Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік), радио, теле бағдарламалар. Грамматика





 

Мемлекеттік ақпарат саясатының ең ықпалды ресурстарының бірі саналатын «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ құрамында «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Қазақ радиосы», «Шалқар» және т.б. атауға болады. Қазақстан арнасында кәсіби сала оның ішінде заң органдарына қатысты «Заман және Заң» бағдарламасы. Бағдарлама студиялық ток-шоу форматында өткізіледі, студияға шақырылған барлық қонақтар кәсіби маман иелері. Әр хабарға прокуратура, адвокат, сот, әділет қызметі,т.б саланың білікті мамандары қатысады. Олар сценарий желісімен оқиғаға араласып, қолданыстағы заң шеңберінде қаралып отырған тақырыпты талқылайды. Осы орайда көгілдір экранның ар жағындағы көрермен әр апта сайын өзін мазалаған сан тақырыпқа сапалы да білікті кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі таңда мамандық көп. Тек басты мәселе – дұрыс таңдау жасай білуде. «Мың түрлі мамандық » бағдарламасы осындай жауапты сәтте көмекке келеді. Қазақ жастары сұранысқа түрлі кәсіби сала ішінде қай мамандықты меңгеріп, сол саланы жіті білу үшін кімді үлгі тұту керек? Тележоба әртүрлі кәсіпті нәсіп қылып жүрген білікті мамандарды көрсете отырып, жоғарыдағы сұрақтарға жауап береді. Қоғамды, әсіресе, оның ішінде жастарды болашақта мамандық таңдау қатты толғандырары анық. Міне, осы ретте « Мың түрлі мамандық» бағдарламасы жас маманға көмекке келіп, болашағына бағыт-бағдар береді. Бағдарламаның идеясы - мамандық таңдаушы жастарға қоғамға кеңінен танымал, әрі сирек кездесетін мамандықтардың қыр-сырын ашып, ерекшеліктерін көрсету. Себебі кез келген адамның күрделі мамандықты тез игеріп кетуі оңай емес. «Мың түрлі мамандық» жастарға шатаспай, тура жолды табуға септігін тигізбек. Сонымен қатар шетелдік ТНТ, РенТВ, Россия сынды телеарналардағы бағдарламалар бірқатар ақпараттық, танымдық, мәдени,түрлі кәсіби салаға қатысты және спорттық бағдарламалар « Еуроньюс», «Дискавери», «Анимал планет», «ВВС», «Спорт», «Культура», т.б. халыққа зор пайдасы бар.

Қазақ радиосы – Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желісі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялары арқылы таратылады.

Отандық радио қазақ, орыс, неміс, ұйғыр,әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық «Шалқар», «Еңбекші қазақ»,«Қазақстан туризмі», «Жаңа қадам, ұлы міндеттер» бағдарламаларында кәсіби сала қызметіне қатысты сұрақтар да қамтылады.Сонымен қатар Ресейлік «Классик» радио кәсіби саладағы қызметтерге арналған «Советская степь», «Современные биотехнологии», «Территория права» және т.б.бағдарламалар жүргізеді.

 

Date: 2015-10-18; view: 3773; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию