Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






КӘСІБИ САЛА ҚЫЗМЕТІНІҢ (ХИМИЯ САЛАСЫ) БАСҚА САЛА ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСЫ





Химиялық өнеркәсіп – бұл жекелеген сала аралық кешен болып табылады. Құрылыс материалдарының өнеркәсібі – ірі кешендік құрылысқа жатады. Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады. Химияның сала аралық байланыстары ауқымды. Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады. Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән.

Олар: 1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар; 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді; 3) көмірмен (көмір-химия), металлургиямен (кокс-химия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия) құрамдасады.

Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің, құрамында болады.

Күкірт қышқылын: 1) ауыр металдардың металлургиялык орталықтарында (Жезказған, Балкаш, Өскемен, Риддер); 2) уран алатын орталықтарда (Степногор); 3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Бірінші жағдайда негізгісі - шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде - тұтыну факторы.



Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен колданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат - хром кені. Ауыл шаруашылығына әр түрлі фосфор, азот, калий және кешенді минералдық тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл - материалды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады. Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат). Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі - пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетиқалық) каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Олардың өндірісі сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналасады. Қазақстанда Ақтау (полистирол) мен Атырауда (полиэтилен мен полипропилен) 2 пластмасса зауыты бар. Құрылыс материалдары өндірісінде тау-кен өнеркәсібінің (беткі жыныстар), металлургияның (қож) және электр қуатының (күл) қалдықтары кеңінен қолданылады.








Date: 2015-10-18; view: 1786; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию