Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шекара бақылауға арналған тест сұрақтары 3 page





* Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систолалық шу

* Оң жақ 2 ші қабырға аралықта диастолалық шу

 

! 28 жастағы ер адам дәрігердің кабинетіне қатты қозған, қызбаланған күйінде кірді. Сөйлей алмайды, ауаны аузымен жұтады, беті қызарған, бірақ диффузды жаңадан басталған цианоз анықталады. Жұтқыншақты қараған кезде тіл түбірінің, жұтқыншақ қуысын жалған байламдармен жабылған ісінулер байқалады. Науқасқа бірінші кезекте қандай шұғыл көмек көрсету керек?

* Коникотомия

* S-тәрізді түтікшені енгізу

* Маска арқылы ылғал ауа беру

* Көк тамырға адреналин енгізу

* Көк тамырға преднизолон енгізу

 

! Созылмалы өкпе текті жүректің мүмкін болатын рентгенологиялық көрнісі:

* Аорты доғасының кеңейуі

* Өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі

* Өкпе түбірінің кеңейуі және деформациялануы

* Ретрокардиальді кеңістіктің азаюы

* Өкпе артериясының орталық тармақтарының пульсациясының күшеюі

 

! Науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің диагностикасында БАРЫНША мәліметті әдіс:

* Бронхоскопия

* Өкпенің рентгенографиясы

* Физикалық зерттеу

* Өкпенің компьютерлік томографиясы

* Қанның газдық құрамын зерттеу

 

! Ер адам Т,34 жаста, іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, қалтырауға, дем алғанда кеуде клеткасының ауруына шағымданды. Объективті: температура 390С. ТАЖ -30 рет мин. Перкуторлы екі жақты жауырынның төменгі бұрыштарында өкпелік дыбыстың қысқаруы. Спирографиия көрсеткіші: ЖЕЛ-38%, ОФВ1-39%, Тиффно индексі (ОФВ1/ЖЕЛ)-78%, МВЛ-45%, МОД -181%. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және сатысы?

* Рестриктивті 1 сатысы

* Рестриктивті 2 сатысы

* Рестриктивті 3 сатысы

* Обструктивті 3 сатысы

* Аралас тип 3 сатысы

 

! Ер адам 55 жаста ауыр жағдайда госпитализацияланды. Объективті: айқын цианоз, тыныштық кезіндегі ентігу, перкуторлы өкпеде – қорапты дыбыс, қатаң тыныс, дем шығаруда құрғақ сырылдар және әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек шекарасы оңға жылжыған, тоны тұйықталған. Пульс – 100 рет мин. Бауыр қабырға доғасынан 4-5 см төмен, табанында және балтырында ісінулер бар. Оксигенотерапия, бронходилататор, муколитиктер, зәр айдағыш препараттар, антибиотикитер тағайындалды. Емдеу жоспарына төмендегілердің қайсысын қосқан тиімді?

* β-блокаторлар

* Антикоагулянттар

* Калий препараттары

* Гепатопротекторлар

* Кардиопротекторлар

 

! Әйел 47 жаста айқын ентігуге шағымданады. Спирография қортындысы: ЖЕЛ-53%, ОФВ 1-29%, Тиффно индексі ОФВ1/ЖЕЛ -57%, МВЛ-44%, МОД -222%, ТАЖ 20 рет мин. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және сатысы?

* Рестриктивті 1 сатысы

* Рестриктивті 2 сатысы

* Рестриктивті 3 сатысы

* Обструктивті 3 сатысы

* Аралас түрі 1 сатысы

 

! Ауыр вирусты пневмониямен науқаста естің шатасуы, тері жабындыларының ылғалдылығының жоғарлауы, цианоз анықталды. ЭКГ да синусты тахикардия, ЖСЖ-125 рет мин, бірен-саран қарыншалық экстрасистолиялар. Артериялық қанда оттегінің парциальды қысымның деңгейі (рО2) 48 мм сын бағ. АҚҚ 70/50мм с.б.б. Төмендегілердің қайсысы науқасты өкпенің жасанды вентиляциясына ауыстыруына көрсеткіш болып табылады?

* Естің шатасуы

* Пневмонияның аурлығы

* Айқын гипотония

* Тұрақсыз гемодинамика

* О2 парциальды қысымы 60 мм с.б.б. төмен


 

! Ер адам 37 жаста тотальді пневмониямен өте ауыр жағдайда келіп түсті. Тежелген. Диффузді цианоз. Мұрын қанаттары, қабырға аралық бұлшықеттер дем алуға қатысады.ТАЖ-35 рет мин. Өкпесінде екі жақтада ылғалды сырылдар. АҚҚ - 80/40 мм с.б.б. РаО2- 45 мм с.б.б. қандағы рН– 7,5. Төменде көрсетілген жүргізу тактикаларының қайсысын таңдаған жөн?

* Тыныс аналептиктерін еңгізу

* Өкпені жасанды желдетуге ауыстыру

* Дем шығару соңында оң вентиляциялық қысым

* Дем алу кезінде оң вентиляциялық қысым

* Дем алу және дем шығару уақытында оң вентиляциялық қысым

 

! ӨСОА мен науқастың созылмалы өкпетекті жүрекпен асқынуын нақтылайтын әдіс болып табылады:

* Бронхоскопия

* ЭКГ, ЭхоКГ

* Спирографтия

* Өкпе рентгенографиясы

* Бронхография

 

! Созылмалы өкпетекті жүрек кезінде оң жақ жүрек қарыншасы шамасыздығы кезіндегі белгіні көрсетіңіз?

* Плевра шуылы

* Аяқтарының ісінуімен бауырдың ұлғаюы

* Перикард шуылы

* Бетінің ісінуі

* Жүрегінің тез согуы және аритмия

 

! Декомпенсирленген өкпетекті жүрек ауруымен емделушілерге қолданылатын ем әдісі:

* Гликозидтер

* Кальций каналдарының блокаторлары

* Бета блокаторлар

* АПФ ингибитрлер препараттары

* Антиаритмиялық препараттар

 

! Науқас С. 48 жастағы науқас қабылдау бөліміне келгендегі шағымдары: физикалық кездегі ентігуге, құрғақ жөтелге, жүрек қағуына, әлсіздікке. Тексергенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Еріндерімен саусақтарының ұштары көгерген. ЭКГ оң жақ қарыншада гипертрофия белгісі. Кеуде клеткасының рентгенографиясы өкпе алаңы эмфизематозды, өкпе суретінің деформациясы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

* Пневмония

* Бронхоэктаз ауруы

* Өкпе туберкуломасы

* ӨСОА. Созылмалы өкпетекті жүрек

* Экссудативті плеврит

 

! 42 жастағы науқаста асқазан ойық жарасымен операция жасалғаннан соңғы 3 күні кенеттен ентігу, кеудесінің сол бөлігінің қысып ауруы, ауа жетпеу сезімі, кеудесінің жоғарғы бөлігімен бетінің көгеруі, қан түкіру пайда болды. ЖСЖ 120рет мин. АҚ 80/40мм.с.б. Сіздің диагнозыңыз?

* Құрғақ плеврит

* Пневмония

* Өкпе рагі

* Өкпе артериясында тромбоэмболия

* Эксудатты плеврит

 

! Науқас Л. 53 жаста. Дәрігерге келгендегі шағымдары тыныштық кезіндегі ентігу, құрғақ жөтел. Анамнезінде: ӨСОАмен дәрігерде есепте тұрады. Обьективті: эпигастрастрий аймақта пульсация белгісі, аяқтарында ісінулер. Аускультативті өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныспен құрғақ сырылдар естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз?


* ӨСОА. Созылмалы декомпенсирленген өкпетекті жүрек.

* Бронх демікпесі жеңіл ағымда

* ӨСОА. Созылмалы компенсирленген өкпетекті жүрек

* Жедел бронхит. ТЖ1

* Жедел пневмония ТЖ 2

 

! Тыныс жетіспеушілігі кезіндегі айқын белгі болып табылады:

* Тұтқыр қақырықпен жөтел

* Кеуде қуысндағы ауру сезімі

* Ауа жетпеу сезімі

* Ентігу немесе диспноэ

* Тыныс алудың қыйындауы

 

! 42 жастағы науқаста асқазан ойық жарасымен операция жасалғаннан соңғы 3 күні кенеттен ентігу, кеудесінің сол бөлігінің қысып ауруы, ауа жетпеу сезімі, кеудесінің жоғарғы бөлігімен бетінің көгеруі, қан түкіру пайда болды. ЖСЖ 120рет мин. АҚ 80/40мм.с.б. Сіздің диагнозыңыз?

* Құрғақ плеврит

* Пневмония

* Өкпе рагі

* Өкпе артериясында тромбоэмболия

* Эксудатты плеврит

 

! Науқас К., 35 жаста. Қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен жеткізілді. Дәрігерге қалтырау,бүкіл денесінің құрсып ауруына, дене температурасының 39,8*С дейін көтерілуіне, құрғақ жөтелге, сол жақ кеудесінің тыныс алғандағы қатты ауру сезіміне мазалайтынын аитты. Тексергенде: науқастың жағдайы ауыр, дене температурасы 39,8*С. Беті гиперемияланған, акроцианоз.ТЖ – 28 рет мин. Екі жақ өкпесінің барлық аймағанда қатаң тыныс 4-ші қабырғадан төмен крепитация. Пульс - 13 рет мин., АҚҚ - 90/60 мм с. б. Қанның газ құрамы РаСО2-35%., РаО2 70%.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

* Пневмония ТЖ1дәреже

* Жедел бронхит ТЖ0

* Пневмония асқынуы плевритпен ТЖ3дәреже

* Өкпе бронхоэктазы

* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит ТЖ2дәреже

 

! ӨАТЭ (ТЭЛА) ғана тән ерекшелікті атаңыз?

* Тахикардия және ентігудің күшеюі.

* Цианоз, дене температурасының жоғарлауы.

* АҚ кенеттен жоғарылауы, ауа жетпеу сезімі

* Ентігу, цианоз, тахикардияның кенеттен пайда болуы

* Тахикардия, цианоз, АҚ көтерілуі

 

! Спонтанды пневмоторакс кезиндегі белгілерді атаңыз?

* Кеудесінде кенеттен пайда болған ауру сезімі

* Қиын бөлінетін қақырық

* Экспираторлы түрдегі ентігу


* Инспираторлы түрдегі ентігу

* Қан түкіру

 

! Пневмоторокстың диагнозын нақтылайды:

* Фибробронхоскпия қортындысы

* Бронхография

* Кеуде торы рентгенографиясы

* Қақырық анализі

* Спирография

 

! ӨАТЭ (ТЭЛА) ғана тән ерекшелік.

* Ентігу,цианоз, тахикардияның кенеттен пайда болуы

* Цианоз, дене температурасының жоғарлауы.

* Ентігудің өршуі және дене температурасының жоғарлауы.

* Тахикардия және ентігудің күшеюі.

* Тахикардия және тері жабындысының цианозы.

 

! Науқас 65 жаста ӨСОА мен дәрігерде есепте тұрады. Шағымы ентігу құрғақ жөтел, жүрек тұсындағы ауру сезімі, аяғында ісінулер, тахикардия. Созылмалы өкпетекті жүректі нақтылайтын ЭКГ белгісін көрсетіңіз?.

* Сол қарынша гипертрофиясы

* ST сегментінің депрессиясы

* Қарыншалар фибрилляциясы

* Оң қарыншаның гипертрофиясы

* Қарыншалар экстрасистолиясы

 

! Өкпе асцесімен ауырған науқаста жөтелгеннен кейін кенеттен пайда болған кеуде тұсындағы ауру сезімімен ентігуі үдейе түсті. Қарағанда өкпенің оң бөлігінің тыныс алудан қалуы, қабырға араларының кеңеюі байқалды. Қай ауру турысында ойлайсыз?

* Өкпе ателектазы

* Клапанды пневмоторакс

* Өкпе инфаркті

* Өкпе инфаркті

* Эксудатты плеврит

! 44 жастағы ер адамның шағымдары: аздаған жүктемеден кейінгі ентігу, субфебрилитет, 3 ай көлеміндегі буындарындағы ауыру сезімі.Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері 1,5 см-ге дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауыру сезімінсіз. Аускультативті-әлсіреген тыныс, сырылдар жоқ. Анамнезінде артериальды гипертензия. Зиянды әдеттері жоқ. Рентгенограммада келесі көрініс анықталды:

 

 

Қандай диагноз болуы мүмкін?

* Өкпе туберкулезі

* Өкпенің орталық рагы

* Екі жақты ошақты пневмония

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің саркоидозы

* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

 

! 38 жастағы науқаста профилактикалық зерттеуде оны 6 айдай физикалық жүктемеден кейін ентігу, жөтел, терлегіштік мазалайтыны анықталған. Тексерілмеген, дәрігерге терісінде қызыл түсті бөртпелер пайда болғанда қаралған. Дерматолог пен аллергологта емделген, бірақ нәтиже болмаған.Өкпе рентгенографиясы жасалған:

 

 

Диагнозды нақтылау үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты болып табылады?

* Кеуде клеткасының компьютерлік томографиясы

* Өкпенің трансбронхиальды биопсиясы

* Бронхоскопия

* Бронхография

* Спирография

 

! 45 жастағы ер адамды 38,5°С дейінгі көтерілген қызба, қалтырау, жөтел, терлегіштік және миалгиялар мазалайды. Жағдайы орташа ауырлықта. Өкпесінде әлсіреген тыныс, базальды бөліктерінде – крепитация. Рентгенде: екі жақтық инфильтрация. Қанында: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Форсирленген тыныс шығаруын зерттегенде рестриктивті типтегі тыныс алу жетіспеушілігінің көріністері анықталды. Массивті антибактериальды терапия жүргізілді, бірақ нәтиже болмады.

Науқас емінде барынша тиімдісі қайсысы?

* Муколитиктер

* Бронхолитиктер

* Туберкулостатиктер

* Глюкокортикостероидтар

* Аминохинолин туындылары

 

! Науқас 35 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, көрудің нашарлауына, тобық буынының және қол мен аяқтың майда буындарының ауыру сезіміне, 10 күндей 38°С дейін көтерілген қызбаға шағымданады.Ауруын 3 ай бұрын басынан өткерген суықтаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: бет терісінде пурпуралы тығыз табақшалары(бляшки), мойын, қолтық асты және шап лимфа түйіндері 1,5 см-ге дейін ұлғайған, ауыру сезімінсіз.Кеуде клеткасында – түйінді эритема. Рентгенограммада: бронхопульмональды және медиастинальдық лимфа түйіндерінің ұлғайуы. ЭТЖ, АЛТ, АСТ көрсеткіштері жоғарылаған.

Науқаста не болуы мүмкін:

* Жүйелі қызыл жегі

* Жүйелі склеродермия

* Картагенер синдромы

* Гудпасчер синдромы

* Лефгрен синдромы

 

! Науқас С. 48 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке, терлегіштікке, буындарының ауыруына, қызбаға 37,8°С шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 ай бұрын басынан өткерген суықтанумен байланыстырады. Объективті: полилимфоаденопатия, балтыр терісінде - түйінді эритема, гепатоспленомегалия. R-граммада: бронхопульмональдық және медиастинальдық лимфа түйіндерінің ұлғайуы. Қанында ЭТЖ, АЛТ, АСТ көрсеткіштерінің жоғарылауы. Болжама диагноз: саркоидоз.

Төмендегі аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу керек?

* Бронхоэктатикалық аурумен

* Өкпенің орталық ісігімен

* Созылмалы гепатитпен

* Өкпе туберкулезімен

* Сепсиспен

 

! Әйел 39 жас, ентігуге, аз мөлшердегі жөтелге, жалпы әлсіздікке, артралгияға, миалгияға шағымданады. Өкпе аускультациясында «салофан жарылуы» түрі бойынша крепетация естіледі. Компьютерлік томографияда сызықты көлеңкелер, «жылтыр емес әйнек (матового стекла)», түрі бойынша өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі, кистозды жарықтану (просветления) диаметрі 2-ден 20 мм дейін анықталды.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын емдеу жоспарына қосқан жөн?

* Спирива

* Ксефокам

* Преднизолон

* Карбоцистеин

* Ципрофлоксацин

 

! Әйел Р. 35 жас, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Ауруын суықтауымен байланыстырады. 2 ай бойы пневмония бойынша емдеген, эффектсіз. Тексеру кезінде мойындық және қолтық асты лимфа бездері 1,5 см дейін ұлғайған, ауру сезімсіз. Тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Көрсеткіштер: ЭТЖ,АЛТ,АСТ жоғарлаған. КТ: медиастенальді лимфа түйіндері ұлғайған. Өкпенің трансбронхиальді биопсиясында: эпителоиті- жасушалық гранулема некрозсыз. Қандай ем БАРЫНША таңдаған дұрыс?

* Преднизолон, хлорохин

* Доксициклин, либексин

* Теофедрин, бромгексин

* Цефтриаксон, амбробене

* Оперативті ем, амоксиклав

 

! Өршімелі ентігуі бар әйелде кеуде клеткасының компьютерлік томографиясында өкпе алаңының көлемінің кішіреюі, «жылтыр емес әйнек (матового стекла)», түрі бойынша өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі, ара ұяшықтарына ұқсас кистозды өзгерістер анықталды. Қандай патологияға бұл өзгерістер БАРЫНША тән?

* Бронхоэктатикалық ауру

* Фиброздаушы альвеолит

* Пневмония

* Милиарлы туберкулез

* Өкпе саркоидозы

 

! Әйел 52 жаста, жарты жыл көлемінде өршіген ентігуге, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге, жүрек қағуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. «Пневмония» диагнозымен антибиотикотерапия алды, бірақ жағдайы жақсармады. Объективті: цианоз, тынысы әлсіреген, екі өкпенің төменгі бөліктерінде сықыр естіледі. Р-графияда: екі өкпенің төменгі алаңдарының өкпе суреті торлы-ұяшықты құрылымды,өкпе түбірлері деформацияланған. Қанда: эр - 3,7%, Hb-115 г/л, лейкоц.– 8,2х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ. СРБ. Спирография: ЖЕЛ – 55%. Емдеу жоспарына қай препаратты қосқан тиімді?

* Циклофосфамид

* Рифампицин

* Доксициклин

* Будесонид

* Беродуал

 

! 37 жастағы әйел өршімелі ентігуге, құрғақ жөтелге, жүрек қағуына, артралгияға, миалгияға шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады, антибиотиктермен және қақырық түсіруші препараттармен ем нәтижесіз. Қарап тексергенде: саусақтары барабан таяқшалары тәрізді, өкпе артериясының үстінде II тонның күшеюі, артқы-базальды бөліктерде жұмсақ крепитация естіледі. Спирографияда: өкпенің форсирленген өмірлік көлемінің (ФЖЕЛ) және өкпенің диффузионды қабілетінің (ДСЛ) азаюы. Науқастың емдеу жоспарындағы БАРЫНША тиімді препараттар комбинациясы:

* Преднизолон пенициллин

* Преднизолон азатиоприн

* Преднизолон амбробене

* Рифампицин мукалтин

* Дигоксин верошпирон

 

! Әйел 38 жаста. Шағымдары жоқ. Жыл сайын жүргізілетін диспансеризацияда профилактикалық флюорографияда кеуде қуысында патологиялық өзгерістер анықталған. Обективті басқа ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ. Рентген суретінде орталық аймағында екі жақтық 2-3 қабырға деңгейінде 8,0-9,0 см кеңею көрінеді. Сыртқы контуры анық, полициклды, “кулис” симптомы. Екі жағында түбірлік аймағында дөңгелек формалы, контуры тегіс ұлғайған лимфа түйіндері көрінеді. Үлкен бронхтар аздап тарылған. Үлкен емес плевралды шварттар көрінеді. Бронхоскопияда лимфа түйіндерінің ұлғаюының жанама көріністері көрінеді, бронхтар өзгеріссіз. Қандай диагноз қоясыз?

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

* Өкпе рагының медиастиналды формасы

* Саркоидоз

* Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

* Лимфогранулематоз

 

! Көптеген жүйелер мен ағзалардың соның ішінде өкпенің зақымдануымен жүріп, зақымданған тіндерде гранулема түзілуімен көрініс беретін жүйелік ауру:

* Өкпе саркоидозы

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

* Өкпе рагінің медиастиналды түрі

* Лимфагранулематоз

* Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

 

! Өкпесінде этиологиясы белгісіз диссиминациясы бар науқасқа өкпе биопсиясы жасалған. Биопсияда гранулематозды процесс, Пирогов Ланганс эпителиоидты жасушалары, лимфоциттер анықталған. Гранулеманың ортасында казеоз анықталмаған. Қандай диагноз қоясыз?

* Өкпе саркоидозы

* Лимфогранулематоз

* Өкпе рагының медиастиналды формасы

* Лимфогранулематоз

* Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

 

! Науқас 41 жаста, өкпесінде этиологиясы белгісіз диссиминация анықталған. Аурудың басқа көріністері болмаған. ЖҚА патологиясыз. Манту екпесі теріс болған. Қақырығында БК анықталмаған. Осыдан бір жыл бұрын өкпе рентгенограммасында кеудеішілік лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Қандай диагноз қоясыз?

* Өкпе саркоидозы, активты фаза. Емі ауруханада кортикостероидтар антиоксиданттар

* Лимфогранулематоз. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

* Өкпе рагының медиастиналды формасы. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

* Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит, Емі кортикостироидтар

 

! Науқас 44 жаста, шағымдары балтыр аумағындағы бөрітпеге, әсіресе тізе және балтыр- табан буындарында, буындарындағы ауру сезімге, дене температурасының 38 C дейін көтерілуіне шағымданады. Өкпе рентгенограммасында екі жақ өкпе түбірінің ұлғаюы анықталған.

Қандай диагноз қоясыз?

* Саркоидоз 2а сатысы, активті фаза. Лефгрена синдромы

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

* Өкпе рагінің медиастиналды түрі

* Лимфагранулематоз

* Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

 

! Науқас М., 30 жаста, программист. Жоспарлы флюорография жасау кезінде өкпесінде өзгерістер анықталған. Рентген суретінде екі жақ өкпенің түбірінің 3 см дейін енінен ұлғаюы және бронхопульмональды лимфа түйіндерінің ұлғаюының әсерінен гомогенділігінің күшейуі көрінеді. Қақырығында туберкулез микобактериалары анықталмады. Торакоскопиялық биопсияда эпителиодты және Пирогов-Лангерганс гигант клеткадан құралған грануляциялық тіндердің болуы.

Сіздің диагнозоңыз?

* Өкпе саркоидозы

* Лимфогранулематоз. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

* Өкпе рагының медиастиналды формасы. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

* Өкпе туберкулезі. Емі кортикостироидтар, антибиотиктер.

 

! Саркоидозды қандай аурулармен дифференциация жасау керек?

* Экссудативты плевритпен

* Инфильтративты туберкулезбен

* Пневмониямен

* Бронхиальды демікпемен

* Муковисцидозбен

 

! Идиопатиялық фиброздаушы альвеолиттің ерте диагностикасында ақпаратты әдіс болып табылады:

* Флюорография

* Бронхоскопия

* Қақырықты цитологиялық зерттеу.

* Кеуде торы ағзаларының КТ

* Спирография

 

! Науқас 57 жаста сізге тыныс алу кезінде кеудедегі ауру сезіміне, құрғақ жөтелге, арықтауға, ентігуге, жалпы әлсіздік шағымдарымен келеді. Қарап тексеру кезінде тырнақ фалангларында тырнақ фалангларының «барабан таяқшасы» тәрізді тығыздануы және тырнақтарында «сағат әйнегі» түрінде өзгерістер, тексеруде температура қалыпты. Аускультацияда: өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, екі өкпенің жауырын аралық аймағында крепитация. Кеуде қуысы рентгенографиясында өкпенің екі жағынанда ұялышықтар көрінісі. Қандай ауру туралы ойлауымыз мүмкін?

* Муковисцидоз жайлы

* Инфильтративты туберкулез жайлы

* Бронхиальды демікпе жайлы

* Екіжақты пневмония жайлы

* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит жайлы.

 

! Науқас 57 жаста сізге тыныс алу кезінде кеудедегі ауру сезіміне, құрғақ жөтелге, арықтауға, ентігуге, жалпы әлсіздік шағымдарымен келеді. Қарап тексеру кезінде тырнақ фалангларында тырнақ фалангларының «барабан таяқшасы» тәрізді тығыздануы және тырнақтарында «сағат әйнегі» түрінде өзгерістер, тексеруде температура қалыпты. Аускультациядf: өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, және жауырын аралық аймағында екі жағынан крепитация естіледі. КТ ренгенологиялық зерттеуден кейін науқасқа ИФА диагнозы қойылды. Науқасқа препараттарды тағайындайсыз?

* Антибиотиктер

* Глюкокортикостероидтар

* Бронходилятаторлар

* Қабынуға қарсы препараттар

* Антиоксиданттар, антикоагулянттар

 

! Науқас Б, 62 жаста.бірнеше жылдан бері құрылыс материалдарын шығаратын жерде жұмыс жасайды. Ентігудің күшеюіне, тұрақсыз жөтелге, плевральды қуыста сұықтық жиналған және плевральды қуысты пункциялағанда иненің өтуі қиын. Бронхоальвеолярлы шайынды да «железистые» тельцы. Бірінші кезекте қандай ауру жайлы ойлауға болады?







Date: 2015-10-21; view: 746; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.104 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию