапияға не қосу керек?

* Корглюкон

* Тиосульфат натрий к/т

* Метилпреднизолон к/т

* Эуфиллин 2,4% 10 мл болюсті к/т

* Сальбутамол ингяляциясы

 

! 55 жастағы әйел 2 сағат бұрын шаңмен контакт болғаннан кейін пайда болған тыныс алу қиындауына шағымданып түсті. Қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде жайылған құрғақ сырылдар естіледі, ЖЖЖ – 100 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Тұншығу ұстамалары пайда болғанына 15 жыл болған, базисті терапияны қабылдамайды, өздігінен эуфиллинді таблетка түрінде үнемі қабылдайды, есепте тұрмайды. Созылмалы обструктивті бронхит бойынша кезеңді түрде амбулаторлы ем алады. Қарқынды ем көрсету кезінде төменде берілгендердің ішінде БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ не істеу керек?

* Сальбутамол ингаляциясы

* Тиосульфат натрий к/т енгізуді бастау

* Эуфиллинді к/т енгізуді бастау

* Преднизолон 60 мг к/т енгізуді бастау

* 0.1% 1мл адреналин енгізу

 

! 42 жастағы әйел 3 сағат бұрын кір жуу ұнтағымен контакт болғаннан кейін пайда болған тыныс алу қиындауына шағымданып түсті. Қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде тыныс шығару кезінде жайылған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс шығару ұзарған, ЖЖЖ – 98 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Тұншығу ұстамалары пайда болғанына 15 жыл болған, тек күр жуу ұнтағының белгілі түрімен контакттан кейін пайда болады, базисті терапияны қабылдамайды, есепте тұрмайды. Қарқынды ем көрсету кезінде төменде берілгендердің ішінде БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ не істеу керек?

* Сальбутамол ингаляциясы

* Тиосульфат натрий к/т енгізуді бастау

* Эуфиллин к/т енгізуді бастау

* Преднизолон 30 мг к/т енгізу

* Дексаметозон 4 мг б/ет енгізу

 

! Қабылдау бөліміне 67 жастағы науқас айқын экспираторлы ентігумен жеткізілген. Ентігуден науқас сөйлей алмайды (қысқа сөздермен сөйлейді), цианоз, алшақтан естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ - 32 минутына, ЖЖЖ – 120 минутына. Осы жағдайының ауырлауы ЖРВИ кейін дамыған, бронхиальды демікпе 25 жыл бойы. Серетид және преднизолон таблеткада (20мг) қабылдайды. Қарқынды көмекті қай препараттан және қандай мөлшерде бастау дұрыс?

* Дипроспан 1 мл

* Преднизолон 60 мг

* Метилпреднизолон 120 мг

* Эуфиллин 2,4% 10 мл в\в

* Сальметерол ингаляциясы

 

! Қарқынды терапия бөлімінде 56 жастағы демікпелік статус жағдайында түскен науқас жатыр. Қарқынды көмек көрсеткеннен кейін науқас жағдайы қалыпты: дем шығарудың шыңдық жылдамдығы - 57%, сатурация - 95%, ЖЖЖ – 80 минутына, ТАЖ – 24 минутына. Науқасты ары қарай жүргізудің қай тактикасы дұрыс болып табылады?

* Интенсивті терапия бөлімінде емді жалғастыру

* Аллергология немесе терапия бөліміне ауытыру

* Амбулаторлы бақылаумен уйіне шығару

* Күндізгі стационарда емді ары қарай емдеу

* Емді үйінде ұйымдастыру – уйде стационар

 

! Демікпелік статус жағдайында түскен науқаста 6 сағат бойы ем нәтиже берді: ОФВ1 70-75%, сатурация – 99%. Науқас гормон тәуелді, ұстамаға дейін флюнисолид 400 мкг/сут қабылдаған. Қай емдеу тактикасы науқасқа жүргізуді тиімді болады?

* Базисті терапияға преднизолон 40 мг/тәулігіне қосу, 5 күнге

* 3 күн бойына преднизолонды 30мг к/т енгізуді жалғастыру

* Флюнисолид мөлшерін жоғарылату және емге магний сульфат қосу

* Флюнисолид мөлшерін жоғарылату және емге натрий тиосульфат қосу

* 5 күн бойы эуфиллин к/т тамшылатып және сальметерол ингаляциясын қосу

 

! Науқас 27 жастағы әйел, ӨТС 87%, ОФВ1 44%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 50,6%, МВЛ 59%, МОД 230%, ТАЖ – 24 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

* Обструктивті 1 деңгей

* Обструктивті 2 деңгей

* Обструктивті 3 деңгей

* Аралас 2 деңгей

* Аралас 3 деңгей

! 47 жастағы науқас, ӨТС 69%, ОФВ1 77%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 98%, МВЛ 68%, МОД 205%, ТАЖ – 20 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

* Обструктивті 1 деңгей

* Обструктивті 2 деңгей

* Обструктивті 3 деңгей

* Аралас 1-2 деңгей

* Аралас 3 деңгей

! Науқас 47 жаста, ӨТС 61%, ОФВ1 45%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 85%, МВЛ 67%, МОД 182%, ТАЖ – 32 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

* Обструктивті 1 деңгей

* Обструктивті 2 деңгей

* Обструктивті 3 деңгей

* Аралас 1-2 деңгей

* Аралас 3 деңгей

 

! Будесонид 200мкг/тәулік және теотард 200мг күніне 2 рет қабылдайтын науқасқа қандай ұсыныстар берук керек, соңғы апта көлемінде пикфлоуметрияның келесі көрсеткіштері тіркелген: 200-400-320-180-380-320 л/мин (ең жақсы көрсеткіш - 420 л/мин)?

* Теотард мөлшерін жоғарылату

* Шұғыл госпитализация

* Емге сальметерол қосу

* Будесонид мөлшерін 2 есе жоғарылату

* Препараттармен көрсетілген мөлшерде емдеуді жалғастыру

 

! 29 жастағы ер адам, ортопноэ қалпы, қатты қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан естілетін ысқырықты сырылдар, қөп көлемді көпірікті ақ түсті қақырық бөлінетін жөтел, ТАЖ – 30 минутына, ЖЖЖ – 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 45%. Соңғы сағаттарда - сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Қозуды төмендету үшін дәрігер науқасқа седативі препарат енгізген. Дәрігер іс-әрекетінің дұрыстығын бағалаңыз.

* Дұрыс, тиімді қарқынды көмек көрсету үшін қозуды төмендету керек

* Дұрыс, мидың оттегіге қажеттілігін төмендету үшін қозуды төмендету керек

* Дұрыс, седативті заттар миды гипоксия салдарынан қорғауға көмектеседі

* Дұрыс емес, седативті заттар кортикостероид тиімділігін төмендетеді

* Дұрыс емес, седация жүргізіліп жатқан терапияға жауапты дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді

 

! 45 жастағы науқас күніне 1-2 рет болатын тұншығу ұстамаларына, аптасына 2-3 рет таңертең тыныс алу қиындауынан және жөтелден ұйқыдан оянады, мұрын бітуіне, ринореяға шағымданады. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен контакт, физикалық күшетме. 600мкг/тәулік будесонид және сальметерол тағайындалды. Тиімділігін жоғарылату үшін емге қай препаратты қосқан дұрыс?

* Рибомунил курс

* Эуфиллин таблеткада

* Преднизолон 20 мг per os

* Бетаметазон эндоназальды

* Ксиметозолин эндоназальды

 

! 55 жастағы науқас күніне 1-2 рет қайталанатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет қайталанатын таңертенгі уақытта тыныс алу қиындауынан және жөтелден ұйқыдан оянуға, мұрын бітелуіне шағымданады. ЛОР-қарауында полиптер анықталды. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен контакт, физикалық күшетме. Назначен будесонид в дозе 600 мкг/сут и сальметерол. 600мкг/тәулік будесонид және сальметерол тағайындалды. Тиімділігін жоғарылату үшін емге қай препаратты қосқан дұрыс?

* Рибомунил курсы

* Эуфиллин таблеткада

* Преднизолон 20 мг per os

* Бетаметазон эндоназальды

* Ксиметозолин эндоназальды

 

! 38 жастағы әйел 20 жыл бойы бронхиальды демікпемен дәрігерде есепте тұрады, соңғы 6 айда демікпе жақсы реттеледі, нәтижесінде ингаляциялық препараттарды мөлшерін төмендетуге негіз болған: будесонид 200 мкг/тәулік, сальметерол – тәулігіне 1 мөлшерге дейн. Суықтап қалғаннан кейін ЖРВИ белгілері пайда болды – қызба, бас ауру, құрғақ жөтел. Алып жатқан кортикостероидқа қатысты қай тактика дұрыс болып табылады?

* Стероидтар иммунды жауапты төмендетеді – ЖРВИ жазылғанға дейін мөлшерін төмендету

* Стероидтар иммунды жауапты төмендетеді – ЖРВИ жазылғанға дейін қабылдауды тоқтату

* Демікпе жақсы реттеледі - мөлшерін өзгертудің қажеті жоқ

* ЖРВИ жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін – мөлшерін жоғарылату керек

* ЖРВИ жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін – тек сальметерол мөлшерін жоғарылату керек

 

! Бронхиалды демікпе диагнозы алғаш қойылған науқаста: күндізгі ұстамалар күніне 2-3 рет, түнгі аптасына 1-2 рет, физикалық жүктемеге шыдамдығы төмендеген, тұншығу ұстамаларын тоқтату үшін соңғы ай көлемінде 2 рет жедел жәрдем шақырған. Дәрігер науқасқа сальметерол күніне 4 доза тағайындаған, ол науқас жағдауының жақсаруына алып келген: сальметеролға қажеттілік күніне 1 рет. Жүргізілген терапияның дұрыстығына баға беріңіз.

* Әсері ұзартылған теофиллинді тағайындау дұрыс еді

* Сальметерол дозасы демікпені реттеуге мүмкіндік береді

* Дұрысы – ингаляциялық кортикостероид тағайындау

* Терапия басында бета-миметик тағайындау жетеді

* Бета-миметиктерді монотерапияда қолданбайды - кромогликат натрий қосу керек

 

! 49 жастағы ер адам ұзақ жылдар бойы таңертен болатын ұстама тәрізіді аз мөлшерде шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын тыныс алудың қиындау эпизодтарына, кейде түнде жөтелден және тұншығудан оянып кетуіне шағымданады. Көп жылдар бұрын осындай ұстамалар эуфиллинмен тоқтатылған, сондықтан науқас өз бетінше эуфиллин қолданады. Суықтаудан кейін ұстама жиіледі, сонғы тәулік ішінде ол эуфиллиннің 10 таблеткасын қабылдаған. Қарау кезінде науқаста тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел, жүрек айну анықталады, 2 рет желінген тағаммен құсу болған, науқас өзін тағамнан уланған деп ойлайды. ЖЖЖ – 120 минутына, АҚ – 90/65 мм рт. ст. Ұзарған дем шығару фонында ортаңғы бөлімдерінде құрғақ сырыл естіледі. Асқазан ішек жолдарының зақымдану симптомдарының себебі не?

* Тағамдық токсикоинфекция

* Жедел ішек инфекциясы

* Эуфиллинді артық мөлшерде қабылдау

* Қатты жөтел салдарынан құсу

* Беталепсия

 

! 59 жастағы әйел көп жылдар бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, кейде түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Көп жылдар бойы преднизолон, эуфиллинді ретсіз қабылдайды. Соңғы апта көлемінде жағдайы нашарлаған, сондықтан вентолин (сальбутамол) инголяторын күніне 10-15 рет қолданған. Қарау кезінде тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел, жүрек айну, жүрек қағу, жүрек соғысының тоқтау сезімі байқалады. ЖЖЖ – 120 минутына, АҚ – 150/85 мм рт.ст. ұзарған дем шығару фонында ортаңғы бөлімдерінде құрғақ сырылдар естіледі, пульс ретсіз. ЭКГ: f толқындар. Жүрек-қан тамыр жағынан симптомдардың себебі не?

* Артериалды гипертензия

* Өкпелік жүрек

* Бета-миметиктерді артық мөлшерлеу

* Жүректің ишемиялық ауруы

* Беталепсия

! 59 жастағы ер адам көп жылдар бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, кейде түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Анамнезінде артериалды гипертензия 2 ст. ҚФ 3. Көп жылдар бойы преднизолон, эуфиллинді ретсіз қабылдайды. Соңғы апта көлемінде – жағдайы нашарлаған, қатты шаршататын жөтел пайда болған. Қатты жөтел шыңында 2 рет есінен танған. Қарау кезінде: ентігу, құрғақ жөтел, жүрек айну, жүрек қағу, жүрек соғысының тоқтау сезімі байқалады. ТАЖ – 120 минутына, АҚ – 150/85 мм рт.ст. Выслушиваются сухие хрипы в средних отделах на фоне удлиненного выдоха. На ЭКГ: ритм синусты, сол қарынша гипертрофия белгілері. Естен тану эпизодтарының себебі не?

* Беталепсия

* Өкпелік жүрек

* Артериалды гипертензия

* Бетамиметикті артық мөлшерлеу

* Жүректің ишемилық ауруы

! 25 жастағы әйел 2 жыл бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 1-2 рет эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, аптасына 1-2 рет түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Жүктілік 11-12 апта. Объективті: әлсіреген тыныс фонында дем шығару ұзарған, форсирленген тыныс кезінде құрғақ сырыл есітіледі. Спирография: ӨТШ 74%, ОФВ1 72%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 97%, МВЛ 68%, МОД 205%, ТАЖ – 20 минутына. Науқастың жүкті екендігін ескере отырып, қай дәрі базисті терапияның негізгі препараты болып табылады?

* Кромогликат динатрий

* Преднизолон per os

* Сальметерол

* Флюнисолид

* Эуфиллин

! 27 жастағы әйел 5 жыл бойы ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 1-2 рет эпизод түрінде болатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады, сальбутамолмен күніне 6 рет қолданады. Жүктіліктің 18-20 аптасында. Жүктілік басынан бастап ұстамалар жиіледі. Науқас корикостероидтарды нәрестеге зиян әсер етеді деп қабылдаудан бас тартқан. Осы жағдайда жүктілерді жүргізуде төменде көрсетілгендердің ішінде қай емдеу тактикасы дұрыс?

* Демікпені ингаляциялық кортикостероидтармен реттеу ғана дені сау баланы тууға мүмкіндік береді

* Демікпе ағымын кромон препараттарымен реттеу тиімді

* Демікпе ағымын әсері ұзартылған бета-миметиктермен реттеу тиімді

* Жүктілік кезінде жағдай жақсарады, сондықтан стероидтарды қолданбауға болады

* Жүктілік кезінде жағдай нашарлайды, преднизолонды жүйелі түрде қолдану керек

 

! 27 жастағы әйел бронхиальды демікпемен ауырады, серетид қабылдайды, жүктіліктің 15-16 аптасында. Науқасты қарайтын акушер-гинеколог гриппке қарсы егу салуға кеңес берген. Науқас сізге кеңес сұрап келіп отыр. Төменде көрсетілгендердің ішінде ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдайтын жүктілерге қатысты қай тұжырым дұрыс?

* Егу көрсетілген – науқас жүкті және демікпемен ауыратын науқас ретінде қауіп тобына кіреді

* Егу көрсетілген, бірақ оның тиімділігі стериодтар әсерінен төмен болады

* Егу көрсетілмеген – ол демікпенің асқынуын шақыруы мүмкін

* Егу тиімділігінің төмен болуына байланысты көрсетілмеген

* Егу жүктілікке байланысты көрсетілмеген

 

! 59 жастағы әйел, бронхиалды демікпемен 20 жыл шамасында ауырады.Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, өкпенің төменгі доғасы қимылы шектелген, перкуторлы қораптық дыбыс, аускультативті әлсіреген тыныс. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 72%. ӨТС және ОФВ1 қай көрсеткіштері науқастың жағдайына көбірек сәйкес келеді?

* ӨТС 90%, ОФВ1 – 72%

* ӨТС 80%, ОФВ1 – 90%

* ӨТС 62%, ОФВ1 – 65%

* ӨТС 50%, ОФВ1 – 72%

* ӨТС 42%, ОФВ1 – 86%

 

! 62 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, өкпенің төменгі доғасы қимылы шектелген, перкуторлы қораптық дыбыс, аускультативті әлсіреген тыныс. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 72%. Өкпе ретнген суреті науқастың жағдайына көбірек сәйкес келеді?

* Өкпе суретінің күшеюі

* Өкпе түбірінің кеңеюі және құрылымы өзгеруі

* Өкпе тіні мөлдірлігінің жоғарылауы

* Өкпенің төменгі бөліктерінде көлеңкелену

* Бөлікаралық плевраның қалыңдауы

 

! 42 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 18 жыл бойы ауырады. Спирография ӨТС 64%, ОФВ1 46%, Тиффно индексі ОФВ1/ЖЕЛ 72%, МВЛ 89%, МОД 180%, ТАЖ – 19 минуты. Ешқашан ингаляциялық кортикостероид қабылдамаған, преднизолон және сальбутамол қабылдайды, жылына 2-3 рет – демікпелік статус дамуына байланысты госпитализацияланады, соңғы жылдары преднизолон мөлшерін жоғарылатқан, бірақ демікпе ағымын реттеуге қол жеткізілген жоқ. ИМТ – 42, аменорея. Науқаста стероидрезистенттіліктің даму себебі не?

* Бронхтардың ремоделденуі

* Бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің дамуы

* Бета-адренорецепторлар сезімталдығының төмендеуі

* Дисгормонады бұзылыстар

* Семірудің дамуы

! 48 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 15 жыл бойы ауырады. Жүргізілген емге қарамастан сальбутамол қажеттілігі күніне 2-3 рет сақталуда. Соңғы жылдары таңертеңгі уақытта 30-40мл иісі жағымсыз сұр түсті шырыш-іріңді қақырық бөлінумен жөтел қосылған. Алдында жөтел тек ұстама кезінде ғана болатын, енді үнемі мазалайтын болған, тыныс алу қиындау ұстамалары жиілеген, физикалық жүктемеге толеранттылық төмендеген. Субфебрильды қызба эпизодтары және тершеңдік 10-12 күн жалғасады, осы кезде тағайындалатын антибиотиктердің әсері аз ғана. Кеуде қуысының Р-графия: созылмалы бронхит белгілері. ПФМ – 62%. Науқастың жағдайы нашарлауының себебін анықтау үшін кандай зерттеулерді жүргізу керек?

* Спирография

* Метахолинді тест

* Гистамин ингаляция тесті

* Өкпенің компьютерлі томографиясы

* Өкпенің магнитті-резонансты томографиясы

 

! 50 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 17 жыл бойы ауырады. Жүргізілген емге қарамастан сальбутамол қажеттілігі күніне 2-3 рет сақталуда. Соңғы жылдары таңертеңгі уақытта 30-40мл иісі жағымсыз сұр түсті шырыш-іріңді қақырық бөлінумен жөтел қосылған. Алдында жөтел тек ұстама кезінде ғана болатын, енді үнемі мазалайтын болған, тыныс алу қиындау ұстамалары жиілеген, физикалық жүктемеге толеранттылық төмендеген. Субфебрильды қызба эпизодтары және тершеңдік 10-12 күн жалғасады, осы кезде тағайындалатын антибиотиктердің әсері аз ғана. Кеуде қуысының КТ: Кіші калибрлі бронхтардың кеңею аймақтары анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

* Бронхтардың ремоделденуі

* Созылмалы панбронхит

* Бронхоэктаздар

* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

* Пневмосклероз

 

! Науқас 26 жаста, цефазолинді енгізген соң бірнеше минуттан соң әлсіздік, “көзінің қарауытуы”, кеудесіндегі ауыру сезімі мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, жіп тәрізді пульс. Цефазолин инъекциясын пневмонияны емдеу мақсатында қабылдағанына 5-ші күн. Осыған дейін жасалған инъекциялардың орнында қышу сезімі және қызару болған. Науқаста қандай патология бар деп ойлайсыз?

* Цефазолинге идиосинкразия

* Анафилактоидты реакция

* Вазовагалды естен тану

* Анафилактикалық шок

* Кардиогенді естен тану

! Науқас 26 жаста, цефтриаксонды енгізген соң бірнеше минуттан соң әлсіздік, “көзінің қарауытуы”, кеудесіндегі ауыру сезімі мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, жіп тәрізді пульс. Цефтриаксон инъекциясын пневмонияны емдеу мақсатында қабылдағанына 5 күн. Осыған дейін жасалған инъекциялардың орнында қышу сезімі және қызару болған. Осы жағдайды болдырмау үшін қандай іс-әрекет жасау керек еді?

* Цефтриаксонды цефобидке ауыстыру

* Цефтриаксонды бұрын қабылдағандығы немесе қабылдамағандығы туралы сұрау

* Цефтриаксон инъекциясын супрастинмен бірге тағайындау

* Цефтриаксон инъекциясын преднизолонмен бірге тағайындау

* Цефтриаксонмен емдеуді бірінші аллергиялық көріністер көрінген соң бірден тоқтату

! 40 жастағы ер кісі, стоматолог новокаинді енгізген соң, бірден бозарып, есін жоғалтты. Тері жамылғысы бозарған, пульс жіп тәрізді. Анафилактикалық шоктың қай формасы ТӘН?

* Кардиалды

* Церебралды

* Өткінші (Молниеносная)

* Астматикалық

* Абдоминалды

! Әйел 40 жаста, цефазолинді енгізген соң күйдіру, жүрек айну және тыныс алуының қиындауы мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының гиперемиясы, кейіннен бозаруы, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі және әлсіз. Анафилактикалық шоктың қай формасы ТӘН?

* Кардиалды

* Церебралды

* Өткінші (Молниеносная)

* Астматикалық

* Абдоминалды

! 35 жастағы ер кісі, стоматолог новокаинді енгізген соң, бірден бозарып, есін жоғалтты. Тері жамылғысы бозарған, пульс жіп тәрізді. Осы жағдайдан шығару үшін қандай препаратты енгізу керек?

* Допамин

* Адренилин

* Супрастин

* Преднизолон

* Тиосульфат натрия

! Әйел 47 жаста, цефазолинді енгізген соң күйдіру, жүрек айну және тыныс алуының қиындауы мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының гиперемиясы, кейіннен бозаруы, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульс жиі және әлсіз. Жедел жәрдем көрсету кезіндегі бірінші енгізілу керек препарат?

* Сальбутамол

* Преднизолон

* Адреналин

* Супрастин

* Эуфиллин

! Әйел кісі 52 жаста рентгенконтрасты затты енгізген кезде күйдіру сезіміне, жүрек айнуға, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Күлдіреуік тәрізді бөртпе бүкіл денесінде, беттің гиперемиясы мен ісінуі, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі, әлсіз. Контрасты затты енгізуді бірден тоқтатып, адреналин инъекциясы жасалынды. Жедел көмек кезінде екінші орында қандай препаратты енгізу керек?

* Допамин

* Эуфиллин

* Супрастин

* Сальбутамол

* Преднизолон

! Әйел адам 23 жаста, амоксициллинді қабылдаған соң бірнеше минут өткенде әлсіздік, жүрек айну, терінің қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасы мен қолында күлдіреуік, беттің ісінуі мен гиперемиясы байқалды. АД – 70/50 мм с.б. Науқаста қандай патология бар деп ойлайсыз?

* Жедел есекжем

* Анафилактикалық шок

* Анафилактоидты реакция

* Аллергиялық дерматит

* Инфекционды-токсикалық шок

 

! Әйел адам 23 жаста, амоксициллинді қабылдаған соң бірнеше минут өткенде әлсіздік, жүрек айну, терінің қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасы мен қолында күлдіреуік, беттің ісінуі мен гиперемиясы байқалды. АД – 70/50 мм с.б.б. Жедел жәрдем бригадасы осы жағдайдан адреналин мен преднизолон енгізу арқылы шығарды. Келесі этапта қандай іс-әрекет жасау керек?

* Терапия бөлімшесіне госпитализациялау

* Аллергология бөлімшесіне госпитализациялау

* Дерматологиялық диспансерге госпитализациялау

* Интенсивті терапия бөлімшесіне госпитализациялау

* Бөлімшелік дәрігерге “белгі” парағын қалдырып, науқасты үйде қалдыру

 

! Әйел кісі 55 жаста рентгенконтрастты затты енгізген кезде күйдіру сезіміне, жүрек айнуға, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Күлдіреуік тәрізді бөртпе бүкіл денесінде, беттің гиперемиясы мен ісінуі байқалды. Өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі, әлсіз. Контрастты затты енгізуді бірден тоқтатып, адреналин инъекциясы жасалынды. Науқас қанша уақыт бойы күндіз-түнгі бақылауда болуы керек?

* 24 сағат

* 36 сағат

* 48 сағат

* 72 сағат

* 5 тәулік

! Қыз бала 16 жаста, Қазақстанның тұрғыны, көзінің қызаруына, қышуына, жас ағуына, мұрыннан су тәрізді бөліндінің бөлінуі мен бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына шағымданады. Осы айтылған симптомдар науқаста мамыр айында, “терек ағашының үпелегі ұшқан кезде” пайда болады. Пациенттің айтуы бойынша, науқаста терекке аллергия. Науқаста біріншілік маңызды қандай аллергенге аллергиясы болуы мүмкін?

* Дәнді дақылдар (злаки)

* Қайың

* Терек

* Жусан (полынь)

* Кендір (конопля)

! Ер кісі 36 жаста, шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Науқаста біріншілік маңызды аллерген қандай деп ойлайсыз?

* тал

* жусан (полынь)

* саңырауқұлақ

* дәнді дақылдар

* жөке (липа)

 

! Қыз бала 19 жаста, Қазақстанның тұрғыны, көзінің қызаруына, қышуына, жас ағуына, мұрыннан су тәрізді бөліндінің бөлінуі мен бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына шағымданады. Осы айтылған симптомдар науқаста мамыр айында, «терек ағашының үпелегі ұшқан» кезде пайда болады. Пациенттің айттуы бойынша, науқаста терекке аллергия. Диагноздың дұрыс қойылғанын таңдаңыз?

* Аллергиялық ринит

* Аденовирусты инфекция

* Шаң- тозаңға аллергия

* Вазомоторлы ринит

* Поллиноз, риноконъюнктивит

! Ер кісі 36 жаста, Қазақстанның тұрғыны. Шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және кейде болатын мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Диагноздың дұрыс қойылғанын таңдаңыз?

* Шаң – тозаңға аллергия

* Маусымдық(сенная) демікпе және риноконъюнктивит

* Аллергиялық ринит және конъюнктивит

* Поллиноз: риноконъюнктивит, бронхиалды астма

* Вазомоторлы ринит және интермиттирлеуші астма

! Әйел кісі, 26 жаста, қатты бас ауруына, (басының бір жақ жартысы сақина (мигрень) тәрізді ауырады) температурасы 37,8 дейін жоғрылауы, әлсіздік, түшкіру, ринорея, мұрын бітуі, көзінің қызаруы мен қышуына шағымданады. Осы симптомдар шілде айының ортасында басталып, тамыз айында күшейеді де, қыркүйек айының аяғына қарай кетеді. Диагноздың дұрыс қойылуын көрсетіңіз?

* Мигрень және риноконъюнктивит

* Шаң-тозаңға риноконъюнктивит

* Инфекционды-аллергиялық ринит және конъюнктивит

* Поллиноз: риноконъюнктивит, шаң-тозаңға интоксикация

* Вазомоторлы ринит және дисциркуляторлы энцефалопатия

 

! 29 жастағы әйел кісі, көздің қызаруы мен қышуына, көзден жас ағуға, ринорея, мұрынның бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Осы симптомдар мамыр –маусым айларында пайда болады. Өршу кезінде қолданылатын базисті терапияның препаратын тағайындаңыз?

* Ксиметазолин

* Лоратадин

* Димедрол

* Псевдоэфедрин

* Преднизолон

! Ер кісі 38 жаста, шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және кейде болатын мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Өршу кезінде қолданылатын базисті терапияның препаратын тағайындаңыз?

* Ксиметазолин

* Беклометазон дипропионаты

* Димедрол

* Тавегил

* Преднизолон

 

! 26 жастағы әйел шағымдары: шаршағыштық, әлсіздік, түшкіру, мұрын бітуі, көздің қызаруы мен қышуы. Осы симптомдар шілде айының ортасында б







Date: 2015-10-21; view: 727; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.22 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию