Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар. Грамматика





Басылымдар – мерзімді ақпарат көздерінің жиынтығы. Басылымдар — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді басылымдарға, олардың ішінде кәсіби салаға байланысты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың қосымшалары жатады.

Қазақстандық кәсіби басылымдар қатарына тоқталсақ: «AgroƏlem» ауылшаруашылық журналы. Бұл АӨК саласындағы материалдарды дайындаудың халықаралық стандарттарына толық сәйкес келетін Қазақстандағы жалғыз салалық басылым. Материалдар қос тілде – мемлекеттік және орыс тілінде жарияланатындықтан жоғары сұраныста. «Аграрный сектор» ауылшаруашылық журналында аграрлық салаға қатысты жаңалықтар, астық нарығы, егін шаруашылығы, агротехнология, мал шаруашылығы, өсімдік қорғау, ауыл шаруашылығының қайта өңделуі, ауыл шаруашылығы бойынша сұрақтар мен жауаптар келтірілген.

Ресейлік газеттер мен журналдар жайлы айтатын болсақ, мына кәсіби басылымдар мысал бола алады: «Новое сельское хозяйство» журналы бұл Ресей және ТМД елдеріндегі ауылшаруашылық саласына арналған танымал басылым. Журналда менеджмент, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақты өңдеу және сақтау мәселелерін шешу; ауыл шаруашылығының ең озық технологиялары; ресейлік, украиндық, белорустық қожалықтардың іс-тәжірибесі; басқа елдердің аграрларының іс-тәжірибесі; ауыл шаруашылық техникасы, өсімдіктер тыңайтқышы мен қорғау құралдары жайлы деректер берілген. «Ценовик» - ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мамандары мен басшыларына арналған журнал. 1997 жылдан бері жарыққа шығып келеді. АӨК мамандарына құнды, пайдалы ақпараттар ұсынатын «АГРО XXI века» журналы өсімдік шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды талқылайды. «Поле деятельности» журналы оқырмандарды озық технологиялармен, өсімдіктерді қорғаудың тиімді құралдарымен және минералды тыңайтқыштармен, жоғары өнімді тұқымдармен, пайдалы тәжірибелік кеңестермен, өзекті сұрақтар төңірегіндегі мамандардың кәсіби ұсыныстарымен, өздеріне тиімді коммерциялық ұсыныстармен, АӨК арналған жаңа құралдармен және заманауи ауыл шаруашылығы техникасының спектрімен таныстырады.








Date: 2015-10-18; view: 2725; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию